21
2 КӨРКЕМ МӘТІННІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФОРМАЛДЫ
САНАТТАРЫ
1. Көркем мәтін санаттары туралы пікірлер
2. Көркем мәтіннің негізгі санаттары
3. Көркем мәтіндегі ақпар түрлері, олардың берілу жолдары
Мәтін шығармашылықтың
жемісі болғандықтан, оның өзіне тән
параметр, санаттары болады. Ал санаттың өзі объективті болмыс
құбылыстары мен заттарының арақатысын,
байланыстарын, ортақ белгілері
мен айырмашылықтарын көрсететінін ескерсек, мәтін санаттары оның ең
негізгі, ең елеулі белгілерін топтастырады. Бұл санаттар түрлі –
семантикалық
және құрылымдық, прагматикалық және функционалдық -
өлшемдерге негізделіп, әмбебап және факультативті түрде көрінеді. Әр елдің
мәтін зерттеушілерінің көзқарастарында, зерттеу қағидаларында,
ұстанған
методологиялық бағыттарында бірізділік жоқ болғандықтан, олар мәтін
санаттары ретінде түрлі белгілерді атайды. Мәселен, франциялық белгілі
зерттеуші Ц. Тодоров мәтіннің негізгі санаттарын
Достарыңызбен бөлісу: