«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 1

«ҒЫЛЫМИ ҚАЗЫНА»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ 

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ  БАСТАМАСЫ 

БОЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ

2

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

министрлігі

«Ғылыми Қазына» мақсатты бағдарламасы 

қоғамдық кеңесінің құрамы

Жұмағұлов  Б.Т.  –  кеңес  төрағасы,  Бас  редактор, 

ҚР ҰҒА-ның академигі



Орынханов М.Қ. төраға орынбасары

Ыбырайым Н.М. – жауапты хатшы

Аяған Б.Ғ.

Әбжанов Х.

Әбусейітова М.Қ.

Байтанаев Б.Ә.

Еспаев С.С.

Қалижанов У.Қ.

Малбақов М.М.

Шаукенова З.К.

 3

КЛАССИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

О. СӘБДЕН 

О.М. ҚОҢЫРАТБАЕВ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ 

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Алматы, 2012

4

Ә

ОЖ 330

КБЖ 65.01

С 28

«Ғылыми Қазына» мақсатты бағдарламасы

Экономика секциясының мүшелері: 

Еспаев С.С. (төраға), Нұрланова Н.Қ., Панзабекова А.Ж.  (төрағаның орын-

басарлары), Рузанов Р.М. (жауапты хатшы)

Томды баспаға Экономика институтының Ғылыми кеңесі ұсынған

Томды құрастырып, баспаға дайындағандар:

Сәбден О. (жауапты редактор), Орынбет П.Ж. (жауапты шығарушы), Байха-

нова М.С. (құрастырушы)

Пікір жазғандар: 

Қалиев Ғ., ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор; Қойгелдиев М.Қ., т.ғ.д., про-

фессор 

Классикалық  зерттеулер:  Көп  томдық.–  Алматы:  ҚР  БҒМ  ҒК  Экономика 

институты, 2012.

    Тұрар  Рысқұловтың  Орталық  Азиядағы  экономикалық  қызметі,  2012. 

-572 б. 


ISBN 978-601-215-080-3

Қазақ  халқының  біртуар  ұлы,  көрнекті  қоғам  және  мемлекет 

қайраткері  Тұрар  Рысқұлов  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарында 

Орталық  Азияның  бүгінгі  тәуелсіз  республикалары  –  Қазақстан, 

Өзбекстан,  Қырғызстан,  Түркіменстан,  Тәжікстанның,  сондай-ақ 

Қарақалпақстанның, Кеңес Одағының, Моңғолия мен Әзірбайжанның, 

Ресей  Федерациясы  мен  оның  құрамдас  республикалары  –  Татарстан 

мен Башқұртстанның экономикалық өркендеуіне зор еңбек сіңірді.

  Кітапта  Тұрар  Рысқұловтың  Орталық  Азиядағы  экономикалық 

қызметі  қамтылған.  Экономика,  тарих,  қоғамтану,  әлеуметтік 

салаларының мамандарына арналған.

                                                                                                ӘОЖ 330

                                                                                                КБЖ 65.01

ISBN 978-601-215-080-3         ©Экономика институты ҒК БҒМ, 2012

                                                                             


 5

«Тұрар  Рысқұловтың  асыл  аруағы на  тағзым  етіп, 

атын  ардақтағанда  біздің  ойымызға  оның  ел  үшін  еткен 

ең  ересен,  ең  ірі,  ең  қасиетті  еңбегі  алды мен  оралады. 

Қазақ  даласына  айдың-күннің  аманында,  қазан  ұрмай, 

қар  жаумай-ақ  келген  нағыз  нәубет  –  алапат  ашаршылық 

тұсында  Рысқұлов  тұлғасының  шын  мәнінде  ұлы  екені 

айқын көрінді. Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып 

тұрған, қырына алғанның қабырғасын қақыратып, көлденең 

тұрғанның бәрін көрде шірітіп жатқан Сталиндей тиранға 

қарсы шабу, қазақ даласындағы қолдан жасалған қырғынды 

тоқтаттыруды  талап  ету  өлімге  бас  тігіп,  ажал  аузына  өзі 

барумен бірдей ерлік болатын... Осы ұлы еңбегі үшін Қазақ 

елі  Тұрар  Рысқұловтың  атын  мәңгі-бақи  ардақтап  өтетін 

болады!».

Қазақстан Республикасының Президенті 

Н.Ә. Назарбаев

1994 жылы ұлт қайраткерлеріне арналған 

«Тарих зердесі» атты кеште сөйлеген сөзінен. 


6

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ...........................................................................       7

І тарау.  Революция  және  экономикалық  апат. 

Ашаршылық және  онымен күрес ......... 22

ІІ тарау. Орталық  Азияның  экономикалық 

дербестігі үшін  күрес жолында .............. 71

IІІ тарау.   Орталық Азияның өкілетті өкілі ..........         133

IV тарау.  Орталық 

Азияның 

қираған 

экономикасын қалпына  келтіру ............            188

V тарау.   Тұрар  Рысқұлов  –  Орталық  Азияның 

көрнекті мемлекет  қайраткері ...............          229

Қорытынды .................................................................. 266

Қосымша.  Тұрар  Рысқұлов  –  Түркістан  Респу-

бликасы Қаржы Комитетінің төрағасы (құжаттар 

мен материалдар) ........................................................                   279

Ғылыми түсініктемелер .............................................        489

                                                                                             

                                                                          

                                                                                

                             

             



 7

                                     КІРІСПЕ

Бүгін  барша  әлем  мойындап,  үлкен  беделге  ие  болып 

отырған тәуелсіз Қазақстанның тарихы күрделі кезеңдерден 

тұратыны белгілі. Қазақ халқы аса ауыр саяси, әлеуметтік-

экономикалық  процестерді  басынан  кешірді.  Ең  ауыр 

кезеңнің  бірі  –  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысы  болғаны 

күмәнсіз.  Ресей  империясының  отарлық  саясатының 

кесірінен қазақ халқының құнарлы да шұрайлы жерлерінен 

айырылуы,  көшпелі  мал  шаруашылығының  дағдарысқа 

ұшырауы,  1917  жылғы  орыс  революциялары,  азамат 

соғысы,  ашаршылық  халыққа  ауыр  тиді.  Екінші  жағынан, 

социалистік  қайта  құрулар  нәтижесінде  қазақ  халқы  өз 

тарихында  тұңғыш  ұлттық  республикасына  ие  болып, 

отырықшы өмір салтына өтті.  

Қазақстан  аумағының  тең  жартысы,  яғни  бүгінгі  Ал-

маты,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда  облыста-

ры  мен  Маңғыстау  облысының  бір  бөлігі  1917-1924  жыл-

дары  әкімшілік  жағынан  Түркістан  Республикасының 

құрамында  болды.  Революция  мен  азамат  соғысы  жылда-

рында Түркістанның басқа да мұсылман халықтары сынды 

қазақтар да үлкен әлеуметтік-экономикалық апатқа ұшырап, 

сұрапыл  ашаршылықты  басынан  өткізді.  Миллиондаған 

қандастарымыз жазықсыз опат болды.

Елге  аса  ауыр  болған  осындай  қиын-қыстау  кезеңде 

Тәңірінің өзі туған халқына қызмет етуді несіп еткен тарлан 

тұлғалар  аз  болған  жоқ,  солардың  бірі  Орталық  Азияның 

ірі  саяси  қайраткері  –  Тұрар  Рысқұлов  еді.  Ол  –  Орталық 

Азия  республикалары  мен  Қазақстанның  болашақ  саяси 

және  экономикалық  тәуелсіздігінің  негізін  қалаған  тарихи 

тұлғалардың бірі болды. Тұрар Рысқұлов алдымен Түркістан 

Республикасының  Орталық  Атқару  Комитетінің  төрағасы, 

артынан Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесін басқарды. 

Орталық Азияның халық шаруашылығын қалпына келтіру 



8

және өркендету, өндірісті дамыту, оқу-ағарту ісі жолға қою, 

сауатсыздықты  жою,  халықтардың  саяси-экономикалық 

және әлеуметтік құқығын теңестіру және тағы басқа орасан 

зор ауқымдағы шараларды іске асырды. 

Тұрар  Рысқұловтың  (1894-1938)  қоғамдық-саяси  және 

мемлекеттік қызметі біршама дәрежеде зерттелінген. Тұрар 

Рысқұловтың  өмірі  мен  қызметін  зерттеу  өткен  ғасырдың 

60-шы  жылдары  басталған  болатын.  Алғашында  мерзімді 

баспасөз бетінде көрініс тапқан жарияланымдар бірте-бірте 

ірі ғылыми ізденістерге жол ашты.

1974  жылы,  яғни  қайраткердің  80  жылдығы 

қарсаңында белгілі қазақ тарихшылары – С.Б.Бейсембаев 

пен С.Б. Көлбаевтың

1

, 90 және 100 жылдық мерейтойына 



арнап В.М. Устинов

2

 пен О.М. Қоңыратбаевтың



3

 еңбектері 

жарық көрді. 

Тұрар  Рысқұловтың  сан-салалы  қайраткерлік  қызметі 

кейінгі жылдары да үздіксіз зерттелініп келеді. Бұл бағытта 

О.М.  Қоңыратбаев

4

,  М.Әбілтайұлы



5

  мен  Н.Әбілдаев, 

А.Исмаилов

6

, М.Қойгелдиев



7

, Т.Омарбеков

8

, К.Нұрпейісов



9

Б.Байрактар



10

М.Қ.Қозыбаев



11

М.Х.Асылбеков



12

В.Н.Григорьев



13

Плосцких



14

 

пен 



А.Карымсакова, 

М.Жәпек


15

,  Қ.Зардыхан

16

,  А.Жүнісбаев



17

,  С.Шілдебай

18



Д.Қыдыралиев



19

Ж.Сүлейменов



20

Д.Қамзабекұлы



21

Ж.Әшірбекова



22

, Е.Күзенбаев

23

, М. Қазбек



24

 пен Ғ.Маймақов, 

Қ. Раджабов

25

, Д. Аманжолова



26

, С.К.Рощин

27

, Р.А.Нуруллин, 



М.Буттино

28

, Ч.У. Хостлер



29

, М. Дж.Пайн

30

, И.Огайон



31

 және 


т.б. қыруар іс атқарды. 2011 жылы «Аңыз адам» сериясының 

тұтас бір нөмірі Тұрар Рысқұловқа арналып, онда көптеген 

ғалымдар  қайраткердің  саяси,  экономикалық  қызметін 

сарапқа салды

32

. Жоғарыда аттары аталған зерттеушілердің 



көпшілігі  Тұрар  Рысқұловтың  қоғамдық-саяси  және 

мемлекеттік қызметімен қатар, өз еңбектерінде қайраткердің 

экономикалық қызметіне де тоқталып отырған.

2008  жылы  бір  топ  ғалымдар,  атап  айтқанда, 

А.Қошанов, О.Сәбден және А.Доголов Тұрар Рысқұловтың 


 9

экономикалық көзқарастарына арналған еңбекті

33

 жарыққа 



шығарды.  Сондай-ақ,  О.Сәбден

34

  бұл  тақырыпта  бірнеше 



мақала жариялады.

Түркістан-Сібір  темір  жолын  салудағы  Тұрар 

Рысқұловтың  еңбегі  туралы  Ф.Осадчийдің

35

  құжаттық 



повесі мен Түркістан-Сібір темір жолын салуға Жәрдемдесу 

комитетінің құжаттары жарияланды

36

.

Осы кезеңде қайраткердің төл туындыларын жинастыру, 



кітап  етіп  бастыру  жұмыстары  қолға  алынды.  1984  жылы 

Тұрар Рысқұлов еңбектерінің 1 томдық таңдамалы жинағы

37



1997  жылы  академик  К.Нұрпейісов  пен  В.Н.Григорьевтің 



құрастырумен  3  томдығы

38

,  ал  2007  жылы  5  томдығы 



жарық  көрді

39

.  Қайраткер  еңбектерін  жинастыруға 



белгілі  тұрартанушы  М.Серікбаев,  баспаға  даярлауда 

Х.Алдажұманов  пен  С.Смағұлова  үлкен  жұмыс  атқарды. 

Бұл жинақтарда қайраткердің экономикалық көзқарастары 

мен  Орталық  Азиядағы  экономикалық  қызметін  талдауға 

негіз болар тарихи құжаттар мен деректер мол қамтылған.

Жоғарыда  есімдері  аталған  авторлардың  Тұрар 

Рысқұловтың  өмірі  мен  қайраткерлік  қызметін  зерттеуде 

үлкен еңбек сіңіргені айқын. Десек те тұрартанудың жаңа 

кезеңі енді ғана басталды.  

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан мен Орталық 

Азия, Ресей мен Моңғолия тарихында өшпес із қалдырған 

Тұрардың 44 жыл ғана өмір сүріп, сталиндік репрессияның 

құрбаны болғаны белгілі. Саяси дүрбелең дәуірде тез есейіп, 

ел басқару ісіне ерте араласқан Тұрар табиғи талантының 

арқасында  талай  белестерге  көтеріліп,  қыруар  істер  тын-

дырды. 


Тұрар  Рысқұлов  сынды  ірі  тарихи  тұлғаның  1917-1937 

жылдардағы сан-салалы экономикалық қызметін бір мезетте 

зерттеп шығудың мүмкін еместігін ескере отырып, авторлар 

аталған жоба аясында басты назарды қайраткердің Орталық 

Азиядағы  экономикалық  қызметінің  негізгі  кезеңдері 


10

мен  бағыттарын  зерттеуге  күш  салды.  Қайраткердің 

саяси-мемлекеттік  қызметіне  қатысты  тыңғылықты  зерт-

теу  жұмыстары  жүргізілгенімен  де,  оның  экономикалық 

қызметінің ашылмаған тұстары жеткілікті, сондықтан да ав-

торлар оқырманға ұсынылып отырған «Тұрар Рысқұловтың 

Орталық  Азиядағы  экономикалық  қызметі»  атты  кітапта 

осы мәселелерді кешенді зерттеуді мақсат тұтты. 

Ал,  Тұрар  Рысқұловтың  экономикалық  қызметінің 

Моңғолия  мен  Ресей  кезеңдері  арнайы  жоба  аясында 

зерттеуді қажет етеді. 

Тұрар  Рысқұловтың  Орталық  Азиядағы  экономикалық 

қызметін  жан-жақты  талдау  үшін  алдымен  қайраткердің 

өмірі  мен  қызметіне  қысқаша  тоқтала  кеткен  жөн,  онсыз 

мәселенің ашылмасы анық. 

Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алма-

ты облысының Талғар өңірінде дүниеге келеді

40

. Тұрардың 



әкесі - Рысқұл Жылқайдарұлы елге атағы жайылған кәнігі 

аңшы  болған.  Рысқұл  батыр  Талғар  тауының  табиғи 

жағдайын жақсы білген, 1903 жылы ол зерттеуші С.Д. Ди-

митиревке Талғар тауын зерттеуге көмектеседі. Есік өзенінің 

бастауындағы мұзды алқап «Рысқұл алқабы» деп аталады

41



Нақақ жалаға ұшыраған Рысқұл 1904 жылы 20 желтоқсанда  

патша болысын атып өлтіріп, Сібірге айдалады

42



  Жастайынан  жергілікті  қазақ  байлары  мен  келімсек 



орыс кулактарының қорлығын көрген Тұрар бала күнінен-

ақ әлеуметтік теңсіздікті жою туралы армандап өсті. Есейе 

келе  Тұрардың  бойында  әлеуметтік  әділетсіздікпен  қоса, 

ұлттық  езгіге  қарсы  күрес  рухы  оянады.  Қазақ  даласына 

ішкі Ресейден орыс мұжықтарының қаптап келуі, көшпелі 

қазақтың атамекенде жүріп мүсәпір жағдайға түсуі – бала 

Тұрардың көз алдында өткен құбылыс. 

Рысқұл  Сібірге  айдалғаннан  кейін,  Тұрарды  туыста-

ры Әулиеата уезінің Меркі ауылына алып кетіп, жергілікті 

орыс-түздік  мектебінде  оқытады.  Тұрар  жаз  айларында 



 11

Аспара  байларының  қойын  бағады

43

.  1910-1914  жылдары 



Тұрар  Пишпектегі  екінші  дәрежелі  ауыл  шаруашылығы 

училищесінде оқиды

44



1916 жылы 25 маусымда патша үкіметінің майдандағы 



қара  жұмысқа  19-43  жас  аралығындағы  бұратаналардан 

жұмысшы  алу  туралы  жарлығы  Орталық  Азияда  ірі  ұлт-

азаттық  көтерілістің  тұтануына  септігін  тигізеді

45

.  Тұрар 



Меркі көтерілісіне қатынасады. Меркі көтерілісі қыркүйек 

айының  соңына  таман  жазалаушы  әскер  күшімен  басып 

жаншылады

46

.



Тұрар Рысқұлов 1916-1918 жылдары Ташкент мұғалімдер 

институтының  екі  курсын  тәмамдайды.  1916  жылы  19 

қыркүйекте  Тұрардың  атына  №  31  жеке  іс  ашылады,  ол 

істегі  соңғы  мәлімет  1918  жылы  6  сәуірінде  тіркелген

47



Тұрар  оқи  жүріп  бағбандық  жұмыспен  айналысып,  күн 



көреді.  Әлеуметтік  жағынан  қорғансыз,  жетім  Тұрардың 

қаншалықты дәрежеде қаражат қыспағына түскеніне оның 

1916  жылы  қазан  айында  институт  директорына  жасаған 

өтініші дәлел бола алады

48



1917 жылы көктемде Тұрар Меркіде «Бұқара» ұйымын 



(Қазақ  жастарының  революциялық  одағын)  құрады. 

Тұрардың  жетекшілігімен  одақ  мүшелері  аштықпен 

күрес  мәселесін  қолға  алады.  Түркістан  өлкесінде  ең 

алғашқы  қоғамдық  тамақтандыру  орындары  Меркіде 

ұйымдастырылды

49



1914  жылдан  бері  жүріп  жатқан  бірінші  дүниежүзілік 

соғыс  Түркістан  халықтарына  аса  ауыр  тиді.  Соғыс  пен 

1916 жылғы көтеріліс кезінде жергілікті халық қатты зардап 

шекті. 1917 жылғы қуаңшылық пен революциялық дүрбелең 

кесірінен Түркістан өлкесінде азық-түлік мәселесінде апат-

ты жағдай қалыптасады. Әсіресе, аса ауыр жағдай Әулиеата 

уезінде орын алады. 

Жылдың  соңына  таман  Түркістанда  қарулы  орыс 

жұмысшылары  мен  солдаттарының  монополиялы  билігі 


12

орнайды.  Олар  билікпен  қоса  азық-түлікке  де  монопо-

лиялы  бақылау  орнатады.  Жұмысшы-солдат  кеңестері 

қалалардағы еуропалықтар мен әскерилерді ғана асырауды 

қамтамасыз етіп, ал өлкенің негізгі тұрғындары – мұсылман 

жұртшылығын азық-түлік қорына жолатпайды.

Мұсылман  халықтарының  ортасында  басталып  келе 

жатқан сұрапыл ашаршылықты сезінген Тұрар 1918 жылы 

сәуірде  институттағы  оқуын  тоқтатып,  Әулиеатаға  атта-

нады.  Тұрар  жергілікті  сауатты  жастарды  саяси  билік  пен 

әскери  күшке  ие  болып  отырған  кеңес  үкіметіне  кіруге 

үгіттейді, аштан қырыла бастаған қазақ жұртын арашалап 

алу үшін басқа жолдың жоқтығын түсіндіреді. 

1918  жылы  21  сәуірде  Тұрар  Рысқұлов  Әулиеата 

қаласында  алғашқы  уездік  қазақ  съезін  ұйымдастырады

50



Жазда ол уездік кеңестің төрағасы болып сайланады. 

Тұрар 


Рысқұловтың 

1918-1919 

жылдардағы 

Түркістандағы  сұрапыл  ашаршылық  кезінде  Аштықпен 

күресетін  Орталық  комиссия  құрып,  миллиондаған 

мұсылман баласын арашалап алғаны белгілі; бірақ, өкінішке 

қарай, аталған комиссияның құжаттары толық зерттелінбей 

келеді.  Орталық  комиссияның  құжаттары  жинастыры-

лып, бір жүйеге келтірілген жоқ. Ал, аталған комиссияның 

қызметі  бүкіл  Орталық  Азия  аймағын  қамтыған  болатын. 

1919  жылы  Орталық  комиссияның  құзырында  1200-дей 

қоғамдық  тамақтандыру  орындары,  жетім  балалар  үйлері, 

қолөнер  шеберханалары,  көшпелі  ауруханалар  мен  ем-

ханалар,  егіс  алқаптары,  суландыру  жүйелері  және  т.б. 

болды.    Оларда  екі  миллиондай  ашыққан  халық  жұмыс 

істеп,  күнелтті.  Орталық  және  жергілікті  комиссиялардың 

құрамында  11  000  мұсылман  жастары  қызмет  атқарып, 

халықты  құтқару  ісімен  айналысты.  Аса  ауыр  саяси-

экономикалық  ахуалда  осыншама  көлемдегі  жұмыстарды 

тыңғылықты  ұйымдастыра  білген  Тұрар  Рысқұловтың 



 13

экономикалық  қызметі  Орталық  комиссияның  құжаттары 

жарияланған жағдайда толық ашыла түсері хақ.

1919 жылы Тұрар Рысқұлов мұсылман халқының саяси-

экономикалық  құқықтарын  қорғаушы  ұйым  –  Мұсылман 

бюросын басқарды. Мұсылман бюросының тарихы туралы 

зерттеу  еңбектері  жарияланғанымен  де,  аталған  ұйымның 

экономикалық  қызметі  жеткілікті  дәрежеде  зерттелінген 

жоқ.  Мұсбюроның  мәжіліс  хаттамаларын  жариялау 

қазіргі  таңда  аса  маңызды  болып  отыр,  онсыз  мұсылман 

қайраткерлерінің  қызметін  толық  түсіну  мүмкін  емес. 

Тұрар Рысқұлов Мұсылман бюросын ұйымдастыру арқылы 

Орталық  Азияның  мұсылман  бұқарасына  экономикалық 

жағынан  үлкен  қолғабыс  көрсетті.  Азамат  соғысы 

жағдайында  жұмыс  істеген  Мұсбюро  Тұрар  Рысқұловтың 

басшылығымен  жүздеген  мың  мұсылман  босқындарын 

экономикалық апаттан аман алып қалды.

Тұрар  Рысқұлов  1920  жылдың  алғашқы  жартысын-

да  Түркістан  Республикасы  кеңестерінің  Орталық  Атқару 

Комитетін  басқарды,  ол  республика  басшылығына  кел-

ген  жергілікті  халықтың  тұңғыш  өкілі  болды.  Оның 

жетекшілігімен 

Түрікатком 

республиканың 

саяси, 

әлеуметтік, экономикалық, әскери және мәдени өмірінде аса 



маңызды өзгерістерге басшылық жасады. Республикасының 

заң актілері мен заңдық күші бар қаулыларын қабылдауға, 

әкімшілік-ұйымдастырушылық  және  бюджеттік  сипаттағы 

практикалық  мәселелерді  шешуге,  үкімет  мекемелері 

мен  комиссариаттардың  қызметіне  басшылық  етті.  Тұрар 

Рысқұловтың  Түрікатком  төрағасы  ретінде  ерекше  көңіл 

қойған  мәселесі  –  патша  үкіметінің  отарлау  саясатының 

экономикалық  зардаптарын  жою  болды.  Орыс  шаруа-

ларын  қарусыздандыруға  және  көшпелі  халықтардың 

ата  қоныс  мекендерін  қайтаруына  қол  жеткізді.  Ол  1916 

жылғы  босқындар  мәселесі  бойынша  үкіметтің  ар-

найы  комиссиясын  құрады.  1916  жылғы  ұлт-азаттық 



14

көтерілісінің босқындарына қолдан келген көмегін көрсетті. 

Босқындардың туған жеріне, ата қоныс мекендеріне орна-

ласуына мүмкіндік туғызды. Тұрар 1920 жылы Кремльдің 

алдында Түркістанның саяси және экономикалық егеменді 

туралы  мәселе  көтереді.  Тұрар    Рысқұловтың  Түрікатком 

төрағасы  қызметінде  Орталық  Азияның  экономикасына 

сіңірген  еңбегін  ашып  бере  алатын  тарихи  құжаттардың 

көп бөлігі әлі күнге дейін жарияланған жоқ. Атап айтқанда, 

Тұрар  Рысқұловтың  басшылығымен  өткен  Түрікатком 

мәжілістерінің  хаттамалары,  экономикалық  кеңестер 

мен  жиындардың  есептері,  халық  шаруашылығының 

түрліше  саласын  дамыту  бойынша  жасалған  баяндама-

лар,  федерациялық  экономикалық  ұйымдар  мен  мекеме-

лермен  арадағы  қатынас  хаттары  оқырманға  мүлдем  та-

ныс  емес.  Ал,  бұл  материалдарда  қайраткердің  аталған 

кезеңдегі экономикалық қызметін ашып бере алатын тарихи 

мәліметтер мен деректер аса мол.

Тұтас Түркістан идеясы үшін Кремль Тұрар Рысқұловты 

1920 жылы жазда Түркістаннан кетуге мәжбүр етті

51



1920  жылдың  екінші  жартысы  мен  1922  жылдың 



алғашқы  жартысында  Тұрар  Рысқұлов  Коминтерн  мен 

РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет 

атқарды.  Комиссариатта  Тұрар  Рысқұлов  Орталық  Азия 

аймағына жауапты болды. Ол Қазақстанның, Түркістанның, 

Бұқара  мен  Хорезмнің,  Татарстан  мен  Башқұртстанның 

өкілдерінен құрылған арнайы комиссияға жетекшілік етті. 

РКФСР-дің  ұлт  аймақтарының  өндіргіш  күштерін  дамыту 

съезін даярлау комиссиясының мүшесі, Мәскеу Шығыстану 

институтының қызметін тексеру комиссиясының төрағасы, 

қуаңшылыққа  ұшыраған  аймақ  тұрғындарына  жұмыс  ма-

лын  тарату  комиссиясының  төрағасы,  жер  мәселелері 

бойынша  Федеральдық  комитет  туралы  ереже  жоба-

сын  даярлау  комиссиясының  төрағасы,  РКФСР  Ұлт 

істері  жөніндегі  халық  комиссариаты  жанындағы  Халық 



 15

ағарту  ісі  бойынша  Федеральдық  комитет  туралы  БОАК 

қаулысының  жобасын  даярлау  комиссиясының  төрағасы, 

Башқұрт  АКСР-інің  шекарасын  анықтау  комиссиясының 

төрағасы,  Мәскеу  Шығыстану  институтының  1922-1923 

оқу  жылында  Мемлекеттік  қабылдау  комиссиясының 

төрағасы,  Петроградтағы  Шығыстың  тірі  тілдерінің 

Орталық  институты  туралы  ереже  жобасын  даярлау 

комиссиясының  төрағасы,  Мәскеу  Шығыстану  институты 

мен Петроградтағы Шығыстың тірі тілдері институтындағы 

студенттер вакансияларын  бөлу  комиссиясының төрағасы, 

Шығыс халықтарының Орталық баспасын ұйымдастырып, 

басқармасын тағайындау және баспаның ережесін, штатын, 

сметасын  белгілеп,  БОАК-қа  ұсынылатын  қаулы  жобасын 

даярлау  комиссиясының  төрағасы,  Шығыс  еңбекшілерінің 

Коммунистік университеті жанынан Жұмысшы факультетін 

ұйымдастыру және факультет туралы ережені, оның штаты 

мен  сметасын  белгілеп,  БОАК-қа  ұсынылатын  қаулы  жо-

басын  даярлау  комиссиясының  төрағасы,  Мәскеу  қаласы 

мен  Мәскеу  облысындағы  босқын  мұсылман  балаларына 

көмектесу  комиссиясының  төрағасы,  Мәскеу  Шығыстану 

институтының  250  студентіне  арнап  жеке  жатақхана  ашу 

комиссиясының  төрағасы,  Мәскеу  қаласында  Шығыс 

еңбекшілерінің үйін ұйымдастыру комиссиясының төрағасы 

және  т.б.  үкімет  комиссияларының  төрағасы  ретінде 

Тұрар Рысқұлов Орталық Азия республикаларына тікелей 

қатысты, аса маңызды мәселерді шешіп отырды. 

Тұрар Рысқұловтың РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық 

комиссарының  орынбасары  ретінде  атқарған  сан-салалы 

қызметінің маңыздыларының бірі – Шығыс халықтарының 

Орталық  баспасын  ұйымдастыруы  еді.  Тұрар  Рысқұлов 

аталған баспаның тұңғыш төрағасы болды. Тұрар Рысқұлов 

Шығыс  халықтарының  Орталық  баспасын  құру  туралы 

БОАК  қаулысының  жобасын,  баспаның  ережесін,  штаты 

мен сметасын өз қолымен даярлап, баспаның мекен-жайын, 


16

материалдық-техникалық  базасын  жасақтап  берді.  Тұрар 

Рысқұлов құрған Шығыс халықтарының Орталық баспасы 

КСРО-ның түркі-мұсылман халықтарының сауатын ашу, ұлт 

тілдерінде оқулықтар мен кітаптар шығару мәселесінде ұзақ 

жылдар  бойы  Одақ  көлеміндегі  аса  маңызды  баспа  рөлін 

атқарды.  Аталған  баспадан  Орталық  Азия  халықтарының 

тілінде  көптеген  экономикалық  жанрдағы  кітаптар  жарық 

көрді.

1921  жылы  19  наурызда  Тұрар  Рысқұлов  Ленин  мен 



Сталинге    арнайы  хат  жазып,  оларды  Орта  Азияда  патша 

үкіметінің  отарлық  саясатының  зардаптарын  тездете  жою 

үшін кең көлемде жер-су реформасын жүргізуді ұсынады. 

1921-1922 жылдардағы Түркістандағы жер-су реформасы – 

Тұрар Рысқұловтың Кремльге қысымынан кейін ғана қолға 

алынған шара болатын. 

1922 жылдың қазан айынан – 1924 жылдың қаңтар айына 

дейін Тұрар Рысқұлов Түркістан Республикасының Халық 

Комиссарлар  Кеңесін  басқарды.  Тұрар  Рысқұлов  үкіметі 

Түркістанның  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіріп, 

жаңа  экономикалық  саясаттың  механизмін  енгізді.  Ол 

Орталық  Азия  республикаларының  экономикалық  одағын 

құруға  көп  күш  салды.  Орталық  Азия  республикаларын 

(Түркістан, Қазақстан, Бұқара және Хорезм) экономикалық 

жағынан  біріктірмей  аймақтың  шаруашылығын,  әсіресе 

ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету мүмкін 

емес  болатын.  Соғыс  пен  қуаңшылық,  аштық  жылдарын-

да  мал  басының  апатты  көлемде  кемуінің  орнын  толтыр-

ды.  Аймақ  экономикасы  үшін  мал  шаруашылығының, 

әсіресе көшпелі мал шаруашылығының маңызы зор болды. 

Мал  шаруашылығының  дамуы  ауа-райына,  шабындықтың 

күйіне және табиғи жайылымның жағдайына тікелей тәуелді 

болғандықтан  төрт  түлік  малдың  тұқымын  жақсарту,  мал 

өнімдерімен сауда жасауды ұлғайту, жүн мен теріні өңдеу 

ісін  жолға  қойды.  Суландыру  жүйелерін  қалпына  келтіру 


 17

тек  өзара  күш  біріктіргенде  ғана  іске  асатын  проблемаға 

еді.  Өзара  ортақ  өнеркәсіп,  сауда,  қаржы  және  көлік  сая-

сатын бірігіп жүргізу қажеттілігі туды. Осы мақсатта 1923 

жылы  5-9  наурызда  Тұрар  Рысқұлов  Ташкентте  Орталық 

Азия  республикаларының  І  экономикалық    конференци-

ясын  ұйымдастырады.  Тұрар  Рысқұлов  қаржы,  сыртқы 

саясат,  ішкі  және  сыртқы  сауда,  транспорт,  оқу-ағарту, 

мәдениет,  мақта  шаруашылығы,  ирригация,  аймақтағы 

су  ресурстарын  ортақ  пайдалану,  экономикалық  аудан-

дастыру  мәселелері,  орман  шаруашылығын  қорғау  және 

дамыту,  жер  шаруашылығы  саясаты  және  жер-су  рефор-

масын  аяқтау,  өндіріс  пен  мемлекеттік  сауда,  коопера-

ция  мәселелерін  бірігіп  шешу,  біртұтас  ақша  айналымы 

аумағына кіру, біртұтас салық жүйесін құру және тағы басқа 

да  аса  маңызды  салалар  мен  істерді  бірлесе  шешу  үшін 

Орталық Азия республикаларының Экономикалық Кеңесін 

құрады.  Оның  құзырына:  шаруашылық  жоспарларын  жа-

сау, үйлестіру, бекіту, жалпы заңдар жүйесін әзірлеу, сауда 

мен қаржы саясатын біріктіру, азық-түлік саясатын белгілеу 

және халыққа қажетті күнделікті тұтынатын тауар өндірісін 

жоспарлау,  республикалардағы  шикізат,  отын-жанармай 

қорын  бақылауға  алу,  әлеуметтік  қамсыздандыру  шарала-

рын  белгілеу  міндеті  кірді.  Орталық  Азия  Экономикалық 

Кеңесінің  жанынан  сыртқы  сауда,  қатынас  жолдары, 

байланыс,  статистикалық  басқарма,  қаржы  бөлімдері 

ұйымдастырылды. 

Сауатсыздықты жоймай халық шаруашылығын қалпына 

келтіріп,  өркендету  мүмкін  емес  еді,  сондықтан  да  Тұрар 

Рысқұловтың  ерекше  көңіл  бөлген  саласының  бірі  –  оқу-

ағарту  мәселесі  болды.  Тұрар  Рысқұлов  басқарған  үкімет 

1922  жылы  халық  ағарту  ісіне  мемлекеттік  бюджеттің 

30%-ға дейінгі, ал жергілікті бюджеттердің 24%-на дейінгі 

бөлігін  босату  туралы  шешім  қабылдайды.  Мұндай 



18

көлемдегі  пайыздық  қаржы  білім  саласына  одан  кейінгі 

онжылдықтардың бірде-бірінде бөлінген емес. 

Орталық Азияның экономикасын өркендету ісінде Тұрар 

Рысқұлов басқарған Қаржы комитетінің орны ерекше. Эко-

номиканы  өркендету  ісі  ең  алдымен  қаржы  мәселесінің 

дұрыс шешілуіне тәуелді еді. Қаржы мәселесі шешілмей эко-

номиканы өркендету мүмкін емес еді. Тұрар Рысқұловтың 

ең алдымен қолға алған саласы – қаржы мәселесі болды. 

Тұрар Рысқұлов басқарған Қаржы комитетінің қызметі 

мүлдем зерттелінбеген, ол туралы осы уақытқа дейін бірде-

бір ғылыми еңбек жарияланбаған. Қаржы комитетінің сан 

алуан  қызметінен  мәлімет  беретін  тарихи  құжаттар  жи-

настырылып,  ғылыми  айналымға  енгізілмеген.  Ал  бұл 

құжаттар  мен  материалдардың  Қазақстанның  саяси  және 

экономикалық тарихын қалпына келтіру ісінде маңызы ора-

сан  зор.  Экономика  тарихында  орын  алып  отырған  осын-

дай  олқылықтың  орнын  толтыру  үшін  Тұрар  Рысқұлов 

басқарған  Қаржы  комитетінің  құжаттары  мен  матери-

алдарын  жинастырып,  жарыққа  шығару  қажет.  Қаржы 

комитетінің  құжаттары  мен  материалдары  жеке  томды 

құрайды. Бұл құжаттар мен деректік мағлұматтар болашақ 

зерттеулер үшін материалдық база болып табылады. Қаржы 

комитетінің  мүлдем  зерттелінбеуіне  байланысты  осы 

кітаптың қосымшасында оның мәжілістерінің бірнеше хат-

тамаларын тіркеп отырмыз.

Кремльдің  шешімімен  1924  жылы  Орталық  Азияда 

ұлттық-территориялық  межелеу  саясаты

52

  іске  асырылып, 



барлық жағынан Мәскеуге тәуелді республикалар құрылады 

да,  Тұрар  Рысқұловты  Комитеттерінің  орталық  аппараты-

на  жұмысқа  ауыстырып  жібереді.  Тұрар  Рысқұлов  1924-

1925  жылдары  Коминтернннің  өкілі  ретінде  Моңғолияға 

жіберіліп,  ол  бауырлас  моңғол  халқының  қазіргі  заманғы 

өркениетке қол созуына көмек көрсетті

53



 19

РКП (б) Орталық Комитеті 1926 жылы көктемде Тұрар 

Рысқұловты  Қазақстанға  жібергенімен  де,  үш  ай  өтпей 

жатып  қайтадан  кері  шақыртып  алып,  РКФСР  үкіметі 

төрағасының орынбасары қызметіне тағайындайды. Бұл –

Кремльдің Қазақстанды жеке-дара билеп-төстеуге кіріскен 

Ф.И. Голощекинге қарсы тұра алатын саяси тұлғадан құтылу 

саясаты болатын. 

РКФСР  үкіметінің  төрағасының  орынбасары  ретінде 

Тұрар  Рысқұлов  1926-1937  жылдары  Орталық  Азия  үшін 

тарихи  маңызы  бар  талай  істер  атқарды.  1926  жылы 

ол  ұлт  республикаларының  құқықтарын  кеңейту,  ре-

спубликаларда  жергілікті  халықтардың  мүддесіне  сай 

келетін  экономикалық  саясат  жүргізу  мәселесі  бойынша 

Мәскеудің рұқсатынсыз ұлт қайраткерлерінің жеке кеңесін 

ұйымдастырып, қабылданған қаулыны Кремль көсемдеріне 

тапсырады. 1926-1930 жылдары Тұрар Рысқұлов Орталық 

Азия  халықтары  үшін  аса  маңызды  Түркістан-Сібір  темір 

жолының  құрылысына  Жәрдемдесу  комитетін  басқарады. 

1932-1933  жылдары  Ф.И.Голощекиннің  «Кіші  қазан» 

саясатының  кесірінен  басталған  Қазақстандағы  сұрапыл 

ашаршылық  кезінде  Тұрар  Рысқұлов  босқын  халықты 

құтқару үшін ерен ерлік жасады

54



Тұрар  Рысқұлов  1929  жылдан  бастап  Сталиннің  жеке-

дара  билігіне  қарсы  құрылған  оппозициялық  күштермен 

одақтасады

55

.  Бұл  кезде  Сталин  тобы  саяси  билікті  өз 



қолдарына шоғырландырып, жаңа орыс империясын құруға 

бағыт алған болатын. Басқа да кеңес республикалары сияқты 

Орталық  Азия  республикалары  да    саяси-экономикалық 

құқықтарынан айырылып, әкімшілік басқарылуы жағынан 

бірте-бірте  Ресейдің  ішкі  облыстарының  дәрежесіне 

дейін  құлдыраған  еді.  Сталиннің  озбыр  саясатына  қарсы 

оппозициялық  күштердің  бір  тобы  РКФСР  үкіметінде 

шоғырланды.  Ол  топты  Тұрар  Рысқұловпен  қызметтес 

С.И.Сырцов  басқарды.  Олар  Сталиннің  индустрализа-


20

ция  мен  коллективизация  саясатын  іске  асыру  тәсілдерін 

елді  дағдарысқа,  халықты  қырғынға  алып  баратын  саясат 

ретінде айыптайды

56

. С.И. Сырцов тұтқындалғаннан кейін 



арнайы органдар Тұрар Рысқұловты бақылауды күшейтеді. 

Мәскеудегі  қызметінде  Тұрар  ұстараның  жүзіндей  қауіпті 

саяси ахуалда жұмыс істеді. Тұрар Рысқұловты 1937 жылғы 

сталиндік үлкен террор кезінде «халық жауы» деген жала-

мен тұтқындалып, жазықсыз опат болды. 

Сталиндік зұлматтың жазықсыз құрбаны болған Тұрар 

Рысқұлов  1938  жылы  ақпанда  43  жасқа  енді  ғана  толған, 

нағыз  ердің  жасында  еді.  Халқына  бергенінен  берері  көп, 

мемлекет қайраткері ретінде толық қалыптасқан кезі бола-

тын. 


Тұрар  Рысқұловтың  Орталық  Азиядағы  экономикалық 

қызметіне  қатысты  тарихи  деректер  мынадай  мұрағат 

қорларынан алынды: Қазақстан Республикасы Президентінің 

Мұрағаты  (ҚРПМ),  Қазақстан  Республикасының  Орталық 

Мемлекеттік  Мұрағаты    (ҚРОММ),  Жамбыл  облыстық 

мемлекеттік мұрағаты (ЖОММ), Қырғыз Республикасының 

Орталық  Мемлекеттік  Мұрағаты  (ҚырРОММ),  Өзбекстан 

Республикасының  Орталық  Мемлекеттік  Мұрағаты 

(ӨРОММ), 

Өзбекстан 

Республикасы 

Президенті 

Аппаратының Мұрағаты (ӨРОММ), Ресей Федерациясының 

мемлекеттік  мұрағаты  (ГАРФ),  Ресейдің  әлеуметтік-саяси 

тарихының мемлекеттік мұрағаты (РГАСПИ) және т.б.

Кітапта  ХХ  ғасырдың  20-30  жылдарында  және  одан 

кейінгі  жылдарда  жарық  көрген  мерзімді  басылымдардың 

мәліметтері  қамтылды,  атап  айтқанда:  Наша  газета  (Таш-

кент), Бірлік туы (Ташкент), Военная мысль (Ташкент),  Во-

енно-исторический  журнал  (Москва),    Жизнь  националь-

ностей (Москва), Известия ТурЦИКа (Ташкент), Историче-

ский  архив  (Москва),  Красная  летопись  Туркестана  (Таш-

кент),  Коммунистическая  мысль  (Москва),  Новый  Восток 

(Москва), Пролетарская революция (Москва), Революция и 



 21

национальности (Москва), Советский Туркестан (Ташкент), 

Туркестанский коммунист (Ташкент), Туркестанский курьер 

(Ташкент), Большевик Казахстана (Алма-Ата), Вестник АН 

КазССР  (Алма-Ата),  Вестник  КазГУ.  Серия  историческая 

(Алматы), Вестник КК ОАН РУ (Нукус), Вопросы истории 

(Москва), Восток (Москва), Диалог (Ташкент), Жұлдыздар 

отбасы – Аңыз адам (Журнал-кітап), Звезда Востока (Таш-

кент),  История  СССР  (Москва),  Коммунист  Узбекистана 

(Ташкент), Қазақстанның ғылыми әлемі (Алматы), ҚазҰПУ 

хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтiк ғылымдар сери-

ясы (Алматы), ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы (Алматы), 

ҚарМУ хабаршысы. Филология сериясы (Алматы), ҚазҰУ 

хабаршысы. Тарих сериясы (Алматы), Международная газе-

та (Москва), Общественные науки в Узбекистане (Ташкент), 

Орталық  Қазақстан  (Қарағанды),  Отан  тарихы  (Алматы), 

Отечественная  история  (Москва),  Отечественные  архивы 

(Москва),  O’zbekistan  tarixi  (Ташкент),  Туған  өлке  –  Род-

ной край (Алматы), «Абай» журналы, Ученые записи ТГПИ 

им. Низами (Ташкент) және т.б. Бесінші тарау А.Ералымен 

бірге жазылған.


22



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет