ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, эстетикалық сананы қояды. Өнерде бастапқыда ашылған және сезінген нәрсе кейін ғана ғылыми талдаудың нысанасына айналады.
Өнерде ең бағалы шығармалар тудырған даналар әрекет етеді. Да- налар еркін, мазасыздық пен қуанышқа толы шығармашылық өмір сүреді. Олар алдарына үлкен мақсаттар қойып, оларды жүзеге асыра- ды – дүниеге мәдениеттің бірегей туындылары келеді. Бірақ олар өз туындыларын дүниеге қалай алып келді? Бұл сұраққа олар жал- тарма жауап қайтарады, өйткені өнердің жасалған туындыларының терең себебі Даралықтың өзінде. Ойшылдың пікірінше, даналар – Даралықтың қолындағы қару.
1 Универсум – лат. universum < universalis – жалпыға бірдей + summa rerum – заттардың жалпы жай-күйі, яғни Ғалам; философияда – біртұтас әлем.
Өнердің барлық түрлерінің ішінен Шеллинг поэзияны бәрінен жоғары қояды, өйткені сол арқылы Даралық өз-өзін барынша терең сезінуге жетеді.
XX ғасырда өмір сүрген ірі неміс философы Хайдеггер де оның болмыстың тым нәзік белгілерін аша алатын, бірақ философиялық та- ным біле алмайтын поэзияға деген көзқарасын бөліседі.
Өмірінің соңына қарай Шеллинг: «Даралық – бұл Құдайдың жай ғана басқаша атауы», – деп мәлімдеп, теологияға бет бұрады. Ашылудың өз жүйесін ол христиандық аясымен ғана шектелмейтін теософия ретінде ойластырады. Соған байланысты ол «оң филосо- фияны» «мифология философиясы және «Ашылу философиясы» деп бөледі. Оның ойынша, олар сенім мен білімді біріктіреді. Бірақ оның шығармашылығының бұл бөлігінің де кейінгі дінтану негіздерінің да- муына үлкен ықпалы болды.
Шеллинг туралы әңгімемізді аяқтай келе, оның идеяларының кейіннен де ізбасарлар тапқанын ерекше атап өткеніміз жөн. Сол идеялардың әсерімен Гегельдің, Шлейермахердің, Шопенгауэрдің және басқа да көптеген ойшылдардың философиялық ілімдері қалыптасты.
г.гегельдің жүйесі және әдісі
Неміс философиясы дамуының шарықтау шегі XVIII ғасырдың соңы – XIX ғасырдың басындағы ұлы ойшыл георг Вильгельм Фри- дрих гегель (1770-1831) шығармашылығының көріне бастаған кезіне тұспа-тұс келеді.
Кантты сынға алғанмен, оның жүйесі Канттың философиясын- сыз пайда болмас еді, өйткені соның нәтижесінде елеулі өзгерістер: дәстүрлі метафизикадан субъектіні және оның қызметтік табиғатын зерттеуге көшу орын алды.
«Академиялық» деген атқа ие болған философ Гегельдің өзі XIX ғасыр философиясына зор ықпал етті: Американың, Англияның, Еуропаның алдыңғы қатарлы ойшылдарының басым көпшілігі гегельшілдер болды.
Тюбинген Теология училищесінің студенті болған кезінде-ақ Ге- гель Шеллингпен танысып, кейіннен онымен достасып кетті. Бұл жерде олар Француз революциясының өртін бастан кешті және соған ризашылық ретінде Азаттық ағашын отырғызды.
Өз философиясы жүйесін құруды Гегель болмыс пен ойлауды теңдестіруден бастайды. Сол шақта: «Оның философиясының Шел-
линг философиясынан айырмашылығы неде?» – деген сұрақ туады. Ол да бастапқы Даралықтағы болмыс пен ойлаудың теңбе-теңдігін мойындайды ғой. Бірақ әңгіме мынада: Шеллинг бұл теңдестіруден шығудың жолын және дүниедегі Даралықты бұруды эзотерийлік, ақыл-парасат түйсігі арқылы ғана жетуге болатын бастапқы құпия импульстен, дүмпуден көреді. Бірақ философиялық жүйені құруға мифология (Демиургті – платондық құдай-ұстаны еске түсірейік) не- месе мистика (Шеллингтегі сияқты) элементтері қосылған кезде, бұдан ешқандай жақсы нәрсе шықпайды. Сондықтан Гегель басқа жолмен кетеді: ол болмыс пен ойлаудың теңбе-теңдігін ғана емес, олардың айырмашылығын да мойындайды, соның нәтижесінде басынан бастап-ақ Даралық өз ішінде диалектикалық қарама-қайшылықта, тұрақсыз, ары қарай даму импульстері бар болып шығады.
Нәтижесінде, Гегель Даралықтың дамуына тарихи көзқарас енгізіп, алдыңғы ахуалды терістеу негізінде қарама-қайшылықтарды жеңу қалай болатынын көрсете алды, өз кезегінде, ол да өзгерістерге ұшырап, терістеледі. Ойшылдың өзі бейнелеп айтқандай, шындық – ол дайын, соғылған, шиырып жіберіп қалтаға салуға болатын мәнет емес. Оған жету үшін, жеке тұлға алдымен өзінің дамуы барысында рух жүріп өткен тарихи жолды білуге және игеруге тиіс.
Жоғарыда көрсетілген диалектикалық идеялардың негізінде Гегель Даралық идеясынтанудан басталатын өзінің ғаламат философиялық жүйесін құрды. Ол бар, басқа сөзбен айтқанда, даусыз білім, таза, ма- териямен ластанбаған түсінік – шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзін танып білу және өзін-өзі айқындау үдерісін Гегель «Логика ғылымы» еңбегінде зерттейді. Дара идея мәңгі өмір сүреді және өз дамуы бары- сында әртүрлі кезеңдерден өтеді.
Дара идеяның өз-өзін ашуының бірінші кезеңі – логика, яғни қисын болып табылады. Сол арқылы Дара идея өзінің жалпылама мазмұнында санаттар жүйесі ретінде ең бір «қарапайым»: болмыс, болмыссыздық, қалыптасу, дәл қазір бар болмыс, сапа, сан сияқты нәрселерден бастап, нақты мазмұндағы түсініктер: химизм, биологизм және басқалары сияқтылармен аяқтай ашылады. Идеялар дамуының таза ойлары мен баспалдақтары сияқты, олар заттардың мәнін құрайды.
Өз-өзін енді танып білген Дара идеяның ары қарайғы ашылуы – идеяның басқадай сырттанған болмысы болып табылатын табиғатта орын алады. Бұл – Дара идеяның дамуындағы қажетті кезең, онда табиғатқа айнала отырып, ол өзінің шынайы мәнінен ажырап, ақырғы сезімдік, тәндік заттар түрінде көрінеді. Өзінің тарихи дамуында
Табиғат адамды, сонымен бірге адамның рухын тудырады. Табиғаттың мақсаты – қиял-ғажайып құс Феникс сияқты тікелей сезімдік кезең арқылы өте және өзін күлге айналдырып жағып жібере отырып, кері қарай – өзіне рух болып оралу.