Дəрісмақсаты: қазіргі заманғы ғылым методологиясы. Интернеттің философиялық мағынасы. Əлемнің саяси бейнесі. Философиялық білім жүйесіндегі құқық философиясы. Информациялық қоғам тұжырымдамасы туралы түсінік беру.
Қазіргі заманғы ғылым методологиясы
Эмпириялық ғылымдар саласында ағылшын философы Ф. Бэкон зерттеудің аса маңызды əдісі ретінде индукцияны ұсынды. Аристотель зерттеп тұжырымдаған дедукциялық əдіс, оның пікірінше, табиғатты зерттеу үшін мүлдем жарамсыз болды. Сондықтан, ол Аристотельдің «Органонына», яғни дедукциялық ойлау құралына қарсы «Жаңа органон», яғни индукциялық əдістің қарапайым əдіс-тəсілдері мен ережелерінің жиынтығын жасап берді. XIX ғ. ағылшын философы Дж.С. Милль индукциялық ойлау əдісін одан əрі дамытып, құбылыстардың себепті байланысын ашып көрсетудің индукциялық бес əдісін тұжырымдады. Бірақ Ф. Бэкон дедукция мен математиканың ғылыми зерттеудегі, мысалы, бақылаулар мен эксперименттердің нəтижелерін қорытындылаудағы рөлін мойындамады. Сөйтіп, ол өзінің индукциялық логикасын ғылымда жаңа ақиқат білімдер ашудың бірден-бір сенімді əдісі деп санады, бірақ бұл дұрыс емес еді. Ғылыми əдістер туралы ілімнің негізін салушылар өздерінің əдіс туралы көзқарастарында адамдар күнделікті ойлау практикасында да жəне ғылыми ойлауда да қолданатын логикалық пайымдаулардың негізгі түрлеріне сүйенді. Қазіргі заманғы ғылым методологиясы танымның толып жатқан басқа да əдіс-тəсілдерін қолданады; бұл əдіс-тəсілдерге тəн жалпы ерекшелік - ақиқат білімді мақсатқа сай жүйелі де ұйымдасқан түрде іздеу. Əдіс-тəсілдерді жүйелі түрде қолданғанда ғана ақиқатқа жетуге немесе жақындауға болады. Сондықтан, əдіс дегеніміз кең мағынада алғанда дəйекті түрде қолданылатын белгілі бір жүйелі əрекет болып табылады. Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайындағы қоғам мен мемлекеттің алдында тұрған басымды өзекті мəселелерге əр адам мен жеке тұлғаның заман талаптар негізінде жалпыадамзаттық жəне ұлттық құндылықтарды, адамзат перзенті қол жеткізген ғылым мен техника жетістіктері арқылы санасына қалыптастыра отырып, өз ретінде қоғам қажеттіліктерін халық игілігіне айналдыруда шығармашылық пен салауаттылық, адамгершілік пен парасаттылық қасиеттерін де назар аудара отырып атқаруды басты мақсат етіп отыр. Бұл жөнінде ресми құжаттар мен мемлекеттік іс-шаралардың қолға алынуы соның айғағы болмақ.
Қоғам дамуының үлкен бір саласы жəне ажырамас бөлігі болып табылатын педагогика ғылымы көне дəуірден бүгінгі заманға дейін өзінің қажеттілігі мен маңыздылығын жоғалтқан емес. Қоғам дамуының прогрессивтік сипаты, қоғам мүшелерінің өмір заңдылығына мойынсыну
барысында, ғұмыр көшіндегі адамзат перзентінің рухани, мəдени жəне өндіргіш күштер ықпалы арқылы қалыптасқан тəжірибелермен тығыз байланысты.
Интернет - ағылш.Internet—InternationalNetwork) - компьютерліксерверлердің бүкілəлемдік желісі.
Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кəсіпорындар жəне жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.
Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі жəне ондағы ақпаратты айтамыз.
Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сəйкесінше екі мағынаға ие болады.
Егер Интернетсөзі кішкентай əріптен басталса, онда бұл термин мəліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.
Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл əлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Əрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.
Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.
Интернет əр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тəсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз əртүрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мəліметтерді өзгертпейді.
Интернет желісіне əр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тəсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.
Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта), адамдар арасындағы байланыс тəсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен
мəтіндік хабарламамен оперативті жəне өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жəне əр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс- əрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) жəне EDI (Electonic Funds Data Interchange -
мəліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар жəне басқа қаржылық құжаттарды аудару.
Қазіргі уақытта кез келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.
Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электрондық почта өте қолайлы жəне аса қымбат емес.
1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырғаннан кейін, АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесі қажет деп шешті. АҚШ алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының агенттігі (ARPA) осы мақсатта компьютерлік желі құруды ұсынды. Бұл желіні құру Лос- Анджелестегі Калифорния университетіне, Стэнфорд зерттеу орталығына, Юта штатының университетіне жəне Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университетіне тапсырылды. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. Одан соң, ARPANET желісі жылдам дамып, оны ғылымның əр түрлі салаларындағы ғалымдар қолдана бастады.
Алғашқы ARPANET сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос- Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. «Honeywell 516» компьютерінде 12 КБ оперативті жад бар болатын.
1971 жылы желі арқылы электронды почта жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, ол кеңінен таралды.
1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания жəне Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипат алды.
1970-жылдары интернет желісі негізінен электронды почтаны жіберу үшін пайдаланылды. Бірақ, интернет желісі басқа техникалық стандарттар негізінде жасалған желілермен байланыс орната алмайтын еді.
1970-жылдардың соңында мəліметтерді тасымалдау стандарттары кеңінен тарай бастады, олар 1982-83-жылдары бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді, бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіру үшін қолданылуда. 1983 жылы «Интернет» термині ARPANET желісіне байланысты айтылатын болды.
1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.
1984 жылы ARPANET желісіне бəсекелес пайда болды. АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрып, оған көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet жəне Bitnet желілерін қоса) біріктірді, бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.
1988 жылы Интернет Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.
1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкілəлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны əйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін жəне URI идентификаторларын ойлап тапты.
1990 жылы ARPANET желісі NSFNet желісімен бəсекелестікке шыдай алмай, өз жұмысын тоқтатты. Осы жылы Интернетке телефон арқылы қосылудың сəті түсті (Dialup access).
1991 жылы Бүкілəлемдік тор Интернетте пайда болды, ал 1993 жылы əйгілі NCSA Mosaic браузері пайда болды.
1995 жылы NSFNet желісі бастапқы зерттеу мақсаттарына қайта оралды, енді Интернеттің барлық траффигін маршрутизациялаумен Ұлттық ғылыми қордың суперкомпьютерлері емес, желілік провайдерлер айналыса бастады. Осы жылы Бүкілəлемдік тор FTP арқылы файлдарды тасымалдау протоколын трафик жөнінен басып озып, Интернеттегі ақпарат тасымалдаудың негізгі көзіне айналды, Бүкілəлемдік тор консорциумы (W3C) құрылды. Бүкілəлемдік тор Интернетті өзгертіп, оның қазіргі заманғы бет-бейнесінің қалыптасуына əсер етті деп айтуға болады. 1996-жылдан бастап, Бүкілəлемдік тор Интернет түсінігін толықтай ауыстырды деп айтуға болады.
1990-жылдары Интернет сол уақыттағы желілердің көпшілігін біріктірді (Фидонет сияқты кейбір желілер интернет құрамына кірген жоқ). Интернеттің техникалық стандарттары ашық, ал оны басқаратын белгілі бір компания жоқ болғандықтан, интернеттің дамуы жекелеген желілердің бірігуіне көп əсерін тигізді. 1997 жылы Интернетте 10 млн компьютер болды, 1 миллионнан астам домендік аттар тіркелді. Интернет ақпарат алмасудың ең танымал құралына айналды.
1998 жылы рим папасы Иоанн Павел II Бүкілəлемдік Интернет Күнін 30 қыркүйек деп бекітті.
Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер жəне электр желілері арқылы да байланысуға болады.