Ғылым және ғылыми зерттеу Alcím Таным>Білім>Тәжірибе>Дәлел>Жүйе>Ғылым



бет2/7
Дата30.09.2024
өлшемі1,57 Mb.
#146197
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2-дәріс

Ежелгі Грецияда дерексіз тұжырымдамалар жүйесі ақыл-ойдың істәжірибесіне негізделген әлемнің объективті заңдарын іздеу дәстүрінен қалыптасқан. Осы кезеңде геометрияда (Евклид, б.ғ.д. IIIғ.), механикада (Архимед, б.ғ.д. 287-212жж.) және астрономияда (Птолемей, б.ғ.д. IIғ.) алғашқы теориялық жүйелер қалыптасқан.

  • Ортағасырлық дәуірде ғылымның дамуына Араб Шығысы мен Орта Азияның (Ибн Сина, 970-1037 жж.; Бируни, 973-1048 жж. және т.б.) белгілі ғалымдары үлкен үлес қосты. Олар медицина, философия, математика, астрономия, физика, геология, тарих және т.б. салаларда ғылымды дамытты.
  • Ортағасырлық Еуропада схоластика, алхимия және астрология кең дамыды. Схоластика-бұл теологияның толық бағынуымен (богословие), рационалистік әдістеме мен догматикалық алғышарттардың қосылуы және формальды-логикалық проблемаларға қызығушылығымен сипатталатын діни философияның түрі.
  • Кейінгі Орта ғасыр дәуірінде мәдениеттің өзіндік кезеңі болып табылатын – алхимия кеңінен таралды. Алхимиктер өздерінің басты міндетін – «философиялық тастың» көмегімен металдарды асыл металдарға айналдыру деп есептеді. Алхимияның арқасында әр түрлі заттарды тәжірибелік зерттеу дәстүрі қалыптасты, осылайша химияның іргетасы қаланды.
  • Осы кезеңде көп таралған тағы бір зерттеу саласы – астрология болды. Астрологтар көктегі жарықтың орналасуы бойынша қандай да бір әрекеттердің нәтижесін, сондай-ақ, тұтас халықтар мен жекелеген адамдардың болашағын болжауға болады деп ойлады. Белгілі бір кезеңде астрология бақылау астрономиясының дамуын ынталандырды және тәжірибелік базаның дамуына ықпал етті.
  • Еуропада кейінірек алғашқы университеттер пайда болды. Олар тек оқу орталықтары ғана емес, ғылыми орталықтар ретінде де болды. Байырғы университеттер тобына Болон (1119ж.), Париж (1160ж.), Оксфорд (1167ж.), Кембридж (1209ж.), Падуанский (1222ж.), Неаполитанский (1224ж.) жатты.Бұл кезеңде діни ойлаудың үстемдігі бұзылып, ғылым рухани өмірдің дербес факторына айнала бастады. Дәл сол кезде ғылым жетекші зерттеу әдісі болып табылатын тәжірибелік қатардың алдына шықты.
  • Тек ХVI-XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым қуатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септігін тигізді.
  • Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста дамып келеді. Сол кезеңнен бүгінгі ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалық қызметіне қатты әсер ететін, оның барысымен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналып отыр.
  • Римде (1603ж.) алғашқы Ғылым академиясы – Деи Линчеи академиясы құрылды, оның қалаушысы Г. Галилей болды.
  • Лондонда (1660) Еуропаның жетекші ғылыми орталықтарының бірі – Лондон Корольдік қоғамы құрылды. Ол 1665 жылдан бастап әлемнің көне ғылыми журналдарының бірі – «Философиялық жазбаларды» шығарды. Кәсіби журналдың атынан ең маңызды ғылыми нәтижелерді бағалау қалыпқа айнала бастады.
  • Осы кезеңдегі ғылымның жетістіктері (Галилей 1564-1642 жж., Декарт 1595-1650 жж., Ньютон 1643-1727 ж.ж. және т.б.) оның жоғары мәдени құндылық ретінде қалыптасуына және бірінші ғылыми революция болып, әлемнің механикалық суретін қалыптастыруға ықпал етті.
  • Зерттеулерді ұйымдастыруда (химиялық және физикалық) айтарлықтай өзгерістер XIX ғасырдың ортасында орын алды. Алғашқы зертханалар Лейпциг, Геттинген, Гейдельберг университеттерінде ашылды.
  • 1872 жылы Ресейде физик А.Г. Столетовтың бастамасымен бірінші зертхана ұйымдастырылды. Кейіннен көптеген зертханалар ғылыми-зерттеу институттарына айналды. Осылайша, ғылыми мектептерді қалыптастырудаалғашқы бастамалар жасалады.
  • Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Аталған жеке ғылымдардың әрқайсысы бірқатар ғылыми пәндерді құрайды.
  • Табиғат туралы ғылымдар – жаратылыстану ғылымдары. Жаратылыстану ғылымдарының құрамына механика,физика, химия, биология кіреді.
  • Қоғам туралы ғылымдар ‒ қоғамтану ғылымдары. (әлеуметтік және гуманитарлықғылымдар). Қоғамтану ғылымдарына тарих, экономика, құқықтану, психология, педагогика жатады.
  • Таным мен ойлау туралы - логика, гнeосеология, диалектика болып бөлінеді.
  • Техникалық ғылымдар жеке бір саланы құрайды.
  • Математика өзі ‒ бір арнайы ғылым. Аталған ғылым топтарының әрқайсысы одан әрі де кіші топтарға бөлінуі мүмкін. Биологиялық ғылымдар келесі мамандықтарға бөлінеді:
  • - Радиобиология. - Биофизика. - Молекулалық биология. - Биохимия. - Ботаника. - Вирусология. - Микробиология. - Зоология. - Иммунология. - Ихтиология. - Цитология, жасушалық биология, гистология. - Өсімдіктер физиологиясы. - Адам және жануарлар физиологиясы. - Жеке даму биологиясы. - Генетика. - Экология. - Гидробиология. - Топырақтану. - Криобиология. - Биотехнология. - Микология. - Молекулалық генетика. - Биология тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет