Ғылым тарихы және философиясы пәні бойынша магистранттарға арналған ДӘрістер


Ғылыми таным әдістерінің классификациясы



бет18/122
Дата20.11.2023
өлшемі1,12 Mb.
#125008
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122
2. Ғылыми таным әдістерінің классификациясы.
Ғылыми танымның ерекшеліктері. Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқару жүйесінде де математикалық есептеулер, статистикалық мәліметтер, бүге-шүгесіне дейін дәл есептелген жоспарлар мен багдарламалар қолданылады. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыдан қарастырылады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанмен, ол да ғылыми танымның ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыруымен айналысатын ғалымға көрнекі бейнелерге, аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер (мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер және т.б) өз шығармашылықтарында дәл логикалық, кіршікшіз ұғымдарға, пікірлер мен әдістерге сүйеніп отырады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симфонияларының бағдарламалардын оның музыкалық мәтінімен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дәл ұғымдарға бейнеленген білім көптеген ірі жазушылардың шығармаларының негізін құрайды (Пушкин, Толстой, Салтыков-Щедрин, Чехов, Паустовский, Булгаков және т.б). Бұл ұғымдық және бейнелік танымдардың бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді. Олар әр түрлі «дозаларда» ғылыми шығармашылықта да, көркемдік шығармашылықта да кездеседі. Олар сонымен қатар әдеттік, кәдімгі санаға да тән. Бұл тұрғыдан философ – неопозитивистердің ғылыми білімнің ерекшелігін оның эмпирикалылығымен, яғни ғылымының бүкіл мазмұнын бақылаулар мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірімен келісуге болмайды. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады. Теория деген не? Теория – бұл тәжірибенің, практиканың немесе бақылаудың қорытындысы деп айтуға болады.
Танымның жалпы ғылыми әдістері.
Жюль Верннің атақты «Капитан Гранттың балалары» романының кейіпкерінің бірі географ Жак Паганель бірде өзінің серіктеріне құс жұмыртқасын дайындаудың жүзге жақын тәсілі болатынын айтқан еді. Әрине, бір ғана нәтижеге бірнеше, тіпті жүздеген тәсілдермен жетуге де болады. Оның ішіндегі жақсысын таңдау кейде экономикалық тиімділігімен, кейде техникалық мүмкіндіктерімен, ал кейде міндетті түрде аз уақытта шешу қажеттіліктерімен байланысты болады. Бұл жағдайлардың барлығында мамандар не дайын, жинақталған тәжірибеге сүйенеді, не болмаса, берілген міндет пен оның шешілу шартына неғұрлым сәйкес әрекеттің тәсілін ойлап тапты.
Әр түрлі ғылымдардың өздерінің арнайы міндеттерін шешу үшін қолданылатын сан алуан тәсілдерінен өзге ғылыми білімінің өзін даярлайтын және құрылымын реттейтін барлық ғылымдарға ортақ кейбір ережелер мен процедуралар да бар. Олар жалпы ғылыми әдістерді құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет