Ғылымдағы жаңалықтар
Жаратылыстану жаңа революциялардың пайда болуына серпін берген физикадағы жаңалықтар болды.
- Г.Герц – электромагниттік толқындардың ашылуы;
- К. Рентген – қысқа толқынды электромагниттті сәуле шашу;
- Дж. Томсон – электрондарды ашу;
- П.Н.Лебедев – жарық қысымы;
- М.Планк – кванттық идея;
- А.Энштейн – салыстырмалылық теориясы;
- Э.Резерфорд – радиоактивті бөліну.
1913-1921 жылдары атом ядросы туралы түсінік негізінде Н.Бор атом моделін ойлап шығарды, ол бір жағынан Д.Менделеевтің периодтық системасына сүйенді. Бұл физика мен жаратылыстанудағы жаңа революциялық алғашқы кезеңі болды. Ол материя мен оның құрлысы, қасиеттері, қозғалыс формалары, кеңістік, уақыт туралы бұрынғы көзқарастардың күйреуіне себеп болды. Екінші кезең ХХ ғасырдың 20-шы жылдарынан басталды, ол кванттық механиканың пайда болуымен және оның салыстырмалық теориясымен ұштасуымен байланысты болды.
Революцияның үшінші кезеңі ХХ ғасырдың 40-шы жалдарында атом энергиясын игерумен, электронды-есептегіш машина мен кибернетикалық пайда болуымен байланысты. Сонымен қатар бұл кезде физикамен қатар химия, биология және жер туралы ғылымдар басым дамыды.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техника тұтасымен бірігіп қазіргі ғылыми-техникалық революцияға әкелді.
Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары
Қазіргі ғылым ХХ ғасырдың 10-80 жылдары аралығын қамтиды. Барлық сипаттары бойынша ол классикалық ғылымнан өзгеше, сондықтан кейде оны классикалық емес ғылым деп атауға болады. Қазіргі ғылымның негізгі сипаттары төмендегідей:
1. Классикалық механиканы негізгі ғылым деп санаудан бас тарту, оны кванттық релятивистік теориямен алмастыру. Мұның өзі әлемді алып механизм тұрғысынан қарауды жоққа шығарды. Оның орнына байланыстар, өзгерістер, даму идеяларына негізделген ойлау әлемінің моделі келді.
- Классикалық ғылымдағы механистикалық, метафизикалық көзқарастарды диалектикалық көзқарас ауыстырады;
- Классикалық ғылымдағы дәрменсіз бақылау жүргізу белсенді, жаңа тәжірибемен алмасты, бұған жаңа құрал-жабдықтар мен ғылыми әдістемелердің пайда болуы көп әсерін тигізді:
- Дүниенің ең алғашқы негізін табу сияқты мүмкін еместігі, материя шексіз екендігі түсіндірілді.
- Ғылыми білім бұрынғыдай абсолютті шындық ретінде қарастырылмайды, тек қана көп гипотезалар мен теориялар ішінде салыстырмалы түрде шындық бар.
- Классикалық ғылымға тән табиғаттағы заттарды қоршаған ортадан бөліп алып қарауды теріске шығару;
- Заттың қасиеттерінің оны қоршаған нақты жағдайларға тәуелді екендігі.
- Биосфералық класқа жататын ғылымдардың дамуы, ғаламдағы өмір мен ақыл ойдың пайда болуының кездейсоқ еместігін дәлелдейтін концепциялардың шығуы.
- Ғылым мен діннің қарама-қарсылығы логикалық шегіне жетті, яғни ғылым ХХ ғасырда басымдылыққа ие болды.
Ғылым мен өндірістің бірігуі, ғылыми-техникалық революция қоғамдағы ғылымның рөлін анықтап берді.
Сонымен қатар гуманистік сын (философтар, мәдениет танушылар, әдебиет пен өнер қайраткерлері).
ХХ ғасыр аяғында дүние ғылымға деген сенімін жоғалтты. Бұл үшін посмодернизациялық көзқарас қажет болды. «Постмодерн» – жаңа сипаттағы ғылыми көзқарастарға тең келетін ғылыми көзқарастар.
Көптеген отондық ғылым зерттеушілердің болжамы бойынша болашақта ғылымның жаңаша сипаттары төмендегідей болуы керек:
1. Ең алдымен, ғылым адамзат мәдениеті мен дүниетанымы жүйесіндегі өз орнын табуы қажет. Постмодернизм адам қызметінің кез келген түрінің дүниетанымдық жүйеде ерекше бөлініп шығуын қаламайды.
2. Модернистік ғылым өз алдына бірқалыпты дүниенің жаңа образын жасауды, яғни ешбір өзгеріске жатпайтын, жүйелі, тәртіпті, бір өзіне мақсат етіп қойды.
Ал посмодерндік ғылым дүниенің өзгермелі екендігін, олай болса әрбір алынған нәтиженің ең соңғы өзгеріссіз нәрсе еместігін ашып көрсетті.
3. Модернистік ғылым мен жаратылыстану – білімнің монологтық формасын қолданады., яғни, интеллект затты түсініп білген соң өз пікірін айтады, ал постмодерндік ғылымда бақылаушы – ғалым зерттейтін дүниенің бір бөлігі саналады, яғни диалогтық дүниетаным.
4. Постмодерндік ғылымның негізі болып глобалдық экология есептеледі. Дүние әр түрлі жүріп жатқан процестер қосындысы болып табылады.
5. Постмодерндік ғылымның бір қасиеті – оның комплексті түрде дамуы, яғни бұрынғыдай жаратылстану, техникалық, қоғамдық ғылымдар жеке-жеке бөліп қарамау.
Бұлар тек біздің көз алдымыздағы қазіргі кезде қалыптасып жатқан болашақ ғылымның негізгі жақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |