Ғылым таппай мақтанба ●


МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ЖӘРМЕҢКЕ



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата03.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#6699
1   2   3   4   5

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Мүмкіндігі  шектеулі  азаматтар  қоғамда  өздерін  белсенді  ұстауға  тиіс.  Шетқақпай  көрмеуі  керек.    Мем-

лекет  басшысы  да  бұл  туралы  әрдайым  айтып  жүр.  Үстіміздегі  жылғы  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қазақстан 

жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «... мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға 

көбірек көңіл бөлу керек.  Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс.  Бізде аз емс ондай адамдарға 

қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» деп тағы  да шегелеп айт-

ты. Елбасының бұл айтқанын нақты тапсырма ретінде қабылдаған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

университеті нақты іс-шара атқаруға белсене кірісіп отыр.  Университет ректоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық 

ғылым академиясының академигі, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Серік Жайлауұлы Пірәлиевтің жеке 

бастамасымен  «Кедергісіз  келешек»  жобасын  жүзеге 

асыру  мақсатында  «Жұмыспен  қамту  –  шекарасыз» 

атты  мүгедек  жандарды  жұмыспен  қамту  жөнінде 

мамандандырылған 

жәрмеңке 

ұйымдастырылды.  

Жәрмеңкеге барлығы 25 жұмыс беруші келді.  Олардың 

ішінде    Алматы  қаласындағы  аудандық  жұмыспен 

қамту  орталықтары,  мемлекеттік  емес  ұйымдар 

мен  жеке  компаниялар,  қоғамдық  ұйымдардың 

өкілдері  және  басқа  да  жұмыс  беруші  мекемелер  бар.  

Жәрмеңкеге  қатысушылар  мүгедектердің  қоғамдық 

ұйымдары  шығарған  жеке  өнімдер  мен  көркемөнер 

туындыларының көрмесімен таныстырды. 

Жәрмеңке    бағдарламасының аясында өткізілген 

брифингті сөз сөйлеп ашқан оқу ісі жөніндегі прорек-

тор  А.Құлсариева  бұл  шараға  қолдау  білдірген  Медеу 

аудандық  әкімдігіне,  «Нұр  Отан»  партиясының  Алма-

ты қалалық филиалы басшылығына, сондай-ақ жұмыс 

берушілерге алғыс білдірді.  

Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдеріне  ар-

найы  ұйымдастырылған  сұхбатында  Республикалық 

мүгедектер одағының төрағасы Әли Аманбаев: 

–  Біз  осындай  ұсыныспен  жоғары  оқу 

орындарының  біразына  арнайы  хат  жіберген  едік. 

Өкінішке орай, олардың ешқайсысы да ұсынысымызға 

қарсы  болмағанымен,  нақты  жауап  бере  қойған 

жоқ.  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университеті  ғана  бұл  шараны  алғашқылардың  бірі 

болып    ұйымдастырды.  Сол  үшін  Серік  Жайлауұлы 

бастаған  университет  басшылығына  алғыстан  басқа 

айтарымыз жоқ.  Қазақстан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 3%-ы ғана еңбекпен қамтылғанын ескер-

сек,  бұл  үлкен  әлеуметтік мәселеге  айналып  отыр.  Ал  бүгінгі  мамандандырылған  жәрмеңке  жақсы істің  баста-

масына айналатынына сенеміз. Қаншама мүгедек жандарымыз жұмыс тауып, үміттері жанса мақсаттарыңыздың 

орындалғаны деп түсінемін. Жәрмеңке жұмысына табыс тілеймін, – деп ағынан жарылды. 

Осы  күні  сонымен  бірге  «Нұр  Отан»  партиясының  Медеу  аудандық  филиалы  қоғамдық  қабылдау 

ұйымдастырды.

Мамандандырылған  жәрмеңкені  ұйымдастырушылар  (Тәжірибе  және  жұмыспен  қамтамасыз  ету  бөлімі) 

барлығы 500 адамға шақыру жіберген екен.  Алайда 328 мүгедек бұл шақыруға үн қосып, арнайы келіпті. Жұмыс 

берушілер олармен арнайы әңгіме өткізіп, ақыл-кеңестер берді. Қабылданған өтініштер бойынша қысқа мерзімде 

жауап беруге уәде етісті. Сондықтан да бұл жәрмеңкені мүмкіндігі шектеулі жандарға  үміт сыйлаған шара болды 

деп айтуымызға толық негіз бар. 

Гауһар ЖАБАҒИЕВА

Если  вы  хотите  стать  здоровыми  и  сильными, 

позаботиться  об  укреплении  своего  здоровья, 

порадоваться  встрече  с  первозданной  природой, 

ощутить  романтику  гор,  то  можно  принять  участие  в 

походе выходного дня в горы.

23 февраля 2014 года преподаватели и сотрудники 

КазНПУ  имени  Абая,  благодаря  прекрасной 

возможности,  предоставленной  ректором  КазНПУ 

имени Абая 

Пралиевым  С.Д.,    председателем  профкома 

сотрудников  КазНПУ  имени  Абая  Нурбатыровым 

Б.Б., посетили спортивный оздоровительный комплекс 

«Ак-Булак».  Представители  разных  институтов  и 

подразделений  университета  предпочли  провести 

активный  отдых  в  горах  в  снежную  погоду,  а  также 

воспользовались  возможностью  заняться  зимними  видами  спорта,  такими,  как  катание  на  баллонах  с  горы  в 

радостной  атмосфере,  сплачивающий  коллектив,  получили  большой  заряд  положительных  эмоций  на  свежем 

чистом  горном  воздухе,  хорошо  отдохнули,  уделяя  внимание  укреплению  своего  здоровья.  Говорят:  «Любишь 

кататься, люби и саночки возить.» Лихо прокатившись с горы вниз, и поднимаясь вверх по лестнице с баллоном, на 

себе ощущаешь правдивость этой пословицы.

Как говорил Гиппократ: «Гимнастика, физические упражнения, ходьба должны прочно войти  в повседневный 

быт каждого, кто хочет сохранить работоспособность, здоровье, полноценную и радостную жизнь».

Количество  времени,  потраченное  на  своё  здоровье,  улучшает  качество  жизни  и  работы,  повышает 

эффективность рабочего процесса.

Организация, уделяющая внимание укреплению здоровья своих сотрудников, повышает продуктивность её 

работы.

Ведь самое главное, - это сам человек. А здоровье, - это его главное богатство.

Это был незабываемый и активный отдых в горах, подаривший много радостей всем его участникам, поэтому 

мы благодарны руководству КазНПУ имени Абая за внимание и заботу о нашем здоровье.

Камар РУХАНОВА,

 преподаватель французского языка

ВОСКРЕСНЫЙ ПОХОД В «АК-БУЛАК»

• Блогадарность!

ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ

наурыз

март

№ 2-3 (129-130)

2014

7


Әрбір  елдің  өркендеуі  бұрынғы-соңғы  ғылыми-техникалық  прогресс  жетістіктерін  жастардың 

игеруіне байланысты екендігі мәлім.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арналған 

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында әрбір жастың өз ісіне 

немқұрайлылық танытпау керектігіне басты назар аударғандығы белгілі.

Соған орай, Абай атындағы ҚазҰПУ-інің Тарих факультетінде студенттердің «Траихи – зерде» 

атты ғылыми үйірмесі жылдан – жылға нәтижелі іс – шаралардың тиімділігін көрсетіп келеді.

Үйірме жұмысының мақсаты – кәсіби білім берудің сапасын арттырудағы тарихи құнды деректерді 

зерделеу, оны игерудің жолын үйрену, студент – жастардың ғылымға деген қызығушылығын туды-

ру. Студенттердің пәндік олимпиадасы мен ғылыми жоба сайыстарына талантты жастарды баулып 

жүрген, ғалым – ұстаз, п.ғ.к. Ахатаева Ғалия Байқоңырқызы бірнеше жылдан бері үйірме жетекшісі. 

Студенттердің  Республикалық  деңгейден  алдыңғы  орындардан  көрінуі  факультет  қана  емес,  уни-

верситет мақтанышы. Осындай күрмеуі қыйын мәселелерді талдап, нәтиже шығарудағы үйірменің 

мәдени  іс – шараларының бірі – тарихи оқиға куәгерлерімен сұхбаттасу сабағы. 

Биыл, ақпанның 15-де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толу мерзіміне 

орай, соғыс ардагерлерімен болған сұхбаттасу сабағының берер тәлімі мол.

«Тарихи  -  зерде»    студенттердің  ғылыми  үйірмесінің    «Ел  үмітін  ер  ақтар,  Ер  атағын  ел 

сақтар»  атты  сұхбаттасудың  қонақтары,  Ауған  соғысының  ардагерлері  Мейірманов  Т.Ә.,  Хапи-

ев  С.Е.,  Ақпанбаев  Е.Ж.  соғыстың  ащы  сабақтарынан  мысалдар  келтіріп,  қандай  қиындық  бол-

сын  сағымыздың  сынбағанын,  студент  жастардың  мына  өмірді  бағалау  керектігіне  үлкен  мән 

берді.  Әсіресе,  Ауған  соғысы  ардагерлерінің  ортақ  пікірі  қай  елде  ауызбіршілік    жоқ  болса, 

тыныштығын қорғамаса, көрінгеннің қолжаулығына айналып кетуі қиын емес екендігін атап, Елбасы 

Н.Назарбаевтың ел бірлігін сақтаудағы рөлімен байланыстырды. «Тарихи - зерде» атты студенттердің 

ғылыми үйірмесінің төрайымы, 3 – курс студенті Қали Айнұр слайдтан Ауған соғысы жайлы тың 

деректерді көрсетті. Болашақ тарих пәні мұғалімдері үшін, тақырып мазмұны жан – жақты қамтылып, 

соғыс ардагерлеріне қойған сауалдарына әсерлі жауаптар алынды. Соғыста қаза тапқандар мен іс-

түссіз жоғалып кеткендерді үнсіздікпен еске алып, ҚР ән – ұранымен аяқталған сұхбаттасу сабағының 

берері мол.



М.М. МҰРАТКАЗИН, 

тарих факультетінің тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары, т.ғ.к. 

АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Жақында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-да  бел-

гі лі  географ-ғалым,  академик,  Қазақстан  Мем-

лекеттік  сыйлығының  лауреаты  Әлия  Бейсено-

ваның «Қазақстан географиясы», «Қазақстанның 

физикалық  географиясы»,  «Алматы  мен  әлем 

қалалары»  атты  су  жаңа  кітаптарының  тұсауы 

кесілді. 

Аты әлемге әйгілі экономист-ғалымдар, атап 

айтқанда академиктер А.Түркебаев, А.Қошанов, 

М.Үпішов,  О.Сәбденов,  А.Шәшенов,  универси-

тет  проректорлары  В.Косов,  Ғ.Кенжебаев,  жа-

ратылыстану және география институтының ди-

ректоры Х.Жанбеков, география ғылымдарының 

докторлары  К.Қаймолдина,  Қ.Тілебаев,  тағы 

бас қалар  қатысқан  басқосуда  қазіргі  Қазақстан 

географиясы мен оған экономиканың, саясаттың 

қатысы,  басқа  да  қоғамтану  ғылымдарының 

өзара  сабақтастығына  байланысты  ойларымен 

бөлісіп,  бұл  мәселені  шешу  барысында  оқы-

тудың әдістемесі мен формасын өзгертуде жаңа 

бастаманың  бүгінгі  жағдайына  тоқтады.  Сон-

дай-ақ,  тұсаукесер  қонақтары  игілікті  істің  ма-

ңыз дылығына  ғылыми  көзқарастарын  біл діріп, 

географияны  оқыту  жүйесін  заманауи  тұр-

ғы  дан  қайта  жетілдіру  жұмысына  баса  назар 

ауда ру  керектігін  айтты.  Осы  орайда  еліміздегі 

экологиялық ахуалға қатысты бірнеше маңызды 

мін деттерді шешуді ұсынды. 

–  Көпшілік  экономиканың  геогра фия ға  не 

қатысы бар деуі мүмкін. Сол сияқты саясаттың 

географияға қандай қатысы бар деп қалатындар 

да  жеткілікті.  Меніңше,  бұл  ұғымдар  өзара 

сабақтас, бірінсіз екіншісі жоқ. Мәселен, белгілі 

бір аймақтың географиясын, жер асты байлығын, 

экологиясын білмей тұрып, оның экономикалық 

жағдайын есептеп шығару мүмкін емес деп ой-

лаймын.  Ал,  экономика  мен  саясат  әуел  бастан 

егіз ұғым. Қандай ғылымның түрі болмасын ол 

«ҚАЗАҚСТАН ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ» ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

адамға,  қоғамдық  ортаға  қызмет  жасауы  керек. 

Қоғамға  қызмет  жасамаған  ғылым,  ол  ғылым 

емес.  Яғни  бұл  кітаптарды  шығарудағы  мақсат 

–  қоғамтану  ғылымдарының  басын  бір  жерге 

біріктіру  еді.  Бүгінгі  заман  құралдарын  пай-

далана  отырып,  Қазақстанның  географиялық 

келбеті мен экологиялық ахуалын жақсарту осы 

кітаптардың  негізгі  ғылыми  жаңалығы  болып 

табылады. Ал географияны игермей, экологияға 

жаңаша көзқарас қалыптастырмай экономикамыз 

қарқынды дамиды дегенге өз басым сенбеймін. 

Сондықтан бұл кітаптар география пәніне деген 

қызығушылықты арттырып, жетілдірілген білім 

беру  талабына  сай  біздің  мақтанышымыз  бола-

тынына сеніміміз кәміл. Бұл мақсатта енді кино-

лар, деректі фильмдер, слайдтар түсіреміз деген 

ойдамыз. Алла қаласа, осы бағытта жұмыс жасай 

бермекпіз, – деді кітаптардың авторы, академик 

Әлия Бейсенова. 

Тұсаукесер  мәжілісін  филология  ғылымда-

рының докторы, профессор, Қазақстан Республи-

ка сының  ҰҒА  корреспондент-мүшесі  Бақтияр 

Сманов жүргізіп отырды. 



Елдар БОЛАТҰЛЫ

Туберкулез  -  адамның кез- келген органын, 

жиі  жағдайда    өкпені  зақымдайтын  қауіпті 

инфекциялық  дерт.1882  жылдың  24  науры-

зында неміс ғалымы Роберт Кох туберкулезді 

туғызатын  бактерияны  ашты.  Содан  бері 

бұл бактерия Кох таяқшасы деп аталады, ал 

24-  наурыз  бүкіл  әлемде  Дүниежүзілік  тубер-

кулезбен күрес күні ретінде аталады. Туберку-

лез – аса қауіпті және жұқпалы дерт, ол ауа 

арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде 

өкпе  туберкулезімен  ауыратын  науқастан 

беріледі.  Сау  адам  туберкулез  бактерия-

сы    тараған  ауамен  тыныс  алғанда  дертті 

жұқтырады.Туберкулездің белгілері 

2-3 аптадан астам жөтелу;Терлеу әсіресе 

түнгі  уақытта  ;  Дене  температурасының 

көтерілуі;  Қалтырау;  Дене  салмағының  аза-

юы; Тәбеттің нашарлауы;Жалпы қажып шар-

шау әлсіздік; кеуденің шаншуы;

Туберкулезден  өзіңді  қалай  сақтауға  болады?  Тұрғын  жайды  желдетуге  аса  көңіл 

бөл;Жөтелгенде  ауызыңды  қалқала;Құнарлы  тамақтанып  және  спортпен  шұғылданып, 

иммунитетіңді  үнемі  нығайт.  Есіңде  болсын  !!!  Заңнамаға  сәйкес  туберкулез  тегін 

емделеді;Егер  сен  өзіңді  немесе  жақындарыңда  туберкулез  белгілерінің  бірін  байқасаң,  дереу 

білікті медициналық көмек алу үшін аумақтық емханаға хабарлас.Алкоголь, есірткі, тұтынушы 

науқастар мен темекі шегушілердің туберкулезге шалдығуының қаупі аса жоғары.

Гүлдаурен БАЙҚАДИЕВА,

Алматы қаласы №1 Балаларды туберкулезге 

қарсы емдеу шипажайының  оқу- тәрбие 

бөлімінің меңгерушісі

ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ ҚАЖЕТ ?

 ТУБЕРКУЛЕЗ – ҒАСЫР ДЕРТІ

Туберкулез ауру  адамнан  сау адамға  жұғатын жұқпалы ауру. Туберкулезбен ауырған адам 

сөйлегенде,  түшкіргенде,  жөтелгенде  туберкулез  тудыратын  таяқшаларды  бөліп  шығарады. 

Олар  ауа    арқылы  шаңға,  киімге,  ыдыс  –  аяққа,  ойыншықтарға,  кітаптарға  сіңіп  қалады. 

Шаңдармен сілекей тамшыларымен, түкірікпен дем ішке тартылғанда  адам ағзасына енеді. 

Ата- анасы не жақын туыстары туберкулезбен ауырған балалар, осы ауруға жиі шалдығады.

Адамдар  тек  үйде  ғана  емес,  дүкенде,    көліктерде,  кинода  ауру  адаммен  сөйлессе  не  оған 

жақын тұрса да жұқтыруы мүмкін. Туберкулезбен тек адамдар ғана емес, малдар да ауырады.  

Олардың сүті, ірімшігі, қаймағы арқылы да жұғуы мүмкін. Әр бала туа салысымен және бірінші 

класта міндетті түрде туберкулезге қарсы егілу керек. 

Туберкулезбен аурудан сақтандыру үшін мына жағдайларды есте ұстау керек: 

Туберкулезбен ауырған таныс немесе бейтаныс адамның ыдыс- аяғын пайдаланбау.

Әр адамның беті – қол орамалдары, төсеніштері жеке болуы керек.                  

         Сүтті қайнатып барып пайдалану.

          Жеміс – жидектерді қайнатылған сумен тазалап жуу.

         Тамақ ішер алдында міндетті түрде қол жуу.

         Денені шынықтырумен айналысу.

         Егер жанұя мүшелірінің бірі туберкулезбен ауырса, оларды балалардан аулақтатып, 

міндетті түрде ауруханаларда емдеу.

Барлық адам  туберкулезбен ауыра бермейді. Жақсы тамақтанатын, салауатты өмір сал-

тын сақтайтын адам туберкулезбен ауырмайды.Сіздің ағзаңыздың иммунитетін әлсірететін 

әдеттерден  аулақ  болыңыз-  тиімді  тамақтаныңыз,  темекі  тартпаңыз,  алкоголь  ішпеңіз, 

таза ауада көбірек серуендеңіз. Өзіңіз тұратын, еңбек ететін немесе демалатын  бөлмені таза 

ұстауға және ауасын жиі тазартып отыруға тырысыңыз.Үнемі, жылына бір рет алдын ала ке-

уде қуысын флюорографиялық тексеруден өтіңіз. Жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтаңыз.

Туберкулез – тек медициналық  қана емес, қоғамдық мәселе. Сондықтан әрбір адам күнделікті 

өмірде аурудан қорғану туралы білімін қолданып кез келген ауруды  тоқтата алады. Дұрыс пайда-

ланып, туыстары мен жақындарына жеткізіп отырса туберкулездің өсуін тоқтатуға болады.

Сенің де болашағын өз қолыңда жас маман!

 Гүлзира НАҒАШАЛИНА,

Алматы қаласы №1 Балаларды

туберкулезге қарсы емдеу шипажайының 

жұқпалы аурулардың алдын- алу

ісі бойынша мейірбике

«АДЫРНА», ЖЕҢІСІҢМЕН!

2014  оқу  жылының  12  ақпанда  Қазақ 

мемлекеттік  қыздар  педагогикалық  университеті 

Алматы  қаласындағы  жоғары  оқу  орындарының 

студенттері  арасында  «Тәуелсіз  Қазақстан:  қазақ 

этнографиясының  кейінгісі  мен  бүгіні»  атты 

интеллектуалдық олимпиада өткізгені белгілі.

Интелектуалды  олимпиаданың  шарттарында 

Дүние жүзі тарихы, Археология, Қазақстан тарихы 

пәндерінен тест тапсырмалары бойынша білімдерін 

анықтаса, «Қазақстанда – тұңғыш...» - тапсырмасы 

қай  салада  болмасын  тұлғаның  есімін  табу  бол-

са,  Ұлы  тұлғалар  сөздерін  шешу,  ой  толғау  т.с.с. 

студенттердің танымдық ой қорыту қабілеттерімен 

өзара  бәсекеге  түсті.  Нәтижесінде  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ-і  тарих  факультетінің  «Адырна»  тобы 

олимпиаданың барлық шарты бойынша тапсырмаларды орындаудан «Ең үздік» деп танылып, І – орынды 

жеңіп алды. Топтың ғылыми жетекшілері т.ғ.д. Төлеубаева К.М., т.ғ.к. Ахатаева Ғ.Б. және мүшелері 2-курс 

студенті Нұрмахан Еңлік, 3-курс студенттері Әлімқұл Әнетбек, Нұрыллаұлы Шыңғысты осынау байқаудағы 

жеңістерімен  құттықтай  отырып,  әрдайым  үлкен  шығармашылық  табыстарға  қол  жеткізе  берулеріне 

тілектеспіз!

Білім мен ғылым көкжиегінде самғай беріңіздер,- демекпіз.



Айнұр ҚАЛИ, 

тарих факультетінің  3 курс студенті

                                            



• 24- наурыз бүкіл әлемде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні

• Құттықтау

Бас редактор

Болат ШАРАХЫМБАЙ



Көркемдеуші-дизайнер

Сержан ҚАСЫМОВ



фототілші

Серік ИМАНҚҰЛОВ



МЕНШІК ИЕСІ:

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 

30.01.2009 ж. тіркеліп, тіркеу туралы №9874 -Г куәлігі берілген 

Редакцияның

мекен-жайы:050010

Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,

30-үй, № 323-бөлме.

Байланыс тел.: +7 /727/ 291-18-65

Газет бүкіл республикаға тарайды.

Тапсырыс № 4/183-09

Индекс 65285

Таралымы 1000



 

Автордың мақалалары

редакция көзқарасын білдірмейді.

● Редакцияға түскен материал

қайтарылмайды.

Газет “ҰЛАҒАТ” баспасының 

баспаханасында басылды.

Баспа директоры 

Әлібек НАУРЫЗБАЕВ

Баспаның мекен-жайы:

050010

Алматы қаласы, 

Қазыбек би көшесі, 30 - үй.

наурыз

март

№ 2-3 (129-130)

2014

8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет