Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Эрхард Эзердің фазалық өту теориясы



бет103/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   122

Эрхард Эзердің фазалық өту теориясы.


Алғашқы қарастырылған ғылым даму теориялары 20 ғ. қалыптасқан. Қазіргі австриялық философтың, Вена университетінің профессоры Эрхард Эзердің «Теорияның динамикасы және фазалық өтулер» атты шығармасында қызықты концепция ұсынылған.
Эзердің пікірінше, әр-түрлі философиялық бағыттардың /кумулятивизм/релятивизм, интернализм/экстернализм/, революциялық әлде эволюциялық ғылымның даму модельдерінің арасында фундаменталды бірлік бар: Кун, Тулмин және Попперде дарвиндік эволюциялық теориясына аналогия жасайды. Ғылым теориясында, психологиясында, әлеуметтанудағы позицияларды әр-түрлі терминологиясына қарамай бәріне ортақ универсалды эволюциялық теорияға келтіруге болады. Ғылымның тарихында жаңаның пайда болу мәселесі – ұғымдық өзгеріс – «парадигманың ауысуы» деген ұғымды «жаңа фазаға өту» ұғмына ауыстыру. Осымен Кунның шектелген теориялардың динамикасының өзгеруін зерттеуді ғылымның динамикасының жалпы зерттеуіне айналдыруға болады.
Эзер ғылымның тарихына назар аударып, ғылым құтаю механизмның екінші реттілігі, себебі, тәжірибелік ғылыми конструктілер, яғни, гипотезалар, теориялар практикада қолданғансон, олардын арасынан ең лайық, бәрін түсіндіріп, болжау жасайтынды қолданады.
Осындай эволюциялық модельдің шеңберінде ғылымда жаңалықтың пайда болуына жауап беруге болады. Фактілер, гипотезалар, теориялар әлде әдістер, қайсысы бірінші пайда болады? Осының бәрі бір-бірімен байланысты, яғни, дүниеде жаңаның пайда болуына әр-түрлі бір-бірімен функционалды байланыста болған мүмкіндіктер ықпал етсе, сонда бір фазадан екіншіге өту, оның біреуі ғана «парадигманың ауысуы» деп аталады. Содан кейін, ғылымда бақылаудан өткен «фазалық өтулер» типологиясы беріледі.
Мысалы, ғылымның теориялыққа дейін кезеңінен бірінші теорияға кешу: вавилон астрономиясынан Птолемейдің геоцентірлік жүйесіне; осы өту эволюциялық секірісті білдіреді: таза энумеративті индукция мен экстраполяциядан эвристикалық индукцияға кешу және теорияны шығаруға. Осындай фазалық өтуде жиналған материал жоғалмайды.
Бір теориядан басқа /альтернативті/ теорияға көшу; ғылыми революция әлде парадигманың ауйсуы. Мысалы: Аристотельдің физикасынан Галилейдің механикасына көшу. Бірінші мысалға қарағанда, парадигманың ауысуы сонша маңызды емес, себебі бәрі сол ғылыми методологияның даму деңгейінде өтеді. Теорияның құрылымы өзгермейді, ал мазмұны өзгереді. Біздің жылдамдатылған қызметіміз ғылыми теорияның осындай жаңа құрастыруын қарапайым жұмысқа айналдырды.
Екі өзгеше пайда болған, әлде қатарлас нақты теориялардың бір универсалды теорияға өтуі /интеграция теориясы/. Мысалы: Галилейдің жер механикасынан Кеплердің аспан механикасына және Ньютонның универсалды механикасына өту. Осы фазалық өту әлі әйгілі және қайталанбас түріне жатады.
Көрнекі, сезімге бейімделген теориядан абстрактілі көрнекі емеске өту, негізгі ұғымдарды тоталдық түрде ауыстыру. Мысалы: Ньютонның классикалық механикасынан Эйнштейіннің ықтималдық теориясына өту. Бұл өту маңызды, себебі, ғылым әдісінде ең маңызды жаңа эволюциялық қадам жасалған. Ол теорияның индуктивті-конструктивті құрылымынан олардың өзіндік дамуына әкеледі. Сонымен, бақылау танымның жалғыз ақиқат белгісі болудан айырылып, қазір тек теорияның шеңберінде бақылаудың ақиқатын анықтаймыз.
Ғылымның тарихының құрылымының дамуын революция әлде эволюция деп, қалай түсінуге болады деген сұраққа Эзер былай жауап береді: Үзілмес процесстің нәтижесінде жаңа пайда болмайды. Жаңа тек үзілістің салдары. Сонымен қатар, ғылымда ешқандай күтпеген және байқаусыз фазалық өтулер жоқ деу дұрыс емес. Поппердің теорияның интегративті өсу деген анықтамасы бойынша, осындай өту әр-қашанда екі өзгеше теориялар бір-біріне интеграция жасағанда болады.
Сөйтіп, ғылыми білімнің дамуы революциялық емес, үстемді эволюциялық жолмен болады, бірақ, ол эволюция «квазиреволюция» арқылы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет