Ғылым тарихы мен философиясы дəрістер курсы



бет63/81
Дата14.10.2023
өлшемі422,72 Kb.
#114841
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81
Ежелгі Шыгыс білімі - бұл Ежелгі Шығыста практикалық тəжірибені индуктивтік жалпылау арқылы жəне қоғамда кəсіби түрде ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берген білім. Білімнің дамуы стихиялық түрде өткен; таным нəтижелеріне ешқандай сынау-рефлексиялық қызмет өткізілмей, оны сынаудан айналдырмай, дəлелсіз догматикалық негізбен қабылдаған; білім дайын түрде жарияланған қызмет рецепті түрінде қалыптасқан, оған практикалық- технологиялық, утилитарлық қасиеттері себеп. Ежелгі Шығыста қалыптасқан таным іс-əрекетінің тарихи типі интеллекттің ғылымға дейінгі кезеңіне сай жəне əлі де ғылыми деп аталмайды.


Классикалық ғылым - өзі Галилей мен Пуанкареге дейін қалыптасқан тарихи-мəдени кеңістіктегі үстемді ой өріс түрінде жарияланған ғылыми интеллекттің өзгеше жағдайы. Ғылым дамуының классикалық кезеңінде теорияландырудың (мəселені қою тəсілдері, зерттеу тəсілдері, пəндік аймақтарын сипаттау, нəтижелерді дəлелдеу түрлері, нəтижелерді ұсыну, мазмұндау, бекіту түрлері) типтік ерекшеліктерінің эвристикалық бастамасы болғандар: фундаментализм, финализм, имперсоналдылық, абсолютизм, қияли реализм, субстанционалдылық, динамизм, сумматизм, эссенциализм, аналитизм, механицизм, кумулятивизм.
Бейклассикалық (классикалық емес) ғылым - классикалық емес кезеңнің идеялық негіздері - ХХ ғ. архетиптеріндегі көп мағыналы идиомалар: жаңашылдық, ревизия, дəстүрмен кездесу, экспериментаторлық, стандарттан ерекшелік, шарттылық, визуалдылықтан бет қайтару, концептуализм, рəмізділік, бейнелеудің өзгертілген стратегиясы. Осы, өмір мағыналы ортада канонға сəйкес емес белгілерге толы дəстүрлі емес интеллектуалды келешек қалыптасты. Соның ішінде: полифундаментализм, интегратизм, бірізгіліксізділік, когеренттік, көрнекіліктен айырылу, интертеориялылық.


Неонеклассикалық ғылым - əлемнің мағыналы қасиеттерін көрсеткен жəне класикалық пен классикалық емес ғылымдарды қалыптастырған білім- бейнеге қарағанда, «біз басында» тұрған необейклассика білім құралы ретінде қызмет етеді. Алғашқы кезеңдерде танымның мақсаты болмыс туралы білім болса, қазіргі кезден бастап осындай мақсат ретінде біздің қажеттілігімізге сай болмыстың жарату болашағын тану өзекті. Сөйтіп, неонеклассикада субстанционализмнен креативизмге, онтологиядан телеологияға жылжуды байқаймыз, бұл білімге жаңа тенденциялардың енгізілу белгісі. Соның ішінде: синкретизм - айқын білімді алуға негізделген фундаменталдық ғылымның интенциясы мен қоғамда жұмыс атқаратын қолданбалы ғылымның интенциясының бірігуі; телеономия - əлемнің антропоморфтық анықтамасын, əлемді өкпек, рызық мақсаттық-мағыналық бастамасын ашу; жаңа рационалдылық - қатаюдың оптималдық жолы арқылы қабылдалынатын құндылық-мақсаттылық түрде іске асырудың болмыс-ұйытындысы. Классикалықпен қабылданған өзіндік əр бөліктерінде анық, жоққа келтірілмейтін, қажетті, өзінің ішкі жағында анық гносеологиялық утопия түбінде шекке жетті. Білімнің классикалық идеалдарының құлдырауына əкелген бəріне ортақ өзгерістер: ғылымның пəндік аймағында (неэвклид геометрияны құрастыру, небульдік алгебра, кванттық-релятивистік құрылыстар т. б.), оның бүкіл методологиялары (Гедель, Тарский, Коэн, Левенгейм, Сколем, Бринджмен, Бор, Гейзенберг т.б. ғалымдардың шектелген нəтижелері).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет