Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



Pdf көрінісі
бет16/16
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7250
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
БРАНА
 – орналасқан кеңестіктің бір 
қалыптылығы небәрі азырақ  гипотетикалық 
көп шамалы физикалық нысан. 
ГАЛАКТИКА 
– жұлдыздар және жұлдыздар 
шоғырынан, жұлдыздар арасындағы 
газ бен шан және қара заттан тұратын 
гравитациялық байланысты жүйе. 
ГРАНТ
 –  ғылыми, зерттеу және олардың 
өзектілігіне қарай өзге жұмыстар жүргізу 
үшін  арнайы қордан берілетін ақшалай 
жәрдемақы, стипендия.
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ
 (географиялық 
ақпараттық жүйе, ГАЖ) – кеңістіктік 
(географиялық) деректерді және қажетті 
нысандар туралы онымен байланысты 
ақпаратты жинау, сақтау, талдау және 
графикалық көру жүйесі.
ГЕОМОРФОЛО́ ГИЯ
 – географикалық 
таратудың бедері, сыртқы бейнесі, шыққан 
тегі,  даму тарихы, заманауи қарқыны және 
заңнамалары туралы ғылым. 
ТҮРЛЕНДІРУ
 – экономикалық тәуекелдерді 
төмендету мақсатында салымдардың әр 
түрлі нысандары арасында капиталды бөліп 
салу.
ДЖЕТ
 –газағыны.
ЖУРНАЛДЫҢ ИМПАКТ-ФАКТОРЫ
 – екі 
өткен жылда осы журналда жарияланған 
мақалаларға, осы кезеңде журналда 
жарияланған мақалар санына қарай,  
ағымдағы жылы журналмен алынған 
сілтемелердің жалпы көлемінің қатынасы.
ЦИТАТА БЕРУ ИНДЕКСІ
– осы 
жариялымдардың мақала жанындағы 
тізімдерде көрсетілген және осы 
сілтемелердің сандық көрсеткіштерін 
ұсынатын ғылыми жариялымдардың 
реферативтік деректер қоры.
ЦИТАТА КЕЛТІРУ ИНДЕКСІ
 – басқа 
ғалымдар мен мамандардың ғылыми 
жариялымдарында белгілі уақыт аралығында 
осы автордың немесе ұжымның еңбегіне 
сілтемелер саны. Қандай да бір ғалымның 
немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегінің 
маңыздылық шамасы.
ИНДУСТРИАЛДЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ДАМУ
 – шикізатты бағытталудан бас 
тартуға көмектесетін экономика салаларын 
түрлендіру арқылы тұрақты дамуға жету, ұзақ 
мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық 
экономикаға ауысу үшін жағдайды жасау. 
ИННОВАТИКА
 – ғылыми жетістіктерді 
инновацияларға қайта құру үдерістерімен 
басқару ғылымы. 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
 – идеяларды 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
115
жаңа немесе нарықта енгізілген 
жетілдірілген өнімге ауыстырумен 
байланысты қызмет түрі.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
 – инновациялық 
жобаларды іске асыру және инновациялық 
әлеуетті дамытудың жиынтық үдерісі. 
ИННОВАЦИЯ
 – жаңа немесе жетілдірілген 
өндірістер, технологиялар, тауарлар, 
жұмыстар және қызметтер түрінде 
практикалық іске асыруды алған жеке 
және (немесе) заңды тұлғалардың қызмет 
нәтижесі. 
МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ
 
– мемлекеттің ақпараттық ресурстарының 
сақталуы және ақпараттық ортадағы 
қоғамның және жеке тұлғаның заңды 
құқықтарының қорғалу жағдайы .
АҚПАРАТТЫҚ ІЗДЕУ
 – алдын ала берілген 
ақпарат белгілерімен белгіленген ақпартты 
табу, іріктеу және беру үдерісі.
АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР
 –  дұрыс ақпаратты 
тиімді алу үшін ұйымдастырылған деректер 
жиынтығы (МЕМСТ 7.0 – 99). 
ЖАСАНДЫ ЗЕРДЕ
 - 1) зияткерлік 
машиналарды, әсіресе, зияткерлік 
компьютерлік бағдарламаларды жасау 
технологиясы және ғылым; 2) адамның 
ерекше құқы деп дәстүрлі есептелетін 
зияткерлік жүйелердің шығармашылық 
функцияларын орындау қасиеті.
КОНВЕРГЕНЦИЯ
-  (лат. convergo — бір 
нүктеде қосылу, жақындау) — қосылған 
тараптарда ұқсас белгілер пайда болуын 
білдіретін жанасу үдерісі.
КЛАСТЕР
 (жұлдызды кластер) - гравитация 
күшімен бір бірімен байланысты жұлдыздар 
тобы. Жаһандық кластер - бірнеше 
галактикадан тұратын суперқұрылым.
КОЛЛАПСГРАВИТАЦИЯЛЫҚ
 - салмақты 
денені гравитациялық қысу үдерісі. 
МЕЗОСФЕРАЛЫҚ БҰЛТТАР
 – мезосферада 
Жер үстінен 80-85 км биіктігінде пайда 
болатын және қарайған кезде көрінетін түнгі 
жарық беретін бұлттар. 
НАНОКОМПОЗИТТЕР 
– толықтырғыш 
ретінде нанобөлшектері бар заттар, немесе 
жұқа қабыршағымен нанобөлшектер. 
Нанокомпозиттердің көбінде материалы 
күйіктас пен металдар негізінде жасалғанына 
қарамастан полимерлік матрицасы бар. 
НАНОҚҰРЫЛЫМДАНДЫРЫЛҒАН
 
МАТЕРИАЛДАР ДЕП 
«бір өлшемде ең 
болмаса біреуінде нанометрлік өлшемі 
бар физикалық немесе химиялық көрінетін 
құрамдастары бар» материалды есептейді. 
Белгілі өлшеммен функционалдық 
байланыстары бар нанобөлшектер 
жиынтығы (кластерлер, квант нүктелері) 
наноқұрылымды құрайды. 
НАУКОМЕТРИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
 – 
сандық түрде ғылым қызметінің әр түрлі 
аспектілерін ұсынатын жарияланған 
материалдардан (әсіресе, мерзімділік 
әдебиеттен, және қолданбалы зерттеулер 
жағдайында – патенттерден) алынған 
деректерге негізделетін сандық 
көрсеткіштер. 
НАУКОМЕТРИЯ
 – ғылыми ақпарат 
құрылымын, массивтер динамикасын және 
ағындарын статистикалық зерттеумен 
айналысатын ғылымтану саласы.
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР 
– 
ғылыми-техникалық ақпарат, патенттер
лицензиялар, стандарттау, метрология мен 
сапаны бақылау, ғылыми-техникалық кеңес 
беру, енгізу саласындағы қызмет, сондай-
ақ ғылыми білімдерді алуға, таратуға және 
қолдануға көмектесетін оның басқа түрлері. 
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ӘУЛЕТ
 – ғылыми-
техникалық мәселелерді шешу үшін 
қоғам, мемлекет иеленетін ғылымды, 
мүмкіндіктерді және ресурстарды дамыту 
деңгейінің кешенді сипаттамасы.
АЛҒАШҚЫ НУКЛЕОСИНТЕЗ
 – Үлкен 
Жарылыстың стандартты моделінде 
литийден ауыр емес элементтерді құру. 
ТӘЖІРИБЕЛІК
-құрылымдық жұмыстар – 
өнімді жасағанда немесе жаңартқанда 
орындайтын жұмыстар кешені,  
конструкторлық және технологиялық 
құжаттаманы тәжірибелік үлгілерге әзірлеу, 
тәжірибелік үлгілерді және пайдалы 
модельдерді әзірлеу және сынау.

116
ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
РЕКРЕАЦИЯ 
– қалыпты көңіл күйін және 
шаршаған, бірақ дені сау адамның 
жұмысқа қабілеттігін қайта қалпына келтіру 
мақсатында жүзеге асырылатын сауықтыру 
іс-шараларының кешені.
РЕОЛОГИЯ
 (грекия. ρέος, «ағын» және-логия) 
– заттың өзгеруі мен ағылуын зерттейтін 
физика тарауы.
РЕСВЕРАТРОЛ
 – бактериялар немесе 
саңырақұлақтар сияқты паразиттерге 
қарсы қорғау реакциясы ретінде кейбір 
өсімдіктермен өндірілетін табиғи 
фитоалексин.
СУПЕРСАЛМАҚТЫ ҚАРА САҢЫЛАУ
 – 
галактиканың ең ортасында орналасқан 
және миллиондар кейбір кезде миллиард 
Күн салмағынан тұратын нысан.
ТЕРАЭЛЕКТРОНВОЛЬТ
 –  электронвольт.
Фазалық ауысу (фазалық айналу) –
сыртқы шарттар өзгерген кезде бір 
жылудинамикалық фазаның екінші фазасына 
заттың ауысуы .
ЭКЗОПЛАНЕТА
–Күн жүйесі шегінен тыс 
жұлдыз маңында айналатын күннен тыс 
планета.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет