ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: «Химиялық зертханадағы метрологиялық өлшеу құралдары. Химиялық зертханалық аспаптардың дәлдік кластарын анықтау. Химиялық шыны ыдыстарды, жабдықтар мен құрылғыларды калибрлеу жүйесі».
Оқытушы:Наренова С. М.
Студент:Сабытай Алтынай
Мамандығы:316к-хи
Химиялық зертханада тәжірбие жасауға керекті шыны, кәрлен, кварц материалдардан жасалатын бұйымдарды химиялық ыдыстар деп атаймыз. Химиялық ыдыстар түрлі реагенттер әсеріне, температураның өзгерісіне төзімді, оңай әрі тез жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар реактивтердің қасиетіне қарай шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді. Сұйықтың мөлшерін дәл анықтау үшін арнайы зертханалық шыны ыдыстар қолданылады:тығыны бар бюретка, тамшуырлар және өлшегіш колбалар. Соның ішіндегі тығыны бар бюретка жайлы қарастырып өтетін боламыз.
Тығыны бар бюретка- ұшында тығыны бар ұзын градуирленген цилиндрлік шыны түтік болып саналады. Бюретканы зертханалық жұмыста тирлеу кезінде жұмсалған ерітіндінің нақты көлемін анықтау үшін қолданамыз. Яғни, титрлеуге дейінгі және кейінгі деңгейлердің айырмашылығы көлемді анықтау болып табылады. Әдетте макроөлшеу әдісі қолданылатын зертханалық зерттеулерде 25,00 көлемді тығыны бар бюретканы қолданады.
Қысқаша бюретканың шығу тарихын айтып өтсек, бюретканы алғаш рет Джозеф Луи Гей-Люссак қолданып, оның атауын француздардан алған екен (бюретка-“колба”, Франция, 1824). Гей-Люссаатың бюреткасы шәйнекке ұқсайтын болған, себебі бюретканың іргелес жұқа шығыс түтігі төменнен жоғары қарай өтетін ұзын градуирленген колба болған екен. 1840 жылы мыс және шыны тығынмен бюретка жасалған, кейін химик Карл Мор бютетканың пішінін жақсартып, қысқышты ойлап тапты. Ал 19 ғасырдың соңына қарай неміс химигі Роберт Уильям Бунсен қарапайым және бірегей құрылғыны ойлап тапты- резеңке түтіктегі шар түрірдегі бюретка. Осы өнертабыстың арқасында шарды сығк арқылы ғана бюреткадан сұйықтық ағып шығады екен.
Тығыны бар бюреткамен жұмыс істеу ережелері: қолданар алдында бюретка мен вентиль өте таза болуы керек. Алдымен оны тазартылған сумен жақсылап шайып, кейін титрант ерітіндісімен қалдық суды кетіру үшін 3 рет шаямыз. Химиялық реагентті тығыны бар бюртекаға құйып, нөлдік белгіден сәл жоғары болатырдай етіп келтіреміз. Зертханада титрлеуді өте баяу жүргізу керек, ал кері санақ титрлеу аяқталғаннан кейін жарты минуттан кейін тығыны бар бюретканы пайдалануды бастау керек. Бұл сұйықтықтың бюреткадан толығымен ағып кетуіне мүмкіндік береді. Ерітіндінің шашырауын немесе ағып кетуін болдырмас үшін, бюретканы титрлеу колбасының мойнына бірнеше сантиметр төмен түсіру керек. Бұл көрсеткіштерді жазу үшін бюретканың артына ақ қағаз немесе төменгі бөлігі көлеңкеленген белгілері бар картон парағы орнатылады. Бұл жұмыс ± 0,02 см3 дейінгі дәлдікті анықтауға мүмкіндік береді. Ерітінді көлемі кем дегенде 20 см3 болуы керек, сонымен қатар бюреткадан асып кетпеуін қадағалу керек. Титрлеу сенімді нәтижелер алынғанша бірнеше рет жүргізіледі (параллельді зерттеулердің нәтижелері түссіз титранттар үшін ±4 см3, түстілер үшін ±5 см3 айырмашылығы болуы керек).
Қорытындылай келе, химиялық зертханадағы метрологиялық өлшеу құралы ретінде бюретканы алдым, себебі оның көмегімен тирлеу кезінде жұмсалған ерітіндінің нақты көлемін анықтау үшін қолданамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
Аналитическая химия. Химическое методы анализа. О. М. Петрухин и Кузнецова Л. Б.
Количествкнный анализ физико-химические (инструментальные) методы анализа. Виктория Юрьевна Григорьева и Харитонов Юрий Яковлевия
Лабораторная химическая посуда. Андреев Д. Н.
Достарыңызбен бөлісу: |