Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы



бет60/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81
Білім дегеніміз - материалдық жəне рухани құбылыстар туралы шынайы əрі нақты мəліметтер жиынтығы, олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуі.
Ғылыми білім рухани дүниенің құрамдас бөлігі есебінде қашанда жүйелілігімен, қисын тұрғысынан ұйымдасқандығымен жəне теориялық сипатымен ерекшеленеді. Ғылыми білім ғылыми қиындықтар мен қайшылықтары мол ізденістің, шығармашылық іс-əрекеттің барысында туындап, жинақталып жүйеленеді. Əрі ол таным процесінің күрделі нəтижесі болып табылады.
Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылымы жəне өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылығы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейтін философия шеңберінде қалыптасқан өзгеше сала, пəн.


Экстернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлар əсер етеді жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болады. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни ғылымға əсер ететін - қоғамның сұранысы.


Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің қорытындыларына қарамай, интерналистер ғылымның нəтижелері нақты ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады деп тұжырымдайды.


Мəдениет - құндылық, процессуалдық, пəнділік пен нəтиже түрінде анықталған адамзаттың (əлеуметтік) іс-əрекеті; өндіріс қарулары мен құралдарынан, ғимараттар, əлеуметтік институттар мен саяси мекемелерден бастап тіл, өнер, дін жүйелері мен ғылыми шығармалары, адамгершілік жəне құқық нормаларына дейін адамның бүкіл материалдық жəне рухани мақсатты қызметін қамтиды.
Өркениет - қоғамды табиғаттан ерекшелендіретін категория; өркениеттің бастауында қоғамды өзіндік негізі жəне ішкі заңдылықтары арқылы дамытатын деңгейі жатыр.
«Өркениеттілікті» біз қоғамның «жасамды» технологиялар арқылы қызметі мен дамуы деп түсінсек, сондай да рационалды жоспарлауға, қоғамдандыруға, қызметтерінің нəтижелерін өзі анықтауға негіздейтін
«өркениеттіліктің» мақсаттылығы мен кооперациялығы жəне еркіндік сəттері дейміз. Өркениет қоғамның табиғат патшалығынан ықтимал түрінде автономды жəне рационалды жүйе ретінде бөліну жағдайда.
Өркениет пен мəдениеттің бағыттарын ажырата білу қажет. Өркениет - құралды болса, мəдениет - адамгершілік пен ақылдың биіктігі. Өркениетті - былжырақтық, ал мəдениетті - дүниеқорлық бұзады. Мəдениет - даңққа, өркениет - батырлыққа шақырады. Мəдениет талап етеді, ал өркениет борышын атқарады. Мəдениет рухани маңыздылығымен үстемді, ал өркениет - материалдылығымен бағындырады. Мəдениет тұтқасы - рухтың мұқияты болса, өркениеттің тұтқасы - ұйымдастыру болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет