Ғылым тарихы және философиясы



бет39/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   185
Байланысты:
Ғылым тарихы және философия (1)

Ибн-Хальдунның шығармашылығын зерттеумен айналысқан поляк ғалымы Ежи Вятр оны «қазіргі заманғы әлеуметтану мен саясаттанудың әкесі» санайды. Біз, өз тарапымыздан, осы пікірге қосыламыз.
Араб ғалымдарының да білімдердің көпшілік саласына сіңірген еңбектерін асыра бағалау мүмкін емес. Ортағасырлық ғылым мен философияның кіріспе бөлімінде бұл туралы ішінара айтып өткенбіз. Бұл жерде біз алты ғасырдан артық уақыт бойы арабтардың техникалық және ғылыми тұрғыда Батыстан айтарлықтай озық болғанын айтпақпыз. Ал астрономия, математика, медицина, оптика сияқты салаларда олар, дау жоқ, жетекші орын алады. Мысалы, Ибн- Әл-Шатыр XIV ғасырда, Коперникке дейін-ақ, Птолемей жүйесіне елеулі өзгерістер енгізіп, оны математикалық тұрғыда кейінірек пайда болған Коперник жүйесіне парапар болатындай етіп дамытты.
Орта ғасырлардың мұсылмандық философиясы мен ғылымы тура- лы әңгімемізді аяқтай келе, тағы бір ірі құбылыс туралы айтқанымыз дұрыс болар. Ол – ортағасырлық рухани дүние бейнесін көрсететін
«Таза бауырластар трактатының» жарыққа шығуы. «Таза бауырластар» немесе «Тазалық пен шынайылық бауырластары» – ол X ғасырдың: Ирак, Иран, Әзірбайжан, Орта Азия елдері мен Сібір ойшылдары ен- ген философтар тобы. Олар дін, философия және жаратылыстану ғылымдары туралы елу бір жасырын «жолдау» құрап, мұсылмандық метафизика аясына антика дәуірінің ғалымдары мен ойшылдарының: аристотелизм және неоплатонизм, эманация тұжырымдамасы, Пто- лемей космологиясы, Гиппократтың медициналық ілімі идеяларын енгізген.
Сонымен, қорытындылайық. Бұны белгілі американдық шығыстанушы Франц Раузенталдың: «Сөз жоқ, «білімдерге» қатысты табандылық ортағасырлық мұсылмандық өркениетті ғалымдық және ғылым мағынасында айтарлықтай өнімді етті, соның нәтижесінде адамзат тарихына берік үлес қосты», – деген сөздерімен аяқтағанымыз дұрыс сияқты (Раузентал Франц. Торжество знания. Концепция знания в средневековом исламе. – М.: Наука, 1978. – 330-бет).
Жинақтай келе, ортағасырлық философия – бұл антикалық философияның тірі жалғасы, грек көкжиегінен өзіндік көтерілу, қол жеткен жетістіктерді қайтадан бағалау және Қайта өрлеу дәуірі фило- софиясына дайындық деп, тағы бір рет атап өткіміз келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет