бірінші. Әлеуметтік-философиялық ой тарихында Руссо қашанда Вольтермен қатар қойылады. Бірақ олардың қарым-қатынастары әрдайым риясыз, ашық бола қойған жоқ. Керісінше, пікірлерінің қарама-қайшылығы қашанда орын алатын. Ал олардың бір-бірінен толық қол үзуі: Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы және негіздері туралы ойлар» (1755) деп аталатын іс жүзіндегі басты трактатын Вольтердің қабылдамағаны былай тұрсын, ол жа- йында, әсіресе Табиғатқа оралу жөнінде және «табиғи жай-күйдің», яғни үйлер де жоқ, баспаналар да жоқ, қандай да бір меншік те жоқ жағдайдың артықшылығы туралы ойларын өткір сынға алып және теріс баға бергенінен кейін болды.
Руссодан трактаттың бір данасын алған соң, Вольтер оған француз тілінде сыпайы түрде, бірақ жеткілікті дәрежеде қатқыл сөздермен хат жолдады, онда: «Мен Сіздің адам тегіне қарсы жаңа кітабыңызды ал- дым және соған ризамын. Осындай қабілеттерді біздің барлығымызды ақымақ етіп көрсету үшін пайдалану жағдайы бұрын-соңды болмап еді. Сіздің кітабыңызды оқыған әрбір адам еңбектеп жүруге тырысатын болды. Бірақ ондай әдетімнен алпыс жыл бұрын арылғандықтан, мен,
«бақытсыздыққа қарай», ол әдетіме қайтадан орала алмайтынымды сеземін. Канданың жабайыларын іздеуге де шыға алмаймын, өйткені бойымдағы ауруларыма қарап, еуропалық хирургтің қызметіне жүгіну қажеттігін сеземін, себебі ол жерлерде соғыс жүріп жатыр және біздің үлгіміз ол жабайыларды біздің өздеріміз сияқты жаман етеді...» – деп жазды.
Вольтердің аталған шығарманы осылай бағалағаны әділетті болды деуге болмайды. Алайда Руссоның өзі де «табиғи жай-күйді» адамдар
арасындағы қарым-қатынастардың мұраты деп санай отырып, оған оралудың мүмкін еместігін жақсы түсінген. Сол 1775 жылы Энцикло- педия үшін жазған «Саяси экономия туралы» атты мақаласында ол мейлінше айқын және кесімді түрде: «Меншік құқы – азаматтардың құқықтарының ішіндегі ең қасиеттісі және еркіндікке қарағанда, тіпті кей жағдайларда аса маңыздысы да болып табылады», – деп мәлімдеді. Ж.Ж.Руссо жеке меншіктің пайда болуының экономикалық себептерін табуға тырысты. Ол себептерді Руссо ең күшті адамның басқалардай емес, өзінің табанды еңбегі арқылы көп өндіретінінен көрді. Ең бір епті және тапқыр адам, басқалармен салыстырғанда, көбірек пайда табады. Жер өңдеуді жақсарту азық-түліктің молшылығын ту- дырады, байлық пайда болады. Нәтижесінде, жаңа кәсіптер шығады. Шын мәнінде, қоғамның өндіргіш күштерін ары қарай дамытуға жеткізген темірді игеру – адамзаттың тарихында тағдыр шешуші рөл атқарды. Пайда болған байлық азшылықтың қолында шоғырлана бас- тады, ал қалғандары кедейшіліктен көз ашпады. Шешуші сәт туды: адамзат өзінің өмір сүруінің табиғи кезеңінен өркениетке өтуді баста-
ды. Жеке меншікті тиімді қорғау мақсатында мемлекет пайда болды.
Адамдарға олардың тарих қойнауында жоғалтқан бостандығын қалай қайтаруға болады? Бұл сұраққа Ж.Ж.Руссо «қоғамдық келісім теориясы» арқылы жауап беруге тырысады. Оның мәні: әркім өзінің барлық құқықтарын ерікті түрде қоғамға береді. Ол кезде барлығы да заң алдында тең құқылы болып, өз құқықтарын кері қайтарып ала- ды. Өмір сүрудің теңдей шарттарын иеленіп, бір-біріне тәуелді бол- май және қоғамның бөлінбес бөлшегіне айнала отырып, енді әркім қоғам талаптарына бағынады. Адамдар, әрине, өздерінің дене, ақыл қабілеттері бойынша бір-бірлеріне тең немесе бірдей емес, бірақ олар моральдық және құқықтық теңдік алған.
Ж.Ж.Руссо халықты заңдардың шынайы бастауы деп санайды. Егер қоғамда адамдардың мүдделерін есепке алмайтын заңдар пай- да болса, онда бұл заң емес, бұйрық саналады. Халық билігін халық құрылтайы қамтамасыз етеді. Ол заң белгілеген уақытта шақырылады және «қоғамдық келісімнің» орындалуын қатаң қадағалайды, өйткені заң бұзушылық қашанда орын алады. Оның мәні төмендегілерге келіп тіреледі:
а) әрбір үкімет әрдайым өзін нығайтуға ұмтылады;
ә) азаматтардың бір бөліктерінің ізгіліктен ауытқуы мүмкін;
б) жеке мүдденің қоғамдық мүдде шектерінен шығып кетуге әрекет етуі мүмкін;
в) бұл жағдайда қоғамдық мүддені алдау жолымен өзгерту қаупі ту- ады.
Қоғамдық келісімді сақтаудың негізгі жолдарының бірі – халықты ағарту, оның бостандыққа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.