2. Синергетиканың философиялық мәселелері. Дүниенің постнеклассикалық бейнесінің образы – ағаш сияқты бұтақты графика – И. Пригожиннің бельгия мектебінің ғылыми нәтижесімен байланысты. Келешек өзінің басынан бастап, қазіргі уақыттада бізге анықсыз. Даму бір әлде бір-неше бағытта болуы мүмкін. Тек бір энергетикалық «шаншу» жарайды жүйенің құрылымының өзгеруіне және меңгерудің жаңа түрі пайда болу үшін. Қазіргі дүниенің постнеклассикалық бейнесінде қоғамдық құрылымдардын талдауында ашық сызықсыз жүйелерді зерттеуге шарт, оларда алғашқы шарттар үстемді: индивидтердің, локалдық өзгерістер мен кездейсоқтық факторлар. Және постнеклассикада құңдылық-мақсатты құрылымдар жаңа императивке айналады.
Постнеклассиканың мықты методологиялық тезисі – бір траекториядан екіншіге ауйысу, жүйелік естен айырылу. Көпөлшемдік байланыс моделінде, екі емес одан көп жақтар қатысатын, турбуленттік кеңістік пайда болады. Онда бағытталған векторлардың күштік сызықтары басқалардың ұмтылыстарымен кездеседі, үшіншінің әсерімен өзгереді, жалпы ортақ байланыста қалыптасқан алғашқы мен келешектен қазіргінің тәуелділігі даму логикасын бұзады. Осындай жағдай туралы былай дейді: «Жүйелік ес жоғалды».
Келесі тағы маңызды ереже – когеренттік принциптің бұзылуы және локалды, екінші дәрежелі себептерге көлемі мен энергетикалық өлшемі бойынша глобалды салдар қатысты. Осы жағдай болашақты анықсыз және жаңалықтар үшін ашық қылады. Осындай жүйелердің эволюция перспективасында көп түрлі комбинациялар мүмкін, ал дағдарыс нүктелерінде бұтақтау эффект болады. Осындай әдеттерді сипаттау үшін ағаш сияқты бұтақталған графика лайық. Осы жағдай қазіргі дүниенің постнеклассикалық бейнесінен бір сызықтыққа бағытталу мен тоталдық жарияланудан, яғни, анықсыздықты болмыстың атрибутивтік қасиеті деп онтологиялық статусқа ие болады.
Постнеклассикалық методологияның қалыптасқан ұғымдары: бифуркация, флуктуация, хаосомность, диссипация, оғаш /әпенді/ аттракторлар, сызықтық емес. Олар категориалдық статусқа ие болып, келесі жүйелердің әдептерін түсіндіреді /организмикалыққа дейін, организмикалық, әлеуметтік, іс-әрекеттік, этникалық, рухани т.б./.
Теңдік жағдайда бифуркациялық механизмдер жұмыс жасайды. Олар екі үштасқан нүктелерді және жалғыз емес даму бағытын көрсетеді. Осы әрекеттердің нәтижелерін қиын анықтау. И. Пригожиннің пікірінше, бифуркациялық процесстер жүйенің қиындау жағын айқындайды; Н. Моисеевтің пікірінше, әлеуметтік жүйенің жағдайы бифуркациялық болады. Флуктуация жалпы оқиғада күйіну және екі үлкен классқа бөлінеді: сыртқы ортамен қалыптасатын флуктуация классы; жүйенің өзімен қалыптасқан флуктация классы. Бір жағдайда флуктуация жүйенің бәрін жаулап алып. Оның өмір сүру режимін өзгертеді. Олар жүйені «реттілік типінен» шығарып, хаосқа әлде реттіліктің басқа деңгейіне әкеледі. Күйіну жайылатын жүйелер диссипативтік деп аталады. Мәнінде, жүйенің флуктуацияға қатысты әдептерінің сипаты, ол оны толық жаулап алады. Диссипативтік жүйенің негізгі қасиеті - әр-түрлі ықпалдарға керемет сезімділік осы жағдаймен төтенше теңсіздік. Ғалымдар тағы бір құрылымды белгілейді – аттракторлар – тартымды көптіктер, олар элементтерді тартатың орталықтарды қалыптастырады. Мысалы, халық жиналғанда, өзгеше өз жолымен келе жатырған адам сол жерден жәй өтіп кетпейді. Оны жүру траекториясының сызығы сол жаққа ауысады. Қарапайым өмірде оны әуестік деп атайды. Өзіндік меңгеру теориясында осындай процессті «жиналу нүктеге жылжу» деп атайды. Аттракторлар өзінің айналасына стохастикалық элементтерді жинап алады, сөйтіп, ортаны құрып, реттілікті жасайды.
Дүниенің постнеклассикалық бейнесінде реттілік, құрылым, хаосомдық, стохастикалық реалдылықтың объективті және универсалды қасиетіне жатады. Олар өзін құрылым дамудың әр кезеңінде білдіреді. Теңсіз жүйелердің иррегулярылқ әдеті туралы мәселе ғылыми пәндердің оралығында тұр, әуелі синергетиканың - өзіндік меңгерудің – спонтанды структурогенездің жалпы заңдарын шығаруды өзінің пәні деп санайды.
Синергетика ұғымы қазіргі дискуссияларда кең таралған. Терминнің өзі грек тілінде жәрдем, қатысу, көмекші деп мағына береді. Оның іздерін исихазмде – Византияның мистикалық ағымында табуға болады. Көп жағдайда ол ғылыми зерттеу контекстінде «келіскен іс-әрекет, үздіксіз ыңтымақ, бірлесіп қолдану» деген мағынада қолданады. 1973 ж. Генрих Хакеннің конференцияда сөз сөйлеген жылы синергетиканың шығу жылы болып саналады. Г. Хакен синергетиканың жаратушысы корпаративтік құбылыстар әр жағдайларға тәрізді: астрофизикалық құбылыстар, фазалық өтулер, гидродинамикалық аума, атмосферада циклондардың пайда болуы, популяциялардың динамикасы, моданың құбылыстары. Өзінің «Синергетика» атты классикалық шығармасында Хакен былай деген, біз көп пәндерде, астрофизикадан әлеуметтануға дейін жүйелердің бөліктерінің кооперациясы макроскопиялық құрылымдарды әлде функцияларды шығарады. Синергетика өзінің қазіргі жағдайында макромасштабында драмалық жағдайға ұшырады. Нақты түрде синергетиканы өзіндік меңгеруге ықпал ететің жүйенің бөліктері мен жартысында қандай өзгерістер болады сұрақтар қызықтырады. Парадоксалды жағдай – жүйенің ретсіздік жағдайынан реттілік жағдайында олар өздерін ұқсас көрсетеді.
Хакен өзінің жаңа пәнің синергетика деп мынандай себептермен атады: бірінші, ол макроскопиялық деңгейдегі пайда болатын құрылымдар мен олардың қызметтерін негіздейтін жүйелердің бөліктерінің келісім ісін зерттейді; екінші,ол жүйелердіңөзіндік меңгерудің жалпы принциптерін табуға әр-түрлі ғылыми пәндердің жігерлерін біріктіреді. 1982 ж. өткен конференцияда синергетиканың жаңа приоритеттері шығарылған. Шағын кәсіптік білім аймақтарының дағдарысы болғансон, Хакеннің пікірінше, білімнің бағдарламасын санаулы заңдар, концепциялар мен идеяларға дейін азайту қажет, ал синергетиканы сондай талпыныстың бірі деп санауға болады. Ғалымның пікірінше, әр-түрлі табиғаты бар жүйелер өзіндік меңгерудің ұқсас принциптерін құрастырады – электроннан адамға дейін – синергетика табиғи және әлеуметтік жүйелердің, процесстердің жалпы детерминанттарын іздейді. Сөйтіп, синергетика продуктивті ғылыми концепция болып саналады. Оның пәні – спонтанды структогенез. Ол өзіне қазіргі ғылыми бейненің жаңа приоритеттерің еңгізеді: тұрақсыз теңсіз дүние туралы концепция, дамудың анықсыз және көп альтернативті феномені, хаостан реттіліктің пайда болу идеясын.
Реттілік пен хаос ұғымдарды түсіну үшін, бағытталған ретсіздік теориясын және хаостың жалпы классификациясы мен типологияны шығару қажет. Соңғысы қарапайым, қиын, детерминацияға бейімделген, кезектесетін, шағын сызықты, үлкен көлемді, динамикалық т.б. Хаостың ең қарапайым түрі – «кішкенемөлшерлі» - ғылым мен техникада кездеседі, детерминациялық жүйелермен сипатталады. Ол үақыт тұрғыдан ұзақты, бірақ қарапайым кеңістікте өзгешелігі бар. «Көпмөлшерлі» хаос сызықты емес орталардың ретсіз әдетімен бірге жүреді. Ал «детерминацияландырылған хаос» деп сызықсыз жүйелердің әдетін көрсетеді, стохастикалық негізі бар, бастаушы ретсіз және шекаралық шарттары бар шешімдермен суреттеледі.
Тұрақтылықты жоятын және хаосқа көшудің бір-неше себептері бар: шулар, сыртқы ақаулар, ызаландыратын факторлар. Хаосомностін негізін бостандықтың көп түрлі деңгейлерімен байланыстырады, олар абсолюттік түрде кездейсоқтық бірізділікті таратады. Хосогенності жарататын жағдайларға қозғалыстың тұрақсыздығын, яғни, екі жақын жағдайлар сыртқы стохастика әсеріне әсер ете келе әр-түрлі траекторияларында дамиды.
Хаотизация процесі туралы дәстүрлі пікірлерге қазіргі зерттеулер маңызды қосымшыларды еңгізеді. Дүниенің постнекласикалық бейнесіне хаос деструкцияның себебі ретінде емес, спонтанды структурогенездің себебі болатын материалдық байланыстардың алғашқы тұрақсыздығының себебі. Соңғы теориялық зерттеулер бойынша хаос түрсіз масса емес, өте қиын құралған жүйенің бірізгілігі, оның логикасы да қызықты болып табылады. Ғалымдар бағытталған ретсіздіктің теориясын шығаруға жақындайды, хаосты ретсіздік қозғалыс мерзімсіз қайталанатын, тұрақсыз траекториялары үшін кеңістік пен уақытша корреляциялары үшін кездейсоқтық таралу тәрізді.
Реттілік пен хаос категорияларының социологизациясы адам өлшем болмысында айқындалған, хаотикалық құрылымдарға негативтік қатынас пен тек реттілікті қабылдау салдары дейді. Қазіргі философияға екі үштасты бағыт тәрізді /антропологиялық-антропологиялық емес/. Ғылыми-теориялық сана қазіргі синергетикалық парадигмада хаотизация процесінің конструктивті түсіну ролі мен маңыздылығына қадам жасайды. Әлеуметтік практикада хаосомностық пен анықсыздыққа қарсы, оларды негативті бағалау формуларымен қатар қосып, методологиялық талдаудан ысырып тастауға тырысады. Соңғысы, рационалистік утопиямен тоталитарлық режимдердің үстемділігімен айқын, олардың мақсаты «толық реттілік» пен «темір қажеттілікті» тұрақты қылу.
Сонымен қатар, «қаталдық» пен «хаос» терминдерін деструктивті мағынада түсіну қазіргі табиғаттану мен философиялық-методологиялық талдаудың материяның қасиеті ретінде универсалдық реттілікпен бірге хаосты мойындауына қайшы. Және ол Гесиодтан бастама алатын ежелгі тарихи-философиялық дәстүрдегі хаосты өзгеше бәрін қамтитын жаратушы бастама деп түсінуге қайшы. Антика түсінігінде көрінбейтін және жетілмейтін хаостың түр жаратушы күшіне ие, «ауыз ашық», материяның түрсіз, бірінші мүмкіндігі, ол бірінші тірі түрлерді жаратады.
20 ғ. кейін анитикалық көзқарас ғалымдардың шығармаларында көрсетілген; Дж. Глейк өзінің «Хаос: жаңа ғылымды жаратуда» былай дейді, динамикалық хаос – қозғалыстың жаңа түрлерін ашу, физикада элементарлық бөлшектерді, кварктерді, глюондарды материяның жаңа элементтері ретінде түсіну. Хаос туралы ғылым – ол болмыс емес, процесстер мен қалыптасу туралы ғылым.
Постнеклассикалық методологиямен байланысты екі үштастық мәселелерді шешуге қажеттілік туылады. Біріншіден, «бағытталған ретсіздік теориясында» құрылымдық білімнің көбеюі құрылым мен хаотизацияның өзгешелігін білу және түсіну болып табылады. Мысалы, олар циклдік схемамен емес, қосымша бинарлық және қосынды қатынастармен көрінеді. Реттілік пен хаостың байланысы, оны бинарлық қайшылықтың көрінуі, екі стихияның өмір сүруінде және күресінде айқын. Циклдық дегеніміз жағдайлардың өзгеруі, аусуы, яғни, бинарлық оппозиция көп нәтижелі эффектермен келіседі: керісінше сияқты бір-бірін негіздеу, алғашқы негізді сақтап трансформациялау /реттілік пен хаостын көбеюі/, сол қайшылықтын жаңа негіздерін ашу/ мысалы, басқа уақыт, реттілік пен кемістік/. Қосымша қатынас меңгерілген толықтыққа құрылымсыз күштердің басып кіруін неіздейді. Бұл жағдайда толықтыққа оған бөтен элементтердің қатыстыруы, тұрақталған компоненттер жүйесіне, оның инновациялық пен қиын деңгейлерін өсірмей және өзгертпей, қиын қосалқы құрылымдарға дақтар тигізеді.
Осымен қатар, дүниенің ғылыми бейнесін құрастыруында қазіргі ғылымдардың жетістіктеріне қарамай, скептиктердін де үндері басылмайды, олардың пікірінше, үшінші мыңжылдықта ғылым гравитацияны, өмірдің шығуын, сананың қалыптасуын, поленің бірлік полесін құрастыру, парапсихологиялық пен биоэнергиялық-бағдарламалық байланыстарды түсіндірген жоқ. Жағдайлар мен элементтердің кездейсоқтық байланысымен өмір мен ақылдың пайда болуын мүмкін емес, және де бұл гипотезаға ықтимал теорияда тиым салады. Сол жағдайда Жердің өмір сүру кезеңдері мен іріктеу нұсқауларыда жеткіліксіз.
Ғарыштың релятивистік концепциясы әуелі жағдайда ойға сиятын материалдық Ғарыш деп түсінген, оның «бастама» идеясы түбінде шексіздік идеясын жоққа шығарып, толық төңкеріске әкелді. Космолог-релятивистердің біздің кеңейтілетін Ғарыш – Метагалактика – жалғыз және бәрін қамтушы деген пікірі алғашқы жарияланған Жер туралы пікірді қайталайды, яғни, жалғыз Күн жүйесінде әлде Галактикада Жер және оны қоршаған басқа жұлдыздар жалғыз. Шыңдығында Ғарыштың космологиялық моделі дүниенің тек бір фрагметін, яғни универсумның тек бір локалды аймағын түсіндіреді. Кеңістік пен уақыттың шекті-шексіз космологиялық бейнелері сол локалды аймаққа қатысты болғансон, жалпы шексіздік идеясын жоққа шығармайды. Космологияның қазіргі даму кезеніне релятивистік космологияның үстемділігі тәрізді, яғни, ол дүниеге толық және соңғы сипаттау бермейді, бірақ біздің Ғарышты физикалық-кеңістік тұрғыдан түсіндіру үшін шексідік пен шектіні зерттейді. Релятивистік космологияның негізін салушылар А. Эйнштейн мен А. Фридман.
Жалпы ықтималды теорияны шығарғансон /ЖЫТ, 1916 ж./ А. Эйнштейн Ғарыштың бірінші релятивистік моделін құрды және келесі ережелерін ұсынды:
1. Зат пен сәуле шығару Ғарышта бірқалыпты жайылады. Осыдан шығады, Ғарыштың кеңістігі біртекті және изотропты. Бірақ көлемі үлкен объектілердің кеңістік-уақыт геометриясы өзгереді, сол өзгеріс – Ғарыштың біртекті изотропиялық кеңістігінде тұрақты қисықтығы бар кішкентай ауытқу кездеседі.
2. Ғарыш стационарлы, уақыт тұрғысында өзгермейді. Сонымен, кеңістіктің геометриясының эволюциясы мүмкін емес. Эйнштейннің әлемін «жұмыр» дейді, себебі, оны шексіз жайылған төртөлшемді цилиндр түрінде бейнелеуге болады. Сол цилиндірдің бойында алғашқы мен болашаққа бағытталған уақыт осі пайда болады. Цилиндірдің қиылысы кеңістікті шығарады. Бұл моделде ол тұрақты жағымды қисықтығы бар үшөлшемді сфералық кеңістік. Оған шекті көлем тәрізді. Бірақ оны біз артында ештеңе жоқ «дүние шегі» деп түсінбейміз. Кеңістік «өз-өзіне тұйықталады», сол арқылы біз бөгетке ұшырамай шексіз айналамыз.
Бірақ, Эйнштейннің «жұмыр әлемі» алғашқыда қалды. Оның Ғарыштың стационарлық моделін құрастыру талпынысы Ғарыштың мәнгілікте өзгермей бар екен деген дәстүрлі бейнелеудің көрінісі. Эйнштейн дүниенің стационарлық моделін өзгеше шарттар негізі арқылы алды.
Осы космологиялық мәселенің қазіргі шешімін совет математигі А. Фридман шығарды, ал дамытқан бельгиялық космолог М. Леметр. Фридман дүниенің стационарлығынан бет бұрып, оның біртектілігі мен изотроптылығын сақтады. Осы арқылы үш шешімнің мүмкіндігі пайда болды:
1. Егер Ғарышта заттардың тығыздығы мен сәуле шығару бір шекті /дағдарыс/ өлшемге тең болса, онда кеңістік евклидті, яғни, нөлдік қисындысы бар, әлем шексіз.
2. Егер тығыздық дағдарыс нүктеден кем болса, Ғарыш кеңістігі Лобачевскийдің геометриясымен сипатталады, оған керісінше қисын мен шексіз көлем тәрізді, ол ашық және ер тоқымға ұқсас.
3. Егер заттын тығыздығы дағдарыс нүктесінен көп болса, ол шексіз, бірақ көлемі шекті. Әлем жабық және шекті. Ол Риман геометриясымен сипатталады.
Сөйтіп, ғалымдардың пікірлері әр-түрлі, өзгеше. Біреулері шексіз жайылатын Ғарыш туралы болжауды қабылдаған, «Үлкен жарылыс» атты концепция бойынша 17-20 млрд. жыл бұрын Ғарыш ең кікшкентай көлемде ең тығыз сингулярлық жағдайда шоғырланған. Осы «Үлкен жарылыс» Ғарыштың жайылуына бастама берді, сол жағдайда заттардың тығыздығы өзгеріп, кеңістіктің қисындысы жөнделеді. Басқалардың пікірінше, созылуға тағы қысу пайда болады, сол процесс қайталанады. Осының негізімен «тамыр соғысы» сияқты Ғарыш туралы гипотеза ұсынылады, ол бойынша әр 100 млрд. жыл сайын бәрі «Үлкен жарылыстан» басталған.
Ғарыш созылады ма әлде тағы қысу басталады ма деген ашық сұрақ. Бірақ «қызыл ығысу» атты құбылыс бәріне айқын факт, ол сәуле шығу бастамадан алшақтау белгісі, яғни, галактикалар өздеріне дейін аралыққа пропорционалды жылдамдықпен «ұшады». Осы «қызыл ығысу» атты, яғни, галактикадан тыс тұмандардың сәуле шығару спектралды сызықтардың «қызыл» соңына ығысуын 1912 ж. В.М. Слайфер ашқан. Аз уақыттан кейін /1929 ж./ Эдвин Хаббл жаңа заң ашады, ол бойынша қанша бақылаушыдан тұман алшақ болса, сонша «қызыл ығысу» өлшемі көбейеді, сонша одан алшақтау жылдамдығы өседі. Үлкен аралықта галактиканың жылдамдығы гиганттық мағынаға жетеді. Соған қарамай кеңейюмен бірге Ғарыштың тығысу және «тамыр соғысы» сияқты Ғарыштың модельдерін теориялық тұрғыдан болжауға болады, яғни, кеңістікте шекті, бірақ уақытта шексіз Ғарыш ауыспалы түрде бірде кеңейеді, бірде тығысады.
Ең қызықты болжау бойынша, «алғашқы жарылыстын» нәтижесінде гравитациялық кеңістікте сингулярлық жағдайдан тек біздің бір Метагалактикасы пайда болмайды, ал көп түрлі метагалактикалар. Олардың әр қайсысына әр-түрлі мағынасы бар физикалық парметрлер тәрізді: өзгеше типологиясы бар кеңістік /локалды ашық әлде локалды жабық, өзгеше өлшемдерімен/ және өзінің космологиялық уақыты /мүмкін, бірөлшемді емес/. «Көп әлемдік» концепцияда Ғарыштың қызық бейнесі суреттеледі. Ол қазіргі пікірлермен келіседі, сол бойынша, материалдық әлемнің кеңістік-уақыттық шексіздігін метрикалық шексіздік деп түсінбейді, материяның құрылымының кеңістік-уақыттық шексіздігі деп түсінеді.
Қазіргі ғылым философиясына комплекстік баға береміз десек, қазіргі эпистемологияда әр-түрлі концепциялар мен подходтардың кездесетіндігін айтып кету қажет. Кейбір кезде олар бір-біріне қайшы, мысалы, Вена ұжымының ғылымның унификация бағдарламасы әлде Майкл Поланидің тұлғалық білім концепциясы; әлде Фейерабендтің эволюциялық методология моделіне және методологиялық анархизімге /бәрі мүмкін, болады/ арқа сүйейтін ғылыми білімнің өсу концепциясы. Және мақсаттарыда әр-түрлі: верификациядан фальсификацияға, экзальтацияланған эмпиризімнен интуитивизімге және конвенционализімге.
Ғылым философияның күрделі мәселелерінің бірі – қоғамтанудың методологиясын қалыптастыру, бұл әселе 80-шы ж. үстемді болды. Және ол ғылым философияның алғашқы кезеңін жоққа шығаратын болды, яғни, математика, физика, химия мен биологияның пікірлері ғылымның негізін құрған болатын. К. Поппердің және К. Гемпельдің дедуктивті-номологиялық моделі табиғаттану мен қоғамтану зерттеулерінде тең түрінде қолданылады деген пікір. Түсіндіру процедурасы жалпы заңдардың бар екендігін дәлелдейді.
Осымен байланысты, ғылым философияның тақырыптық бөлімдерін талдағанда, оның көпөлшемдігі мен бірсызықсыз екендігі, принципиалдық кумулятивті еместігіне келеміз. Мысалы, нормалық нұсқау логистикалықты сұраныс етеді, ал тарихи нұсқауы нормалық тұжырымдырды қолдайды.
Өзгеше назарға сұраныс жасайтын тарихи материалдың логикалық-методологиялық экспликациясы. Ғылыми теорияның семантикалық моделін американдық логик және психолог Патрик Суппес /1922 ж./ ұсынған, ол философия мен өзгеше ғылымдардың байланысына арқа сүйейді. Сол тезистін нәтижесінде философиялық пен ғылыми әдістердің ешқандай айырмашылығы жоқ. Әр мәселе философиялыққа өзінің мағынасымен және парадоксалдық себебімен айналады. Суппестің концепциясының жетілген нәтижесі – эмпириялық ғылымдарды дәлелдеуде аксиоматизация әдісін қолдану, яғни, сол теорияға қана өзгеше теориялық-көптүрлі предикатты анықтау. Лаплас детерминизіміне қарсы шығып, Суппес себептіліктің ықтималды концепциясын дамытады, және білімнің абсолюттік түрде айқын және толық деген концепцияларды сыңға келтіреді.
1959 ж. бастап Суппес Стенфорд университетінде әлеуметтік ғылымдардың математикалық зерттеу институтында директор лаузымын атқарады, және физика философиясынан психология, компьютерлерді оқыту процесінде қолдану, компьютерлік оқытудың арнайы тәсілдерін шығару мәселелерімен айналысады. Ол методологиялық бихеовиризм концепциясын ұсынады, ол бойынша психология ғылымы бақылау әдеттің өзгешелігінің артынан жүріп отырады. Оның ішінде менталдық жағдайлардың маңызды ролі мойындалады.
Американдық философ және логик Куайннің /1908 ж./ концепциясында онтологиялық ықтималдылық тезисі ұсынылған. Сол бойынша бір онтологияның екіншіге қарағанда қолдануы тек прагматикалық мақсаттармен байланысты. Онтологиялық мәселе бұл жерде теориялардың бір тілден екіншіге аударуымен байланысты, себебі, ол соңғысының тілін біріншіге қатысын анықтау қажет. Радикалды аударманы жоққа келтірген сон Куайн ғылымның унификация жасаған тілін жоққа шығарады. Ғылымды ол организімнің қоршаған ортаға бейімделу түрі деп санайды. Сол себепте ол «ынталық мағна» деген ұғымды ұсынады, ол сыртқы ынталардың айтылып жатқан сөйлеммен келісу әлде келіспеу. Барлық жаңалықтар әлде сюрприздер ғылым философиясынан келесі түсінік пен фильтрацияны сұрайды. Осыған қарамай ғылым философиясы дамып жатыр. Ғылым философиясында синергетика процесстерін түсіну қазір актуалды. Синергетиканы келесі ұғымдар арқылы сипаттау жасайды: өзінмеңгеру, стихиялық-спонтанды структогенез, бірсызықсыздық, ашық жүйелер. Синергетика сыртққы әлеммен, заттармен, энергиялармен, бағдарлама жүйелермен айналысуды зерттейді. Дүниенің синергетикалық бейнесінде көпнұсқаулармен және тұрақты қалыптасу үстемді. Болмыс пен қалыптасу бір ұғымдық кешеңге кіреді. Уақыт конструктивті функцияны атқарады.
Сызықсыздық бір мағына мен унификацияға қарсы болғансон, көп бұтақты ізденіс пен нұсқаулы білім методологиясын негіздейді. Сызықсыздық философиялық принцип ретінде реалдылықты көп мүмкіндік полесі ретінде бейнелейді. Сызықсыз жүйлерге принципиалды түрде тәрізді келесі: жүйелердің қасиеттеріне сыртқы әсермен бірге әсершінің болу жағдайында өзгеше, ал әсершісіз жағдайда басқа болады.
Кейбіреулер, синергетиканың бастаушы образын А. Богдановтың «Тектология. Жалпы меңгерілген ғылым» /1913-1917 жж./ атты шығармасында табады. Тектология /грек «құрылыс туралы ілім»/ – бұл бәрін біріктіретін жалғыз принципті қолдайтын шығарма. Ұйымдастыру – түсіну модельдері мен практикалық өзгерісті талдауында бастаушы пункт. Тектологияның негізгі идеясы әр-түрлі жүйелердің, «кешеңдердің» қандай нақты материалдан – атомдық, молекулярлық, биологиялық әлде әлеуметтік ден тәуелсіз тұратын құрылыс заңдарымен дамуының бірлігі. Богданов ұйымдастырылған жүйелердің – неорганикалық, органикалық және әлеуметтіктердің изоморфизмдері туралы тезис ұсынады, яғни, солардын пайда болу, сақтау, өзгеру жағдайлары, әр-түрлі ғылымдардың ұйымдастыру әдістері, элементтерді құрастыру тәсілдерін қамтиды.
Келесіде осы изоморфизм принципін өзінің жүйе теориясында неміс зерттеуші Л. Фон Берталанфи қолданған және алғашқының идеясын пайдаланды деген ой бар.
Богдановтын идеясын біз кибернетиканың қалаушысы Н. Винермен керісінше түрде қолданғаның «байланыс идеясында» табамыз /бирегулятор/. Богдановтың пікірінше, дамудың жалпы схемасы келесі элементтреден тұрады:
1. Алғашқы жүйе өзгеріс теңдік жағдайда тұрады. Қоршаған орта сияқты олда алғашқыда әр-түрлі /гетерогенді/. Қоршаған орта өзгерсе олда өзгереді, теңдігі бұзылады.
2. Теңдігі бұзылған жүйеде жүйелік айырмашалақ заңы жұмыс жасайды. Ол бойынша қосымша жүйенің интегративті деңгейіне қатысты байланыстар пайда болады. Оларға қарама-қарсы тенденцияларда тәрізді болуы мүмкін. Жүйелік айырмашылық жүйелік қайшылықтарды тудырады, оның құрымдылығын жояды, дағдарыс тудырады. Алғашқының дағдарысын аяқтайтын жаңа жүйе ортамен теңдікті қайтарады.
Богдановтың «Тектологиясында» зерттеушілер ұйымдастыру теорияның жалғыз табиғи бөлігін табады. Ұйымдастыру пікірі кішкентай өзгерістердің стратегиясын қолдайды, яғни, үлкен эвристикалық потенциалға ие.
Синергетиканың стихиялық-спонтанды структогенез туралы идеясы адекватті категориялық аппаратты сұрайды. Сол жағдайда қазіргі ғылым философиясы екі ғасырдың арасында анықсыз жағдайда мәселелерді іздеу және шешуде эвристика түсіну мүмкіндігін универсалды ұстаным ретінде ұсынады. Лакатос «жағымды» және «жағымсыз» эвристика ұғымдарын қолданғанда соңғысын тек бір мағынада пайдаланды. Осы шеңберінде эвристикада ізденіс көлемі өлшемді болған. Ал эвристика өзінің алғашқы мағынасында (грек «heurisko») «табу, ашу» деген мағына білдіреді. «Эвристика» терминің ежелгі гректің ғалымы Пагша Александрийскийдің /б.ғ.д. 3 ғ./ атымен байланыстырады. Ол математикалық есептерді шешуді үйрететін принциптердің жиынтығы. Бұл «өнер сықыры» құпия болғансон ешкімге жарияланбаған. Эвристиканы жаңалық ашу ғылым түрінде ұсыну мақсаты қиын салдарды тудырған. Мысалы В. Лейбниц «Құрастыру өнері» атты талпынысында, әлде Б. Спиноза дұрыс әдіс оптималды тандауды негіздейді деп, түбінде сол теорияны ашпады. Бұл жерде мәселе түбінде эвристиканы құрастыру, материалдарды жинап, аналогиялық түрде талдауға келтіру емес.
Эвристика сферасын көп түрінде екінші, анықсыз методологиялық регулятивтерді жинау сферасы деп санайды. Сол себепте эвристика уайым, шабыт, инсайт жағдайымен байланысты. Метологиялық ойлаудын қатал жүйесінде эвристика әлі анықсыз, бірақ өзінің мүмкіндік жағынан сюрпризге толы іздену мен табу сферасы деп анықталады. Онымен логикалық таңдау, бейсаналық ашық үндер мен әр сфераның өзіндік ашылуы байланысты. Формалды-логикалық әдістер эвристикалық – менталды-когнитивті және интуитивтілерге тәуелді факторлармен байланысты. Осы тұрғыдан эвристикадан білімнің жаңа потенциалы мен әлі ашылмаған жаңалықты күтеді.
Эвристиканы жие түрінде ойлаудын өзгшелігін білдіруге қолданады – эвристикалық ойлау. Ойлау жарату функциясына қатысты қолданады. Батыс методологтары көрсеткендей «батыс философиясында эвристикалық ойлаудын табиғатын түсіндіруге бағытталған теориялардың үш тобы айқын: «тынық су» теориясы, әлде орташаланған еңбек; блицкриг әлде инсайт; ең жақсы тышқан қапқаны әлде оптималды методологиялық регулятив. Эвристика методологияның бөлігі ретінде ресми деңгейге жеткен жоқ. Бірақ, әр ғылыми білімнің аймағында эвристика шешуде ең оптималды, жедел, оригиналды және эффективті жолын таңдау стратегиясы болып табылады, эвристикалық әдістер мен принциптер өзгеше, ешқашанда пайдаланбаған жолдарды іздеуге ықпал етеді. Бұл уникалды аймақтың қасиетіне принципиалдық пәнаралығы жатады. Эвристикалық пәндік білімнің ішіндеде орыны бар. Формалдандыруға бой бермей эвристикалық сезім ғылыми ізденістің әр қадамында байқалады. Редукция, әдістерді пайдалану, гуманитарлық пен техникалық тәсілдердің интеграциясы, ғылыми нәтижелердің практикада қолдануы, эксперимент анық әлде анықсыз түрде эвристикаға негізделген. Эвристика ғылыми және ғылыми емес білімді, рационалды және рационалсыз бағыттарды қосуға тырысады. Және ол әдет тактикасын тандауға, дамуда тұйық қадамдарды жасауға сақтау көмескі. Шығармашылықта батылдықтың өлшемі ретінде эвристика әр қашанда ғылыми білімнің компонентасы деп саналған, ал дүниенің постнеклассикалық бейнесінде эвристикалық ғылыми білімнің өлшемі болып ұсынылған. Эвристикалық білімді беру, жеткізу процессті шығармашалаққа, мәселе қоюға, ойын түріне жақындатып, өзгертуге бағытталған.
Эвристикаға жақын әдістердің түрі А.Ф. Осборның «миге шабуыл» /мозговая атака/. Осы әдісте дәстүрлі тәсілдермен бірге: ауыстыру, тасымал, біріктіру және бөлумен елестетуді дамытатын: қысылған мерзімі жүйесі, сынаусыз еркін жағдайда мәселені талқылау, бәсекес атмосфераны тудыру, және әзіл болжауларды ұсыну. Бірақ эвристикалық бағыттың өкілінің Д. Пойяның пікірі, шығармашылықта эффективті жұмыс істейтің әдіс жоқ – бұл дәстүрлі тұжырым болып саналады.
Эвристика өзгеше методология ретінде келесі талаптарды қояды:
• Ол басқа қарапайым, уақыт алатын әдістерге қарай мәселені жедел шешуге ықпал ететін әдістерге арқа сүйейді.
• Қолданатын әдістер дәстүрлілерге қарағанда маңызды.
• Зерттеу параметрларына сыртқы әсер беретіндерге қарсылық білдіретін әдістерді қолданады.
• Ізденіс моделі индивилуады және таным субъектісінің психикалық және мотивациялық іс-әрекетімен байланысты.
Эвристикалық іс-әрекеттің келесі модельдерін ұсынады. Ең карапайым моделі – соқыр ізденіс деп аталады. Ең таралған – «лабиринт» моделі, онда ізденіс шешімі лабиринт бойында жүруге ұқсас. Өзгеше назарды Г. Буштың структурлық-семантикалық моделіне аудару қажет. Ол объектілер арасында құрылым мен мағыналық байланысты бейнелейді, мақсат полесін қалыптастырады. Осы модельмен жасалған жұмыс келесі кезеңдерге бөлінеді:
• кірген бағдарлама ағымында дискреттік объектілерді шығару /селективтік іріктеу/;
• олардың арасында байланыс табу;
• сол қойылған мақсатпен байланысты шығарылған объектілердің байланысын актуалдандыру;
• перифериялық байланыс пен объектілерден абсртакцияландыру;
• жалпылау объектілерді құрастыру;
• жалпы объектілердің арасында байланыс іздеу;
• жалпыланған лабиринт бойынша ізденіс жасау.
Эвристика логиканың ішіндеде орын алды, оны логикалық талдаудың бір түрі деп түсінеді, ол дәлеледеудің қатал әдістерімен қолданады. Осы өзгешелігімен ол интуитивті және этимологиялық сипаттауға қайшы шықты, яғни, формалды емес, қатал емес, спонтанды шығармашалақ процеске қатал, формалды, қажетті логикалық пікірді ұыну.
Эвристиканың келесі метаморфозасы синергетикамен байланыстырады, ол теорияның өз шегінен шығуына назар аударады.