Маркетинг жəне сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нұсқаларын ұсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап жəне грампластинка дүкендерде оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мəліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулықсақтау. Науқас адамдар мен дəрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып жəне медициналық мəселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады.
Инвестиция.Адамдар акция сатып алып ақшаларын пайдалы айналымға жібереді. Кейбір компаниялар өздерінің акцияларын оперативті режимде ұсынады. Осылайша инвесторлар жаңа өнеркəсіптерді, ал өнеркəсіптер капитал табады. Конференция жəне аукциондарды ұйымдастырушылар хабарлама жасау, өтініш жинау немесе қатысушыларды тіркеу, т.б. жұмыстарды Web-те жасайды. Мұнда информация барлық уақытта жаңарып отырады, мұнда қағазды жəне транспорт шығынын əлдеқайда үнемдеуге болады.
Дін. Дін немесе басқада қоғамдық ұжымдар Web-те өздері туралы айтып, басқа адамдарды ұжымдарына шақыратын өз парақтары бар.
Қазақстандағы Интернет
1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық компанияларының басқаруымен телекоммуникация ассоциациясы деген жаңа ұйым пайда болды .
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты - кəсіпорынның іскерлігін байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын, ақпараттық технологияны пайдалану жəне байланыс қызметін ұсыну.
Ассоциацияның негізгі сан есебінде: отандық жəне шетелдік операторлар арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету көзделген. Осыған орай - тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де қамтиды.
Мұнда электрондық World Wide Web - тің өсуімен қоса, көптеген қызықты жəне арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта əртүрлі анықтамалар, каталогтар жəне мəліметтер қоры (солардың ішінде неше түрлі керекті тақырыптар ақпараты бар) кіре бастады. Мысалы, сайтта өзіңізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап алып, сол фильм туралы толық анықтама алуға болады. Оның жанрын, актерлік, режиссерлік бөлімін жəне фильмнен бірнеше кадрларын көрсетіп шығарады. Сол жерден сізді қызықтыратын кино актерлері, режиссерлері жəне дыбыс операторлары жайында толық мəлімет ала аласыз.
World Wide Web - қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі. Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мəнінде бұл оның көптеген қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін. Электронды Web - құжаттарды принтерде басу үшін емес, компьютер экранында қарап шығуға арналған. Web-парақтарды қарап шығуға арналған программалар браузерлер деп аталады .
World Wide Web түп-түгел гипермəтіндерден тұрады. Гипермəтін - мəтіннің дара блоктарымен байланысты ассоциациялық түрде ұсынылған мəтін.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік, оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай əкелу жолын қарастырайық. Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol-FTP).
FTP-серверінің мəліметтерімен қатынас жасау үшін əркім стандартты кіру сұхбатын орындау керек. Оның бір мысалы мынадай болу керек: Open named password-FTP - серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
Open FTP-сервермен қатынас жасауды сұрау,
Қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonymous,
Password - сұраушы адамның паролі немесе оның почталық адресі.