6-Фармакология (грек. pharmacon — дәрі және logos — ілім) — адам организміне әр түрлі дәрілік және биологиялық белсенді заттардың тигізетін әсерін зерттейтін, сондай-ақ дәрі-дәрмектің жаңа түрлерін іздеп табуды қарастыратын ғылым. Фармакологияда организмге дәрілік заттардың әсерін жануарларға әр түрлі әдістермен (мысалы, физиол., биохим., гистол., т.б.) жасалынған тәжірибелер негізінде анықтайды. Жалпы және жеке, медицина және ветеринар. Фармакология болып бөлінеді. Фармакология дәрілік заттардың денеге сіңуі, таралуы, органдар мен тіндерде жинақталуы, өзгеруі (фармокол. кинетика), олардың әсер етуіндегі биохим. механизмдер (фармокол. динамика), дәрілік препараттарды клиника жағдайында зерттеу (клиник. Фармакология), дәрілік заттардың сау және ауру организмге әсерін, биол. тасымалдануын, органдардан шығарылуын салыстырмалы түрде зерттеу (клиник.-кинетик. Фармокология) бағыттарында дамып келеді. Дәрілік заттар, олардың адам тәніне тигізетін ықпалы туралы деректерді жинақтау, топтастыру, бір жүйеге келтіру өте ерте заманнан қолға алынған. Мысалы, мысырлық папирус Эберстің (б.з.б. 17 ғ-да) еңбектерінде, Гиппократ шығармаларында 300-ге жуық дәрілік өсімдіктердің атаулары, олардан дәрі жасау тәсілдері, пайдалану туралы мәліметтер жазылған. Сондай-ақ Гален, Әбу Әли ибн Сина, Парацельс еңбектерінде де айтылған. Арабия, Қытай, Үндістан елдерінде ежелгі заманның өзінде-ақ дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланғаны белгілі. 19 ғасырдың ортасында эксперименттік Фармокологияның негізін Р.Бухгейм (Дерпт) салған.
Фармакологияның дамуына:
О.Шмидеберг
Г.Мейер
В.Штрауб
А.Кларк (Ұлыбритания)
К.Гейманс (Бельгия)
П.Тренделенбург
К.Шмидт (Германия)
А.Кешни
Д.Бове (Франция)
О.Леви (Австрия)
Фармокологияның қарқынды дамуының нәтижесінде әр түрлі жаңа препараттар, дәрі-дәрмектердің алынуы медицина салаларының дамуы мен қауіпті ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік берді. Мысалы, наркозға арналған жергілікті жансыздандыратын (кураре тәрізді, ганглио бөгегіштер, т.б.) дәрілердің пайда болуы әр түрлі ауыр хирург. операциялар жасауға жол ашты. Антибиотиктер мен сульфаниламидті дәрілік заттар бактериялық инфекцияларды, гормондық заттардың бөлініп алынуы эндокриндік ауруларды, химия-терапиялық дәрілік зат — сальварсан мерезді, т.б. қатерлі ауруларды емдеуге мүмкіндік берді. Ал қуық асты безінің гиперплазиясында қолданылатын 5 альфа редуктаза тежегіші жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромына шалдыққан ауруларды емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың ашылуы нәтижесінде пайда болды. Иммунды депрессивті дәрілік препараттардың табылуы органдарды ауыстыруға жол ашты. Фармакология фармацевтік химия (дәрілік заттардың химия құрамы мен химия қасиетін зерттейді) және фармакогнозия (өсімдіктер мен жануарлардан алынатын дәрілік шикізатты зерттейді), сондай-ақ токсикологиямен өте тығыз байланыста дамиды. Қазақстанда дәрілік өсімдіктер, минерал және малдан алынатын заттар әр түрлі ауруларды емдеу мақсатында ежелден қолданылып келеді. Қазақтар, ертеден дәрілік өсімдіктердің 200-ден аса түрін және олардың фармаколиялық әсерін білген, қымыз бен шұбатты (қ. Қымызбен емдеу) шипалы сусын ретінде пайдаланған. Фармакология саласындағы оқу және ғылым орт. (Қазақ ұлттық медицина университеті) құрамында Фармакология, фармацевтика және фармакогнозия кафедралары ашылды (1932). 1960 ж. ҚР ғылым академиясының Физиология ин-тында (қазіргі Адам және жануарлар физиологиясы ин-ты) Фармакология лабораториясы ашылды. Қазір Фармакологиялық зерттеулер Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, республикадағы барлық медициналық жоғары оқу орындарында жүргізіледі. Соңғы 10 жылда жаңа технологияны қолдана отырып, өсімдік шикізаттарынан алынған дәрілік заттар туберкулез, қатерлі ісік және қатерсіз ісік ауруларын емдеуде және клиник. Фармакологияның дамуына ықпалын тигізді. Қазақстан ғалымдарының ізденістері нәтижесінде жаңа дәрілік заттар: арглабин; цитопротекторлар: алхидин, рувимин, салсокалин, т.б. алынып, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ клиникалық тәжірибенің жаңа бағыты — эпидемиол. Фамакология, экономикалық Фармакологияның көп спектрлі формулярлы жүйесі енгізілді. Қазақстан Фармакологиясы саласында Р.С. Көзденбаева, Т.А. Арыстанова, медициналық ғылыми докторлары, профессорлар Қ.Д. Рахимов, М.Н. Мусин, Д.Д. Мұхамбетов, т.б. ғалымдар еңбек етуде.
7-Асептика және антисептика туралы түсінік және қолдану бағыттары
Патологиялық қҧбылыстарға механикалық әсер етудің ерекше әдістерін қолданып, ауруларды емдеудің жолын хирургиялық әдіс дейді.
Механикалық әсер ету арқылы ретімен жҥргізілетін кешенді хирур-гиялық операция деп атайды.
Хирургия екі тҥсінікпен тығыз байланысты.
1. Антисептика – жараны зарарсыздандырудың тәсілі, оның 4 тҥрін ажыратады: а) механикалық – алғашқы 1-3 тәулік ішінде жаңа жараны бірінші хирургиялық
ӛңдеу (кесіп тастау);
б) физикалық – жараны ауамен кептіру, резиналық тҥтікше немесе дәкеден
кішкентай кесінділер – дренаждар (тҥтікшелер) қолдана отырып, дәкемен таңу;
в) химиялық – операция алаңын, хирург қолының терісін, тігу материалын
химиялық заттармен зарарсыздандыру;
г) биологиялық – антибиотиктер, вакциналар, спецификалық қан сарысуларын
қолдану.
2. Асептика – жараға жақындасатын барлық заттарды физикалық жолдармен
зарарсыздандыру арқылы жараны асқынудан сақтандыру тәсілі: олар қайнату және жоғары қысыммен автоклавта буландыру арқылы жҥргізіледі.
Асептикалық-антисептикалық шараларды қолданудың реті:
7) операция жҥргізілетін бӛлмені ауа және тамшы арқылы берілетін инфекциядан сақтандыру;
8) хирургтің қолын операцияға дайындау;
9) жануарды операцияға және операция алаңын дайындау;
10) қҧралдарды стерильдеу;
11) таңуға арналған және тігу материалын, қолғапты стерильдеу;
12) жараны іріңдеуден сақтандыру (антибиотиктер қолдану).
Антисептикалық дәрілер түрлері.
Ветеринариялық практика жҥзінде, дәрілік заттар химиялық табиғатына, әсерлігіне және практикалық қолдануына байланысты мына топтарға бӛлінеді: дезинфекциялық және паразиттерге қарсы, тітіркендіргіш, жҧмсарт-қыш, ас қорытуды жақсартатын, іш жҥргізгіш, қақырық тҥсіретін, жҥрекке арналған, жалпы сергітетін, ҧйқы келтіретін, есеңгіреткіш, жансыздандыратын және т.б.
Микробтарға және паразиттерге қарсы дәрі-дәрмектер.Ауру қоздырушыларының табиғатына байланысты, микробқа және паразитке қарсы дәрілік заттар болып бӛлінеді. Паразиттерге қарсы қолданатын препараттарды антигельминттер (гельминттерге қарсы), аккарацидтер (кенелерді жояды), инсектицидтер (жәндіктерді жояды), химиотерапиялық (қарапайымдыларды жояды) деп бӛледі.
Микробтарға қарсы қолданатын дәрілік заттар бактериолитикалық (ӛлтіреді немесе микробтарды ерітеді), бактериостатикалық (әлсіретеді немесе микробтардың ӛсуін тежейді) болып бӛлінеді.
Организмнің ішінде микроорганизмдерді сол орнында жоюға арналған дәрі- дәрмектерді химиотерапиялық деп атайды, олардың белсенділігі жоғары, улы әсері тӛмен болып келеді.
Мҥшенің сыртқы бетіндегі микроорганизмдерді жергілікті орнында жоюға арналған дәрі-дәрмектерді антисептикалық деп атайды. Олар малдың организміне тҥскенде улы, бірақ жергілікті қолданған кезде әлсіз қоздырғыштық әсер кӛрсетеді.
Сыртқы ортадағы микроорганизмдерді жоюға арналған дәрі-дәрмектерді дезинфекциялық деп атайды. Бҧл дәрі-дәрмектер мал шаруашылық қораларын, топырақты, су кӛздерін, нәжістерді, қҧрал-саймандарды, малды кҥтуге пайдаланған қҧралдарды зарарсыздандыруға пайдаланылады.
Микробтарға қарсы қолданылатын заттардың әсер ету механизмі, олардың химиялық табиғатына байланысты болады.
Формальдегид тобының препараттары (формальдегид, формалин, лизоформ және т.б.) ылғалды ортада және 100С жоғарғы қызуда микробтарға қарсы жоғарғы әсерлілік кӛрсетеді. Әсер ету механізмі - ақзаттық қосындылардан оттегіні ажыратып алады және ақзатты ҧйытады. Микроорганизмдердің вегетативті және споралы тҥрлеріне, саңырауқҧлақтар мен вирустарға қарсы қолданған тиімділік кӛрсетеді. Олардың сулы ерітінділермен және аэрозольдермен қораларды, киімдерді параформалинді камераларда дезинфекциялайды.
Фенол тобының препараттары (фенол немесе карбол қышқылы, крезол, лизол, креолин, қарамай) майда жақсы ериді, хитинді қабат және микробтардың майлы липидті қабықшасы арқылы тез ӛтеді, сіңу, бӛлу процестерін бҧзады, белоктарды ҧйытады, фермент жҥйесін тежейді. Микробтарға қарсы әсерін кӛтеру ҥшін кҥкірт қышқылымен қосынды тҥрінде дайындайды: қышқыл-карбол қосындысы - кҥкіртқышқылының 1 бӛлігін фенолдың 3 бӛлігіне қосады, осы қосындының 5-10 % ерітінділері топалаң және басқа да спора тҥзетін ауруларда қолданылады. Фенол препараттарының барлығында жағымсыз иіс болады.
Хлор препараттары (гипохлорлы қаныққан хлорлы әк, хлорлы Б), қҧрамындағы белсенді хлор, қышқылды ортада сумен араласады да, белсенді оттегіні бӛле отырып, хлорлы сутекті қышқыл тҥзеді. Бӛлінген зат бактерицидтік қҧрамды. Спора тҥзетін ауруларда қолданған тиімділік кӛрсетеді. Сырланған заттарды, теріден, матадан, металлдан жасалған заттарды кҥйдіріп ойып жібереді.
Хлорлы сутекті (тҧзды) қышқыл, кҥкірт және сірке қышқылдары кӛбінесе дезинфекция ҥшін басқа заттармен қосынды тҥрінде қолданылады. 1-2 % тҧзды қышқылы 10 %-хлорид натрий ерітіндісімен пикеля қҧрамына кіреді, олармен топалаңмен ауырған жануарлар терісін ӛңдейді. Қосынды-лардың бактерицидтік әсері сутегі иондарымен байланысты болады. Қышқылдар торшалардан суды бӛліп алады, сілтіні байтараптайды, ақ затты ҧйытады.
Сілтілер (натрий гидрототығы (кҥйдіргіш натрий), калий гидрототығы (кҥйдіргіш калий), кальций гидрототығы (сӛндірілген әк), карбонатты натрий, калий карбонаты, натрий гидрокарбонаты, натрий тетрабораты (бура), магний окисі (кҥйдірілген магнезия) дезинфекциялау және емдеу ҥшін кеңінен қолданылады. Сілтілердің гидроксильді тобы майларды сабындандырып, қабатын ойып жеу арқылы микробтарға әсер етеді.
Оттегі бӛлетін заттар (сутегі асқын тотығы, калий перманганаты) белсенді атомарлық оттегісімен микробтарға әсер етіп, бактерицидті, бактериостатикалық, ашуға қарсы, шіруге қарсы әсер кӛрсетеді. Оларды жараларды, ойық жараларды, кҥйікті емдеуге қолданады. Фосфор, морфиимен улану кезінде уды қайтару ҥшін ішеді; сыртқа – жылан, улы жәндіктер шаққан жағдайда жағады.
Тотықтырғыштар. Тәжірибе жҥзінде хлор (хлорлы су), йод (спирт ерітіндісіндегі) препараттары қолданылады. Йод препарттары қабыну қҧбылысының тартылуын тездетеді.
Антибиотиктер –саңырауқҧлақтармен және басқа да организмдермен микробтарға қарсы ӛндірілетін заттар және микроорганизмдердің тіршілік ӛміріне кедергі келтіреді. Антибиотиктер фермент жҥйесін тежейді, клетка мембранасының ӛткізу қабілеттілігін ӛзгертеді, тыныс алуын бҧзады, ӛсуіне және кӛбеюіне кедергі жасайды, бірте-бірте ӛлуіне душар етеді. Сонымен қатар мҥшелер мен жҥйе функцияларының белсенділігін арттырады, қорғаныс функциясын, иммунитетін, зат алмасуды кҥшейте отырып, организмге жалпы әсерін тигізеді.
Антибиотиктердің ерекшеліктері – сол немесе басқа микроорганизмдерге және олардың топтарына таңдаулы әсер етуі. Пенициллин грамм ӛңдеуге (коктар, пастереллалар), стрепотмицин-гарамондарға және туберкулез таяқшасына, левомицитин ішек таяқшалар тобына, сальмонеллаларға әсерлі (граммтеріс), рикетсияларға, вирустарға әсерлі. Эритромицин, олеандомицин-граммоидтарға, тетракциклин, ципрофлоксин – ауқымды спекторлы. Нистатин, гризеофульвин – саңырауқҧлақтарға әсерлі.
Антибиотик терапиясының тиімділігін арттыру ҥшін емдеуді ерте бастап, жоғарғы дозаларды қолданған және емнің толық курсын ҧстаған жӛн. Бҧл жағдайларды сақтамаған кҥнде микроорганизмдердің тҧрақты тҥрі дамиды.
Сульфаниламид препарттары (стрептоцид, норсульфазол, сульфадемизин, сульфацил, фталазол, этазол) – сульфанил қышқылының ӛнімдері бактериостатикалық қҧрамды фермент жҥйесін тежейді, параминді бензой қышқылының сіңуіне кедергі жасайды. Ескертетін жағдайдың бірі, сульфаниламидтердің еруі әртҥрлі, сондықтан да біреулерін (стрептоцидпен норсульфазолды) организмге сіңіру ҥшін қолданылады, басқалары (фталазол) ішекте сіңбейді және оларды ішек ауруларында қолданады, ҥшіншілері сульфадиметоксин пролонгиялық әсерлі болып келеді.
Нитрофуран ӛндірушілері (фурацилин, фуразолидин, фурадонин, фуразол) бактерицидті саңырауқҧлақтарға және вирустарға қарсы әсерлі, ашуды, іріңді-сасық процестерді болдырмайды. Оларды ішуге, сыртқа, кейде тамыр арқылы қолданады. Олар микробтардың тотығу-қалыптасу процестерін бҧзады және оларды ӛлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |