F=Q*M/m*n * 𝜂, мұндағы Q – электродта эквивалентті молярлы массасы бар m грамм зат бөліну үшін жұмсалатын электр мөлшері, (Q = It ); M – анықтайтын заттың молярлы массасы; n – электрон саны; m – электр өзгеріске ұшыраған зат массасы; 𝜂 – ток эффективтілігі (%) немесе ток бойынша шығым. Өлшенген электр мөлшері бойынша есептелген массаның сенімді нәтижелерін алу үшін электрхимиялық реакция теңдеуі стехиометриялы болу керек, сондай-ақ электрод бетінде қажетті реакция ғана жүру керек, ток бойынша шығым 100 % болу керек. Берілген теңдеуді қолдана отырып M, t, n және т.б. параметрлерді есептеуге болады.
Кулонометрлік титрлеу реакциясының аяқталу уақытын визуальды (тотықсыздандырғыш ретінде крахмал немесе қышқылды-негізді титрлеуде фенолфталеин қолданылады) және құралдық әдістерді (рН-метрия, амперометрия, спектрофотометрия) қолдана отырып, тіркей аламыз. Кулонометрлік титрлеудің бірнеше артықшылықтары бар. Біріншіден, қарапайым әдіспен күрделі титранттарды электрлеуге мүмкіндік береді. Кейбір титранттарды стандарттаудың, сақтаудың, сондай-ақ оны дайындаудың қажеті жоқ. Титрантты алу үшін тұрақты ток көзінің болғаны жеткілікті. Екіншіден, In situ титрантының нақты концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді. Егер генерация процесінің ток бойынша шығым 100 % көрсетсе, сондай-ақ электрхронометр құрылғысы болса, ток күшін реттей отырып, аз мөлшерде титрантты қосуға болады. Мұндай әдіспен қосу – ерітіндінің сұйылмауына қолайлы. Кулонометрде түзілген заттың массасы бойынша жоғарыда келтірілген теңдеуді қолданып электр мөлшерін есептеуге болады. Қосылыстың массасын анықтау үшін гравиметрлік (күмісті және мысты) және титриметрлік (иодты) кулонометрлер қолданылады.
Қорытындылай келе, өлшеу деп тәжірибе жолымен, өлшеу құралдарының көмегімен физикалық шамалардың сандық мәнін анықтауды атайды. Менің ойымша, табиғаттың тылсым сырларын ашу жолдарының бірі өлшеу жүргізу болып табылады. Әртүрлім өлшеу әрекетін жүргізу арқылы айналамыздағы материалдық дүниені сандық жағынан сипаттай аламыз,әрі табиғаттың түрлі заңдылықтарын ашамыз. Қазірдің өзінде де, жаратылыстану ғылымдары қарқынды дамуда. Әсіресе, химия саласы метрологиялық аспектілердің қатысуымен жаңа әдіс-құралдар алынуда. Химиялық әдістер химиялық реакцияларға негізделген, физика–химиялық – химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың жүруі нәтижесінде заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеруін анықтауға негізделген, ал физикалық әдістер – анықталатын заттың физикалық қасиеттерінің өзгеруін анықтауға негізделген әдістер болып табылады. Жалпы, заттарды ашу және идентификациялау үшін олардың сандық мөлшеріне тәуелсіз қасиеттері алынады. Кулонометрлік анализ осыған жатады. Ол электр мөлшерін өлшеуге негізделген әдіс болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Аналитикалық химия, Г.Л.Бадавамова, Г.С.Минажева, 2011;
ҚОРШАҒАН ОРТА ОБЪЕКТІЛЕРІН ТАЛДАУДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АСПАПТЫҚ ӘДІСТЕР, А. Г. Исмаилова, 2018;
ОСНОВЫ МЕТРОЛОГИИ ФИЗИКО-ХИМИЧЕСКИХ ИЗМЕРЕНИЙ И ХИМИЧЕСКОГО АНАЛИЗА, 2010;
Электрохимические методы анализа — статья из Большой советской энциклопедии;
Метрология,стандарттау және сертификаттау негіздері, 2002.