«Ғылым тарихы мен философиясы»: пәні және мақсаттары



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі22,13 Kb.
#11552
1   2   3   4
Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философия ғылымының саласы.Ғылым, ғылыми теория өзінің зерттейтін нәрсесін ұғым мен ой түрінде бейнелейді. Соның арқасында ғылым қарастырылып отырған пән саласындағы ой-өрістің барысын, ережелерін анықтайды. Әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар және оны логикалық тұрғыдан талдау қажет. Ғылым логикасы жалпы ғылымға, ғылыми танымға тән заңдылықтарды зерттейді. Филос. зерттеудің арнайы объектісі ретіндегі Ғ. л. жөнінде 20 ғ-дың 1-жартысында позитившіл филос. ағым өкілдері (Г.Фреге, Б.Рассел мен Л.Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 30-жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К.Поппер, В.Дубислав, Х.Рейхенбах, т.б. ғалымдар философияны формальды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті – ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтың айтуынша, философтың қолынан келетіні – ғылым нәтижелерін талдау, оларға мағына беру және дұрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды анализдеу болады. Бұл тұжырым әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың объектісі бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формальды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формальдық құрылымын, элементтерінің байланысын зерттейд

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет