Ғылым тарихы және философиясы



бет69/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

поль анри гольбах (1723-1789) та философиялық көшбасшы- энциклопедистердің бірі болды. Оның Париждегі салоны іс жүзінде
олардың штабына айналды. Философиялық, әлеуметтік-саяси, ғылыми жаратылыстанудың терең білгірі болған ол дәйектілікпен, жүйелі ойлауға бейім еді. Сол себепті ол Ағарту дәуірінің материалистік және атеистік идеяларын жүйелеуші ретінде көрінді.
Өзінің Табиғат жүйесі» (1770) деп аталатын, замандастары
«Материализмнің Библиясы» деп атаған басты еңбегінде Гольбах Нью- тон механикасын философиялық ой тезінен өткізуге әрекет жасады.
Әрбір дәйекті материалист сияқты, Гольбах материяны талдауды бастапқыдан бар, адамның рухани өміріне қатысы жоқ нәрседен бас- тайды. Материяның классикалық анықтамасын берген де – нақ осы Гольбах: материя дегеніміз – нақты шынайылықта бар, қандай түрде болса да, біздің сезімдерімізге әсер ететін, сезінуді тудыратын нәрсе (материяның осы анықтамасын сансыз көп рет философтар асқан данышпандық деп айтып келді, бірақ ол... Ленинге телінген-ді). Ары қарай Гольбах ең бір күрделі құбылыстарға, тіпті Адамның санасына да түсініктеме беруге әрекеттенді.
Гольбах бойынша, «табиғат – ол барлығының себебі», ол – өз-өзінің себебі, тұтастай алғанда, ол Гольбах молекулалар (кейде – атомдар) деп атайтын ұсақ материалдық бөлшектерден тұрады. Табиғат – ол өз-өзіне себеп болатын, бөлшектерден тұратын, қозғалыспен өзгеретін материяның нақ өзі.
Материяның жалпы және бастапқы қасиеттері – ол тартылыс, бөлінушілік, ауырлық, қаттылық, қозғалғыштық, инерция күші. Материяның өмір сүру тәсілі – механикалық, химиялық, биологиялық бола алатын қозғалыс. Табиғат бірбүтін, ал осы қасиетімен ол себептер мен салдарлардың тізбегі ретінде әрекет етеді, сондықтан діни сезімге бұл жерде орын жоқ. Барлық құбылыстар қажет, бұл – заңдардың объективтілігінің салдары. Табиғатта кездейсоқтық жоқ. Заттардың қажетті тәртібіне сәйкес, табиғатта өмір өздігінен туады, ал оның шығар шыңы – Адам.
Діннің шығуын Гольбах атеистік тұрғыдан қарайды («Қасиетті жұқпалы ауру», «Әшкере болған христиандық», «Киелілер галерея- сы»). Ойшылдың пікірінше, дін қорқыныштан, надандықтан және ал- даудан туған. Құдай жоқ, ол туралы түсініктің өзі бір-бірін терістейтін белгілердің: метафизикалық (мәңгілік, шексіздік және тағы сол сияқтылар – ол адамдық қасиеттерді жоққа шығару) және моральдық (ақыл, ерік және т.с.с.) қосылуы жолымен алынған. Ол табиғатты та- нып білуге ұмтылудың құдайлар туралы көзқарастардың жойылуына әкеліп соқтыратынына сенімді болды.
Екінші бір танымал философ-материалист және атеист жюльен Офре ламетри (1709-1751) болды. Мамандығы дәрігер болғандықтан, король Фридрих II-нің шақыртуымен ол біраз уақыт сарай емшісі ретінде қызмет етті. Бірақ философияға әуестігі күштірек еді, әрі оған дәрігерлік мамандығы да себепші болды. Сондықтан ол «Жанның табиғи тарихы» деп атаған тырнақалды трактатын адамның жан дүниесіне арнады. Ары қарай «Анти-Сенека немесе бақыт туралы ой- толғаулар», «Эпикур жүйесі» және тағы басқа еңбектері жарық көрді.
Алайда оған әлемдік даңк келтірген «Адам – машина» атты трактаты болды. Ол алғаш рет 1747 жылы құпия түрде НидерландыдағыЛейденде басылып шықты. Францияда оған дереу тыйым салынды. Шығарманың атына қарап, автор адам мәселесіне таза механистік тұрғыда қараған деп жорамалдауға болғанмен, алайда бұл олай емес. Ол адамды ерекше текті машина деп санады, өйткені адам сезуге, ойлауға, жақсылықты жамандықтан ажырата білуге қабілетті. Ламетри: «Адамның тәні – ол өз-өзінен оталатын машина, үздіксіз қозғалыстың тірі бейнесі», – деп жазды. Адамды сағатпен салыстыра отырып, ол адамның
«сағаттық» механизмі механикалық жолмен емес, тағамнан шығатын қоректендіргіш нәр қанға түскеннен жүретінін атап көрсетеді. Оны ой- шыл «хилас» деп атады.
Ламетри үшін, «адам – машина» – бұл жалғыз материалдық тірі тіршілік иесі, органикалық дүниеде тіршілік етуші болып табыла- тын «адам – жануар» (осыған орай, Ламетри философтардың ішінен алғашқы болып адамның жан-жануарлардан шығуы мүмкіндігі тура- лы ой айтқан).
Егер «Адам – машина» деген трактаттың негізгі қағидаларын қысқаша баяндауға тырыссақ, онда төрт ережені бөліп көрсетуге бо- лады:

  1. «Ғаламда бір ғана түпнегіз бар және адам – оның ең жетілген бейнесі».

  2. «Жанның барлық қабілеттерінің миға және тұтас денеге тәуелділігі соншалықты, шын мәнінде, олар осы ұйымның (дененің) нәтижесі болып табылады».

  3. «Жан – қозғаушы бастау немесе... біздің біртұтас машинамыздың басты элементі деп санауға болатын мидың сезгіш материалдық бөлігі болып табылады».

  4. Жанның барлық құрамдас бөлшектерін соларды құрайтын бір ғана қиял-елеске жинақтауға болады».

Ламетридің пайымдауынша, адам жануардан жаратылғаннан кейін, табиғатынан опасыз, қауіпті және зұлым болып табылады. Адамдар зұлым болып туады. Ал ізгілік – ол адамның қоғамда өмір сүруі ба- рысында алатын тәрбиесінің жемісі. Адамдар, флюгерлер1 сияқты, тәрбиенің ықпалымен әр жаққа бұрылады.
«Анти-Сенека» атты еңбегі жанжал тудырғанымен, оны атақты етті және өзінің мінез-құлқымен де ол сол «атаққа» лайық болды. Бұл шығармасында Ламетри ләззатшылдыққа табынуды жариялаушы әдепсіз гедонист ретінде көрінді. Ойшылдың пікірінше, бақытқа жету үшін, ақылдың да, білімнің де қажеті жоқ, тіпті жанды ойлағаннан гөрі, тәнді көбірек ойлау керек, тәнге көбірек ләззат беру керек. Тәтті ләззатты сезіне білетін адамды ол «шошқадай бақытты» деп атады.
Бірақ, әлбетте, Ламетри ғылым философиясы мен тарихына өзінің әдепсіз гедонизмі арқылы енген жоқ. Оның философиялық пікірлерінің көпшілігі оның орнықты, өзгеше дара ойшыл екенін дәлелдейді. Тәжірибеге үлкен мағына бере келе, ол тәжірибеден алынған мағлұматтар міндетті түрде адамның «ми сүзгісі» арқылы философиялық қорытындылаудан өткізілуге тиіс деп санайды. Қоғамдық дамудың негізін соқыр сенімдер мен теріс көзқарастар құрайды, сол себепті қоғам да жетілмеген деп пайымдай отырып, ол философияның шындықты дәріптеуге тиіс екеніне сенімді болды. Философияның ықпалымен заңдардың қалыптасқан жүйесі өзгеруге тиіс, өйткені философия ғана заңдардың терістігін, әділетсіздігін аша алады.
Сөйтіп, Ламетри философияның қоғамды шынайы өзгерте алатын, оның алға жылжуын қамтамасыз ететін құрал екеніне сенді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет