«Ғылым тарихы мен философиясы»: пәні және мақсаттары


Ғылым философиясының барлық проблемасын үш түрге бөлуге болады



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі22,13 Kb.
#11552
1   2   3   4
Ғылым философиясының барлық проблемасын үш түрге бөлуге болады:

  1. Философиядан ғылымға өтетін философиялық ғылымның өзгешелігі;

  2. Ғылымның ішкі орбитасында пайда болатын мәселелер;

  3. Философиялық ғылымдардың өзара әрекетінің нәтижесінде пайда болатын мәселелер: ол Галилей-Ньютонның ХІХ-ХХ ғ.ғ. зерттеулері бола алады.

Ғылым методологиясы ғылыми пән түрінде.

Қазіргі ғылым туралы теорияның маңызды бөлігі – танымның философиялық методологиясының мазмұны – яғни осы білім сферасының принциптерін, негіздерін, норма, ережелері мен әдістердің жүйесін шығару. Методология болашаққа бағытталған. Ол өзі ғылым тарихы, философия тарихы, гносеология, аксиология, онтологияменде тығыз байланыста. Ол теория мен әдістің екі тұтастығы болады. Әр түрлі ғылымдарда, білім сфералары мен практикалық объектілерде теориялық және методологиялық жағы тығыз қатыста. Гегель айтқандай: «Әдіс мазмұнның сыртқы түрі емес, ол оның жаны мен анықтамасы».

Таным әдісі объектке қайта әкеліп, оны терең түсіндіріп, заттардың идеалдық конструкцияларын құрастырып, сөйтіп, онтологиялық түйіндер мен дүниегекөзқарастық ұстанымдардарға тәуелді.

Адам білімі – объектке бет бұрған сон – ол теория, ал субъектке қатысты болса – ол методология.

Методология дегеніміз білім қалыптастыру процесі – оны адамның-танушының қызметінің нәтижесі деп түсінеміз. Сөйтіп, олар онтологиялық тұрғыдан негізделеді. Негізгі методологиялық принциптер:Даму принципі - бүкіл заттар мен құбылыстарың өзгеруі, дамуы, бір-біріне көшуі туралы принцип. Детерминизм принципі /анықтаймын/ - бүкіл әлемдегі процестер, табиғат пен қоғамның жалпы заңдылыққа, себептілікке негізделетіндігің анықтау. Жүйелі принцип – бүкіл әлем бір-бірімен байланыста тұратын тұтас дүние. Материалды, әлеуметтік, абстракциялық жүйелер бар. Объективтеу принципі – таным процесінде субъект пен объект арасындағы қатынасты дұрыс түсінуге бейімдейді. Жанжақты принцип – таным процесінде бүкіл байланыспен, қатынастар мен заттардын қасиеттерін ескерту қажет. Тәжірибе принципі – керек, қандай болу керек деген тұрғыдан таным процесті өткізу, себебі, таным адамның өзгерту қызметімен, дүниені шығармашылық себеппен меңгеру деп түсіну.

Ғылым мәдениетттің феномені ретінде.

Қазіргі кезде ғылым әлеуметтік-мәдени феномен. Яғни, қоғамдағы көптүрлі күштердің әсерімен компромисстік т.б. позицияларға жақындайды. Сөйтіп, екі ұшстасты позиция айқын: адамзаттың қажеттілігімен пайда болған ғылым өзі қоғамдық өмірдің басқа сфераларына әсер етті, «мәдениет» деңгейіне шықты; екінші жағынан, ғылым мәдениеттің ең тұрақты, нағыз негізі, өзінің бірінші – қызметтік және технологиялық түсінігінде. Қоғамдық қатынастар адам және заттар туралы қатынастарға қатысты. Ғылымның мәдениеттік функциясы тек нәтижеге емес, мәдениеттің потенциалы болып табылады. Ғылымның мәдениеттік функциясы процесуалдылығымен мықты. Ол адамды қызмет пен танымның субъектісі ретінде қалыптастырады.

Ғылым дамуы (генезисі).

Ғылымның тарихи уақыты туралы мәселе бір-неше шешімнің иесі болады. Олардың барлығы үстемді және күшсіз болуы мүмкін, себебі, әр ұсынылған версияда тарихи уақыттың әсерімен ғылым өзгеше сипатталады. Ғылым дамуының негізгі бағыттары. Ертеден ғылым адамзат қоғамының даму сатыларында, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алатындығы жөнінде біз жоғарыда баяндап өттік. Қайта еске түсіре кетсек ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары Ежелгі Шығыста ( Мысыр, Үндістан, Қытай) калыптасты. Ғылымның алғы шарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтіндей тұтас жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды.

Ғылым әлеуметтік институт ретінде.

Қазіргі ғылым философиясы ғылыми танымды әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарастырады. Ғылым – ол білімді өндеу, жаңа ғалымдарды даярлау, білімді қолдану түрінде коллективтік іс-әрекет. Өзінің іс-әрекетінің әлеуметтік табиғаты бойынша ғылым әлеуметтік институт ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік институт – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, адамдардың әлеуметтік мінез-құлығын анықтайтын әлеуметтік байланыс пен нормалар, әдет пен дәстүрлердің тұрақты жүйесі. Әлеуметтік институттар іс-әрекеттің негізгі сфераларын ретке келтіреді. Әлеуметтік ұжымның ішінде жаңа білім өндіру, коллективтік таным процессті меңгеру, білімді жүйелеу, жас зертеушілер ұрпақтарына жеткізу т.б. іс-әрекетпен айналысатын ғалым топтарынан тұрады. Ғылым социологиясы – ғылымды әлеуметтік институт ретінде зерттейтің социологиялық зерттеулердің аймағы. Ғылым социологиясының пәні – ғылымның болуын және дамуына ықпал ететін ішкі қатынастарды, және оның сыртқы институттармен ара қатынасы. Және ғылым социологиясы ғалымдар арасындағы қатынастарды, қалай ғалым болады, ғылыми қоғамда қабылданған әдет нормаларын ұстануға негіздер туралы сұрақтарға жауаптарды қарастырады. Ғылым социологиясы жалпы социологияның бұтағы болғансон жалпы социология білімінің дамуына ықпал жасайды, өзінің категориялық базасын және зерттеу әдістерін қалыптастырады.

Ғылымның ұйымдастыру түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет