Ғылым тарихы және философиясы


Диалектика (Ақыл) Физика Этика



бет19/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Диалектика


(Ақыл)


Физика Этика


(Сезімдік таным) (Ерік және қалау)


Бұл жіктеуде, неге екені, жеке ғылым ретінде астрономияға орын берілмепті. Платон бойынша, ол физиканың аса қажетті құрамдас бөлігі болып саналады. Адамның ізгіліктері оның мемлекетпен қарым- қатынасында қалыптасады деп есептейтін Платон әзірше саясат пен этиканы бір-бірінен ажырата қоймаған. Академиясының алдын- да: «Геометр емессің бе, – кірмейсің!» деген ұран ілініп тұрғанына қарамастан, Платонның жіктемесінде математикаға да орын табыл- мапты. Бұл, Платонның ойынша, математика физиканың құрамдас бөлігі болып табылатындықтан, бір мезгілде диалектиканың аса күшті құралы болатындығына да байланысты.
Аристотельге келер болсақ, оның ғылымды жіктеуі күрделірек. Ғылыми таным барысында оның белгісі ретінде ол адамның танымдық қабілеттерімен қатар, адамның мақсаттарын да алады. Осы тұрғыдан келгенде, диалектика мен физика әлемді танып-білуге бағытталған болса, ал ол кезде этика адам қызметінің заңдылықтарын ашуға бағытталады. Бірінші топты Аристотель теориялық ғылымдарға, ал екіншісін практикалық, яғни іс жүзіндегі ғылымдарға жатқызады.
Теориялық ғылымдарды, ғылымда қойылған мақсаттарына қарай, ол ары қарай саралайды. Диалектиканы Аристотель аналитикаға (кейіннен логика деп аталған) және метафизикаға (алдымен «алғашқы физика» деп аталған) бөледі. Физиканы Аристотель, бір жағынан, табиғатты зерттейтін ғылым деп, ал, екінші жағынан, адам жаны туралы ілім – психология деп қарастырады. Ары қарай табиғатты зерттейтін ғылым ретінде физика тағы да, негізінен, қозғалыстағы, жан-жағымен өзгеретін денелерге қатысты физикаға және заттардың өзгермейтін тұрақты жақтарын зерттейтін математикаға бөлінеді. Платоннан айырмашылығы, Аристотель математикаға ерекше на- зар аудармағанмен, бірақ бұл жерде де ол математика нысандарының онтологиялық мәртебесін алғаш рет белгілеуі арқылы айтарлықтай із қалдырды. Оларға қарсы тұратын метафизика заттардың: материя бо-
лып табылмайтын, әйтсе де олардың болмысын айқындайтын рухани негіздемелерін зерттейді. Оны теология деп атауға болады.
Іс жүзіндегі философияны да Аристотель тиісті салаларға бөледі. Егер ол нақты бір адамның мінез-құлқын зерттейтін болса, онда эти- ка болып табылады, ал егер біртұтас сияқты мемлекетті зерттесе, онда саясат болады. Практикалық философияға сондай-ақ риторика (шешендік өнер) және көркем шығармашылықты зерттейтін пиити- ка жатады. Сызбанұсқа түрінде Аристотельдің ғылымдарды жіктеуін төмендегідей көрсетуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет