«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ


V ТАРАУ.  ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
ТАРАУ.

 ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ

КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ.

Қазақстан  тәуелсіздік  алғалы  бері  20  жыл  өтті.  Өткен 

жолымызды  ой  елегінен  өткізсек  көптеген  сұрақтардың 

қойылысы  өткір  бола  түседі  және  экономика  тарихы, 

экономикалық  ой-толғамдардың  тарихы  саласындағы 

зерттеулерге қызығушылық артады. Бұл орайда Қазақстан 

және  Орта  Азия  халықтарын  патшалық  Ресейдің  отарлық 

езгісінен  азат  ету,  идеясын  бүкіл  жан-тәнімен  қабылдаған 

қазақ  зиялыларының  алғашқы  легі  сапындағы  толқыны 

көрнекті  мемлекет  қайраткерлерінің  мұраларын  оқып-

үйренудің маңызы зор.

Қазақстанда  мемлекеттік  ауқымдағы  тұлғалар  пробле-

матикасы  көптен  бері-ақ  қаралып  келеді.  Ғалымдардың, 

публицисттердің 19-20 ғасырлардың тоғысында Қазақстанда 

білім беру, ғылым, мәдениет негіздерінің қалыптасуы мен 

дамуына үлкен үлес қосқан Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, 

А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышпа-

ев сияқты және басқа да аса көрнекті адамдарға арналған 

еңбектері  бар.  Қазақ  халқының  талантты  ұлдарының 

қатарында мемлекеттік қайраткер, тарихшы, экономист, пу-

блицист – Тұрар Рысқұловтың тұлғасы ерекше көзге түседі. 

Қазақстанның  экономикалық  ғылымында  ХХ  ғасырдың 

бас кезіндегі қазақ зиялылары өкілдерінің еңбектерін зерт-

теу  ыңғайында  алғанда  экономика  тарихы  мәселелерінің 

жеткілікті  жазып  көрсетілмеуі  қазіргі  қоғамның  даму-

ын  ғылыми  қамтамасыз  ету  проблемасын  ашық  күйінде 

қалдырады.

Т. Рысқұловтың ТКП Мұсылман бюросының төрағасы 

қызметіндегі  мемлекеттік  қызметі,  оның  Орталық  Азия 

республикаларының  экономикалық  одағын,  Иран  респу-



230

бликасымен  Кеден  одағын  құрудағы  рөлі,  Моңғолияда 

Коминтерннің  желісі  бойынша  атқарған  жұмысы, 

Моңғолияның  тұңғыш  Конституциясын  талдап-жасауға 

белсене қатысуы ашып көрсетіледі. Т. Рысқұловтың РКФСР 

Халкомкеңесі төрағасының орынбасары қызметіндегі рөлі 

баяндалады. Т. Рысқұловқа көп жағдайларда шаруашылық 

мәселелерін  шешуге  тура  келді,  бұл  әсіресе  І-ІІ 

бесжылдықтардың  құрылыстарымен  байланысты  болды. 

Біздің  даңқты  жерлесіміздің  Түрксібті  салудағы  сіңірген 

еңбегі  зор,  өйткені  ол  құрылыс  жөніндегі  комитетті 

басқарды. Кітапта Т. Рысқұловтың экономикалық мұралары 

мен азаматтық позициясы егжей-тегжейлі баяндалып, ашып 

көрсетіледі, ол туралы оның замандастарының, сондай-ақ 

зерттеуші-ғалымдардың айтқан пікірлері келтіріледі.

Т.  Рысқұлов  азап  пен  қиыншылыққа  толы  күрделі, 

бірақ  сонымен  бірге  жарқын  да  өмір  сүрді.  Оның  самғау 

шақтары мен қанатынан қайырылған кездері болды, бірақ 

ол әрдайым өз қалпынан айнымай, сонау жастық шағынан 

алға  қойған  –  өз  халқына  қызмет  етсем  деген  мақсатына 

адал болды.

Тұрар  Рысқұловтың  жеке  тұлғасы  туралы  айтқанда 

оның кедей шаруаның отбасында дүниеге келгенін, балалық 

шағынан  бастап  жоқшылық  зардабын  тартқанын,  анасы-

нан тым ерте айрылғанын және жасөспірім шағында әкесіз 

қалғанын атап өту қажет. Әкесі өзіне қиянат жасаған болы-

сты өлтіргені үшін каторгаға айдалған. Бұл жәйт ұлы жазушы 

Мұхтар Әуезовтің шығармасы бойынша түсірілген «Қараш-

Қараш»  фильмінен  белгілі.  Тұрардың  өмірінде  оны  туған 

жерінен басқа жаққа алып кеткен немере ағасы үлкен рөл 

атқарды.  Бірақ  кішкентай  Тұрарды  әрдайым  білімге  деген 

құштарлық ерекшелейтін. Революцияға дейін-ақ ол Ташкент 

мұғалімдер институтына оқуға түседі. Жергілікті отаршыл 

биліктің  жасап-баққан  барлық  кедергілеріне  қарамастан, 

Оған  Петербургтен  Оқу  министрлігінің  рұқсаты  бойынша 


 231

оқуға мүмкіндік берді. Оның бойында әділеттілік көздеген 

және  адамның  ар-намысын  қорлауды  жеккөрушілік  сезімі 

ерте оянғанын атап көрсету керек.

Жарты  ғасыр  бойы  патша  өкіметі  аяусыз  езіп-

жаныштаған жергілікті тұрғылықты халықтың бойында, – 

деп жазады Т. Рысқұлов, – бірте-бірте осы билікке деген ашу-

ыза  мен  жеккөрушілік  қордаланды.  Саяси-мәдени  қысым 

ғана емес, күнелтудің өзі қиын болған кезде экономикалық 

қанаушылықтың  қаншалықты  екендігі  сезілді.  Одан  әрі 

Т.  Рысқұлов  былайша  түсіндіреді:  «Егер  бұған  жергілікті 

халықтың  шыдам-төзімін  тауысқан  патшалық  және 

жергілікті әкімшіліктердің шексіз басынушылығын қоссақ, 

онда  1916  жылғы  оқиғалардың  неден  шыққаны  және 

олардың кейбір жерлерде неліктен кескілескен сипат алып, 

жергілікті  бұқараның  ашу-ызасы  тек  оқиғаға  кінәлілерге 

ғана  емес,  өлкеде  күштеп  қоныстандырылған  бұқара 

шаруаларға да қарсы бағытталғаны түсінікті болады»

590



Т. Рысқұлов 1916 жылғы көтеріліске белсене қатысады.  



Нақ  сол  1916  жылы  ол  оқиғалардан  алғаш  тағлым  алып 

(ол  туралы  кейінірек  өзінің  «Орта  Азия    тұрғылықты 

халықтарының  1916  жылғы  көтерілісі»  деген  кітабында 

жазды), әділеттілік жолындағы күрескер ретінде шыңдалып, 

толысты. Мұнда Т. Рысқұлов өзін, егер керек болса, барша-

мен  бірге  көшеге  де,  саяси  демонстрацияға  да  шығудан, 

ал  егер  қажет  болса,  баррикадаға  да  тұрудан  тайсалмай-

тын қалың бұқараның жетекшісі ретінде көрсетеді. Ақпан, 

қазан  революциясына  қарай  ол  тәжірибелі  революцио-

нер  болып  қалыптасып  үлгерді.  1917  жылы  ол  «Қырғыз 

(қазақ)  жастарының  революциялық  одағын»  құрады

591


  

оның мүшелері Уақытша үкіметтің жергілікті аппаратының 

отаршылдық  саясаты  мен  оларды  қолдаушы  байлар  мен 

кулактарға қарсы күресуді өздерінің міндеті етіп белгілейді. 

Уақытша  буржуазиялық  үкімет  билігі  диктатурасы 

жағдайында Меркі селосында тұрғылықты халықтан рево-



232

люцияшыл жастардың ерікті одағын құру оның саяси және 

ұйымдастырушылық қабілетін танытады.

1917-1920  жылдар  –  Т.  Рысқұловтың  кеңес  өкіметінің 

белсенді  жақтаушысы  ретінде  қалыптасу  жылдары:  ол 

РСДРП мүшесі болады (қыркүйек, 1917 ж.), және қазақтың 

қалың  ортасында  қауырт  жұмыс  жүргізеді,  кеңестердің 

жұмысын басқарады, қазақ депутаттарының бірінші уездік 

съезін  өткізеді,  Түркістан  Республикасы  Кеңестерінің  ІV 

төтенше  съезінде  ОАК  құрамына  сайланады.  1918  жылы 

қазанда  –  Түркістан  Республикасының  денсаулық  сақтау 

комиссары,  қарашада  –  Түркістан  АКСР-індегі  аштықпен 

күрес  жөніндегі  төтенше  комиссияның  төрағасы  болып 

тағайындалды. 1919 жылы наурызда Т. Рысқұлов Түркістан 

Коммунистік  партиясы  Мұсылман  бюросының  төрағасы 

және мүшесі болып сайланады.

Осы қызметтердің барлығында Т. Рысқұлов өзінің күш-

жігерін  толық  жұмсай  отырып  жұмыс  істеді.  Құжаттар 

айғақтайды, аштықпен күрес жөніндегі комиссия төрағасы 

Т. Рысқұлов: «дұрыс көзқарас ұстанды және  ашыққан бала-

ларды балалар жетімханалары мен колониялар ұйымдастыру 

арқылы құтқаруды бірінші кезекке қойды»

592



Сөйтіп  кеңес  құрылысының  түрлі  учаскелеріне  қатысу 



және  белсенді  жұмыс  істеу  Т.  Рысқұловты  тек  Түркістан 

Республикасы  үшін  ғана  емес,  қалыптасқан  біртұтас 

федерациялық мемлекет үшін де басшы, мемлекет қайраткері 

ретінде қалыптастырды.

Т.Рысқұловтың  мемлекеттік  қызметі  –  оның  өмірінің 

аз  зерттелген  қызғылықты  беттерінің  бірі  болып  табыла-

ды.  Ол  бұл  қызметте  жаңа  экономикалық  саясат  негізінде 

өлкені экономикалық қайта түлету шараларын, қалыптасқан 

дәстүрлер  мен  әдет-ғұрыптарды  ескере  отырып,  мәдениет 

пен тұрмысты қайта құруды тез, әрі тиімді жүзеге асырды. 

Түркістан үкіметін басқара жүріп ол көп нәрсеге қол жеткізе 

алды:  жергілікті  халық  арасында  мәдени-ағартушылық 



 233

жұмыстары  жүргізілді,  диқандарға  көмекке  астық  (12,5 

млн.  пұт),  мал  (20  мың  бас)  бөлінді,  жер-су  және  салық 

реформалары  жүргізілді.  Соның  нәтижесінде  қыстақтар 

тұрғындарының  кедей-орташа  бөлігі  экономикалық 

жағынан нығая бастады.

Жаңа  экономикалық  саясатқа  көшуге  байланысты 

ұлттық  мәселе  РКП  (б)  ХІІ  съезінің  күн  тәртібіне  қайта 

қойылды. Т. Рысқұловтың съезде ұлттық мәселе бойынша 

сөйлеген  сөзі  мәселенің  қойылысының  тереңдігімен  таң 

қалдырады.  Т.  Рысқұлов  Түркістан,  Бұқара  және  Хорезм 

кеңестік  республикалары  сияқты  көпұлтты  өңірде  партия 

мен кеңес мемлекетінің ұлттық саясатын жүргізуде бай ма-

териал  мен  тәжірибеге  ие  екендігін  көрсетті.  Т.  Рысқұлов 

көреген  саясаткер  және  тәжірибелі  басшы  ретінде  ұлттық 

мәселенің шешуін экономикалық проблемаларды шешумен

яки  күнделікті  шаруашылық  және  кеңестік  құрылыспен 

байланыстырады.

Жаңа экономикалық саясат жағдайында, Т. Рысқұловтың 

пікірінше, ұлттық мәселе өткір сипат алды, ол мешеу қалған 

ұлттық шеткері аймақтарда сауда-өсімқорлық капиталының 

дамуымен  байланысты,  бұл  өз  кезегінде  феодалдық 

қатынастардың  қайта  қалпына  келтірілуі  ықтималдығын 

туғызды


593

Т. Рысқұлов бұрынғы шет аймақ болған көптеген респу-



бликаларда  өнеркәсіп  пролетариаты  жоқ  екендігіне  және 

артта қалған көпшілік бұқара шаруалардан тұратынына на-

зар аударады. Сондықтан да ол өндіріс құрал-жабдықтарын 

шикізат  көздеріне  қарай  ауыстыруды  жақтайды.  «Біз 

теориялық  тұрғыда  былай  дейміз,  –  деп  атап  көрсетті 

ол,  –  царизмнің  кеңес  өкіметінен  айырмашылығы  царизм 

тұсында  патшалық  капитал,  атап  айтқанда  орталықтың 

тоқыма  өнеркәсібі  шет  аймақтарды  басты  шикізат  көзіне 

айналдырды  және  жергілікті  өнеркәсіптің  дамуына 


234

мүмкіндік бермеді, қайта керісінше, барлық жағынан артта 

қалушылығын қолдады»

594


Осыған  байланысты  Тұрар  Рысқұлов  экономикалық 

аудандастыру  туралы  мәселе  қояды,  яки  экономикалық 

аудандастыру  нақты  айтқанда  өнеркәсіп  орталықтарына 

тиісті  ауылдық  мекендерді  және  жалпы  алғанда  ауыл 

шаруашылығын  құруды,  сондай-ақ  бекітіп  қоюды  мақсат 

етеді,  және  де  бұл  жағдайды  өндіріс  құрал-жабдықтарын 

жергілікті жерлерге ауыстыру, нақ осы экономикалық аудан-

дастыру принциптеріне сай келеді. Бұл шараны іске асырған 

кезде,  бір  жағынан,  пролетарлық  база  құрылады,  екінші 

жағынан, осы шет аймақтардан өндірілетін шикізатты өңдеу 

де жеңілдейді, және үшіншіден,  қаланың деревнямен байла-

нысы нығаяды. Осының бәрін ол Түркістанның әлеуметтік-

экономикалық дамуын талдаумен көңілге қонарлықтай етіп 

негіздейді.

Т.Рысқұлов  Түркістандағы  шаруалардың  жағдайын 

экономикалық  жағынан  бағалай  отырып,  өлкедегі  ауыл 

тұрғындарының  шаруашылық  жүргізу  жағдайлары  жер 

үлестіріп  беруді  және  суармалық  суға  қол  жеткізуді  талап 

ететіндігі  жөнінде  тұжырым  жасайды.  Орта  Азияда  суар-

малы егіншілік дамыған болатын. Т. Рысқұловтың тікелей 

қатысуымен Орта Азия ауыл шаруашылық банкі құрылды. 

Түркістан АКСР-і, Бұқара және Хорезм халықтық кеңестік 

республикалары  оған  тепе-теңдік  негізінде  қатысты.  Банк     

басқармасы  –  Ташкентте,  оның  бөлімшелері  Бұқара  мен 

Хиуада  орналасты.  Банктің  басты  міндеті  –  кредиттік  ко-

операцияны  ұйымдастыру  мен  ауылшаруашылығын  да-

мытуда  диқандарға  көмектесу  болды

595

.  Несие  негізінен 



мақта шаруашылығы мен мал өсіретін шаруашылықтарды 

қалпына келтіруге берілді. Бұл мәселелердің барлығы біздің 

қазіргі уақытпен үндес жатыр.

Ол  өндіріс  құрал-жабдықтарын  шикізат  көздері 

орналасқан  жерлерге  ауыстыруға  шақырды,  бұл 

экономикалық аудандастыру принциптеріне сәйкеседі.



 235

Т.  Рысқұлов  назар  аударған  басты  мәселелердің  бірі  – 

қаржы мәселесі болды. Ол қаржы мәселесін шешпейінше, 

басқа  міндеттерді  орындау  мүмкін  еместігін  айтты.  Ақша 

қаражатын  Орталықтан  күтуге  болмайды,  Түркістан 

өзін  салық  түсімдерімен  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Бюджет 

тапшылығымен күресуге шақырды. Былай деп атап көрсетті: 

«кіріс қаражаттың үштен бірін жаппайды», - демек, қаржыны 

немесе  мемлекеттік  аппараттың  жартысын  қысқарту 

қажет. «Біздің кірістерімізді есепке алу мен қадағалау жоқ. 

Бұған  қарсы  шара  қабылдау  және  республиканың  барлық 

құндылықтарын есепке алу талап етіледі. Олар Орталықтың 

қарауында  қалып  отыр,  ал  соның  бір  бөлігін  Түркістанға 

беру  қажет.  Ішкі  займ  да  маңызды  мәселе»

596

.  Бұл  тезис 



біздің  бүгінгі  болмысымыз  жағдайында  да  көкейкесті  бо-

лып  көрінеді:  шығыстарды  қысқарту,  оларды  кірістермен 

сәйкес келтіру, республика мен өңірлердің бюджеттік өзара 

қатынасы


597

1923 жылы Т. Рысқұлов Я.Э. Рудзутакпен бірге Түркістан 



Республикасында  Иран  Республикасымен  Кеден  одағын 

құрды. 1923 жылы Түркістан, Бұқара, Хорезм республика-

лары арасында экономикалық одақ құрылды.

1924 жылдан Т. Рысқұловтың өмірі мен қызметінің жаңа 

кезеңі басталады, енді ол халықаралық деңгейге шығады, 

өйткені  Моңғолияға  жұмысқа  жіберіледі.  Коминтерннің  

өкілі болды. Онда болған кезінде саяси мәселелермен қоса 

(МХР-дің  тұңғыш  конституциясын  әзірлеуге  қатысады), 

елдің  экономикалық  проблемаларымен  де  айналысты. 

Қызықты бір мысал: 1925 жылы Т. Рысқұловтың белсенді 

қатысуымен  Моңғолияның  Қытаймен  дипломатиялық 

қатынасы жолға қойыла бастады, онда Моңғолия делегаци-

ясы құрамында Т. Рысқұлов «Қазақбай» деген фамилиямен 

қатысты.


Монғолиядағы ақша айналымы жағдайын талдай келіп, 

ұлттық  валютаның  енгізілуін  қолдайды.  Моңғолия  эко-



236

номикасын  зерттей  келіп,  тап  сол  уақыттары  бұл  ел  үшін 

мал  шаруашылығының  үлкен  маңызы  бар  екендігіне  көз 

жеткізеді, және де мал басын 100 млн. басқа дейін ұлғайтуға 

және  Ресеймен  ойдағыдай  сауда-саттық  жасасып,  Сібірді 

ет өнімдерімен қамтамасыз етуіне болады деген тұжырым 

жасайды.  Одан  әрі  сауданы,  транспортты  дамытуды  атап 

көрсетеді. Оның қызметінің бұл жағы жаңадан ой елегінен 

өткізуді қажет етеді. Ол біз қазір жаңа тәуелсіз мемлекеттердің 

экономикалық  ынтымақтастығын  бұрынғыдан  принципті 

түрде  өзгеше  негізде  қалыптастырып  жатқан  жағдайда 

өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.

Моңғолиядан қайтып оралған соң Т. Рысқұлов ауылдағы 

әлеуметтік-экономикалық  процесстер  туралы  пікір  сайы-

сына  белсене  қосылады.  Ол  оппоненттерінің  дәлелдерін, 

олардың күшті және әлсіз жақтарын, ережелердің даулы не-

месе жаңсақтығын ескерудің тамаша үлгісін көрсетті. Соны-

мен  бірге  құбылыстардың  мәніне  терең  бойлайтындығын, 

дәл баға беретінін, нақты материалды білетіндігін таныта-

ды.


1926  жылы  Т.  Рысқұлов  РКФСР  Халкомкеңесі 

төрағасының  орынбасары  болып  тағайындалады.  Ол 

Шығыс  халықтарының  үкіметтегі  бірден-бір  өкілі  болды. 

Кәсіпшілік  кооперациясы  мен  қолөнершілік  өнеркәсібі 

комитетінің  басшысы  (1932-1934  жж.),  коммуналдық 

шаруашылық  бас  басқармасының  бастығы  (1930-1931 

жж.),  Түрксіб  құрылысына  жәрдемдесу  комитетінің  бас-

шысы  (1927-1930  жж.)  болды.  1930-1934  жылдары  Ре-

сей  Федерациясының  Экспорттық  кеңесін  басқарады, 

неғұрлым  біліктілігі  жоғары  адам  ретінде  Т.  Рысқұловты 

КСРО  Халкомкеңесі  жанындағы  Тұрақты  мақта  кеңесінің 

төрағасы етіп бекітеді (1926-1930 жж.).

1927-1930  жылдар  –  Т.  Рысқұловтың  Орталық  Азия 

республикаларының  түрлі  ведомстволарының,  үкіметтері 



 237

мен жұртшылығының Түркістан-Сібір темір жолы құрылысы 

жөніндегі  жұмыстарын  үйлестірумен  айналысқан  қауырт 

жұмыстар кезеңі болды. Т. Рысқұлов басқарған Жәрдемдесу 

комитеті іс жүзінде осынау алып құрылыстың нағыз штабы-

на айналды.

Түркістан-Сібір  темір  жолы  Сібірді  Орталық  Азия-

мен  жалғастырып,  соңғысын  жақын  аудандардан  (Сібір, 

Қазақстан және Қырғызстан) арзан астықпен жабдықтауды 

қамтамасыз етеді, сөйтіп біздің мақта-мата өнеркәсібіміздің 

негізгі шикізат базасы болып табылатын Орта Азияда мақта 

шаруашылығын  дамытуға  шешуші  ықпал  етеді.  Өз  мақта 

шаруашылығымызды  дамыту,  деп  жазады  Т.  Рысқұлов, 

Кеңес  Одағын  шетелден  мақта  сатып  алу  қажеттігінен 

құтқарады,  оған  жыл  сайын  жүздеген  миллион  рубль-

ден  астам  валюта  жұмсалады  және  де  қазір  Орта  Азияға 

Солтүстік  Қазақстаннан,  Украина  мен  Поволжьеден 

жеткізілетін астықтың, едәуір бөлігін экспортқа бағыттауға 

мүмкіндік береді. Бұл шара біздің сыртқы саудамыздың ба-

лансы  белсенділігін  арттырып,  фабрикалар  мен  зауыттар 

үшін шетелден жабдықтар әкелуді кеңейту арқылы елімізді 

индустрияландыруды  күшейтуге  жәрдемдеседі.  Тоқыма 

өнеркәсібін өз шикізатымызбен қамтамасыз ету, өз тоқыма 

бұйымдарымызды жеткілікті өндіру және оларды арзандату 

– тауар айналымы мен қаланың деревнямен жақындасуының 

негізгі мәселелері, міне, осылар

598



Ғылыми-техникалық  мәселелерді  талқылауға  көптеген 



ірі ғалымдар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт ма-

мандары  тартылды.  Осының  бәрі  Жәрдемдесу  комитетіне 

ғылыми-техникалық мәселелерді құзырлы, істің байыбына 

бара отырып және тиісті деңгейде шешуге мүмкіндік береді.

РКФСР  ХКК  жанындағы  Түркістан-Сібір  темір  жолы 

құрылысына  жәрдемдесу  комитетінің  алдында  тұрған 

міндеттердің бірі – салынып жатқан магистральға жанаса-

тын аудандарды шаруашылық жағынан дамыту, шараларын 



238

талдап  жасау  және  оларды  бесжылдық  жоспарда  көрсету 

болатын.  Комитет  осы  мақсатта  бұл  аудандарды  кешенді 

ғылыми  зерттеуді  жоспарлау,  түрлі  ғылыми  мекемелердің, 

экспедициялардың  күшін  біріктіру  мен  бағыттау,  олар-

ды  қаржыландыру  жөнінде  орасан  жұмыс  жүргізді.  Бұл 

мәселелер комитет мәжілістерінде бірнеше рет қаралды.

Анағұрлым  ауқымдысы  Балқаш  көлін  кешенді  зерт-

теу  болды,  оның  аса  маңызды  нәтижесі  М.П.  Русаковтың 

экспедициясының Балқаш көлінің сол жақ жағалауында мыс 

рудасының  ірі  кен  орнын  ашуы  болып  табылады,  бұл  сол 

кездің өзінде-ақ Балқаш мыс балқыту зауытының құрылысы 

салынатындығын алдын-ала белгілеп берді.

Түрксібке жанасатын аудандарда астық шаруашылығын 

дамытуға, 

әсіресе 


Жетісу 

губернясында 

күріш 

шаруашылығына  зор  маңыз  берілді.  Бұл  Орта  Азияның 



мақталы аудандарында мақта егістігін ұлғайту мақсатымен 

дәнді дақылдар өсіруді қысқарта түсу проблемасымен тығыз 

байланысты  болды.  Тек  Жетісу  губерниясының  өзінде 

іздестіру нәтижесінде 600-ден 800 мың гектарға дейін дәнді-

дақылдар  себуге  жарамды  жерлер  табылды,  олардың  300 

мың гектарға дейінін (150 мың гектары күріш егуге) белгілі 

бір  суландыру  жұмыстарын  жүргізген,  құрылыстар,  су 

қоймаларын салған жағдайда сумен толық қамтамасыз ету 

мүмкіндігі  болды.  Жәрдемдесу  комитеті  бұл  мәселелерді 

бірнеше қайтара қарады, нәтижесінде 1929 жылғы 1 наурызда 

СТО Т. Рысқұловтың баяндамасы бойынша «Түркістан-Сібір 

темір  жолы  ауданында  кеңестік  күріш  шаруашылықтарын 

ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Іле және Қаратал 

өзендері ауданында күріш өсіретін совхоздар ұйымдастыру 

жөніндегі  зерттеу,  іздестіру,  тәжірибелік  жұмыстарға 

1929  жылы  300  мың  рубль  бөлінді.  Жәрдемдесу  комитеті 

Түрксібті  салудың  ең  басты  нәтижелерінің  бірі  жергілікті 

жерлерде Қазақстанның жұмысшы табының үлкен отрядын 



 239

құру, әсіресе құрылысшы-жұмысшылар мен пайдаланушы-

теміржолшылар кадрларын даярлау болу керек деп санады.

Басқа аудандардан жұмысшы күштерін әкелуге пайыздық 

шектеулер енгізілді. Жергілікті жұмысшы күштерін барын-

ша  пайдалануға  бағыт  ұсталынды,  тек  білікті  жұмысшы 

күштерінің жергілікті жерде жалдауға табылмайтын бөлігін 

ғана әкелуге рұқсат етілді.

Осылайша,  Қазақстанның  жұмысшы  табы  кадрларын, 

әсіресе  ұлттық  теміржолшы  кадрларын  қалыптастыруда 

Түрксібтің  рөлі  зор  болды.  Егер  1927-1934  жылдар 

аралығында теміржолшылардың жалпы саны 3,5 есе өссе, 

олардың ішінде қазақтар 14,6 есе көбейді.

Т.  Рысқұлов  Түркістан-Сібір  темір  жолы  құрылысына 

жәрдемдесу жөніндегі комитетті басқара жүріп, НКПС 1928 

жылы жол құрылысына 25 млн. емес, 40 млн. рубль бөлуін 

табанды  түрде  талап  етті.  Оның  күш  салуы  арқасында 

құрылысқа  169  млн.  рубль  бөлінді  және  басшылар  осы 

сомаға барлық жұмысты орындап, жолды мерзімінен 17 ай 

бұрын тапсырды

599



БОАК РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының 



орынбасары  Т.  Рысқұлов  басшылығымен  Түрксібтің  са-

лынуын  жоғары  бағалады,  бірінші  бесжылдықтың  осынау 

ғаламат құрылысын ойдағыдай аяқтап шығуда оның едәуір 

жұмыстар атқарғанын атап көрсетті.

Осы  орайда  Түрксіб  Қазақстанның  оңтүстік  ауданда-

рын Сібірмен жалғастырған алғашқы магистраль болғанын 

атап өту керек. Реті келгенде айта кетейік, ҚР Президенті 

Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 11 сәуірдегі Жарлығымен 

бекітілген  «Қазақстан  Республикасының  2015  жылға 

дейінгі Көлік стратегиясында»

600

 былай делінген: «Еуропа 



мен  Азияның  тоғысында  орналасуымен  Қазақстан  едәуір 

транзиттік әлеуетке ие болып отыр, азиялық елдерге Ресей-

мен және Еуропамен географиялық жағынан баламасыз жер 

бетінде көлік байланысын ұсынады».



240

Т.  Рысқұлов  Түрксібті  салған  кезде  бұл  жолдың 

біздің  еліміздің  экономикалық  дамуы  үшін  маңызын  ал-

дын-ала  болжай  білді.  Т.  Рысқұловтың  экономиканы 

интернационализациялаудағы  қосқан  үлесі  маңызды, 

оны  ЕурАзЭҚ-ты  дамытудың  қазіргі  тұжырымдамасы 

тұрғысынан алғанда жаңаша түсіндіруге болады.

Газет  былай  деп  жазады:  «Жуырда  ұйымдастырылған 

«Шығыс  киносы»  акционерлік  қоғамы  РКФСР  ХКК 

төрағасының  орынбасары  Т.  Рысқұловтың  төрағалық 

етуімен  «Түрксіб  құрылысы»  фильмін  шығаруға,  яғни 

Түрксіб  құрылыстың  жұмысын,  Қазақстанның  тұрмысын, 

еңбегі мен этнографиясын киноға түсіруге, және де, әрине, 

картинада  кеңес  үкіметін  Түрксібті  салуға  итермелеген 

себептерді  көрсетуге  шешім  қабылдады.  Картинаның 

тақырыбы  –  мақта  мәселесін,  дәлірек  айтқанда  тоқыма 

өнеркәсібінің мәселесін шешу проблемасы»

601


.  

Т.  Рысқұлов  Халкомкеңесі  төрағасының  орынбасары 

бола  жүріп,  көптеген  мәселелермен  айналысты:  өнеркәсіп 

кәсіпорындарын  үздіксіз  өндіріске  көшірумен  байланы-

сты  жұмыстарды  ұйымдастыру  және  басшылық  жасау 

жөніндегі  үкіметтік  арнаулы  комиссияны  басқарды

602



Бұл  өндіріс  тиімділігін  арттыру  мәселелерімен  байланы-



сты  болды.  (Бұл  материал  ғылыми  айналымға  алғаш  рет 

енгізіліп  отыр).  Өзінің  бүкіл  басшылық  қызметі  кезінде 

Т.  Рысқұлов  Қазақстан  мен  Ресей  экономикаларының 

ықпалдастық  үдерісіне  белсенді  түрде  жәрдемдесті.  Ол 

РКФСР Халкомкеңесінің 296 мәжілісіне қатысты, 34 рет Ре-

сей Федерациясы үкіметінің мәжілістерінде төрағалық етті

РКФСР Халкомкеңесінің 2070 қаулысына қол қойды. Ол бұл 

қаулыларды ыждағаттылықпен әзірледі және тексерді. Мы-

салы, 1926 жылы оның бастамасымен Оңтүстік Қазақстанда 

Ақсу-Жабағылы табиғи қорығын, 1931 жылы Қостанай об-

лысында Наурызым қорығын құру және 1935 жылы  Орал-

да  Ильмен  қорығын  қайта  құру  туралы  РКФСР  ХКК-нің 



 241

қаулысы шықты. Егер республикада көтерілген мәселелердің 

барлығы Мәскеуде бекітілгенін ескерсек, онда Т. Рысқұлов 

білім мен ғылымды дамытуға өте көп жәрдемдесті деп ой-

лаймыз. Айтар болсақ, оның кезінде институттар ашылды: 

Қазақ  педагогикалық  институты  (қазіргі  Абай  атындағы 

ҚазҰПУ),  зоотехникалық-мал  дәрігерлік  институты,  Таш-

кент,  Бішкектегі  пединституттар,  Түркістан  университеті 

(кейінгі САГУ, Ташкент қ.). Т. Рысқұлов сондай-ақ Мәскеу 

қаласында Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін 

(КУТВ)  ашуға  қатысты.  Ол  Мәскеу  мен  Ленинградтың 

шығыс-зерттеу  институттары  мен  оқу  орындарының 

қызметін  қадағалады.  МГУ  мен  басқа  да  университет-

терде  сөз  сөйледі.  Ол  І  және  ІІ  бесжылдықтың  барлық 

құрылыстарында болды,  ұзақ іс-сапарларда жүрді.

1932-1934  жылдары  РКФСР  ЭКОСО  жанындағы 

қолөнер өнеркәсібі мен кәсіпшілік кооперациясы комитетін 

басқарды.  Комитет  жергілікті  жерлерде  өзіндік  бір  мини-

фабрикалар,  зауыттар  құрды,  олар  еңбеккер  адамға,  оның 

отбасына,  пәтеріне,  үйіне  арнап  өнеркәсіп  тауарларының, 

сондай-ақ, азық-түлік тауарларының алуан түрін шығарды. 

Өнеркәсіп  тауарларынан,  мысалға  байпақ,  кітап  және 

киімге  арналған  шкафтар,  столдар,  орындықтар,  пештер, 

шымылдықтар,  ас  үйдің  керек-жарағы,  тамақ  өнімдерінен 

– пряниктер, печенье, тосап дайындалды. Кейбір артельдер 

құрылыс материалдарын (кірпіш, черепица) шығарумен ай-

налысты. Енді біреулерінде мүгедек жандар жұмыс істеді. 

Өнеркәсіп кооперациялары өз міндеттерін орындады, яғни 

2-бесжылдықтың  аяғына  қарай  көпшілік  тұтыну  заттарын 

шығаруды үш есе ұлғайтты

603

. Біз бұл мини-фабрикалар мен 



зауыттар  өзіндік  бір  шағын  кәсіпорындар  болды  деп  айта 

аламыз, яғни бүгінгіше айтқанда олар шағын және орта биз-

нес құрылымдары болды. Кәсіпшілік кооперациясы Кеңес 

Одағының  сыртқы-экономикалық  байланыстарында    өз 

рөлін атқарды, экспортқа арнап аң терісін, ағаш және басқа 


242

да экспорттық тауарлар жеткізіп тұрды, оларды дайындауда 

кәсіпшілік кооперациясы белсенді рөл атқарды.

1930-1934 жылдары Т. Рысқұлов Ресей Федерациясының 

Экспорттық кеңесін басқарды. Т. Рысқұловтың ұсынысы бой-

ынша 1933 жылы экспортқа жұмыс істеген кәсіпорындарды 

мамандандыру жүргізілді (бүгінгіше айтқанда – бұл бәсекеге 

қабілеттілік). Ол шетелге өткізу үшін аң терісін, зығыр және 

ағаш материалдарын дайындауға ерекше назар аударды.  Ол 

өнімдердің сапасына үлкен көңіл аударды және былай деп 

жазды: «Жоспарды бір ғана сандық жағынан орындап қою 

жеткіліксіз, кей реттерде барлығын сапа шешеді, ал бір ғана 

сандық  көрсеткіштерді  қуалап  кету  нәтижесінде  қажетті 

валюталық тиімділік бермейді. Қазір фин тәжірибесі осын-

дай»

604


РКФСР  Халкомкеңесі  төрағасының  орынбасары 

қызметінде  шаруасы  аса  қауырт  адам  бола  тұра,  ол  туған 

Қазақстаны  туралы  көп  ойланып-толғанады,  туған-

туыстарынан  хаттар  алады,  аштық  туралы,  қазақтардың 

қоныс аударып кетуі туралы естиді.

Т. Рысқұлов Қазақстанда Ф.И. Голощекиннің басқаруымен 

жүргізілген жаппай коллективтендірудің тұрғылықты халық 

үшін сұмдық, қайғылы нәтижелеріне жаны қатты күйзеліп, 

И.В. Сталин мен оның айналасындағыларды бағытты өзгерту 

қажеттігіне сендіруге тырысты, бірақ ол нәтижесіз болды. 

Т. Рысқұлов И.В. Сталиннің қабылдауында болған кезінде 

ВКП  (б)  Орталық  Комитетінің  қарауына  ашаршылықты, 

қазақтардың  көшіп  кетуін  тоқтату  жөнінде  бірқатар 

міндеттер қояды және олардың орындалуын бақылап оты-

рады.  Бұған  И.В.  Сталинге  жазған  3  хаты  айғақ,  олардың 

басты идеясы қазақ ұлтының гендік қорын сақтау болып та-

былады.


Ол  1926  жылдың  өзінде-ақ  былай  деп  жазды:  «Қазақ 

халқы  түгелдей  отырықшы  егіншілік  жағдайға  көшуі  ке-



 243

рек және көшеді дегенді кім белгіледі және қандай негізде? 

Осы  бағытқа  қарай  даму  тенденциясы  болады,  бірақ 

алыс  болашақта  аяқталады,  ал  әзірге  даму  шарттары  мен 

мүмкіндіктерінің  ара  қатысы,  әрине,  біршама  басқаша 

екендігін көрсетеді»

605



Онымен қоймай, ол 1933 жылғы 9 наурызда И.В. Ста-



линге тағы да баянхат жазады, осы мәселе бойынша оның 

қабылдауында  болуға  қол  жеткізеді.  Міне,  содан  кейбір 

үзінділер:

1. Қазақтардың қоныс аударуының мөлшері мен олардың 

жағдайы туралы мәліметтер.

Жергілікті  жерлерден  алынған  соңғы  болжамды 

мәліметтер  бойынша,  Қазақстанмен  көршілес  өңірлерге 

қоныс  аударған  қазақтардың  саны:  Орталық  Волгада  –  40 

мың адам, Қырғызстанға  – 100 мың адам, Батыс Сібірге – 

50 мың адам, Қарақалпақстанға – 20 мың адам, Орта Азияға 

–  30  мың  адам.  Жұртынан  көшкендер  тіпті  Қалмақстан, 

Тәжікстан,  Солтүстік  өлке  секілді  және  басқа  да  шалғай 

жерлерге  дейін  барған.  Байлар  бастаған  халықтың  бір 

бөлігі Батыс Қытайға қоныс аударды. Қазақтардың орталық 

аудандарға  қарай  қоныс  аударуының  мұндай  құбылысы 

Қазақстанда  алғаш  рет  болып  отыр.  Бұл  жай  ғана  көшіп-

қону емес (әдетте жазда малы болған жағдайда аса алысқа 

ұзамай  көшіп-қонатындай),  көбінесе  аш  адамдардың  азық 

іздеп босып кетуі еді. Жекелеген аудандар бойынша қоныс 

аударғандар аудандардағы бүкіл халық санының 40-50%-на 

дейін жетеді

606


Ол бұл мәселенің қаралуына қол жеткізеді және ВКП (б) 

ОК  алдына  қазақтардың  ашаршылыққа  ұшырауын,  көшіп 

кетуін тоқтату үшін бірқатар ұсыныс-міндеттер қояды. Атап 

айтқанда:  1)  қазақтарды  өнеркәсіп  кәсіпорындары  жүйесі 

бойынша және ауыл шаруашылығында еңбекке орналасты-

ру,  2)  Мал  дайындау  комитетін  міндеттеп,  ашыққандарға 

400 мың пұт астық бөлу, 3) қазақтарды отырықшылдандыру 



244

жоспарын  қайта  қарау,  өйткені  еңбекке  жарамды  адамдар 

мен  жұмысқа  жегілетін  малдың  азаюына  байланысты  30 

млн. рубль еңбек қатысуы халық үшін шама жетерлік емес; 

4) Қазөлкекомды бір ай мерзім ішінде Орталық Комитетке 

қоныс  аударушы  қазақтарды  бұдан  былайғы  орналастыру 

туралы дайындалған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы 

мерзімде Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жоспа-

рын (өлкеде малдың азайып бара жатқандығына және мал 

шаруашылығының  бетімен  жіберілуіне  байланысты)  та-

быс етуге міндеттеу; 5) КСРО ЦУНХУ-ға үстіміздегі жылы 

халық  санағын  жүргізу  мен  негізгі  қазақ  аудандарындағы 

шаруашылықтардың  жай-күйін  есепке  алу,  сондай-

ақ...  сол  аудандарда  көктемгі  егіс  аяқталысымен  егістік 

алқаптарының есебін жүргізу ұсынылсын

607


Т.  Рысқұлов  ВКП  (б)  Қазөлкекомға  ғана  емес,  сондай-

ақ  Қырғыз  және  Башқұрт  АКСР  үкімет  органдарына  да 

қазақтардың  қоныс  аударуын  тоқтату  туралы,  оларды 

жұмыс орындарында қалдыру жөнінде хаттар, телеграмма-

лар салады.

Т.  Рысқұлов  РКФСР  Халкомкеңесі  төрағасының 

орынбасары  қызметінде  орындаған  соңғы  жауапты  тап-

сырмасы  мынадай:  ол  1937  жылы  18  қаңтарда  РКФСР 

Конституциясының  түпкілікті  мәтінін  әзірлеу  үшін 

редакциялық комиссияға енгізілді. Комиссия құрамына Ка-

линин, Орджоникидзе; РКФСР ХКК-нің төрағасы Сулимов, 

Т. Рысқұлов және басқалар сайланды

608


. Өкінішке орай, Т. 

Рысқұлов конституцияға өзінің реформаторлық идеяларын 

енгізе  алмады,  өйткені  ол  И.В.  Сталин  құрған  режимінің 

құрбаны болды.

Т.  Рысқұловты  біз  аса  көрнекті  қайраткер  ретінде 

көбірек білеміз. Осынау бірегей тұлғаның тағы бір қыры – 

оның экономикалық мұрасы, халық шаруашылығын дамыту 

жөніндегі нақты қызметі.



 245

Оның  тікелей  қатысуымен  Орта  Азия  және  Қазақстан 

мемлекеттерінің  өнеркәсібі  мен  транспортының  негізі 

қаланды, мақта шаруашылығы дамытылды. (Қазір ол мақта 

кластері деп аталады).

Атап  өту  керек,  он  бір  жыл  бойы  РКФСР  ХКК 

төрағасының орынбасары қызметінде бола жүріп, ол кеңес 

мемлекетінің бүкіл ұлан-ғайыр аумағындағы шаруашылық 

құрылыс  мәселелерімен  айналысты,  бұл  Т.  Рысқұловтың 

жоғары  экономикалық  білімдарлығын  дәлелдейді.  Бұған 

көз жеткізу үшін Т. Рысқұлов қол қойған ХКК-нің барлық 

өкімдері мен қаулыларын оқып шықса жетіп жатыр.

Түрксіб құрылысы кезінде «Ол орталық және жергілікті 

газеттерде ғалым-экономист ретінде Түрксіб бойымен Орта 

Азия,  Сібір,  Қазақстан  және  Қырғызстан  арасында  жүк 

тасымалының өсуі, осынау жүк тасымалының аталған ау-

дандар  мен  республикалардың  әлеуметтік-экономикалық  

дамуына  ықпалы  мәселелерін  терең  талдап  жазды,  атап 

айтқанда,  Орта  Азияны  шаруашылығында  мақта  өсіру 

бағыты  айқын  көрінетін  экономикалық  аудан  ретінде,  ал 

Сібірді  –  астық  пен  жем-шөптің,  ағаш  пен  табиғи  пайда-

лы  қазбалардың  мол  қорын  бере  алатын  аудан  ретінде 

қарастырды.  Бұл  орайда  Қазақстан  мен  Қырғызстанды 

ауыл шаруашылығы өндірісі аралас тұрпаттағы (егіншілік 

пен  мал  шаруашылығы)  аудандар  ретінде  бөліп  көрсетті. 

Т.  Рысқұловтың  Сібір  өнеркәсібінің,  әсіресе  металлур-

гия  және  химия  өнеркәсібінің  дамуы  туралы  байқап-

түйгендері назар аударарлық. Мұның бәрін ол өзінің 1930 

жылы  жарияланған  «Түрксіб»  атты  кітабында,  көптеген 

мақалаларында, Н. Григтің «На Турксибе», З. Островскийдің 

«Великая магистраль» (Түрксібтің істері мен адамдары ту-

ралы) атты кітаптарына алғы сөздерінде жазды»

609



Т.  Рысқұловтың  қызметінде  өңірлік  экономика  пробле-



маларын іс жүзінде шешу ерекше орын алады. Жалпы сол 

246

бір ауыр кезеңде Т. Рысқұлов 200-ден астам еңбек жарияла-

ды, олардың қатарында «Жетісу мәселелері», «Қазақстан», 

«Қырғызстан» атты еңбектері бар.

Бұл  еңбектерінде  ол  алғашқылардың  бірі  болып 

Қазақстан мен Қырғызстанның экономикалық тарихы мен 

экономикалық географиясына толымды сипаттама береді.

«Жетісу  мәселелері»  атты  жұмысында

610

  ол  облысты 



негізгі астықты және мал шаруашылық аудандарының бірі 

ретінде  сипаттайды.  Халықты  сандық,  ұлттық  белгілері 

бойынша жан-жақты қарастырады, патшалық әкімшіліктің 

құнарлы  жерлерді  алып  қоюы  жөнінде,  орыс  және  қазақ 

халықтарының  арасында  шаруашылықтардың  саралануы 

туралы деректер келтіреді.

Жетісу облысы өкімет органдарының кезекті әрі бірінші 

міндеті, деп жазады Т. Рысқұлов:

–  жер  реформасы  нәтижелерін  алдын-ала  белгіленген 

мемлекеттік жоспар бойынша толық шаруашылық бекіту;

– жер реформасының нәтижелеріне қарсы бағытталған 

кез-келген тенденцияға батыл тойтарыс беру, және де кімде-

кім сондай әрекеттерімен айыпталған болса, оларды көрнекі 

сот процестерін жүргізе отырып, ревтрибуналдардың соты-

на тарту;

–  жерге  орналастырылған  батырақтарды  шаруашылық 

жағынан  жайғастыру,  ең  бірінші  кезекте  орыс  жарлы-

жақыбайларын  тарта  отырып,  орыстық  үлгідегі  кенттер 

құру; батырақтарға мемлекет тарапынан құрал-сайманмен, 

материалдармен  және  тұқыммен  жан-жақты  көмектесу 

және  жер  реформасы  нәтижесінде  көшірілген  орыс  шару-

аларын  жаңа  жерлерге  түпкілікті  жайғастыру,  және  қажет 

болған жерлерде мемлекеттік көмек көрсету;

– жерге орналастырылған батырақтар үшін мемлекеттік 

салықтарға  және  әртүрлі  несиелер,  кредиттер  алуға,  жер 

өңдеу құралдарын беруге және т.б. қатысты мемлекет тара-

пынан барынша жеңілдіктер беру;


 247

– жер реформасы жүргізілген аудандарда билікке жерге 

орналастырылған батырақтар құрамынан адамдар тарту;

–  саяси  және  мәдени-ағартушылық  қызметтер  жөнінде 

жұмыстарды  бірінші  кезекте  жерге  орналастырылған 

батырақтар арасында шоғырландыру;

–  кооперативтік,  кәсіподақ  және  басқа  да  жұмыстарды 

тағы  да  сол  жерге  орналастырылған  батырақтар  арасында 

шоғырландыру;

–  барлық  осы  жұмыстарда  –  кеңес  өкіметі  жүргізетін 

іс-шаралардың  әрқайсысына  интернационалдық  сипат 

беру  және  Жетісу  облысындағы  жергілікті  халық  пен 

келімсектердің  кедейшілігін  саяси  және  шаруашылық 

тұрғыда өзара біріктіруге барынша ұмтылу болып табыла-

ды.

Жетісу облысындағы өкімет органдары алдында тұрған 



жер реформасы нәтижелерін орнықтыру жөніндегі мәселе 

бойынша және өзінің кешеуілдетпей шешілуін талап ететін 

негізгі кезекті міндеттер, міне, осылар.

Алда  тұрған  жерге  орналастыру  науқанының  міндеті: 

бірінші кезекте – осынау даулы аудандардағы кенттер мен 

айналасындағы  тұрғылықты  халық  арасындағы  жер,  су, 

жайылым пайдалану шекарасын дәл белгілеу. Әрбір кенттік 

қоғамның  өз  ішіндегі  бар  жер  дауларын  осы  қоғамның 

жері  жоқ  және  жері  аз  бөлігінің  мүдделерін  сақтап  жерді 

пайдаланудың  еңбек  нормалары  аясында  жер  бөліп  бере 

отырып түпкілікті шешу.

Жерге  орналастыру  науқанының  екінші  бір  маңызды  

жағы – бұл қырғыз аудандарының өзіндегі жерге орнала-

стыру жұмысы. Қырғыздар арасындағы жер пайдаланудың 

басым  үлгісі  –  рулық-қауымдық.  Қырғыз  халқының 

шаруашылығы былайша бөлінеді: а) бірыңғай егіншілік;  ә) 

егіншілік-мал шаруашылық; б) мал шаруашылық.

Шаруашылық  үлгілерінің  осындай  жалпы  бөлінісіне 

сәйкес, жер де солай бөлінеді: а) суармалы айдамалы жер-


248

лер,  б)  айдамалы-жайылымдық,  в)  далалық  жайылымдық 

және табиғи-жайлау аудандары.

Сөйтіп жерге орналастыру жұмыстарын кезеңіне қарай 

үш категорияға бөлу қажет: бірінші кезекте жерге орнала-

стыру  жұмыстары  қырғыз  халқы  тұратын  таза  егіншілік 

аудандар  мен  мекендерде  жүргізілуі  тиіс;  екінші  кезек-

те  –  егіншілік-мал  шаруашылық  және  үшінші  кезекте  – 

мал  шаруашылық  аудандарында.  Жерге  орналастыру  бұл 

аудандардың  әрқайсысына  қатысты  тиісті  жер  пайдалану 

үлгілерін белгілей отырып жүргізіледі.

Еңбекте қырғыз аудандарында бүкіл жерге орналастыру 

жұмыстарының негізіне мынадай негізгі мақсаттар қалануы 

тиіс  деп  көрсетілген:  біріншіден,  бір  мезгілде  байлардың 

экономикалық  қуатын  бәсеңдете  отырып,  кедейлердің  по-

зициясын нығайту; екіншіден, рулық қатынастар мен рулық 

тұрмыстың қалдықтарын барынша бұзу; үшіншіден, осыған 

сәйкес болыстар мен ауылдардың аумақтарын белгілеу және 

шектеу; төртіншіден, жер учаскелерін ауыл шаруашылығы 

өнімділігін  барынша  ұлғайтуға  ыңғайлау  және  осымен 

бірге  мал  шаруашылығын  нығайту.  Жұмыста  Жетісу 

губерниясындағы  білім  беру  мен  соттың  проблемалары, 

осылардың мүшкіл жағдайы қарастырылған және оқу-ағарту 

халық  комиссариаты  мен  Әділет  халық  комиссариатының  

алдына қойылатын міндеттер белгіленген.

Т.  Рысқұловтың  «Қазақстан»  атты  монографиялық 

жұмысы  іргелі  еңбек  болып  табылады.  Бұл  жұмыста 

республиканың  20-шы  жылдардағы  жай-күйі,  мал 

шаруашылығының,  өнеркәсіптің,  сауданың,  транспорттың 

дамуы, қаржылық жағдайы, оның федерациялық жоспарға 

бағыныштылығы көрсетіледі

611


Қазақстандағы халықтың жалпы саны 6 553 600 адамға 

жуықтайды, соның 92%-ға жуығы ауыл халқының үлесіне 

тиеді, ал қала халқының үлесі 8%, оның да бір бөлігі ауыл 

шаруашылығымен айналысады.


 249

Қазақтар  осылайша  Қазақ  АКСР-нің  негізгі  халқы  бо-

лып табылады. Қазақтарды осы уақытқа дейін «қырғыздар» 

деп дұрыс атамау қабылданған, ал қазақтардың өздері бол-

са өз тарихының басынан-ақ өздерін әрдайым өздерінің төл 

атауымен, яғни «қазақ» деп атады, керісінше «қырғыздар» 

деп ең алдымен бұрынғы Сырдария, Жетісу және Ферғана 

облыстарының,  қазір  сондай  атаумен  жеке  автономиялық 

республика  болып  бөлініп  шыққан,  таулы  аудандарында 

тұратын қазіргі қырғыз (қара қырғыз) халқын атады.

Т.  Рысқұлов  отарлау  тарихына  үлкен  назар  аударады. 

Келімсектердің  Қазақстан  даласын  отарлауы  және  осыған 

байланысты жүргізілген царизмнің саясаты қазақ халқының 

одан  кейінгі  тарихы  барысында  зор  рөл  атқарды,  оның 

шаруашылық-тұрмыстық  қатынастарында  үлкен  сапыры-

лыс  жасап,  кейінгі  экономикалық  және  мәдени  дамуының 

жай-күйіне өзінің тосын таңбасын қалдырды.

Қазақстанға  алдымен  қоныс  аударғандар  орыс  казак-

тары  болды.  ХVІ  ғасырдың  аяғында-ақ  Жайықта,  немесе 

дәлірек  айтқанда  Джаикта  (Орал  облысы)  еркін  казактар 

қауымы құрылды. ХVІІ ғасырда Ертіс өзенінің бойында ка-

зак  қоныстары  құрылады.  Қазақ  қоныстары  кеңейе  келіп, 

кейін Урал және Сібір казак әскерлері болып қалыптасады. 

Қазақтар орыс билігін одан әрі кеңейтіп таратуға арналған 

әскери-шекара  күзеті  рөлін  атқарды  және  сондықтан  да 

оларға түрлі артықшылықтар берілді.

Отарлаушылық салдарлары Қазақстанның түркістандық 

бөлігінде (Жетісу және Сырдария губерниялары) қаттырақ 

білінді, бұларда өңдеуге жарамды жерлер көлемі шектеулі 

болатын, себебі кеңістіктің көпшілігі егіншілік дақылдарға 

қолайсыз  жерлерге  жататын  (таулы,  шөлейт,  сортаң  және 

т.б.).


Қазақстанның  негізгі  шаруашылық  салалары  –  мал 

шаруашылығы  мен  егіншілік.  Шаруашылықтың  басқа 



250

түрлері: өнеркәсіп, сауда, қаржы және т.б. алдыңғы екеуіне 

тәуелді.

Бүкіл ауыл шаруашылығы құрамында (мал шаруашылығы 

мен  егіншілік)  ең  үлкен  пайыз  аралас  мал  шаруашылық-

егіншілік  шаруашылықтарына  тиесілі.  Қазақстанның  үш 

табиғи-географиялық  белдеулерінде  (солтүстік,  орта  және 

оңтүстік)  мал  шаруашылығы  да,  сондай-ақ  егіншілік  те 

әртүрлі  деңгейде  дамыған:  солтүстік  белдеуде  егіншілік 

басым, орта белдеуде – қуаң-далалық – мал шаруашылығы 

және оңтүстік тау бөктерінде – мал шаруашылық-егіншілік 

шаруашылығы.

Қазақстанның  шаруашылығында  мал  шаруашылығы 

әзірге бірінші орында тұр. Қазақстан аумағының көпшілік 

бөлігі  мал  шаруашылығына  табиғи  бейімделгендіктен, 

сөз  жоқ,  мал  шаруашылығы  болашақта  да  халықтың  ай-

налысатын  басты  шаруашылығының  бірін  құрайды  және 

Қазақстанның  жалпы  шаруашылық  дамуында  басты 

рөл  атқаратын  болады,  оның  үстіне  мал  шаруашылығы 

неғұрлым өнеркәсіптік сипат алса, солай болады.

Егіншіліктің өсуіне және өңдеуге жарамды жер көлемінің 

аздығына қарамастан, революцияға дейін мал шаруашылығы 

кеміген  жоқ,  қайта  осы  уақыт  ішінде  егіншіліктің  өсуі 

жағдайында малдың жекелеген түрлерінің санына қатысты 

ішкі қайта топтастыру жүрсе де мал шаруашылығы көбейді. 

1900 жылы Қазақстанның (яғни Қазақ АКСР бұрынғы ше-

караларында)  солтүстік  бөлігіндегі  малдың  жалпы  саны 

11 477 002 басқа жетті, ал 1916 жылы  20 561 447 бас бол-

ды, демек осы уақыт ішіндегі өсім 9 084 455 басты құрады 

(бұрынғы қоныс аудару басқармасының мәліметтері бойын-

ша)

612


Малмен  айналысатын  шаруашылықтардың  дағдарысы 

кезеңінде ең алдымен қой мен жылқының көп азайып кетуі 

Қазақстанның  жалпы  шаруашылық  жағдайына  ауыр  әсер 

етті.  Егер  Қазақстаннан  сыртқа  қанша  мал  шаруашылық 


 251

өнімдері  әкетілгенін  ескерсек,  бұл  түсінікті  болады. 

Жоғарыда  келтірілген  цифрлардан  малмен  айналысатын 

шаруашылықтар  біртіндеп,  бірақ  үдемелі  түрде  қалпына  

келіп жатқандығы анық көрінеді, малдың жекелеген түрлері 

ішкі  қайта  топталуда.  1925  жылғы  мәліметтер  бойынша 

әсіресе  төлдің  өсімі  көбейген.  Осы  кезең  ішінде,  соңғы 

неғұрлым тексерілген мәліметтер бойынша, Қазақстандағы 

жалпы мал басы 22 000 000-ға дейін, ал 1926 жылы – 26 000 

000-ға дейін ұлғайды.

Революцияға  дейінгі  уақытта  бүкіл  Қазақстандағы 

малдың  саны  35  млн.  басқа  дейін  жетті  (Қазақстанның 

Түркістандық бөлігін де қосқанда)

613


Мал шаруашылығында малдың тұқымын жақсарту мен 

сапалық  құрамын  жоғарылату  мақсатында  асыл  тұқымды 

мал өсірудің үлкен маңызы бар.

Мал  шаруашылығындағы  кезекті  міндеттер  мыналар 

болып  отыр:  мал  шаруашылығын  жүргізуді  рационализа-

циялау  (жақсарту),  оған  көбірек  өнеркәсіптік  маңыз  беру, 

осыған байланысты – мал тұқымын жақсарту, ұсақ мал (қой 

мен ешкі) мен жұмыс малына ерекше назар аудару, жылқы 

шаруашылығы  мен  жылқы  зауыты  шаруашылығының 

жұмысын жақсарту, жасанды шөп егу (жоңышқа және т.б.) 

әдістерін кеңейту, әсіресе, егіншілік көбірек дамып отырған 

аудандарда, және де басқа бірқатар міндеттер.

Егіншілік  Қазақстанның  шаруашылығында  екінші 

бір  маңызды  саланы  құрайды.  1916  жылы  бүкіл  бұрынғы 

Қазақ АКСР-і бойынша егістік алқабы 3 348 000 десятинаға 

теңесетін, содан орыс шаруаларына – 61%, орыс казактары 

мен жеке қожайындарға – 19%, жергілікті қазақтарға 20% 

тиесілі болды. Көрсетілген алқаптан, әр десятинадан орта-

ша алғанда 40 пұттан есептегенде, 133 920 мың пұт астық 

жинауға болатын еді.

Бұл  өсімдіктердің  ішінен  мақта  (оның  алқабы  1925 

жылы 36 000 десятинаға тең болды, ал 1926 жылы 52 мың 


252

гектарға  жеткізу  көзделді),  темекі,  қант  қызылшасы,  апи-

ынды көкнар сияқтылары және тағы басқалары көп күтімді 

талап ететін, бірақ есесіне көп пайда әкелетін техникалық 

дақылдарға жатады. Мақта өсіруге жарамды қолайлы тың 

жерлер алқабы Қазақстан бойынша (оның оңтүстік ауданда-

рында) 2 000 000 десятинаға дейін жетеді. Жоғары сортты 

талшық  беретін  және  Қазақстанның  өзендері  мен  көлдері 

жағалауында  орасан  зор  алқапты  алып  жатқан  кендір 

дақылын ерекше атап көрсету керек. Айтар болсақ, мыса-

лы, Жетісу губерниясында Балқаш көлінің жағалауларында 

өсетін кендір 1 000 000 пұтқа дейін талшық бере алар еді. 

Басқа  техникалық  дақылдар  арасында  қант  қызылшасын, 

күріш  және  жоңышқа  (Оңтүстік  Қазақстанда)  өсіруді 

дамытудың ерекше мүмкіндігін атап өту керек.

Қазақстанның  астық  өнімдері  көбі  ішкі  тұтынуға,  ал 

артылған  көпшілік  бөлігі  Түркістанға  тасылды.  1922-24 

жылдар  аралығында  өздерінің  астығы  жетіспеуі  себепті 

халыққа  6  250  912  пұт  астық  берілді,  бірақ  1925  жылдан 

бастап астық мөлшері ішкі қажеттілікті қанағаттандыратын 

болды. 1925 жылы бүкіл Қазақстанда 100 млн. пұтқа дейін 

астық өсірілетіні күні бұрын болжанды. 1926/27 жылдарға 

астық  балансы  бойынша  (1926  жылғы  1  қыркүйектегі 

астықтың жағдайы бойынша), жалпы түсім 156 млн. пұт деп 

көрсетілген, ал сатылатын тауарлық артығын Сауда халық 

комиссариаты 43 млн. пұт мөлшерінде белгілеген.

Қазақстанда  өнеркәсіп  Орталық  Ресейдің  өнеркәсібі 

атқаратындай рөл орындамайды, әйтсе де оның болашақта 

кеңею мүмкіндігі бар.

Өнеркәсіптің жалпы құрамында өңдеуші бөлігі басым.

Өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы одақтық, өлкелік және 

жергілікті маңызы бар кәсіпорындар болып бөлінеді.

Бірінші  топқа  мына  кәсіпорындар  жатады:  Ембі 

өзеніндегі  70  мың  шаршы  шақырымға  созылған,  мұнай 



 253

өндіретін,  1915  жылы  16,5  млн.  пұт  өндірген,  1921  жылы 

500 мың пұтқа дейін берген, ал 1924/25 жылдары 12 млн. 

пұтқа  дейін  жоғарылаған.  Одан  кейінгі  орында  Риддер 

руда кен орындары, ондағы руда құрамында мыс, мырыш, 

қорғасын, күміс және алтын бар. Екі бірдей қуатты түсті ме-

таллдар тресттері «Алтказполиметалл» және Атбасар тресі 

құрылды.


Өлкелік маңызы бар өнеркәсіп кәсіпорындары арасын-

да бірінші орында былғары өнеркәсібі тұр, оның өнімділік 

бағдарламасы 1925/26 жылдарға – 130 000 ірі мал терісі мен 

136 000 дана қой терісі және 1926/27 жылдарға – 183 000 

дана ірі мал терісі мен 160 000 дана қой терісі.

Одан кейінгі орында тұз кәсіпшілігі келеді: тұз қабаты 

қоры  100  миллиард  пұтқа  дейін  жететін  Елек  тас  тұз  кен 

орны, Павлодар уезіндегі тұнба тұз, Каспий теңізі, Қарабұғаз 

шығанағындағы глаубер тұзы. Бір ғана Шығыс Қазақстанда 

764 тұзды көлдер бар. Жыл сайын Қазақстан 8 миллион пұт 

тұз сатады. Қазақстанның балық өнеркәсібі негізінен Арал 

теңізі мен Каспий теңізі жағалауында орналасқан. Каспий 

жағалауы  бойынша  балық  аулау  1911  жылы  3  млн.  пұтқа 

дейін жетті, ал 1923/24 жылдары – 576 845 пұт балық аулан-

ды, ал Арал теңізінде 1915 жылы 2 млн. пұтқа дейін балық 

ауланды.


Тоқыма  өнеркәсібінен  Алматы  шұға  фабрикасын  атап 

айтуға болады. Ол өзінің өнімділігін 1914 жылы – 240 041 

кез, 1921 жылы – 58 542 кез мата шығаруға дейін жеткізді 

және өнімділігін тағы да арттырып, 1924/25 жылдары 154 

543 кез мата шығарды. 1926/27 жылдарға өнімділік 240 мың 

метр шамасында белгіленді.

Бұдан  басқа  жергілікті  қолөнер  өндірісінің  өрістегенін 

айтуға  болады.  Тағы  да  бірнеше  шағын  фабрикалар  салу 

(Семей губерниясында) көзделінеді.

Алтын  өнеркәсібі  қазақстанның  бірнеше  жерінде 

(Қостанай  және  Семей  губерниялары  –  «Қазбатысалтын» 


254

және «Қазшығысалтын» тресттері) және басқа да бірқатар 

жерлерде  бар.  Қазақстанның  қалған  аудандарында  алтын 

кен орындары әлі зерттелмеген. 1926/27 жылдары 1 177 ки-

лограмм өндіру белгіленген.

Қазақ  АКСР-да  тәуліктік  өнімділігі  250  мың  пұттан 

астам  300-ге  тарта  диірмен  бар.  Көпшілігі  кооперативтік 

және  қолөнершілік  болып  келетін  жергілікті  маңызы 

бар  өнеркәсіп  кәсіпорындары  жалпы  алғанда  өлке  үшін 

маңызды.  Орталықтандырылған  өнеркәсіптің  үлкен  үлес 

салмағы бар.

Жоғарыда көрсетілгеннен басқа, өлкелік және жергілікті 

маңызы бар өнеркәсіп салаларынан мыналарды атап айтуға 

болады:  арақ  қайнату  өнеркәсібі,  химиялық  (Шымкент 

қаласындағы мемлекеттік сантонин зауыты, ол осында ғана 

өсетін  дермене  жусанының  тұқымынан  әлемдік  қажеттік 

үшін сантонин өндіреді), май шайқау, сыра қайнату, ұн тар-

ту және т.б.

Қазақстанның  қаржылық  жағдайы  жалпы  федералдық 

жоспар  бойынша  құрылған.  Қазақстанның  Мемлекеттік  

бюджеті  1923/24  жж.  7  500  000  руб.  көлемінде  бекітілді 

және 1923 жылдың бюджеті мөлшерінен 34,6 % асып түсті.

1924  жылы  түбегейлі  ақша  реформасы  жүргізілді,  бұл 

оның федералдық ауқымда жүргізілуімен байланысты.

Қазақстанда  Өнеркәсіп  банкінің  бөлімшесі  1925  жылы 

тамыз  айында  ашылды,  қазанның  1-не  қарай  оның  айна-

лымы 27%-ға ұлғайды. 1925 жылы шілде айының соңында 

ауыл шаруашылық несиесі қоғамдарының қаржысы (барлық 

құрамдас  бөліктерімен  және  сырттан  тартылған  капитал-

мен) 4 690 334 руб. 87 тиын болды. Қазақстанда сондай-ақ 

сақтандырудың жекелеген түрлері дамып келеді, өзара не-

сие қоғамы және басқалар бар

614



Қазақстанның  сыртқы  саудасы  ең  алдымен  мал 



шаруашылығы  өнімдерін,  астық  және  майлы  дақылдар 

шығаруға негізделген.



 255

Қазақстанда  тұтыну  және  ауыл  шаруашылық  коопера-

циясы да айтарлықтай жылдам дамып келеді. Қазақстанда   

әсіресе  ауыл  шаруашылық  кооперациясы  үлкен  маңызға 

ие.  Қазақстан  бойынша  1925  жылғы  1  қарашада  бүкіл 

ауыл  шаруашылық  серіктестіктері  мен  ауыл  шаруашылық 

кооперацияларының басқа да түрлерінің саны 1576 болды, 

оларға  біріккен  шаруашылықтар  саны  –  123  974,  орташа 

алғандағы мүшелерінің саны – 78,7%. Үлес салмағы бойын-

ша бірінші орында несиелік ауыл шаруашылық қоғамдары, 

кооперативтік  ауыл  шаруашылық  серіктестіктері,  ауыл 

шаруашылық артельдері және басқалар тұр. 1926 жылғы 1 

қазанда Қазақ АКСР аумағында 1193 кооператив болды.

Темір  жолдар  солтүстік  шекара  бойынша,  Орынбор 

–  Ташкент  және  Арыс  –  Пішпек  (1927  жылдан  –  Фрунзе 

қаласы) желісі бойынша өтеді

 615



Алдағы  уақытта  салынғалы  отырған  Түркістан  –  Сібір 



(Жетісу)  темір  жолының  бүкіл  Одақтың  шаруашылығын,  

сондай-ақ Орта Азия, Қазақстан мен Сібірдің шаруашылығын 

дамытуда  зор  маңызы  бар.  СТО-ның  қаулысына  сәйкес, 

Жетісу  темір  жолы  1926/27  жж.  басталып,  5  жылда 

аяқталуы тиіс, және екі басынан (Семей қаласы мен Фрунзе 

қаласы) салына бастайтын болады. Жолдың ұзындығы – 1 

400  километр,  ал  жылжымалы  құрамсыз  құны  –  162  млн. 

руб.  Жолдың  экономикалық  маңызы  орасан  зор.  Сібірді 

Орта  Азиямен  қоса  отырып,  ол  соңғысын  арзан  астықпен 

қамтамасыз етеді (Алтай бойынша артылып қалатын астық 

– 23,5 млн. пұт, Жетісу, Қырғызстан мен Семей губерния-

сында  –  18  млн.  пұт  және  бір  бөлігі  Ақмола  губерниясы-

нан, онда артылып қалатын астық 20 млн. пұт болады деп 

есептелінеді).

Орта Азиядағы астық тапшылығы 1925/26 ж. 20,3 млн. 

пұтты  құрады.  1926/27  жж.  ол  шамамен  22  млн.  пұтқа 

жетеді деп болжанып отыр, ал соңғы мәліметтер бойынша 

бұл қажеттілік бұдан да ұлғаяды.



256

Қазіргі  уақытта  астық  Поволжьеден  және  айналма 

жолмен  Сібір  мен  Солтүстік  Кавказдан  әкелінуде.  Осы 

астықтың едәуір бөлігін экспортқа табысты бағыттауға бо-

лар еді, әсіресе бұл ретте солтүстік Кавказдың астығы ерек-

ше құнды.

Орталық  Азияның  суармалы  жерлерінде  ауыл 

шаруашылық  дақылдары  арасында  мақта  25,8%-ын  алып 

жатыр, ал дәнді дақылдар мен бұршақты дақылдар 57,3%. 

Жетісу темір жолы арзан астық, күріш және жем-шөп тасып 

әкеле  отырып,  осы  дақылдар  алқабының  ара  қатынасына 

мақта  шаруашылығын  кеңейту  тұрғысында  айтарлықтай 

әсер етеді.

Жаңа темір жол Сібір, Қазақстан мен Орта Азия арасын-

да  экономикалық  байланыстар  құра  отырып,  Одақтың  Ба-

тыс Қытаймен және Батыс Моңғолиямен тауар айналымын 

дамытуда да үлкен рөл атқаратын болады. Ресейдің Батыс 

Қытаймен арадағы тауар айналымы 1923 жылы 20 312 000 

рубльге, 1924/25 жж. – 7 145 000 руб., ал 1925/26 жж. бірінші 

жарты жылдықта – 6 083 000 рубльге тең болды

616

. Бұл ара-



да тауар айналымының жылдам өскені айқын көрінеді, әрі 

оның зор саяси маңызы бар.

Көріп отырғанымыздай, Т. Рысқұлов ХХ ғасырдың 20-

30 жылдарындағы Қазақстанның экономикасын аса мұқият 

зерттеген.  «Қазақстан»  атты  монографиясында  қаралған 

көптеген мәселелер біздің уақытпен үндес.

«Қырғызстан»  атты  жұмыста,  архивтік  құжаттарға, 

жарияланған дерек көздері мен статистикалық материалдарға 

негізделген  ірі,  ауқымды  еңбекте,  сондай-ақ  патшалық 

Ресейдің  отарлаушылық  саясаты,  Қазан  революциясының 

рөлі,  Қырғыз  АКСР-нің  құрылуы,  сол  уақыттардағы 

шаруашылық жағдайы көрсетілген.

Келімсектердің Қырғызстан аумағын отарлауы және соған 

байланысты  жүргізілген  царизмнің  бүкіл  саясаты  қырғыз 



 257

халқының одан кейінгі тарихы барысында зор рөл атқарды 

және оның шаруашылық-тұрмыстық қатынастарына үлкен 

өзгерістер енгізді, оның кейінгі экономикалық және мәдени 

дамуының жай-күйіне өзінің тосын таңбасын қалдырды.

Царизмнің отарлау саясаты мен шарулар мен казактар-

ды «Оралдың арғы бетіне» көшірудегі мақсат, біріншіден, 

сол кездері Ресейде үстемдік еткен дворяндық-помещиктік 

биліктің  жаңадан  көбірек  шеткері  аймақтарға  орнығуға 

деген  ұмтылысына  саяды.  Бұл  сол  жерлерден  отандық 

капитализм  үшін  оңай  пайда  алу  мен  өз  өнеркәсібінің 

өнімдерін  өткізетін  ірі  рыноктарға  ие  болу  және  шикізат 

базасына  қол  жеткізуді  көздейді;  екіншіден,  артық  шаруа 

халықты қоныс аударту арқылы азиялық шеткі аймақтарға 

өздерінде  аграрлық  жөнсіздіктердің  алдын  алу  мен  жер-

ге мұқтаждықтың өткірлігін бәсеңдетуді мақсат етеді: осы 

мақсаттар  үшін  орыс  помещиктері  мен  дворяндарының 

мүдделеріне нұқсан келтірмеуді көздейді.

Қырғызстанға  алдымен  қоныс  аударғандар  Ресейдің 

орталық  және  оңтүстік  бөлігінен  келген  орыс  шаруа-

лары  болды,  орыс  казактары  негізінен  бұрынғы  Жетісу 

облысының  солтүстік  аудандарына  тұрақтады.  Орыс 

шаруаларының Қырғызстанда отарлауы 1866 жылы Тоқмак 

және  Ақсу  бекіністері  маңында  бір  бөлігі  Сібірден,  тағы 

бір бөлігі Еуропалық Ресейден келген шаруалар кенттерін 

құрудан басталды.

Осынау 

табанды 


түрде 

жүргізілген 

отарлау 

жұмыстарының  салдарынан,  әсіресе  1902-1913  жыл-

дар  аралығында,  Қырғызстанда  халық  санының  аздап 

қысқарғаны да байқалды (8-9%).

Қырғызстанның  шаруашылығының  негізгі  салала-

ры  мал  шаруашылығы  мен  егіншілік  болып  табылады. 

Шаруашылықтың  қалған  түрлері:  өнеркәсіп,  сауда,  қаржы 

және басқалары мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалай 



258

дамып отырғандығымен байланысты. Жалпы өнім 1927/28 

жылдары:  мал  шаруашылығында  –  93  953,02  мың  рубль, 

егіншілікте – 72 368,19 мың рубль болды.

Бүкіл  ауыл  шаруашылығы  құрамында  ең  үлкен  үлес 

аралас,  мал  шаруашылық-егіншілік  шаруашылықтарына 

тиесілі, әсіресе қырғыз халқы бөлігінде. Қырғызстанның екі 

табиғи-географиялық белдеуінде де (таулы және тау бөктері-

жазық) шаруашылық оның негізгі екі түріне бөлінеді: таулы 

өңірлерде – түгелдей дерлік мал шаруашылығы дамыған, ал 

тау бөктеріндегі жазық жерлерде – егіншілік пен егіншілік-

мал өсіру шаруашылығы.

Қырғызстанның  шаруашылығында  мал  шаруашылығы 

өзінің  жалпы  өнімі  бойынша  бірінші  орынды  иеленеді. 

Ең көбірек өсім (саны жағынан) сиыр мен ұсақ мал (ешкі, 

шошқа,  қой)  арасында  байқалады.  Жылқы  мен  түйе 

санының өсуі артта қалуда. Осы малдардың түрлері бойын-

ша саны жағынан бірінші орынды қой мен ешкі иеленеді, 

барлық  малдың  62%-на  жуығы,  одан  кейінгі  орындарда: 

сиыр – 14,3%, жылқы – 10,0% және т.б.

Мал  шаруашылығында  мал  тұқымын  жақсарту  үшін 

асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын  дамытудың  үлкен 

маңызы бар.

Қырғызстанда  үш  мемлекеттік  жылқы  зауыттары  бар: 

Ыстықкөл,  Шолпан  ата  және  Тоқмак  жылқы  зауыттары. 

Бірінші бесжылдықтың аяғына қарай жылқы зауыттарының 

саны 15-ке жетуі керек. Мақсат – жылқы табынын тұқымдық 

айғырлармен қамтамасыз ету. Аталған зауыттарда бірнеше 

мың асыл тұқымды жылқылар мен малдың басқа да түрлері 

бар.


Қырғызстанда  мал  шаруашылығы  саласында  алда 

тұрған  кезекті  міндеттер  мыналар  болып  табылады:  мал 

шаруашылығының  тиімділігін  арттыру,  онда  өнеркәсіптік 

тұқымдарды  күшейту,  ұсақ  және  жұмыс  малына  назар-



 259

ды  күшейту,  жылқы  шаруашылығын,  жылқы  зауыттары 

мен  асыл  тұқымды  мал  өсіретін  орындардың  жұмысын 

ұйымдастыруды  жақсарту,  жасанды  шөп  егуді  (жоңышқа 

және  басқа)  кеңейту,  малда  болатын  індетпен  күресті 

күшейту және т.б.

Егіншілік  Қырғызстанда  өзінің  жалпы  өнімі  жағынан 

халық шаруашылығы салалары арасында екінші орын ала-

ды. Бүкіл егістік алқабының барлық жылға орташа алғанда 

77,9%-ы  дәнді  дақылдардың  үлесіне  тиеді  (соның  ішінде 

бидайға – 48,6%), техникалық дақылдардың үлесі – 13,9% 

(соның  ішінде  мақтаға  –  9,1%).  Бірінші  бесжылдықтың 

соңына қарай егістік алқабының көлемі 792,29 мың гектарға 

дейін өсуі керек.

Қырғызстанда  өнеркәсіп  мал  шаруашылығы  мен 

егіншіліктен  кейін  үшінші  орын  алады.  Қырғызстанның 

өнеркәсібі  тек  30-шы  жылдардың  бас  кезінде  ғана  тез 

дами  бастады.  Орталық  Азияның  ұлттық  жіктелуі  кезінде 

Қызылқия,  Сүлікті,  Көкжаңғақ  тас  көмір  қоры  орны  мен 

Нарын кен орындары, Түйемойын радий кеніші, сондай-ақ 

жел-су, тұз кені (бәрі де Қырғызстанның Ферғана бөлігінде) 

Қырғызстанның  еншісіне  тиді.  Өңдеуші  өнеркәсіптен 

Қырғызстанға  тигені:  5  мақта  тазарту,  2  ағаш  өңдеу,  5 

тері  илеу  кәсіпорындары,  7  ішек-қарын  тазарту,  2  май 

шайқау, 3 спирт тазарту және 5 сыра қайнату зауыты мен 8 

диірмен. Аталған кәсіпорындардың бырлығы да жартылай 

қолөнершілік сипатында қарапайым жабдықтармен жұмыс 

істейді және шығаратын өнімнің көлемі де шамалы.

Қырғызстанның тас көмір өнеркәсібі дамуының едәуір 

көлемде  сырттан  әкелінетін  мұнай  (70%)  мен  көмірге 

иек    артып  отырған  Орта  Азия  үшін  үлкен  маңызы  бар. 

Орта  Азиядағы  тас  көмір  қорының  491  410  мың  тон-

на  шамасындағы  жалпы  көлемінің  262  083  мың  тоннасы 

Қырғызстанның  үлесіне  тиеді.  Онымен  қоса  Нарын  және 

Көкжаңғақ кен орындары көмірінің сапасы жоғары санала-


260

ды. Ыстықкөл аумағында да едәуір көмір қоры бар екендігі 

жөнінде  мәліметтер  бар.  Мұнай  тасып  әкелуді  қысқарту 

және жергілікті көмірді тұтынуды ұлғайту көзделінеді. Тас 

көмір  өнеркәсібінің  өнімі  1926/27  жылдан  бері  соғысқа 

дейінгіден 154%-ға асып түсті

617



Қырғызстанда  болашақта  қант  өнеркәсібінің  дамуына 



үлкен мүмкіндіктер бар. Қырғызстанда қызылша егуді да-

мыту мен қант зауытын салуды ұйымдастыру Орта Азияға 

қымбат  тұратын  сырттан  әкелінетін  қант  тасымалын 

қысқартуға жәрдемдесетін болады. Фрунзе кантонында қант 

қызылшасын  тәжірибелік  егу  мен  талдаулар  қызылшаның 

орташа өнімділігі 34 тоннаға және қанттылығы 17-25%-ға 

жететінін көрсетті. Бес жылдың ішінде қызылша егістігінің 

көлемін  200  гектардан  5  000  гектарға  дейін  жеткізу 

көзделінеді. 1930 жылы Фрунзе қаласына таяу маңда құны 

2 600 мың руб. қант зауытының құрылысын бастауға шешім 

қабылданды,  бұл  үшін  дайындық  жұмыстары  жүргізіліп, 

қаржыландыру қарастырылуда.

Орман өнеркәсібі енді-енді дами бастады. 1927/28 жыл-

дары  ағаш  дайындаумен  3  зауыт  (Кебен,  Рыбачье  және 

Қарақол) айналысты, олар 186 мың текше метр ағаш өңдеді. 

1926 жылдан 1929 жылға дейін орман өнеркәсібіне 220 мың 

руб. жұмсалды.

1926/27 жылдары өнімділігі 39 мың ірі мал терісін және 

10  мың  ұсақ  мал  терісін  ұқсататын  былғары  зауытының 

құрылысы басталды. Зауыттың құны 350 мың руб., зауыттың 

құрылысын салып бітіруге 1929/30 жылдары 176 мың руб. 

бөлінеді.  19  ішек-қарын  тазарту  кәсіпорны  бар,  олардың 

13-і  –  мемлекеттік,  барлығы  да  қарапайым  сипаттағы 

кәсіпорындар. Мал шаруашылығының ішек-қарын шикізаты 

бойынша өнімдері шамамен 70 мың комплектіні құрайды. 

«Интергельпо»  артеліне  қарасты  шұға  фабрикасы  бар,  ол 

жылына  260  мың  метр  мата  шығарады.  1927  жылдың  1 

қазанына фабрика 30 мың метр шұға өндірді. Жоғары сапа-



 261

лы қанықтырғыштардан: эпран, кермек, жылқы қымыздығы 

және басқалар бар экстракт зауытын салу қажет.

Силикат өнеркәсібі жүйесінде жылына 4-6 млн. кірпіш 

шығаратын  кірпіш  зауыты  мен  тағы  да  бірнеше  тым 

қарапайым  зауыттар  бар.  Бастапқы  өнімділігі  49  141  мың 

тонна болатын Қызылқия цемент зауыты салынуы керек еді, 

бірақ оның құрылысы кейінге қалдырылды. Бұл зауыт жыл 

сайын Новороссийск мен Вольск цемент зауыттарынан көп 

көлемде  цемент  тасып  әкелуді  қысқартуға  жәрдемдесуге 

тиіс болған. 1929/30 жылдары май шайқау, солод зауытта-

ры, макарон фабрикасы, бірқатар құрылыс материалдарын 

шығаратын және басқа кәсіпорындар құрылысы басталады.

Қырғызстанда  қол  өнершілік  өнеркәсібі  айтарлықтай 

дамыған.  Қол  өнершілік  кәсіпорындарының  саны  ша-

мамен  4500  болады,  оларда  7500  адам  жұмыс  істейді. 

Кооперацияланған  қолөнершілік  кәсіпорындары  1500-ді 

құрайды, және артельдер – 86.

Ұн  тарту  өнеркәсібі  мен  тоңазыту  ісі  әлі  мызғымаған 

қалпында  тұр  (шамамен  8  қаңылтыр  диірмен  мен  жүзден 

қолөнершілік). Бесжылдықта диірмендер саны ұлғаяды және 

де элеваторлар салу (Фрунзе қаласы және т.б.) ұсынылған. 

Сыра қайнату өнеркәсібі бойынша 405 мың рубль сомасын-

да өнім шығаратын 3 зауыт бар. Жібек мата және май шайқау 

өнеркәсібін, тоңазыту ісін және т.б. дамыту көзделінеді.

Қырғызстанды  электрлендіру  әзірге  шала-жансар 

күйінде,  жер  аумағының  бедері  мен  су  энергиясының 

молдығы жағынан бұл салада үлкен мүмкіндіктер бола тұра 

жағдай  осылай.  Бастапқы  қуаты  5  мың  киловатт  болатын 

Қызылқия электр стансасын салу (көмірмен жұмыс істейтін) 

көзделінген. Фрунзе қаласына таяу маңда (14 км) қуаты 440 

киловатт Аламедин су электр стансасының құрылысын салу 

аяқталды.  Басқа  да  бірқатар  кішігірім  стансалар  жұмыс 

істейді (Ошта – 50 киловатт, Джалалабадта – 25 киловатт, 



262

Қарақол және басқа). Бесжылдықта электр стансаларының 

саны артуы тиіс.

Т.  Рысқұловтың  негізгі  жұмыстарын  зерделей  отырып, 

біз  олардың  авторы  Ресей,  Қазақстан  мен  Қырғызстанға 

өнім өткізетін ауқымды өңір, шикізат көзі, өнеркәсіптік ка-

питал жинау және жер отарлау үшін кеңістік ретінде қарады 

деп ұғынғанын көреміз.

Т.  Рысқұлов  ауыл  шаруашылығын  дамытудың  негізгі 

жолы  егіншілікті  дамытуда,  атап  айтқанда  оны  мал 

шаруашылығымен  қосарластыра  дамытуда  деп  білді.  Мал 

шаруашылығы өнімдерін шет елге экспортқа шығару, сөйтіп 

ақша табу керек, деді Т. Рысқұлов. Бұл мәселе бүгінгі таңда 

да маңызды болып отыр емес пе. Т. Рысқұлов статистикалық 

материалдарды  талдай  отырып,  Қазақстанның  оңтүстігі 

мен  Қырғызстанда  қазақтар  мен  қырғыздардың  құнарлы 

жерлерін алып қоюға байланысты экономикалық саясатты 

әшкерелейді.  Ол  осыған  байланысты  былай  деп  жазады: 

«...әкімшілік  мүлдем  бейжай  қарады,  ал  іштей  керісінше, 

қазақ-қырғыз  халқын  бірте-бірте  экономикалық  даму  аты-

мен болмайтындай жағдайға қоюды қалады»

618


Осылайша  Т.  Рысқұлов  сол  кездердің  өзінде-ақ  арзан 

минералдық  шикізат  пен  жұмысшы  күштерін  пайдала-

ну  мақсатында  Орталық  Азияның  Ресейдің  экономикалық 

кіріптарлықта ұсталып отырғандығы жөнінде ашық айтты. 

Кеңестер  Одағы  кезеңінде  бірінші  кезекте  Қазақстанның 

шикізат  байлығы  пайдаланылды.  Иә,  қазір  де  эконо-

микада  шикізат  саласы  алдыңғы  қатардан  орын  алады. 

Қазіргі  Қазақстанның  мақсаты  соңғы  технологияларды 

пайдалана  отырып,  экономиканың  басқа  да  секторларын 

жоғары  деңгейде  дамыту  арқылы  Қазақстанды  алдыңғы 

қатарлы  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  қосу.  Бұл 

қазақстандықтардың  қолынан  келеді.  Т.  Рысқұловтың  бұл 

жұмыстары оның экономикалық проблемаларды зерттеуде 

ыждағаттылықпен, орасан зор еңбек еткенін айғақтайды.


 263

Біз алдағы уақытта Т. Рысқұловтың мол экономикалық 

мұрасын зерттейтін ғалымдар шығады деп ойлаймыз.

Т.  Рысқұловтың  шығармашылық  мұраларын  көптеген 

зерттеушілер  оның  орасан  еңбекқорлығына,  азаматтық 

батылдығына қайран қалады. Ол Түркістан ОАК-ті басқара 

жүріп,  Түркістан  Республикасы  мен  Түркістан  Компарти-

ясы  атауларын  Түрік  Республикасы,  Түрік  Компартиясы 

етіп  өзгерту  туралы  идеяның  авторы  болды.  Оның  Түркі 

халықтарының конфедерациясы идеясы Орталық Азия өңірі 

республикаларының барлығын біріктіруі тиіс болды. Оның 

ұсынысы  бойынша  РКФСР-дің  көрнекті  қайраткерлері 

В.  Куйбышевтің,  Я.  Рудзутактың,  Ф.  Голощекиннің  және 

басқалардың қатысуымен және мақұлдауымен, ал М. Фрун-

зе  майданда  болатын,  Түркістан  КП  өлкелік  конферен-

циясында  шешім  қабылданды.  Т.  Рысқұлов  бірегей  тұлға 

ретінде  жоғарыда  аталған  Ресейдің  белгілі  саясаткерлерін 

сендіре  алды.  Бірақ  кейінірек  В.И.  Ленин  бұл  шешімді 

пантүрікшіл идеялардың қайта жандануы ретінде бағалап, 

оны  қабылдамай  тастады.  Алайда  Т.  Рысқұловтың 

дүниетанымдық көзқарасы панисламизм мен пантюркизм-

нен аулақ болатын.

Кезінде  Т.  Рысқұлов  моральдық  қолдау  мен  жәрдем 

көрсеткен  адамдарды,  интеллигенцияның  алғашқы  буыны 

өкілдерінің  есімдерін  де  атап  өту  қажет.  Олар:  С.  Асфен-

дияров, А.А. Диваев, М.О. Әуезов, М. Бағысбаев, Қ. Сары-

молдаев, Ж. Абдрахманов, Т. Жанұзақов, Д.А. Қонаев, Қ.И. 

Сәтбаев, М. Мырзағалиев, С. Меңдешев, Х. Досмұхамедов, 

Ж. Досмұхамедов, К. Жаленов, М. Есболов, М. Тынышпаев, 

Қ. Тыныстанов, М. Жұмабаев, А. Досжанова, Н. Нұрмақов, 

М. Жылысбаев және т.б.

В.  Куйбышев  РКП  (б)  Орталық  Комитетінің  хатшысы 

Е.Д.  Стасоваға  1920  жылғы  9  тамызда  жазған  хатында  Т. 

Рысқұловтың Түркістан Республикасында кеңес құрылысына 



264

қатысу рөлі жөнінде хабарлай келіп, оған мынадай мінездеме 

береді: «Т. Рысқұлов – ерекше тұлға және Мәскеуде көрнекті 

коммуниске  айнала  алады.  Сондықтан  Мәскеуге  Орталық 

Комитеттің қарауына келуі қажет деп ойлаймыз»

619


«Белсенділік,  пікірін  ашық  айту,  –  деп  жазады  В.М. 

Устинов,  –  жағдайды  тез  бағалай  білу,  оқиғалардың 

даму  мүмкіндігін  болжай  алу  Т.  Рысқұловқа  солшыл 

демократиялық элементтердің де, әсіресе қазақ жастарының 

ықыласын аударады»

620



Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы 



М.  Эпштейннің  Түркістан  Республикасы  Халкомкеңесінің 

төрағасы Т. Рысқұловқа берген мінездемесінде (1922 жылғы 

20  қараша)  Түркістанда  кеңес  өкіметі  мен  Коммунистік 

партияның даму тарихының тұтас бір кезеңі оның есімімен 

байланысты екендігі айтылады

621


Т. Рысқұловқа сипаттама бере отырып, М.В. Фрунзе оны 

мұсылман коммунистерінің ірі өкілі, ақыл-парасатпен қоса, 

үлкен ерік-жігер мен мінезге бай адам деп санайды.

Оның  саяси  өмірбаянын  зерттеуші  белгілі  ресейлік 

ғалым В.М. Устинов былай деп жазады: «Т. Рысқұлов нағыз 

жоғары білікті революционер болды. Бұл босаң, ұраншыл 

интеллигент емес, сөзі мен ісі толық үндесетін істің адамы. 

Ол теоретик-ғалым, әрі практик-прагматик: оның бойында 

саяси басшы болуға, халық бұқарасы қозғалысын басқаруға 

барлық қасиеттер бар»

622


Интернационализмге, бірақ көбіне-көп өзі көптеген жыл-

дар бойы жұмыс істеген ресейлік, дәлірек айтқанда орыстық 

ортасына қарамастан Т. Рысқұлов нағыз қазақ, патриот бол-

ды.

Жақын араласатын адамдары мен туыстарының ортасын-



да Т. Рысқұлов барлығын өз жоспарларымен, идеяларымен, 

ойларымен  еліктіріп  әкететін.  Оның  тұлғасы  өзінің  ерік-

жігерімен,  мақсаткерлігімен  баурап  алатын.  Ол  адамдарға 

белгісіз  бір  тылсым  күшпен  әсер  етіп,  оларды  ақылымен 



 265

және жігер-күшімен өзіне қаратып ала қоятын. Т. Рысқұлов 

бойындағы сенім күшін революцияға, социализмге арнаған, 

сондай-ақ  өзіне,  өзінің  ішкі  қуаты  мен  пайымына  сенген 

ерік-жігері күшті сирек кездесетін адам болды.

Академик  М.Қ.  Қозыбаев  өзінің  зерттеулерінде  Т. 

Рысқұловты былайша атап көрсетеді: «20-жылдары сезімтал 

қазақ  зиялыларын  ойландырып,  іштей  наразылығын  

тудырған  мәселенің  бірі  –  Орталықтың  Қазақстанның 

жергілікті  ерекшеліктерімен  және  ұлттық  мүддесімен  көп 

жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы жетіп, өз қара 

басының  қамын  ойламаған  Т.  Рысқұлов,  С.  Сәдуақасов 

сияқты қайраткерлер оған барынша қарсы тұруға тырысты, 

бірақ, сол үшін кейіннен күйіп кетті»

623



Академик  былай  деп  жазады:  «Қалай  болғанда  да  Т. 



Рысқұловты,  осы  уақытқа  дейін  ұлтшылдық  аясында 

қарап келген концепция жалған екендігі, оның тек советтік 

Шығыс емес, әлемдік ұлт қозғалысының көсемдерінің бірі 

екендігі сөзсіз. Т. Рысқұловтың әлем тарихындағы тұғыры 

биік,  жұлдызы  жарық,  ол  Сүн-Ят-Сен  (Қытай),  Д.  Неру 

(Үндістан),  Мұстафа  Кемал-паша  (Ататүрік)  қатарындағы 

қайраткер  екендігі  күмән  тудырмайды»

624


.  «Рысқұлов 

Советтік Шығыстың көсемі ғана емес, дүниежүзілік ұлттық 

қозғалыс көсемдерінің бірі»

625


.

266



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет