Ғылым тарихы және философиясы



бет173/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

антроптық ұстаным – қазіргі заманғы космологияның (әлемнің құрылымы мен дамуының жалпы заңдылықтары туралы ілім және астрономияның осы ілімге арналған саласының) негізгі тұжырымдарының бірі. Соған сәйкес Ғаламның онда адамның өмір сүруіне қарай ғажап бейімделуі орын алады.
антропологизм – 1) Адам теориясының, оның мәнінің, өмір сүру тәсілдері мен мағынасының жалпы теориясы ретіндегі философия нысанасының тұжырымдамасы; 2) барлық нысаналарды гуманитарлық танып білуге, олардың адами өлшемдегі мағынасы мен маңызын іздеуге деген ұстаным.
апостериорлық білім – таным нысанасын сезімдік және эмпирия- лық зерттеу нәтижесінде алынған білім.
апперцепция – кез келген әрекеттің нақты бір субъектінің алдыңғы жинақтаған өмірлік тәжірибесіне немесе/және оның өмір сүруі мүмкіндігінің априорлық шарттарына тәуелділігі.
ар-ождан – моральдық сана мен этика санаты ұғымы. В.Даль бойынша, «адамның ішкі адамгершілік қадір-қасиеті, қажыр-қайрат, адалдық, жанның ізгілігі, таза ар-ұят». Ар-ожданды адамның қоғамдық танымдағы табиғи қажеттіліктері салдарының көрінісі сияқты атаққұмарлықтан ажырата білу керек. Атаққұмарлық ізгіліктен бас- тап көргенсіздікке (теріс қасиет деп бағаланатын менмендікке) дейін әртүрлі деңгейде көрінеді.
әдістеме – 1) танымның ғылыми әдісі туралы ілім; 2) әлдебір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.
биофилософия – дүниетанымдық, адамгершілік және эпистемо- логиялық мәселелерді шешу барысында бастапқы негізгі ұғымы оның ғылыми-биологиялық түсіндіруінде деген сенімнен шығатын табиғи бағытталған философияның бір нұсқасы. Биофилософия осы мағынасында XIX ғасырдың аяғында-ақ дарвинизмнің әсерімен және соның негізінде жеткілікті дәрежеде адал белгіленген. Қазіргі уақытта биофилософия қалыптасатын, кемінде, үш дербес, бірақ өзара байла- нысты: 1) биологияның немесе биология философиясының филосо- фиялық мәселелерін зерттеу; 2) адамға және адам мәдениетіне байланысты барлық биологиялық негіздер саласындағы зерттеу; 3) өз кезегінде, мүдделердің екі векторын қамтыған бағыт: өмір құбылысын
зерттеу және өмірді зерттеу барысында жинақталған ұғымдарды күрделі табиғи, әлеуметтік және мәдени жүйелердің бүкіл тобына, оның ішінде Ғаламға да тұтас аударуды зерттеу саласы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет