Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі



бет146/158
Дата20.12.2023
өлшемі491,12 Kb.
#141286
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   158
Байланысты:
тарих

163. Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі.Конституциялық Кеңес мемлекеттік органдар ретінде Республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, Республика Конституциясына ғана бағынады.Алғашқы рет біздің елімізде 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Констиуцияға сәйкес Конституциялық сот құрылған болатын. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын қорғауға бағытталған ең жоғарғы сот органы болатын. Конституциялық Сот өз өкілеттігін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсанында қабылдаған заң күші бар «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлығына дейін жүзеге асырды.Қазіргі қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Конституциясы Конституциялық Кеңестің құрамын, өкілеттігін, оның құрылуын жаңаша анықтайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 71-бабына сәйкес Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттілігі алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады.Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Республика Президенті тағайындайды және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.Конституциялық Кеңестің екі мүшесін – Республика Президенті, екі-екі мүшеден тиісінше Сенат пен Мәжіліс тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Оның құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде бес жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Бірақ бұл талаптар Республиканың экс-Президенттеріне қолданылмайды.Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар болып өз өтініштері бойынша конституциялық іс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады:1) Республика Президенті;2) Парламент Сенатының төрағасы;3) Парламент Мәжілісінің төрағасы;
4) өздерінің жалпы санының кемінде бестен бір бөлігі болатын Парламент депутаттары;5) Премьер-министр;6) Республика соттары;7) актілерінің конституциялығы тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар.Қажет болған жағдайда бұлар Конституциялық Кеңеске өз өкілдерін жібере алады,олардың өкілеттігі азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен ресімделеді. Конституциялық іс жүргізу, Конституциялық Кеңес қабылдайтын шешімдер қазақ не орыс тілдерінде жүзеге асырылып, жазылады. Осы тілді меңгермеген конституциялық Кеңес олардың ана тіліне немесе олар білетін тілге аудармамен қамтамасыз етеді.Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша: 1. Дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді;2. Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды;3. Республиканың халықаралық шарттарын бекіткеге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды.4. Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді;5. Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар береді.Конституциялық Кеңес соттардың өтініштерін Конституцияның 78-бабында белгіленген жағдайларда қарайды.Конституциялық і+с жүргізуді қозғаудың және қарауға берілетін материалдарды дайындаудың тәртібі туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1996 жылғы 4 маусымында қабылданған Регламентінен қарауға болады.Конституциялық іс жүргізу кез келген сатыда, бірақ қорытынды шешім шығарылғанға дейін мынадай реттерде тоқтатылуы тиіс:1. субьект өзі мәлімдеген өтініштен бас тартса;2. конституциялылығыталас тудыратын актілер күшін жойса немесе заңдық күшін жойса;3. мәлімделген өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жатпаса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет