Ғылым тарихы және философиясы



бет21/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Қорытындылай келе, төмендегіні атап көрсету қажет:
а) гректердің ұлылығы – әлемді мифологиялық тұрғыда түсінуді қанағат тұтпай, олардың сол кездегі әлемнің шекті негіздемелеріне ақылмен жетуге ұмтылуында жатыр. Олар адам ақылының (Номос) заңдарын құдайлардың заңдарынан (Темис) ажырата алды, кейіннен бұның ғылымның дамуы үшін орасан зор маңызы болды;
ә) алайда әлемнің алғашқы негіздерін табиғаттың әртүрлі сти- хияларымен (су, от, ауа және т.б.) теңестіруге байланысты «архе» бағдарламасы тиісті нәтижелер бермеді. Солардың негізінде әлемнің біртұтас монистік суретін жасау мүмкін болмады;
б) ауыр дене еңбегіне жиіркенішпен қараған ертедегі гректер тек табиғаттың абстракциялық (дерексіз) философиясын құра алды; табиғаттың даму заңдарын зерттейтін физика ертедегі грек өркениеті топырағында бүршік жармай-ақ кетті.

2-тарау. Әлемдік тарихтың орта ғасырларында ғылым мен философияның дамуы





    1. Ортағасыр дәуірінің ерекшеліктері туралы. сенімдегі философия

Тарихшылар әлемдік тарихтың Орта ғасырларына Батыс-Рим империясының құлауынан (V ғасыр) бастап, Қайта өрлеу дәуіріне (XIV-


XVI) дейінгі кезеңді жатқызады. Бұлайша жіктеудің негіздемесіне өндіру тәсілінің өзгеруі, яғни құлиеленушіліктен феодализмге өту са- лынады.
Философтар есепті христиандықтың пайда болуынан (I ғасыр) Қайта өрлеу дәуіріне дейін жүргізе және рухани хал-ахуалдың өзгеруі негізіне пұтқа табынушылықтан (көп құдайға табынушылыққа негізделген діннен) монотеизмге (бірқұдайлыққа) өтуді сала отырып, біршама басқадай көзқарас ұстанады. Алғашқысы, яғни тарихшылардың көзқарасының кеңірек таралғанын айтқан жөн. Бірақ бұл аса маңызды емес. Маңыздысы, біздің көзқарасымыз бойынша, сол уақытта қоғамда не болғанын, қандай экономикалық, саяси, дүниетанымдық факторлар жаңаның пайда болуын тудырғанын түсіну немесе, голландық тарих- шы Йохан Хёйзинганың (1872-1945) сөздерімен айтқанда, «шұғыласы кейіннен өзінің толық жарқырап көрінуіне жеткізген тұрмыс салтының сол жаңа идеялары мен формаларының қалай туғаны және гүлденгені» маңыздырақ (Хейзинга Й. Осень Средневековья. – М.: Наука, 1988. – 5-бет).
Жаңа дәуірдің I ғасырына қарай Ертедегі Грекия мен Ертедегі Рим- нің қандай рөлі болғанын еске түсіріп көрейік. Сол уақытқа қарай Грекия өз ықпалынан толықтай айырылып болды, грек демокра- тиясының дағдарысы ұлы өркениет тап болған шыңырауға әкеп соқтырды. Римде бұл дағдарыс шын мәнінде үздіксіз болды, ал б.з.д. I ғасырдың соңына – біздің заманымыздың I ғасырының басына қарай оның ушыққаны соншалық, барлық таптар ішінде «ақырзаман» орнай- тындай күйге жеткізді.
Палестинаны да қосқанда, Жерорта теңізі жағалауларын түгел жаулап алып, Рим билеушілері барлық жерлерде ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын қиратты. Империяның азаматтары болып тек римдіктер танылды, ал қалған басқаларының барлығы – мемлекеттің құзырындағы міндетті салық төлеушілер болды. Римдіктер басып алған халықтарға өздерінің саяси құрылымын, өздерінің соттарын,
салықтар жүйесін күштеп таңды. Басқыншылардың жазалаушы көздерінен ешкім де таса қалмады. Тек жергілікті ақсүйектер ғана салыстырмалы түрде белгілі бір шамада тәуелсіздіктерін сақтай алды, бірақ оларды халықтың тағдыры толғандырмады. Сезімдік ләззаттардан жол іздеп, олар рақат өмірге берілді. Ал Рим аристокра- тиясы ештеңеге де араласпады.
Сырттай барлығы жақсы көрінгенмен, экономикалық және саяси дағдарыс жағдайдың аса қиын екенінен хабар беріп, құлиеленушілік құрылыстың тиімсіздігін көрсетті. Оған рухани дағдарыс: ырым- шылдықтарға сенудің және көзбояушылықтардың адам айтқысыз көбеюі, терең скептицизм (шүбәланушылық), түңілу, бірдеңені өз күшімен өзгертудің мүмкін екендігіне сенбеушілік қосылды.
Бұл дағдарыс әсіресе Рим провинцияларының бірі – Иудей- де өзін ерекше қырынан көрсетті. Қиын да ұзақ күресте қол жеткен мемлекеттілік римдік басқыншылық нәтижесінде құрып тынды. Ал вавилондық және мысырлық тұтқыннан кейін бұл өзгеше қайғылы жағдайға жеткізді: қоғамды толық ашыну, күйіну жайлады. Бұндай көңіл күйі еврей халқының мессияға – Рим билігінің құтқарушысына деген сенімімен үйлесім тапты.
Алайда жаңа идеологияға аластатылғандар мен езілгендер ғана зәру емес-тін. Оған деген қажеттілікті әлеуметтік билеушілер де сезінді, өйткені жалпы дағдарыс нәтижесінде олар да тарихи жоспарлардан, ертеңгі күнге деген сенімнен ажырап қалды. Апаттан енді адамдар да, Олимп құдайлары да, тіпті ұлттық тәңірлер де құтқармайтынын олар түсінді. Енді жаңа, әлеуетті күш қажет болды.
Міне, дәл осындай жағдайда христиандық – құлиеленушілік құрылыстан феодализмге өтудің рухани негізі пайда болды.
Біздің бұдан аз уақыт бұрынғы тарихымызда (кеңес заманы тұсында) Ортағасыр философиясын зерттеп білуге жеткілікті көңіл бөлінбеді, өйткені ол «идеологиялық түсініктерге» байланысты бол- ды. Сол себепті Ортағасыр дәуірі терминдерде: «артқа шегіну», «діни надандық», «өндірістік күштер дамуындағы тоқырау», «халықты ру- хани бағынышты ету», «еркін ойлаушылықты басып-жаншу» деп бағаланды.
Бүгінгі таңда жаңа әлеуметтік-саяси ахуал жағдайында әлемдік тарихтың аталған кезеңі жаңаша мәнге, сипатқа ие болды. Егер өндірістік күштер туралы сөз қозғасақ, онда біз құлдықтың жойылуына байланысты айтарлықтай ілгерілеушіліктің орын алғанын байқаймыз. Рас, шаруалар дворяндыққа тәуелді, заңдық тұрғыда соларға байлау-
лы болды, бірақ олардың өз отбасылары, жер телімдері, ұсақ малдары және басқадай мүліктері бар еді. Олар тіпті болмағанда өз жерлерінде өндірістің дамығанына мүдделі-тін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет