өсімдіктер әлемін бейнелі түрде Күн энергиясының алып аккуму- ляторымен салыстыруға болады. Өсімдік жапырақтарын Күнге қарай бұрып және жерден әртүрлі минералды тұздарды тарта отырып, фото- синтез арқылы оларды өз денесіне айналдырады.
Жануарлар минералды тұздар жинақталған өсімдіктермен қоректене отырып, энергияны да өз денесіне сіңіріп, оны қозғалысқа, кеңістікте орын ауыстыруға, қозғалып жүруге жұмсайды.
микроорганизмдер әлеміне келсек, көзге көрінбегенмен, оларсыз өмірдің жоғарыда аталған формалары өмір сүре алмаған болар еді. Күзде жапырақтар сарғаяды және шіриді. Бұл – микроорганизмдердің ісі, олар табиғатқа өсімдіктердің қалдықтарын минералды тұздар мен элементтер түрінде кері қайтарады. Микроорганизмдер болмаса, жа- нуарлар ас қорыта алмас еді.
Сонымен, өмірдің осы үш формасы биосала құра отырып, бір- бірінсіз тіршілік ете алмайды. «биогеоценоз» деген екінші ұғым – белгілі бір географиялық кеңдікке бейімделген өмірдің әртүрлі фор- малары жүйесін сипаттайды. Мысалы, қолтырауын біздің суларда өмір сүре алмайды, өйткені ол осындай қатаң табиғат жағдайларына бейімделмеген.
Ерте замандарда табиғат қоғам мен адамның қалыптасуына екіжақты әсер етті. Климаты қатаң жақтарда немесе табиғаты тым жұмсақ жерлерде қоғамның даму қарқыны бәсеңдейді. Мысалы, Солтүстіктің табиғатында адамның бар энергетикасы жан сақтауға бағытталды, ол тым қатал табиғатқа қарсы тұра алмады. Экватор кеңдігіндегі табиғаты бай, қолайлы мұхит аралдарында адам өзіне керектінің бәрін тапты, адам табиғаттың жетегінде жүргендей болды, бұл да қоғамның алға ілгерілеуін тежеді.
Сондықтан да бастапқы өркениеттер климаты жұмсақ, суы мол жерлерде пайда болды, бірақ сонымен бірге кейіннен үш еселеп қайтарылған еңбек, тер төгу қажет болды. Өркениеттің бұл ошақтары Тигр және Ефрат, Ганг пен Инд, Хуан-хэ мен Ян-цзы өзендері аралықтарында, Нил алқабында дүниеге келді.
Мыңжылдықтар барысында адамзат Қиыр Шығысқа дейін жетіп, табиғатты табандылықпен игерді. Табиғат адамның шаруашылық қызметін байқамағандай, өз қалдықтарын қайта қорыта берді. Бірақ Жаңа заманның келуі, қалалардың, жүздеген зауыттар мен фабрикалардың пайда болуы табиғатты «сілкіндіріп», табиғат пен екеуі арасындағы тепе-теңдік бұзылды. Алайда табиғат үшін шынайы апат XX ғасырмен, ғылыми-техникалық ілгерілеудің қарқынды өсуімен
бірге келді. Бір жағынан, адам өзінің шаруашылық қызметін әлдеқайда жоғары көтерді, индустриясы дамыған елдер халқының өмір сүру деңгейі, әл-ауқаты жақсарды. Екінші жағынан, «өзінің игілігін» ғана ойлап, табиғатты «шикізат қоры» деп қарап, адам табиғатқа орнын тол- тыру қиын шығындар келтірді. Оқырман ондай фактілерді қиналмастан таба алады, бұл жерде біз тек бірнеше айқын мысал келтірмекпіз. Соңғы 100 жыл ішінде атмосферадағы көмірқышқыл газдың үлесі 20% өсті, ал радио мен телевидениенің дамуы метрлік радиотолқындардың бір миллион рет артуына жеткізді, қоршаған ортада жүз миллиондаған тонна улағыш заттектердің айналысы орын алған. Теңізге төгілген бір тонна ғана мұнай 12 шаршы шақырым аумақты жұқа қабыршақпен жа- уып, оттегінің жолын жабады. Қоршаған ортанын ластануы салдары- нан бүкіл әлемде кемтар сәбилердің дүниеге келуінің саны жыл өткен сайын артып келеді.
Жылдам қарқынмен дамып келе жатқан елдердің жақын ұлттық мүдделерінің бүкіл адамзаттың стратегиялық мүдделеріне қарама- қайшы келетініне назар аударған жөн. Мысалы, Бразилия экваторлық ылғалды орман ағаштарын кесіп, босаған алаңдарға кофе плантация- ларын кең жайып отыр. Бұл оның ұлттық мүдделері талаптарына сай жүргізілген. Бірақ экватордағы ылғалды орман, Сібір тайгасы сияқты, оттегінің әлеуетті генераторы болып табылады. Бүгінгі күні Каспийдің мұнай қорлары игеріліп жатыр, оның биологиялық байлығы 500 млрд. долларға бағаланады. Саясаткерлердің жұбатпа сөздеріне қарамастан, итбалықтардың жаппай қырылып жатқанынан, балықтардың құнды түрлерінің күрт азаюынан-ақ көп нәрсені аңғаруға болады.
Соңғы онжылдықтар барысында бірқатар дүниежүзілік конферен- циялар (Рио-де-Жанейро, Киото, Буенос-Айрес) өтіп, осы мәселелер талқыланды, ақылға қонымды шешімдер қабылданды, бірақ кейбір мемлекеттердің мүдделеріне қайшы келгендіктен, ол шешімдер толық көлемде орындалмай отыр.
Адамзаттың экологиялық мәселелерін шешудің жолдары қандай? Сциентизм мен антисциентизм ұсынатын шаралар біржақты болып та- былады. Шындық ортада тұрып қалғандай. Қазіргі заманғы дамыған елдердің тәжірибесі тығырықтан шығаратын жол – ол осы замандағы энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологиялар екенін көрсетіп отыр. Бірақ біз олардың «дамушы елдерге көмек» жалауымен сол елдерде өндірістің лас салаларын орналастырып жатқанын және бүкіл адамзаттың сау өмір сүруі үшін, қалған әлемдік қауымдастықпен өздерінің жетілген технологияларын бөліспейтінін ұмытпауға тиіспіз.
Неге? Онда олар жоғары технологиялардың негізінде өндіріліп жатқан сапалы тауарларынан түсетін шексіз пайдаларынан айырылып қалады.
Батыс елдерінің азғындыққа апарып соқтыратын ықпалы туралы да ерекше атап айтқан жөн. Олар бұқаралық мәдениет, тәндік-сезімдік бағдар арқылы дамушы елдерді жайлап барады. Қатаң бәсекелестік жағдайында, әлемнің азайып бара жатқан байлықтарын бөлу үшін күрес жолында ғаламдық мәселелерді шешу мүмкін емес. Керісінше, олар тереңдеп барады. Ол мәселелерді рухани-адамгершілік жаңару арқылы ғана шешуге болады.
Бұл тұрғыда қазақ халқының қалған әлемдік қауымдастықпен бөлісе алатын тәжірибесі бар. Қазақтардың санасында қанағат, яғни аз нәрсені қанағат тұту, сондай-ақ жалаң ие болу емес, «осы өмірде болудың өзі» сияқты өмірлік бағдар үлкен орын алады. Рухани- адамгершілік құндылықтарға негізделген жаңа өмірлік бағдарға көшу – адамзатты экологиялық апат болуы мүмкіндігінен құтқарады. Бұл адамның басты қажеттіліктері қанағаттандырылуға тиіс дегенді білдіреді. Негізгі қажеттіліктер – таза суға, толыққанды тамақтануға, ласталмаған топырақ пен ауаға, жақсы білім мен денсаулық сақтауға, мәдениет пен спортқа деген және т.б. қажеттіліктер. Ал қоғамның қалған байлығы тым қымбат көліктерге, «жаңа адамдардың» («жаңа орыстар» (нувориш), «жаңа қазақтар» деген сияқты) әртүрлі сәнді қажеттіліктеріне емес, қоршаған ортаны қорғауға, оны игілікке жаратуға бағытталуға тиіс.
Адамзаттың рухани-адамгершілік тұрғыда пісіп-жетілуі – ұзақ үдеріс, бұл жолда адамзат әлі күнге дейін қабілеті төмен оқушы бо- лып қалып отыр. Сондықтан сапалы түрде әзірленген экологиялық заңдар қажет. Табиғатты аялайтын да, бүлдіретін де – адам. Адамның жоғары экологиялық санасы болуы керек. Жаңа, экологиялық таза технологиялардың жасалуына сіздің де күш-жігер жұмсайтыныңызға, табиғатқа рақымсыз қарамайтыныңызға сенгіміз келеді.
Үшінші ғаламдық мәселе – ол демографиялық мәселе. Егер соңғы мыңжылдықта жер шары халқының саны 15 есе өссе, – оның үстіне, алғаш рет халық 700 жыл ішінде екі есе өссе, соңғы рет 40 жыл ішінде сондай өсті (егер 1956 жылы халық саны 2,8 млрд. болса, ал 2004 жылы 6,3 милиардқа жетті). Бұлай өсудің 9/10-ын дамушы елдер қамтамасыз етіп отыр. Дамыған елдерде дүниеге келетін сәбилер саны күрт төмендеп, сонымен бір мезгілде ересек, зейнетақы жасына жет- кендер саны өскен. Бұл елдерде халықтың бұрынғы санын сақтап қалу мәселесі күн тәртібінде тұр.
Демографтардың болжамдары бойынша, болашақта Үндістан халқының саны Қытай халқынан асып кетеді, ал Африка континентінде халық саны 1,5 млрд. адамға жетуі мүмкін. Өндіргіш күштердің жетілмеуі, халықтың білім алу, мәдениет деңгейінің төмендігі бала тууға шектеу қойылмайтын ескі өмір салтының сақталуына себеп бо- лып отыр. Алайда Қытайдың бала тууды шектеудегі жиырма жылдық табысты тәжірибесін, мүмкін, жақын жылдарда басқа да көптеген да- мушы елдер қабылдап қалар.
Қазақстанға келсек, онда бұл жерде орасан үлкен өлкені (жер аумағы бойынша еліміз ірі елдердің ондығына енген) қалыпты иге- ру үшін, халық санын көбейту мәселесі өткір болып тұр. Біздің ойы- мызша, елдің әлеуетін нығайту шамасына қарай, халық санының өсуіне серпін беру үшін, үкімет демографиялық саясатқа көбірек көңіл бөлетін болады.
Жаһандану «солтүстік пен Оңтүстік» деп аталатын мәселені туғызды. «Солтүстік» деп материалдық тұрғыда рақатқа бату- шы, негізінен, экватордан жоғары жатқан постиндустриалдық ел- дерде болатын «алтын миллиард» түсінілсе керек. «Оңтүстік» деп, негізінен, өндіргіш күштерінің даму деңгейі төмен, бір миллиардқа жуақ адам тақыр кедейшіліктен көз ашпай отырған, жаңадан дамып келе жатқан елдер аталады. Бұл – халықаралық шиеленіспен қатар, дамыған және дамушы елдер арасында елеулі қарама-қайшылық ту- дырады. Бүгінгі күні дамушы елдердің дамыған елдерге 1 трлн. дол- лардан астам қарызы бар. Оның үстіне, олардың көпшілігінің үстеме пайыздарды өтейтін қауқары жоқ. Аталған мемлекеттердің өмір деңгейінің айырмашылығы азаюдың орнына, керісінше, жыл өткен сайын ұлғайып барады. Дүниежүзілік қауымдастық тым кедей елдер- ге көмек көрсету мақсатында жылына 50 млрд. долларға жуық ақша бөлсе, сол уақытта АҚШ Ирактағы соғысқа жүз миллиардтаған доллар шығын шығарады. Халықаралық терроризмнің әлеуметтік тамырлары, міне, Батыста насихатталғандай, исламда емес, қайда жатқанын енді түсінген шығармыз.
Енді бүгінгі күні дамушы елдердің қарыздарын есептен шығарып тастау арқылы және халықаралық саясаттағы жаңа апаттардың жо- лын кесу мақсатында ұлттық экономикаларды реттеу үшін тиімді экономикалық көмек беру арқылы жаңа экономикалық тәртіп орната- тын кез келді.
Ғаламдық сипат алған келесі мәселе – әлем халықтарының білім
әлеуетін көтеру. Онсыз жаңа технологияларды игеру мүмкін емес.
Тіпті егер адам оқи және жаза білсе де, ол «қызмет тұрғысынан са- уатсыз» болуы мүмкін, яғни компьютерлік бағдарламаларды білмейді және қазіргі заман ағымына сай құрылған кәсіпорындарда жұмыс істей алмайды.
Халықтың денсаулығын сақтау да адамзаттың ғаламдық мәселесіне айналып отыр. Осы заманның ғылымы техникалық жетілу, қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығының нашарла- уы арасындағы өзара байланысты анықтап отыр. Бұл тұжырымның дәлелі ретінде «өркениет аурулары» деп аталатын: қатерлі ісік, жүрек- қан тамырлары ауруларын, бүйрек пен бауыр ауруларын, СПИД және басқаларын атауға болады. Егер дамыған елдерде тамақты артық жеу, семіздік, аз қозғалу, араққұмарлық пен шылым шегу үлкен мәселе болса, ал дамушы елдердің қиын мәселесіне азық-түлік сапасының төмендігі, таза ауызсудың аздығы, «әлеуметтік аурулар» деген ат алған туберкулез, трахома (жұқпалы көз ауруы), безгек және т.б. ау- рулар жатады. Жаһандану миллиондаған адамның бір континенттен екіншісіне көшуіне жеткізсе, ал бұл жұқпалы аурулардың таралуына себеп болады.
Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешу жолдарын зерттеу- де, негізінен, екі: технооптимистік (болашақ керемет дейтін) және технопессимистік (болашақ қасіретті дейтін) бағыт қалыптасқан.
Технооптимистік идеялар өз шыңына XX ғасырдың 60 жылдары шықты. Сол уақытта өндірісте ғылыми-техникалық революцияның жетістіктері кең пайдаланыла бастады. Дж.Гелбрайт, Р.Арон және басқа ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы бұқара халыққа қажетті та- уарлар мен қызметтердің нарығын тудыратынын және болашақта жер бетіндегі барлық халықтарға бақытты да ауқатты өмір әкелетінін айта бастады. 80 жылдары Д.Бэлл, Ж.Фурастье, А.Тофлер және басқалары ғылымның қоғамдағы тікелей өндіргіш күштерге айналғанына, ал болашақта оның адамзаттың барлық жинақталған мәселелерін шешетініне сендірді.
Бірақ көп ұзамай, ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) көлеңкелі тұстары да айқындала бастады. Экологиялық тоқырау бірқатар елдерді тұралатты, табиғи ресурстардың шектеулі екені белгілі болды, дамыған және дамушы елдер арасындағы қайшылық өрши бастады. Осы жағдайлардың барлығы технопессимистік көзқарастарды тудырмай қоймады.
Технопессимизм (Г.Маркузе, К.Лоренц, Д.Гудмен және басқалары) осы заман қоғамының адамдарды техниканың құлдарына
айналдырғанына сендіреді. К.Лоренц ҒТР миллиондаған адамды мыңжылдықтар бойы өмір сүрген табиғат аясынан жұлып алып, «аң тұмсығы өтпейтін тас ормандарға» лақтырып тастағанын айтады. Ірі қалалардағы тар пәтерлерде зерігумен өмір сүріп, адамдар жылдар бойы табиғат аясына шыға алмайды.
Автоматтар адамдарды ауыр дене еңбегінен құтқарғанмен, олардың жүйке жүйесіне күш түсірді, соның кесірінен адамдар әртүрлі дәрі- дәрмектер пайдалануға мәжбүр болады. Материалдық қиындықсыз өмір адамды күшті сезімдерден айырып, зерігуге жеткізеді. Нәтижесінде, адам есірткіге әуестене бастайды... Технопессимистер тұтынудың тәндік-сезімдік бағдарынан бас тартуға және жаңа өмір бағдарламасын құруға үндейді.
Батыстың ірі ғалымдары 1968 жылы «Рим клубын» құрып, қазіргі заманның ғаламдық мәселелерін зерттей бастады. 1972 жылы әлемдік қоғамдық пікірге «жарылған бомбадай» әсер еткен «Жетілудің шегі» («The Limit of Growth») деп аталатын елеулі еңбек дүниеге келді. Кітаптың негізгі идеясы – жер байлықтарының шектеулілігі, жаңа өндірістерді құруды тежеу қажеттігі, олай болмаса климаттың өзгеріп, экологиялық апаттың орын алатыны. А.Печчеи адамзатқа бүгінгі таңда жетпейтіні материалдық игіліктер емес, руханилық, әсіресе адамшылық екенін айтқан-ды. Орыс ойшылы Н.Моисеев XX ғасырдың адамзатқа ескерту жасағанын баса көрсеткен-ді.
Егер XXI ғасырда адамзат оған құлақ аспаса, онда жер бетіндегілерді, мүмкін, құрып кету қаупі күтіп тұрған шығар.
Ондай алаңдаушылықтарды туғызатын себептер жеткілікті. Ағылшын публицисі, лорд Г.К.Честертон айтқандай, «адамды байлық аздырады». Өкінішке қарай, материалдық игіліктердің артуы әрдайым рухани игіліктің де артуына жеткізе бермейді. Көп жағдайларда ол рухани-адамгершілік тұрғыда құлдырауға әкеліп соқтырады. Бүгінгі күні ол болып та жатыр.
Адамзат бұл қарама-қайшылықты шеше алар ма екен? Оны болашақ көрсетер.
ҚОРытынДы
Міне, біз оқу құралымыздың соңғы бетін де жаптық. Өкінішке қарай, кітап көлемінің баспа белгілеген қатаң шектері оған әлі де айтқымыз келетін мәселелердің көпшілігін енгізуге мүмкіндік бермеді.
Өне бойы өзімізді шектеуге тура келгеніне сенуіңізге болады.
Мүмкін, ойлаған мақсаттарымыздың барлығына бірдей жете алмаған шығармыз.
Бірақ сіздердің – болашақ ғалымдардың, жоғары оқу орындарының оқытушыларының, ең жоғары білікті мамандардың жан-жүректерінде ғылым тарихы мен философиясына деген қызығушылық ұшқынын жарқ еткізе алғанымызға сенгіміз келеді. Ал сіздер таным жолында тоқтап қалмайсыздар.
Осыған қатысты француз астрономы, математик және физик Пьер Симон Лапластың айтқаны естеріңізде ме? Жоқ? Онда есіңізге сала- мыз. Ол: «Біздің білетініміз – шектеулі ғана нәрсе, ал білмейтініміз – шексіз», – деген.
Сөздің толық мағынасында білімді болу үшін, Н.Г.Чернышевскийдің сөзі бойынша, көп нәрсе керек те емес, керегі: «Үш қасиет – жан- жақты білім, ойлай білу дағдысы және сезімдердің ізгілігі». Егер сіздер, оқырмандар, өздеріңіз үшін маңызды ғылыми зерттеулерге бағыттайтын адам өркениетінің қандай да бір жаңа қабаттарын аша алсаңыздар, біз, өз тарапымыздан, терең қанағаттану сезіміне бөленер едік.
«Мен қолымнан келгенін істедім, кімнің қолынан келсе, енді сол жақсырақ істесін», – деген латын тіліндегі нақыл ізденушілер мен өнертапқыштарға, адамзат игілігі үшін техниканың дамуына үлес қосқан адамдарға тағайындалған медальдарға ойылып жазылған. Уақыт өте келе, сол жоғары марапаттың біздің Отанымыздың гүлдене өркендеуі жолындағы сіздің де сіңірген еңбегіңізді көрсетіп, жарқырауына шын жүректен тілектеспіз.
Достарыңызбен бөлісу: |