«Ғылыми қазына» Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет3/25
Дата29.01.2017
өлшемі2,28 Mb.
#2952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

көлемінде салық алу жоспарланғанымен де, ал шын мәнінде 

жергілікті  байлардан  75  656  сом  ғана  алынып,  салықтың 

қалған  бөлігін  жинауға  тыйым  салынған.  Келіп  түскен 

қаражаттың  жұмсалуын  құрамында  Т.  Рысқұлов,  Ерофе-

ев,  Черноволов  бар  комиссия  тексеріп  шығады.  Кіріс  пен 

шығыстың  және  қолда  жұмсалмай  қалған  қаражаттың 

нақты есебінде үлкен өрескел бұрмалаушылық жіберілгені 

анықталынды

93

.     



1918  жылы  10-16  маусым  аралығында  Әулиеата 

қаласында болып өткен қазақ өкілдерінің уездік съезі ауыл 

кеңестерін ұйымдастыру, қазақ тілінде газет шығару, ауыл 


 33

еңбекшілерін  Қызыл  Армия  қатарына  шақыру,  аштарға 

көмек беру туралы және т.б. шешімдер қабылдады. Уездік 

атқару  комитетінің  төрағасының  орынбасары  Т.  Рысқұлов 

съезде  арнайы  баяндама  жасап,  аштан  қырылып  жатқан 

халықты  азық-түлікпен  қамтамасыз  етуді  жақсарту  үшін 

ауқатты адамдардан алынар салықтар туралы өз жоспарын 

ұсынады


94

Қазақ өкілдерінің уездік жұмысшы, шаруа, солдат және 



мұсылмандар депутаттарының съезі Әулиеата уезінде жаңа 

өкімет органдарын қайта құрып, нығайту туралы кең көлемді 

бағдарлама қабылдады

95

. Жаңадан ағарту, денсаулық сақтау, 



әлеуметтік қамтамасыз ету, қаржы, сауда,  азық-түлік және 

әскери  іс  бойынша  уездік  комиссиялар  тағайындалды. 

Халық шаруашылығы кеңесі мен ұлт істері бойынша уездік 

комиссариат ұйымдастырылды. 

Съезд  уезде  біртұтас  кеңестік  басқару  жүйесін 

құрылғанын жариялады. Қазан революциясына дейін уезде 

жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі жұмыс істеп 

келген  болса,  революциядан  кейін  оның  құрамына  уездік 

шаруа депутаттарының кеңесі біріккен еді. Уақытша үкімет 

тұсында  мұсылман  комитеттерін  құрған  уездің  жергілікті 

халықтары  енді  өздерінің  мұсылман  депутаттарының 

кеңесі  арқылы,  ал  қазақ  депутаттарының  кеңесі  де  осын-

дай  жолдармен  келіп,  уездегі  біртұтас  кеңестер  жүйесіне 

бірікті.  Осылайша,  уезде  жұмысшы,  шаруа,  солдат  және 

қазақ  депутаттарының  біртұтас  кеңесі  қалыптасты.  Бұл 

оқиға уездегі саяси дағдарысты, әлеуметтік-экономикалық 

қайшылықтарды  бірлесіп  шешуге  деген  ниет  пен  іс-

әрекеттің ұштасқандығын көрсетті. 

Біріккен  съезде  уездің  қоғамдық-әлеуметтік  және 

экономикалық  жағдайын  сауықтыру  шараларына  ерекше 

көңіл  бөлінді.  Ең  күрделі  де  маңызды,  кезек  күттірмейтін 

мәселелердің бірі – халықты аштықтан құтқарып қалу бо-

латын, ол туралы Т. Рысқұлов баяндама жасады. Көрсетілер 


34

көмектен үміттеніп, Әулиеата қаласы мен қала маңындағы 

елді мекендерге шоғырланып қалған аштарды кең көлемде 

жайыла  бастаған  жұқпалы  аурулардан  сақтандыру  үшін 

Т.  Рысқұлов  оларды  өз  болыстарына  қайтарып,  аштықпен 

күрес  ісін  жергілікті  жерлердің  өзінде  ұйымдастыруды 

ұсынады. Ол үшін әр аш адамға қоғамдық қордан ақшалай 

және азық-түлікпен көмектесу, өз үйлеріне жеткенге дейін 

көлікпен  қарайласу  қажеттігін  ескертті.  Аштық  зардабын 

сезінбей, шаруашылығы мығым отырған ауқатты адамдарға 

аштардың бір бөлігін асырау міндетін жүктеуге шақырды. 

Аштардың  ең  әлсіз  бөлігін  мүмкіндігінше  қоғамдық 

тамақтандыру  органдарына  жөнелту  қажет  деп  есептеді. 

Уездегі  барлық  мекемелермен  өндіріс  орындарына,  сау-

да  ұйымдарына,  театрлар  мен  т.б.  да  мәдени  ұйымдарға 

аштарға көмектесу қорына өз табыстарынан үлес аударып 

отыру міндеті жүктелді. Съезд Т. Рысқұловтың талаптары 

мен ұсыныстарын толығымен мақұлдап, бұл мәселелер бой-

ынша арнайы шешімдер қабылдады

96

.



Аштықтың  салдарынан  уездегі  жергілікті  халықтың 

қатты  қырылып,  санының  азайып  кеткендігі  соншалық, 

ендігі  жерде  бұрынғы  әкімшілік-аумақтық  жүйе  бойынша 

басқаруды өзгертуге тура келді. Мемлекет тамақ іздеп, жан 

сауғалап босып кеткен халықтың жағдайын нақты біліп оты-

ратын,  қысқарып,  ықшамдалған  әкімшілік  аппараттарын 

жаңадан ұйымдастыруды және тұрғындары азайып кеткен 

болыстарды өзара біріктіруді ұсынды

97

. Осындай жағдайда 



басқару аппаратына жұмсалатын шығындарды қысқартып, 

босаған  қаржымен  аштарды  қосымша  тамақтандыруға 

мүмкіндіктер ашылар еді. Ол болыстарды біріктіру кезінде, 

ашыққан  қазақтар  мен  қарулы  орыс  шаруаларын  бір 

болысқа біріктірмей (онда бұл орыс шаруаларының түрліше 

арандатушылардың  ықпалымен  ашыққан  қазақтарды 

жәбірлеп,  қырып  салу  қаупін  туғызар  еді),  қайта  жер-су 

комитеттері  арқылы  жеке-жеке  біріктіруді  ұсынды

98

.  Бұл 


 35

ұсыныс саяси көрегендік болатын. Т. Рысқұловтың табанды 

талап етуімен съезд ашыққан қазақтарды салықтың барлық 

түрінен босату туралы шешім қабылдады

99



Съезде уездік кеңестің атқару комитетінің жаңа құрамы 



сайланды:  оған  барлығы  16  мүше  (8  мүше  орыс  фрак-

циясынан,  8  мүше  мұсылмандар  өкілі)  кірді.  Атқару 

комитетінің  төрағасы  болып  –  С.  Хмелевский,  ал  бірінші 

орынбасарлығына  –  Ерофеев,  екінші  орынбасар  болып 

–  Т.Рысқұлов  сайланды.  Комитет  мүшелерінің  6-уы 

большевиктер партиясының өкілдері еді

100

.

Дегенмен,  Әулиеата  уезінде  халықты  азық-түлікпен 



қамтамасыз  ету  проблемасы  күннен-күнге  ауырлай 

түсті.  Онсыз  да  шиеленіскен  жағдайды  алыпсатарлар 

мен  саудагерлер  одан  бетер  асқындырып  жіберді.  Жаз 

айларында уезден республиканың басқа аймақтарына, атап 

айтқанда, Ферғанаға мал мен мал өнімдерін және астықты 

алыпсатарлық  жолмен  алып  кетушілік  үдей  түсті.  1918 

жылы 15 маусымда Әулиеата уездік кеңесі Т. Рысқұловтың 

ұсынысы  бойынша  арнайы  қаулы  қабылдайды,  онда: 

«Әулиеата  уезінен  басқа  уездер  мен  облыстарға  нан  мен 

басқа  да  тағамдарды,  сондай-ақ  малды  және  күнделікті 

тұтынатын  заттардың  барлық  түрін  әкетуге  тыйым 

салынып,  қатаң  қадағалансын»

101

,  –  деген  талап  қойылды. 



Қаулыны  орындамағандар  мен  қасақана  бұрмалағандарға 

қолданылатын жаза нақты атап көрсетілді. Қаулыға сәйкес 

уездің  аумағында  азық-түлікті  жинау,  сатып  алу  және 

басқа уездерге тасымалдау ісіне қатаң бақылау орнатылып, 

алыпсатарлыққа,  түрліше  іріткі  салу  әрекеттеріне  тыйым 

салынады.

Әулиеата  уездік  кеңесінің  есепті  баяндамасында  1918 

жылдың  мамыр-маусым  айларында  мынадай  атқарылған 

жұмыстар  атап  көрсетілген:  уезде  учаскелік  емдеу 

орталығы ашылып, оның тұрақты жұмыс істеуі қамтамасыз 

етілді;  үш  елді  мекенде  (Грозный,  Меркі,  Новотрицк) 


36

жұқпалы  ауруларға  қарсы  күресетін  орталықтар  ашылды; 

уезде тырысқақ ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді; 

санитарлық жұмыстардың сметасы жасалынып, бекітілуге 

ұсынылды;  бүкіл  уезді  дәрігерлік  және  малдәрігерлік 

көмекпен  қамтамасыз  етудің  егжей-тегжейлі  жоспары 

әзірленіп,  ол  бекітілуі  үшін  Ташкентке  жіберілді

102


.  Осы 

аса  маңызды  шаралардың  көбі  Т.Рысқұловтың  тікелей 

басшылығымен жүзеге асырылды.

1918  жылы  шілдеде  Әулиеата  уездік  кеңесі  өзінің  ең 

белсенді мүшесі ретінде Т. Рысқұловты Ташкент қаласында 

шақырылған  Түркістан  Республикасы  уездік  кеңестері 

төрағаларының  І  съезіне  өкіл  етіп  жібереді.  (Ал,  1918 

жылы 30 сәуірде Ташкент қаласында болып өткен V Жалпы 

түркістандық кеңестер съезі Түркістан АКСР-ін (Түркістан 

Республикасын)  жариялаған  болатын.  Оның  құрамына 

бұрынғы  Түркістан  губерниясының  аумағы  кірген  еді). 

Съезд  республикада  қалыптасқан  саяси-әлеуметтік, 

экономикалық және әскери жағдайды талқылады. Орталық 

және  жергілікті  атқару  комитеттерінің  жұмысы  қаралды. 

Съезд делегаттарының Түрікатком мен Халық Комиссарлар 

Кеңесінің  өкілдерімен  бірлесіп  өткізілген  1918  жылғы  19 

шілдедегі мәжілісінде Т.Рысқұлов сөйлейді

103


.

1918  жылы  26  шілдеде  Т.Рысқұлов  Әулиеата  уездік 

атқару  комитетінің  мәжілісінде  өзінің  Ташкентке  сапары 

туралы  хабарлама  жасайды.  Съездің  барысына,  ол 

қабылдаған шешімдерге, алдағы атқарар істерге тоқталады

104


Уезде жаппай өршіп отырған қылмысқа және экономикалық 

құлдырауға қарсы бағытталған нақты шараларды іс жүзіне 

асырмай  тұрып,  уездік  кеңестің  10  тамызға  шақырылған 

съезін  кейінге  қалдыра  тұру  керектігін  мәлімдейді.  Оның 

бұл  ұсынысы  қабылданды.  Мәжілісте  сондай-ақ,  ауылдар 

мен селоларда, болыстарда кеңестердің жағдайын нығайту, 

жер-су  комитеттерін  ұйымдастыру  туралы  шешімдер 

қабылданды

105




 37

Т.Рысқұлов  1918  жылы  шілде  айының  ортасында 

Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып 

сайланады. Әулиеата уездік комиссары И. Семихвостов 1918 

жылы 3 тамызда Сырдария облыстық кеңесіне жолдаған № 

1556-шы есепті мәліметінде (шілде айының есебі) былай деп 

жазған: «1) Әулиеата кеңесінің атқару комитетінде мынадай 

өзгерістер  болды:  төраға  Хмелевский  бұрын  жергілікті 

лазереттің меңгерушісі болған кезінде істеген істері туралы 

есеп бергенге дейін бұл қызметінен алынып, оның орнына 

төраға болып Рысқұлов сайланды»

106


Жаз  айларында  қуаңшылықтың  күшеюіне  байланысты 

ашаршылықтан  әбден  есеңгіреген  көшпелі  қазақтар  орыс 

шаруаларының  астығына  түсіп,  бау-бақшасын  тонап, 

малдарын  айдап  кетуді  жалғастыра  берді.  Қарулы  орыс 

шаруалары  мұндай  іспен  айналысқан  қазақтарды  ешбір 

сотсыз,  тергеусіз  ақ  ұстап  алып,  соққыға  жығатын,  не 

табан  астында  атып  тастайтын.  Осындай  өз  бетімен 

жазалау  фактілерінің  уезде  кең  етек  ала  басталуына 

қатты  алаңдаушылық  білдірген  Т.  Рысқұлов  қалыптасқан 

жағдайды  реттеу  мақсатымен  1918  жылы  8  тамызда 

атқару комитетінің арнайы мәжілісін шақырды. Мәжілісте 

Т.  Рысқұлов  атқару  комитетінің  мүшелеріне  ашыққан 

қазақтардың  мұндай  келеңсіз  істеріне  кешіріммен  қарау 

керек  екенін,  оларды  осындай  іс-әрекетке  тағдыр  тәлкегі 

итермелеп  отырғанын  ашына  айтып  түсіндірді.  Ал,  орыс 

шаруаларының    басбұзарларлығы  қатты  айыпталынды, 

өйткені  олар  1916  жылғы  көтерілісті  басып-жаншығаннан 

соң  патша  үкіметі  тарапынан  орасан  зор  көмек  алғанын, 

сондықтан  да  аштықтың  құрсауына  ілінбей,  тұрмыстары 

едәуір күйлі екенін ескертті

107


. Келеңсіз іспен (ұрлық және 

т.б.) айналысқан қазақтарды орыс шаруаларының өз бетімен 

жазалауларын тыю үшін арнайы жариялаған 1918 жылғы 13 

мамырдағы № 29-шы қаулының

108

 7-бабының орындалуын 



қатаң  талап  етті.  Мәжіліс  қабылдаған  қаулыда:  аштық 

38

негізінде орыс шаруаларының егістігі мен малдарын тонаған 

қазақтарды қылмыс үстінде ұстап, таяу маңдағы селолық, не 

ауылдық, не болыстық комиссарға жеткізу, оларды ес жиып, 

әлденуі  үшін  тамақтандыру,  артынан  қылмысты  іс  қозғау, 

ал  тым  әлсіздерін  қоғамдық  тамақтандыру  орындарына 

жөнелту;  қылмыс  болған  жерге  өкімет  мекемелерінің 

қызметкерлері  мен  комиссарлары  шұғыл  түрде  жетіп, 

келтірілген  мүлік  шығынын  анықтап,  қорытындысын 

заң  орнына  беру;  селолық  және  болыстық  комитеттердің 

төрағалары  мен  комиссарлары  орыс  шаруаларының 

ашыққан қазақтарды өз беттерімен жазалауын қатаң тыюға 

міндетті екендігі атап көрсетілді

109


Патша заманындағы үстем жағдайларынан айырылғысы 

келмеген уездегі орыс кулактары Дмитриев селосында ресми 

өкіметке бағынғысы келмейтінін мәлімдеп, оның қаулылары 

мен  жарлықтарын  орындаудан  бас  тартады.  Ашыққан 

қазақтар мен армияға қажетті азық-түлік салығын төлеуден 

жалтарады. Т. Рысқұлов 30 шілдеде Дмитриев бүлігін басу 

үшін  А.  Давыдовтың  әскери  бөлімшесін  басқарып  барып, 

негізгі  операцияны  іске  асырушы  З.М.  Романенконың 

бөлімшесіне көмектеседі. Бүлік басылып, орыс кулактары 

азық-түлік салығын төлеуге мәжбүр етілді

110


Уездің  түрліше  аймақтарында  орын  ала  бастаған 

бүліктерден  сақтану  үшін  Т.  Рысқұлов  13  тамызда  атқару 

комитетінің  арнайы  мәжілісін  шақырып,  онда  қайталануы 

мүмкін  осындай  бүліктерді  басуға  тыңғылықты  даярлану, 

ол  үшін  уездегі  большевиктер  мен  солшыл  эсерлер 

партиясының  мүшелерін  қаруландырып,  арнайы  әскери 

бөлімшелер құру туралы шешімдер қабылданды

111

.

Әулиеата уезінің экономикалық жағдайын жандандыру 



мақсатымен Т. Рысқұлов 1918 жылы 14 тамызда уездік халық 

шаруашылығы,  еңбек  және  әлеуметтік  қамсыздандыру 

бөлімдерін ашты

112


. Уездік ХШК өз қызметі туралы уездік 

кеңестің алдында есеп беріп отырды. 



 39

Т.Рысқұлов  басқарған  Әулиеата  уездік  кеңесінің 

атқару  комитеті  өте  ауыр  жағдайда  жұмыс  істеді.  Оған 

түрліше объективті қиыншылықтармен қатар, мемлекеттік 

мекемелердің  барлық  жүйесін  қамтыған  алыпсатарлық, 

парақорлық  сияқты  әлеуметтік  дертпен  де  күресуге  тура 

келеді.  Мысалы,  Әулиеата  уездік  орыс  тұрғындарын 

азық-түлікпен  қамтамасыз  ететін  комитеттің  төрағасы  И. 

Тыщенконың мемлекет қазынасынан 27 349 кез мата ұрлап, 

оны саудагерлерге сатқаны анықталынды. Жауапкершіліктен 

қорыққан  Тыщенконың  өзі  қашып  кетеді.  Т.  Рысқұлов 

ерекше  қимылдап,  ұрыны  тез  арада  қолға  түсіру  туралы 

жасаған  шараларының  арқасында  қылмыскер  ұсталып, 

дүние-мүлік қазынаға қайтарылды

113



Мемлекеттік  басқару  аппараты  кез  келген  істе  өзінің 



оралымсыздығы  мен  жауапсыздығын  көрсетіп  отырды. 

Мысалы,  Т.Рысқұловтың  басшылығымен  1918  жылы 

18  тамызды  Әулиеата  қаласында  баспанасыздар  мен 

жетім  балалар  үшін  мемлекеттің  қамқорлығына  алынған 

арнайы  үй  ашылған  болатын.  Бұл  істің  маңыздылығын 

кең  түрде  уағыздау  мақсатымен  Т.  Рысқұлов  атқару 

комитеті  мен  басқару  аппаратының  барлық  басшыларын 

ұйымдастырылып  жатқан  мәжіліске  шақырады.  Ал, 

мемлекеттік  басқару  аппаратының  кейбір  басшылары  бұл 

іске қырсыздық танытқан кезде Т. Рысқұлов оларды өзінің 

Әулиеата қалалық милиция бастығына жолдаған № 3621-ші 

бұйрығымен жиналысқа келуге күшпен мәжбүр еткен

114

.  


Уездік  кеңестің  сан  түрлі  қызметін  ұйымдастыра 

отырып,  Т.Рысқұлов  бұрынғысынша  негізгі  күш-жігерді 

ашаршылықпен  күрес  ісіне  бағыттады.  Сырттан  келер 

көмектің  жоқтығы  оны  тек  ішкі  резервтерді  тиімді 

пайдалана білуге мәжбүр етті. Қолда бар күш-көлік, азық-

түлік пен қаржының қорын талай рет қайта есептеп, бөлуге 

тура  келді.  1918  жылы  27  тамызда  Т.  Рысқұлов  Әулиеата 

қаласының  52  орыс  капиталисттеріне  ашаршылыққа 



40

ұшыраған  халықтың  пайдасына  3  000  000  сом  салық 

төлеттірсе

115


,  қаланың  мұсылман  капиталисттерінен  де  ірі 

мөлшерде салық алынған

116

. Сол жылы 17 тамызда уездің 



бірқатар  болыстары  шаруаларының  өкілдері  Меркіге 

жиналып,  сұрапыл  аштықтың  бетін  қайтару  үшін  уездегі 

ауқатты  адамдарға  заттай  және  ақшалай  салықтар  салу 

туралы өз шешімдерін қабылдаған болатын. Бір ғана Меркі 

капиталисттерінен 237 500 сом салық алу көзделді

117


Мұндай төтенше шаралар уездегі ашаршылықпен күрес 

ісіне зор пайда келтірді. Уездік кеңестің азық-түлік бөлімінің 

1918 жылы 15 тамызда бекіткен астық даярлау жоспарына 

сәйкес,  ағымдағы  жылдың  күзі  мен  келер  жылдың  астық 

мөлшері  1  113  000  пұт  деп  белгіленген

118

.  Құжатта  1917-



1918 жылдардың сұрапыл ашаршылығынан уездің көшпелі 

қазақ  халқы  арасындағы  өлім  саны  60  мың  адам  болғаны 

көрсетілген. Келер жылға арналған астық даярлау жоспары 

бойынша әр орыс тұрғыны үшін 0,5 фунт беру көзделген. 

Бұл  көрсеткіш  көшпелілердің  негізінен  ет  тағамдарын 

пайдаланатынына есептеліп жасалған. Уездегі 42 мың орыс 

халқының тек өте кедейленген бөлігі, яғни 14 мыңдайы ғана 

азық-түлік комитеттерінің көмегіне зәру болса, ал 235 000 

қазақ  тұрғындарының  60  мыңдайы  ауқатты,  өз  күнін  өзі 

көре  алатын  адамдар  қатарына  жатқызылып,  қалған  175 

мыңы аш-жалаңаш, босқындар категориясына кіргізілді

119


Т.Рысқұлов  сұрапыл  ашаршылықпен  тек  жоғарыдан 

ұйымдастырылған  шаралар  арқылы  ғана  күресу  өз 

мақсатына  жетпейтінін,  халықтың  өз  ортасында  құрылған 

белгілі бір ұйымдардың істі нақты өз қолдарына алмайынша 

бұл шаралардың тиімсіз болып қала беретінін тез түсінеді. 

Сондықтан  да,  уезде  кең  көлемде  жер-су  комитеттерін 

ұйымдастыру  жұмыстары  басталды.  Әулиеата  партия 

ұйымы өзінің 1918 жылы 27 тамызда өткен мәжілісінде осы 

бағыттағы  үгіт-насихат  жұмыстарын  жандандыру  үшін, 



 41

уездік кеңестің большевиктер фракциясының мүшелерінен 

нұсқаушылар комиссиясын тағайындады

120


Тұрар  Рысқұлов  1918  жылы  қазан  айында  Ташкентте 

өткен Түркістан кеңестерінің VI съезіне қатынасып, үкімет 

құрамына  сайланады.  Әулиеата  кезеңі  оның  мемлекет 

қайраткері  болып  қалыптасуына  үлкен  ықпал  еткен  саяси 

өмір  мектебі  болды.  Сан  қырлы  мемлекеттік,  қоғамдық 

жұмыстарды атқара жүріп Т. Рысқұлов мол тәжірибе жинап, 

1918  жылдың  өзінде-ақ  басқару  ісінің  қыр-сырын  жақсы 

меңгерген саяси қайраткер деңгейіне көтерілген еді.

Түркістан  кеңестерінің  VI  съезінде  республиканың 

денсаулық  сақтау  халық  комиссары  болып  сайланған  Т. 

Рысқұловқа  аса  күрделі  мәселелерді  шешуге  тура  келді. 

Патша өкіметінің отарлық саясаты, революция мен азамат 

соғысының салдарынан Түркістанды сұрапыл ашаршылық 

жайлаған болатын. 

ХХ  ғасырдың бас кезінде патшалы Ресейдің мақта өсіретін 

негізгі  отарына  айналған  Түркістан  өлкесінің  халқына 

өз  астығы  жетіспейтін.  Астық  өніміне  деген  тапшылық 

империяның  басқа  аудандарынан:  Орталық  Ресейден, 

Солтүстік Кавказдан, Сібірден және көршілес Персия мен 

Бұқарадан әкелінетін астық есебінен өтеліп отырды. Егіннің 

түсімі біршама жақсы болған 1915 жылдың өзінде өлкеге 12 

млн. пұт астық сырттан жеткізілді

121


. Керісінше, Түркістан 

өлкесінен империяның басқа аймақтарына шитті мақта, мал 

өнімдері  және  т.б.  ауыл  шаруашылығы  тауарлары  үздіксіз 

жөнелтіп отырды.

Патшалы   Ресейдің отарлау саясаты, бірінші дүние жүзілік 

империалистік  соғыс,  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс, 

азамат  соғысы  және  шетел  интервенциясы  Түркістан 

өлкесінің  экономикасына  орасан  зор  бүліншілік  әкелді. 

Бірінші  дүниежүзілік  империалистік  соғыс  жылдарында 

Түркістан  өлкесіне  басқа  аймақтардан  жеткізілетін  астық 

мөлшері  үнемі  қысқартылып,  есесіне  соғыс  қажеті  үшін 


42

өлкеден  алынатын  мал  шаруашылығы  өнімдерінің  көлемі 

күрт  ұлғайды.  1917  жылы  өлкедегі  астық  тапшылығы 

46,5  мың  пұт

122

    болса,  ал  1918  жылдың  ортасында  бұл 



көрсеткіш 60 млн. пұтқа

123


 жетті. Өлке ауыл шаруашылығы 

қатты күйзеліске ұшырады. 1917-1918 жылдары қатарынан 

екі  жыл  бойы  қайталанған  қуаңшылыққа  байланысты 

егіннің күйіп кетуі бұл қасіретті одан әрі асқындыра түсті. 

Егістік көлемі күрт кеміді. 1915 жылы 3,5 млн. десятина

124


 

болған  егіс  көлемі  1916  жылы  3  млн.  десятинаға  дейін 

қысқарды, келесі 1917 жылы бұл мөлшер тағы да 400 мың 

десятинаға

125

  құлдырады.  Ал,  1919  жылы  егіс  көлемі  не 



бәрі 1,6 млн. десятина

126


 деп есептелінді. Түркістан өлкесі 

отарланып,  Ресей  өнеркәсібінің  шикізат  алатын  аймағына 

айнала бастаған уақыттан бері өлкедегі дәстүрлі егіншілікті 

ығыстыра  бастаған  мақта  шаруашылығы  да  толық  күйреу 

шегіне жетті. Мақта егістігінің көлемі 1916 жылы 608 мың 

десятинадан 1918 жылы 80 мың десятинаға дейін кеміді

127



Өлке тарихында бұрын-соңды осыншалық бүліншілік орын 



алмаған болатын. 

Бірінші дүние жүзілік империалистік соғыс басталғаннан 

кейінгі уақытты халыққа керекті күнделікті тұтыну заттары 

мен басқа да тауарлардың бағасы үнемі еселеп қымбаттап 

отырды.  1914-ші  жылмен  салыстырғанда  1919  жылы  ұн 

20 есе, қант 25 есе, бір қорап сіріңке 350 есе, мата 100 есе 

қымбаттады

128


.

1917 жылы жүргізілген  Бүкілресейлік ауыл шаруашылығы 

санағының  деректері  өлкеде  мал  шаруашылығының  аса 

қатты  күйзелісіне  ұшырағанын  көрсетеді.  1916  жылғы 

ұлт-азаттық  көтерілісі  мен  оны  басып-жаншу  кезінде 

қисапсыз  көп  зардап  шеккен  көшпелі  малшы  қауымдары 

өздерінің  аса  қатты  бүлінген  шаруашылықтарын  қалпына 

келтіруге  мұршасы  болмай  1917  жылы  басталған 

сұрапыл  ашаршылыққа  алғашқылардың  бірі  болып  ілікті. 

«Түркістандағы  ашаршылық,  –  дейді  Т.  Рысқұлов,  қауырт 



 43

басталған  ашаршылықтың  шығу  тегіне  тоқтала  келіп, 

–  патша  өкіметінің  отарлау  саясаты  мен  қырдағы  мал 

шаруашылығы  үлгісінің  артта  қалушылығының  тікелей 

салдары»

129


1918 жылдың ортасында Түркістанда азық-түлік жағдайы 

мүлдем  қиындап  кетті.  Түркістанға  Солтүстік  Кавказдан, 

Ресейден, Сібірден тасылатын астық темір жолдың жүйесіз 

жұмысы  кесірінен  мүлдем  доғарылды.  Өлкенің  өз  ішінде 

астық  даярлау  ісін  жүйелі  тәртіпке  келтіру  мақсатында 

атқарылған шаралар нәтижесіз аяқталды.

Республиканы  сұрапыл  аштық  жайлады.  Күн  көрудің 

барлық  көзінен  айырылған  халық  баудай  түсе  бастады. 

Көшпелілер  арасында  өлім  ересек  тұрғындардың  30 

пайызын  қамтыса,  ал  кейбір  аудандар  да  халықтың  75 

пайызы  қырылған

130

.  Әулиеата  уезінде  халықтың  қатты 



қырылғандығы  соншалық,  бұрынғы  бірнеше  болысты 

біріктіріп, бір болыс ұйымдастыруға тура келді. «Әулиеатада 

шіри  бастаған  өліктерді  жинап  алуға  мұрша  жоқ»

131


,  – 

делінген  Түрікатком  атына  жолданған  телеграммалардың 

бірінде.  Әндіжан  уездік  азық-түлік  комитеті  жағдайды 

былайша  баяндайды:  «аштан  өлгендердің  мәйіттері 

жиналмастан,  жол  бойында  шашылып  жатыр.  Бір  үзім 

нан  үшін  әйелдер  мен  балаларды  сату,  не  айырбастау  – 

күнделікті  құбылыс.  Көбіне  оларды  тауға  апарып,  тағдыр 

тәлкегіне тастап кетеді, өйткені еркектер өздері азық тауып 

бере  алмағандардың  азабын  көргісі  келмейді»

132


.  Мұндай 

мысалдарды жүздеп келтіре беруге болады. 

Негізгі  құрбандығы  мұсылман  халықтары,  оның 

ішінде  көшпелі  халықтар  болған  сұрапыл  аштықпен 

күресуге  құрамына  жергілікті  халықтардың  бірде-бір 

өкілі  енгізілмеген  жаңа  үкімет  селқостықпен  қарады. 

Большевиктік  партияның  өлкелік  ұйымы  жетекшілерінің 

революциялық  ұрандарды  уағыздаудан  қолы  босамады. 

Большевиктер  партиясы  мен  кеңес  үкіметінің  мақсат-


44

мүддесіне, сол мақсатқа жетер жолда қолданар тәсілдеріне 

жасай  келіп,  өзін  «Түркістандық  Ленин»  атандырған 

И.Тоболин  Түркістан  Орталық  Атқару  Комитетінің 

мәжілісінде: «қырғыздар (қазақтар) экономикалық жағынан 

әлжуаз, марксистердің көзқарастары бойынша бәрібір құрып 

бітуі  тиіс.  Сондықтан  да,    революцияға  қажетті  қаржыны 

аштықпен  күреске  шығындағаннан  гөрі  майдандарды 

қолдауға жұмсаған маңызды»

133


, – деп шовинистік пиғылын 

анық танытты. Ал, Ярошевский болса: «Орыс пролетариаты 

қолындағы қаруымен өлсе, мұсылман пролетариаты аштан 

қырылуда, осылайша ол да, бұл да революцияға қатысуда»

134



– дейді. 



Билік  басындағы  партия  мен  үкімет  Түркістан 

Республикасының  ұлттық  ерекшелігін  түсінбеді,  Орталық 

Ресейде  іске  асырылып  жатқан  шараларды  Түркістанда 

қайталау мақсатын таңдады. Түркістанда «кеңес өкіметі орыс 

отаршыларының  қолында  болып  шықты,  олар  қолындағы 

қаруларына  сүйеніп  қанау  саясатын  жалғастыра  берді»

135



Бұл өкімет қыр халықтарына «ашығу мен аштан қырылудың 



кең  бостандығын  берді»

136


.  Түркістан  Республикасы 

Кеңестері  Орталық  Атқару  Комитетінің  РКФСР-дағы 

өкілетті  өкілі  У.  Шакиров  1919  жылы  жазда  РКФСР  Ұлт 

істері  жөніндегі  халық  комиссарының  орынбасары  С.С. 

Пестковскийге  жазған  хатында:  «Түркістанның  қазіргі 

үкіметі өзінің қыр халықтарына қарсы жасаған қылмысты 

іс-әрекетінің  нәтижесінде  оларды  толық  қайыршылыққа 

ұшыратты және бұрын-соңды естіп білмеген 60 пойыздық 

қырылуға жеткізді»

137


, – деп ашына атап көрсетеді. 

Республика  үкіметі  мен  орыс  жұртшылығы  негізінен 

өлкенің  көшпелі  тұрғындарын  қамтыған  сұрапыл 

аштықты  «кездейсоқ,  тұтқиылдан  тап  болған  зобалаң» 

ретінде  бағалады.  Бұл  мәселе  бойынша  Т.Рысқұловтың 

Г.Агаревскиймен  айтысы  сол  кездің  көзқарас  алалығын 

айқын  көрсетеді.  Г.Агаревский  өз  мақаласында  көшпелі 


 45

халықтарды  әуелден  бейшара,  кедей,  сондықтан  да 

отырықшы  жұртпен  ешқашан  теңесе  алмайды,  әрқашан 

да  экономикалық  тәуелділікте,  саяси  бодандықта  болады. 

Көшпелілер  кезбелікпен  күнтеледі,  адам  өмірін  арзан 

бағалайды. Патша заңы ерік бермеді деп айта алмайсыздар, 

заң  көшпелілердің  отырықшылыққа  көшуіне  өте  қолайлы 

еді.  Менің  көкейімде  қырғыз  (қазақ)  зиялылары  осыған 

дейін не ойлаған деген сауал тұр?

138


, дейді ол. 

Мұсылман 

зиялы 

қауымы 


арасынан 

мұндай 


сорақылыққа ең алдымен ашына жауап берген Т. Рысқұлов 

болды.  Ол  Г.Агаревскийдің  сәуегейлігін  бетіне  басып, 

оқырмандардың  назарын  ашаршылықтың  себептеріне 

аудара  білді.  Жандарыңыз  ашыса,  дейді  Т.  Рысқұлов, 

жарты ғасырда көшпелілердің ой-өрісін кеңейтуге неге күш 

салмадыңыздар? Егер патша заңы кедей көшпеліні құнарлы 

жерге ие қылғанда, қолына құрал-сайман ұстатқанда, олар 

әлдеқашан отырықшы болып кетер еді

139

. Г. Агаревскийдің 



көзқарасы – түркістандық орыс жұртшылығы мен негізінен 

осы ұлт өкілдерінен іріктеліп, үкімет құрамында басшылық 

қызметте  отырғандар  арасында  кең  тараған  көзқарас 

болатын. 

Түркістан  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  мен  Түркістан 

Коммунистік  партиясының  азық-түлік  саясаты  бойынша 

1918  жылдың  күзіне  дейін  қабылдаған  құжаттарында 

мәселенің  ұлттық  астары  мүлдем  ескерілмеді.  Бұл  кезең 

ішінде  республикада  азық-түлік  саясаты  екі  бағытта: 

бір  жағынан,  жаңа  өкіметке  бой  ұсынған  ескі  азық-

түлік  органдары,  яғни  Азық-түлік  директориясы  арқылы 

және  екіншіден,  жаңадан  ұйымдастырылған  орган,  яғни 

Азық-түлік  халық  комиссариаты  арқылы  іске  асырылды. 

Үкіметтің ресми азық-түлік саясатын жүзеге асырушы бұл 

мекемелерде парақорлық, қол ұшынан жалғасу және халық 

қазынасын талан-таражға салу күнделікті құбылыс болатын. 

Мысалы,  Түркістан  Республикасының  Азық-түлік  халық 


46

комиссары  міндетін  уақытша  атқарушы  Поваровты  1918 

жылы  азық-түлікті  талан-таражға  салғаны  үшін  Уақытша 

Революциялық трибунал 5 жыл еңбекпен түзеу жұмысына 

соттаса

140


,  ал  оның  орнын  алмастырған  Азық-түлік  халық 

комиссары А.А. Казаков Түркістанның ашыққан халқы үшін 

Бұқарадан  сатып  алынған  шәйді  3  млн.  сомға  бұқаралық 

саудагерлерге қайта сатып, ақшаны қымқырып кеткен деп 

айыпталынды

141


.  Ал,  А.А.  Казаков  артынан  Түрікатком 

төрағасы болып сайланды. 

Революциядан  соң  Түркістан  Республикасында 

жүргізілген  азық-түлік  саясатын  зерттеген  тарихшы  Р.А. 

Нуруллин: «көшпелі қазақ тұрғындары арасында іс жүзінде 

азық-түлік салғырты жүргізілген жоқ, азық-түлік бөлімдері 

олардан  малды  коллективті  тауар  алмастыру  жолымен 

алды»


142

, – деп қате қорытынды жасайды. Қолда бар деректер 

бұл  пікірдің  ағаттығын  көрсетеді.  Мұрағат  қойнауында 

сақталған бұл тарихи құжаттар халықтың шеккен қасіретінің 

мөлшерін де білдіреді. Мысалы, 1918 жылғы сұрапыл қыс 

пен  жазғы  қуаңшылықтан  қатты  зардап  шеккен,  қолда 

бар  азын-аулақ  малынан  түгел  дерлік  айырылған  Черняев 

уезі  Байшұған  болысының  №  6  ауылының  кедей  қазақ 

малшылары жазға қарай мал шығынын орнына келтіріп, қор 

жинау мақсатында басқа мүліктерін сату арқылы 338 мың 

сом ақша жинастырды да, өз өкілдерін Семей облысының 

жәрмеңкелеріне жөнелтіп 2450 қой, 21 жылқы және 5 түйе 

сатып алады. Ұзаққа созылған көштен соң сатып алынған 

мал Түркістан қаласына жеткізілген кезде жергілікті үкімет 

орындары бар малды тартып алып, оны Ташкент қалалық 

азық-түлік комитетінің қорына жібереді. «Ендігі жерде біз 

өлім тырнағына сөзсіз іліндік, себебі, ең соңғы үміт тартып 

алынды»


143

,  –  дейді  малшылар  атынан  шағым  жазған  К. 

Аманбаев деген азамат. 

Осындай  әдістермен  Түрікатком  мүшесі  Бөлебаев  тек 

1918  жылдың  қыркүйек  айының  өзінде  Түркістан  уезінің 


 47

Болат,  Жаусыған,  Алтын  болыстарының  қазақтарынан  25 

000  қой  тартып  алады

144


.  Есеп  бойынша,  бұл  уезде  1917 

жылы революциядан бұрынғы малдың небәрі 5 пайызы ғана 

қалған болатын

145


. Астық екпейтін осы уезд тұрғындарына 

кеңес мекемелері 75 мың пұт астық салығын салған

146

. Ал,  


көршілес Перовск уезінің халқы: «кеңес өкіметін тонаушы, 

қарақшы өкімет деп санады»

147



Тек 1919 жылдың қаңтар айында Сырдария облысының 



Қазалы,  Перовск  және  Түркістан  уездерінен  (сатып 

алынғаны, салық бойынша алынғаны және құнсыз тартып 

алынғаны қоса есептелінгенде) 317 534 мал басы алынған

148


Кеңес мекемелерінің Перовск уезінде жүргізген саясатынан 

бас сауғалап қашқан «ашыққан халық темір жол бойымен 

Ақтөбеге  қарай  жөнеліп,  онда  түрлі  аурулардан  зардап 

шегіп, қырылды»

149


Жетісу  облысының  Қапал  уезінде  «келімсектер 

большевиктердің  дем  беруімен  қазақ  еңбекшілерінің 

қанын  шелектеп  ішті»

150

.  Осы  облыстың  Верный  уезінің 



қазақтарынан «17 мың жылқы, 65 мың сиыр және 98 мың 

қой тартып алынды, қираған шаңырақ пен тоналған мүліктің 

есебі жоқ»

151


.

 Пішпек уезінің жегілікті халқынан «42 мың жылқы, 29 

мың сиыр, 1 млн. 225 мың қой және 38 мың түйе» тартып 

алынған


152

. Осы уездің 1916 жылғы көтерілістен соң Қытай 

асып,  артынан  қайта  оралған  босқындары  «1917-1918 

жылдары  62  170  адамынан  айырылса,  олардың  130  мың 

жылқысы, 44 мың сиыры, 265 мың қойы және 12 мың түйесі 

ұшты-күйлі  жоқ  болып  шықты»

153

.  (Бұл  деректер  1921 



жылы  Әулиеата  қаласында  өткен  қазақ  өкілдері  съезінің 

стенографиялық есебінен алынып отыр). 

Ал, М. Шоқай Түркістанда 1919 жылы 1914 жылғы 4,3 

млн. жылқы мен сиырдың 3,7 млн. басы тартып алынғанын, 

15  млн.  бастан  асып  жығылатын  қойдан  не  бәрі  2  млн. 

116  мың  тұяқ  қалғанын  және  осынау  із-түзі  жоқ  малдың 



48

90  пайызының  қазақтардікі  екенін  айтады

154

.  Қарапайым 



еңбекші  халықтың  мұң-мұқтажымен  есептеспеу,  оның 

тірнектеп тапқан, күн көріп отырған азын-аулақ мал-мүлкін 

қатыгездікпен  тонау  Түркістанның  барлық  уездері  мен 

болыстарындағы әдеттегі жағдай болған. 

Ашаршылыққа  ұшыраған  жергілікті  халықтардың 

қасіретті  жағдайын  негізгі  құрамы  келімсек  орыс 

кулактарынан  іріктелінген  Қызыл  Армия  бөлімдерінің 

сорақы  іс-әрекеттері  де  асқындырып  отырды.  Елді 

мекендерден  басмашылар  кете  салысымен  келген  қызыл 

әскерлер  тәртіп  орнатудың  орнына  бейбіт  халықты  тонай 

бастайды.  Сөйткен  гвардияшылар  мемлекет  қазынасына 

үлкен  салмақ  түсірді,  себебі  ол  өзі  айына  600  сом,  әйелі 

500 сом алса, әр баласы әкесінің жалақысының 30 пайызын 

алатын


155

Бұл  сомалар  қызыл  гвардияшылардың  мемлекеттен 



алатын  айлық  жалақысы  болатын  және  оның  табысын, 

әдетте  жорықтар  кезінде  жергілікті  халықтан  тонаған, 

тартып алған бұйымдары да толықтырып отырды. Сонымен 

қатар, оның шаңырағы ай сайын қазына қорынан көтерме 

сыйлық  ретінде  берілетін  азық-түлікпен  де  қамтамасыз 

етіледі.  Мұндай  саясат  –  Түркістан  Республикасында 

мемлекеттік  дәрежеде  жүргізілген  әскери  саясат  болатын. 

Бұл  саясаттың  мемлекеттік  дәрежеде  жүргізілгенін 

кейінірек  республиканың  ірі  саяси  қайраткері  дәрежесіне 

дейін  көтерілген  И.Қыдыралиевтің  сөзі  дәлелдейді: 

«Алғашқы  қырған  1918  жылы  қараша  айында  болды. 

Түркістан Республикасының әскери комиссары Осиповтың 

өзі  басқарған  бөлім  бір  жарым  мың  шаңырақтан  тұратын 

халқы бар Созақ елді мекенін тонап, өртеді, барлық мүлікті 

шаруалар армиясы тиеп алып кетті. Бұл мекеннің өлтірілген 

жергілікті  тұрғындарының  саны  1000  адамнан  асып 

жығылды. Өліктер ит-құсқа жем болып өзен арналарында 

шашылып  жатты»

156

.  1919  жылы  қаңтар  айында  жасаған 



 49

контрреволюциялық бүлігі сәтсіз аяқталған соң, Ташкенттен 

қашып  шыққан  әскери  комиссар  К.  Осипов  жол-жөнекей 

өз  бөлімшесімен  қазақ  ауылдарын  аяусыз  тонады,  қазақ 

әйелдеріне  ас  даярлатып,  кір  жуғызды.  Бірақ  артынан 

К.Осиповты  қуа  келген  қызыл  гвардияшылар  халықты 

«Осипов бөлімшесінен екі есе асып түсетін қатыгездікпен 

тонады»


157

Қызыл  Армия  бөлімдері  жасаған  қанды  қылмыстарды 



әшкерелейтін  деректерді  шексіз  келтіре  беруге  болады. 

Түркістанда  большевиктер,  дейді  Г.Сафаров,  отарлық 

саясаттың топырағынан нәр алған, кеңес өкіметінің пердесін 

жамылған анархия орнатты және мұнда «орыс тұрғындары 

арасындағы  әскери-тұтынушылық  сипаттағы  коммунизм 

үшін жергілікті түздік бұқара есебінен алғашқы қорлану»

158

 

процесі жүргізілді. 



Осындай  ауыр  кезеңде,  1918  жылы  күзде  Түркістан 

Республикасының  Денсаулық  сақтау  халық  комиссары 

болып  Т.Рысқұлов  тағайындалды.  Комиссариаттың 

жұмысы қайта құрылып, негізгі күш-қуат халық арасында 

кең тараған жұқпалы ауруларды жою ісін ұйымдастыруға, 

дәрігерлік  көмекті  дұрыс  жолға  қоюға  жұмсалды. 

Комиссариаттың  ашаршылыққа  ұшырап,  аурудан  баудай 

түсіп  жатқан  жергілікті  халықтың  жағдайын  жеңілдету 

мақсатында атқарған жігерлі қызметі көптеген кедергілерге 

ұшырайды. Аштық жайлаған жерде оның салдары ретінде 

тарайтын  жұқпалы  аурулармен  күрес  өз  мақсатына 

жетпейтін. «Жұқпалы аурулардың аштық топырағынан нәр 

алып  отырғанына  көз  жұмып  қарамау  керек.  Денсаулық 

сақтау  халық  комиссариатына  аштықпен  күресу  міндеті 

тапсырылғанымен  де,  бірақ  оның  бұл  іспен  тікелей 

айналысуына  көптеген  кедергілер  мүмкіндік  бермеді»

159



–  деп  атап  көрсетеді  Т.Рысқұлов  1918  жылы  қарашада 



Түрікатком мәжілісінде жасаған баяндамасында. Аштарды 

тамақтандыру үшін деп бөлінген 5 млн. сом қаржының 2 млн. 



50

сомы  жұмсалмай  қалды.  Қаржының  жұмсалған  бөлігінің 

өзі  түрліше  комиссариаттар  арасында  талан-таражға  түсіп 

кетті.  


Бұл  уақытта  республикадағы  аштардың  саны  2  млн. 

адамға  таяп  қалған  болатын,  олардың  негізгі  бөлігін 

көшпелі  халық  құрады.  Аштықпен  күрес  ісі  тапсырылған 

Денсаулық  сақтау  халық  комиссариатының  күш-қуаты 

мүлдем  жеткіліксіз  екені  айқын  болды.  Сондықтан  да, 

Т.  Рысқұлов  Түрікатком  мүшелерінен  өзін  Денсаулық 

сақтау  халық  комиссары  қызметінен  босатуды,  Аштықпен 

күресетін  Орталық  Комиссия  жасақтап,  оған  басшылыққа 

жіберуді өтінеді

160


Түрікатком  Т.  Рысқұловтың  талап-тілектеріне  тоқтап, 

1918 жылы 28 қарашада «Аштықпен күресетін Орталық және 

жергілікті комиссияларды құру туралы»  № 91 арнайы бұйрық 

шығарды. «Республикада, –  делінген бұйрықта, – аштықтың 

кең тарап және ол негізінен мұсылман бұқарасын қамтып 

отырған  уақытта,  олардың  тұрмысы  мен  экономикалық 

жағдайының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  мемлекеттік 

өмірдің осы саласында ерекше жігерлі және өнімді шаралар 

қолдану қажеттігі танылады. Өздерінің қызмет жағдайына 

сәйкес  республиканың  бірнеше  комиссариаты  аштықпен 

күрес  мәселесіне  мүдделі  болғандықтан,  ашыққандарға 

қамқорлық  жасау  ісі  ең  алдымен  төмендегі:  Азық-түлік, 

Жер шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Қаржы, Темір жол, 

Халық  шаруашылығының  Орталық  Кеңесі  мен  Отын  ісін 

басқарушы өлкелік директория комиссарлары мен олардың 

өкілдеріне жүктеледі. Аштықпен күрес ісін тікелей басқару 

мақсатында құрамына: Түрікаткомның бір және облыстық 

кеңестер  мен  Ташкент  кеңесінің  бір-бірден  мүшелері 

енгізілетін  ерекше  Орталық  Комиссия  ұйымдастырылады. 

Түрікатком 

тарапынан 

аштыққа 

қарсы 


күресті 

ұйымдастыруға жауапты адам ретінде аталған комиссияның 

төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады»

161


.

 51

Құрылған  ұйымның  құрылымы  мен  ережесін  жасау 

және атқару жұмысының жоспарын даярлау Т. Рысқұловқа 

жүктеледі.  Осылайша  Түркістан  Республикасында  азық-

түлік  мәселесіне  қатынасы  бар  және  аштықпен  күресуге 

міндетті  үш  бірдей  арнайы  ұйым:  Өлкелік  Азық-түлік 

директориясы,  Азық-түлік  халық  комиссариаты  және 

Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссия  өмірге  келеді. 

Бұл  ұйымдардың  алғашқылары  келімсектер  мүддесі  үшін 

жұмыс жасаса, соңғысы ашаршылыққа ұшырап, қырылып 

жатқан жергілікті халықтың мүддесі үшін күресті. Сонымен 

қатар, бұл аталған ұйымдардан басқа, негізгі мақсаты армия 

мен  темір  жолшыларды  асырау  болған,  қолына  ерекше 

құқықтар берілген арнайы азық-түлік ұйымдары да қызмет 

жасады. 

Қызметіне кірісе бастаған Орталық Комиссияның жұмысы 

көптеген  объективті  қиыншылықтармен  қатар,  өзі  тектес 

азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдардың тарапынан 

жасалған  қасақана  іріткі  салу  әрекеттерінің  салдарынан 

барынша  ауырлай түсті. Жергілікті халықтарды аштықтан 

сақтау  ісіне  онысыз  да  құлық  танытпаған  бұл  ұйымдар, 

енді арнайы комиссия құрылған соң іргелерін аулақ салады. 

Негізгі  ауыртпалықты  өз  мойнымен  көтерген  Орталық 

Комиссияның  құрылғанын  сылтаурата  бастады.  «Қазір,  – 

дейді  Т.  Рысқұлов,  –  ашаршылыққа  жаны  ауырмайтындар 

мен  аштықтың  ауыртпалығы  иығына  түспегендердің  бәрі 

осылай ойлайды, ашыққандарға көмектесетін орган құрдық 

дейді,  бұл  органның  ашаршылық  әбден  шегіне  жеткен 

кезде ғана құрылғанын біреуі айтпайды. Сіздерге айтарым: 

аштарға адамдардың қалдығы деп қарамаңыздар, тек сонда 

ғана ашаршылыққа қарсы тұра аламыз»

162


Т. Рысқұлов Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның 

атқарып жатқан шараларына жергілікті атқару комитеттері 

ешқандай  қолғабыс  көрсетпейтінін,  оларды  басқарып 

отырған әкімдердің шовинистік ауруға ұшырағанын ашына 

атап көрсетеді

163



52

1918  жылы  21  желтоқсанда  Түркістан  Республикасы 

Халық Комиссарлар Кеңесіне жіберген хатында Т. Рысқұлов 

Ходжент қалалық азық-түлік бөлімінің қатыгездігін сынға 

алады

164


. Бұл бөлім «1918 жылы ақпан-қыркүйек айларында 

ашыққан  мұсылмандарға  көмек  көрсеткен  едік»,  –  деп 

Орталық  Комиссиядан  соның  «шығынын»,  яғни  341  445 

сомды  тез  арада  қайтарып  беруді  талап  еткен  болатын. 

Қоқан  қаласында  кәсіподақтардың  жұмыссыз  мүшелеріне 

азық-түлік  ұлттық  белгілеріне  қарай  таратылған:  егер  ол 

орыс болса 400 грамм нан 1 сом 70 тиынға, ал мұсылмандар 

үшін 100 грамм нан 1 сом 70 тиынға сатылған

165



Орыс тұрғындарын азық-түлікпен жергілікті мөлшерде 



қамтамасыз  ету  үшін  түрліше  аярлықтарға  барған 

жергілікті  азық-түлік  бөлімдері  асқынған  шовинизмнің 

үлгісін  көрсетті.  Азық-түлік  олардың  арасында  барынша 

шатастырылған  жүйе  бойынша:  бір  жағынан,  азық-түлік 

бөлімдері тарапынан, екінші жағынан, кәсіподақ ұйымдары 

арқылы  тартылып,  орыс  тұрғындарының  екі  есе  үстеме 

азық-түлік  алуы  қамтамасыз  етілді

166


.  Төтенше  комиссар 

П.А. Кобозевтің мәліметіне қарағанда, бұл бүкіл Түркістанға 

тән жалпылама құбылысқа айналған. 

Түркістанда  азық-түлік  қорын  даярлау  ісі  алғашқы 

кезде  тауар  айырбасы  арқылы,  яғни  мемлекеттік  қордағы 

мақта өнімдерін халықтың қолындағы астыққа айырбастау 

әдісімен  даярланды.  Мардымсыз  нәтижелер  берген  бұл 

шаралар  артына  тікелей  азық-түлік  салғырты  саясатымен 

алмастырылды.  Барлық  жерлерде  өлкелік  Азық-түлік 

директориясы  ұйымдастырған  азық-түлік  бөлімдері 

құрылып, олардың қызметі «қышлақтарды тонаудың үлгілі 

әдісіне»  айналды.  «Азық-түлік  отрядтарының  қолында 

ешқандай  нақты  деректер  болмады.  Халықтан  алынатын 

салықтың мөлшерін әркім өзінше белгілейтін»

167

. Мысалы, 



1917-1918  жылдардағы  орасан  зор  құрбандықтарға  ұшыраған 

Әулиеата  халқына  салынатын  салықтың  мөлшері  1917 



 53

жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санағы деректеріне 

сүйеніп  белгіленді,  ал  бұл  кезде  халықтың  бір  бөлігі 

қырылып, қалғаны қайыршыланып үлгерген болатын. Уезд 

халқына салынатын 5 млн. сом үстеме салықтың жиналуы 

тұрғындарды  ең  соңғы  күн  көріс  көзінен  айыратын.  1918 

жылы  25  қарашада  өткен  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің 

мәжілісі Т. Рысқұловтың талап етуімен бұл салықты заңсыз 

деп жариялауға мәжбүр болады

168


Түрікатком  мен  Халық  Комиссарлар  Кеңестерінің 

мәжілістерінде  туындаған  өткір  пікірталастардан  соң, 

аштықпен  күрескен  Орталық  Комиссияның  қорына  42 

млн.  сом  құнсызданған  қағаз  ақша  бөлінді

169


.  «Орталық 

Комиссияның ұйымдастырылуының өзі, – дейді Т. Рысқұлов, 

– дені дұрыс құбылыс емес, біздің үкіметіміздің құрамында 

аштықпен  күресуге  міндетті  толып  жатқан  экономикалық 

органдар  бола  тұра,  мұнда  ерекше  ұйым  құруға  мәжбүр 

болудамыз. Бұл ұйымға орасан зор көлемде құнсызданған 

қағаз  ақша  бөлінді,  кеңес  өкіметі  бұл  ұйымға  зор  билік 

бергісі  келеді,  бірақ  өзіне-өзі  қарсы  келіп,  алыпсатарлық 

бағамен астық алу үшін базарға жұмсалатын құнсызданған 

қағаз  ақша  бөлінді;  тұрақты  бағаға  басқа  жерден  алудың 

мүмкіндігі  жоқ,  өйткені  Азық-түлік  директориясы: 

«өзімізде  болмағандықтан,  біз  сендерге  ештеңе  татыра 

алмаймыз», – деп мәлімдеп отыр. Сондықтан, егер астықты 

алыпсатарлардан алмасақ, онда аштыққа ұшырағандар үшін 

өлім үкімін шығаруға мәжбүрміз. Ал, осындағы кейбіреулер 

ойлағандай,  бұратана  еңбекшілердің  сүйегі  шашылған 

далада кеңес өкіметін орнатуға болмайды»

170


Ал, 


бұл 

уақытта 


республика 

базарларында 

алыпсатарлықтың  кесірінен  бағаның  қымбаттаушылығы 

шегіне  жеткен  еді,  мысалы,  1918  жылы  22  желтоқсанда 

оның көрсеткіші мынандай болды (1 кг есебімен алғанда): 

бидай  120 сом, 1-ші сортты бидай ұны  230 сом, күріш 85 

сом, жүгері 40 сом, және жүгері ұны 60 сом

171




54

Верный уездік кеңесінің 1918 жылы 13 желтоқсанда өткен 

мәжілісінде  уездегі  ашаршылыққа  ұшыраған  халықтың 

жағдайы  қаралды.  Мәжіліс  облыстық  атқару  комитетінің 

алдына  ашыққан  көшпелі  халықты  тамақтандыру  үшін  9 

млн. сом қаржы бөлуді өтініп қаулы қабылдады

172

. Ауқатты 



адамдардың көрсетер жәрдемін жинап, ұйымдастыру үшін 

уезд 10 бөлікке бөлініп, арнайы комиссия тағайындалды

173



Орталық  Комиссияның  облыстар  мен  уездерде, 



болыстар  мен  қалаларда  жергілікті  мекемелері  мен 

бөлімшелері  ашылып,  олардың  басына  сауатты  мамандар 

отырғызылды

174


.  Ал,  Орталық  Комиссияның  белгілеген 

шараларына қатты қарсылық жасаған, оның орындалуына 

жауапсыздықпен  қараған  барлық  қалалық,  уездік 

комиссиялардың  қызметкерлері  Т.  Рысқұлов  қол  қойған 

арнайы бұйрықпен орындарынан алынды

175


Өзінің  алдына  қойған  мақсатын  басшылыққа  алған 

Орталық  Комиссия  істің  шын  барысымен  жан-жақты 

таныса  келе,  аштықпен  күресудің  мүмкін  болған  барлық 

шараларының  жоспарын  бекітті.  Орталық  Комиссияның 

жұмыс жоспары мынандай негізгі бағыттарды қамтыды:

- республика көлемінде ашыққан халыққа жедел көмек 

ұйымдастыру  үшін  арнайы  қоғамдық  тамақтандыру 

орындары мен жетім балалар үйлерін ашу, оларға дәрігерлік 

көмек ұйымдастыру; 

-  Азық-түлік  директориясымен  бірлесе  отырып 

қоғамдық  тамақтандыру  орындарын  етпен,  нанмен  және 

басқа да азық-түліктермен қамтамасыз ету үшін азық-түлік 

даярлайтын бөлімдер құру;

-  ұсақ  таулары  өнеркәсіп  орындарын:  тоқыма, 

етікшілік,  аспаздық,  жібек  пілләсі,  қағаз  және  қолөнер 

шаруашылықтарын 

жандандыру 

үшін 

жергілікті 



тұрғындарға жан-жақты көмек көрсету;

-  отырықшы  халықтың  егіншілікпен  шұғылдануына 

жағдай  жасау  үшін  оларға  мемлекеттік  қордан  жер 


 55

үлесін  беріп,  егіншілер  коммунасын  ұйымдастыру  және 

Жер  шаруашылығы  комиссариатымен  келісе  отырып, 

бұл  коммуналарды  қажетті  ауыл  шаруашылығы  құрал-

саймандарымен және тұқыммен жабдықтау;

-  көшпелі  халыққа  өздерінің  мал  шаруашылықтарын 

қалпына келтіруге және өркендеуге мүмкіндіктер ашу;

-  қоғамдық  тамақтандыру  орындарында  тамақтанып 

әлдене  бастаған  аштардың  еңбекке  жарамдыларын 

экономикалық  ұйымдардың  көмегімен  түрліше  қоғамдық 

жұмыстарға:  жолдар  салу,  суландыру  жүйелерін  қалпына 

келтіру,  отын  даярлау,  құрылыстар  жүргізу  және  т.б. 

жұмыстарға тарту

176


Бекітілген  жоспарды  іске  асыру  үшін  арпалыс  күрес 

басталды.  Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссияның 

төрағасы  ретінде  Т.Рысқұловтың  орасан  зор  көңіл  бөлген 

мәселесі  –  жас  ұрпақты  аштықтан  аман  құтқарып  қалу 

болды. Қазіргі таңда кезек күттірмейтін және қауырт шешуді 

талап етіп отырған мәселе, дейді Т. Рысқұлов, бұл «аштан 

қырылып жатқан жас ұрпақты құтқару мәселесі»

177

 болып 


табылады. 

Т.Рысқұловтың 

басшылығымен 

республиканың 

ашыққан,  ауруға  шалдыққан  қорғансыз  жетім  балалары 

үшін мемлекеттің арнайы қамқорлығында болатын арнайы 

балалар  үйлерін  ашуды  ұйымдастыру  туралы  уақытша 

ереже  даярланды

178

.  Бұл  жұмысқа  Орталық  Комиссияның 



барлық  уездік  және  қалалық  бөлімшелері  тартылды. 

Республикадағы ірі елді мекендер мен қалаларда, қоғамдық 

тамақтандыру  орындарында  аш  және  ауру  балалар  үшін 

баспаналар  босатып  берілді.  Мүмкін  болған  дәрігерлік 

көмек пен азық-түліктің бала асқазанына құнарлы бөлігі ең 

алдымен  балала  үйіне  жеткізіліп  отырылды.  Бұл  үйлерге 

бөлінген  азық-түлік  пен  дәрі-дәрмекті  талан-таражыға 

түсірушілерге қатаң жаза қолданылды. Қолда бар мақта мен 

жүннен  тоқылған  киім-кешектің  тәуірі  балаларға  берілді. 


56

Т.Рысқұлов бала өмірін арашалап қалу жолында жан аямай 

арпалысты,  бұл  мақсатқа  кедергі  келтіруші  кез  келген 

ұйымға  қарсы  ымырасыз  күрес  жарияланды.  Мысалы, 

Түрікатком жанындағы Тұрмыстық баспана басқармасының 

1919  жылы  17  ақпанда  берген  №  966-шы  кепілдемесі 

бойынша, Ташкент қаласының Қашқар көшесіндегі № 8 үй 

жетім  балаларды  орналастыруы  үшін  Орталық  Комиссия 

қарамағына берілген болатын. Бірақ аталған үйге Закаспий 

майданының  өкілдері  баса-көктеп  кіріп  алады.  Түркістан 

Республикасының  Әскери  комиссариатына  жолдаған 

шағымының нәтиже бермеуі Т.Рысқұловты мәселені тікелей 

Түрікатком  төралқасының  алдына  қоюға  мәжбүр  етті. 

«Үйді босату туралы келіссөздерге тура бір ай уақыт толып 

отыр, – дейді Т. Рысқұлов, – ал баспанасыз балалар әскери 

комиссариаттың  сылтауларын  түсініп,  күте  алмайды,  олар 

бар-жоғы қырылып бітеді»

179


Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  араласуынан  соң, 

болашақта үйдің өздерінде қалмайтыны әскерилерге мәлім 

болған кезде, «бұл үйдің есік-терезелері қиратылып, ондағы 

бар мүлік тонап әкетілген»

180


.

Республика  көлемінде  ашыққандарға  азық-түлік  жағынан 

көмектесумен  қатар,  Т.Рысқұлов  бір  мезгілде  ауруларды 

емдеп,  дәрігерлік  көмек  беру  ісің  де  ұйымдастырып 

отырды.  1919  жылы  4  қаңтарда  өткен  Денсаулық  сақтау 

халық  комиссариаты  жанындағы  дәрігерлік  коллегияның 

мәжілісінде  Т.Рысқұлов  осы  мәселе  бойынша  арнайы 

баяндама  жасайды.  Баяндамада  белгіленген  шаралар 

бойынша  үлкен  қаулы  қабылдап,  әрбір  қоғамдық 

тамақтандыру  орындарында  жергілікті  дәрігерлердің 

тұрақты жұмыс істеуі талап етілді. Ал, дәрігер жетіспейтін 

аудандарға  Денсаулық  сақтау  халық  комиссариатының 

тікелей  қарамағындағы  және  қалаларда  шоғырланған 

ауруханалардың қызметкерлері жіберілді

181



 57

Сол  жылы,  12  ақпанда  Т.Рысқұлов  Уақытша 

Революциялық-әскери  кеңеске  темір  жол  бойындағы 

бекеттер  мен  елді  мекендерде  аштардың  үлкен  топтары 

шоғырланып  қалғанына  және  олардың  арасында  түрліше 

аурулардың  жаппай  етек  ала  бастауына  байланысты 

қатты  алаңдаушылық  білдіріп  хат  жолдайды.  Тез  арада 

бір  дәрігерлік  және  екі  емдеу  вагондарын  жабдықтап, 

оларды  темір  жол  бойымен  аталған  бекеттерге  жөнелту 

үшін,  республиканың  Темір  жолдар  басқармасына 

ықпал  етуді  өтінеді.  Т.Рысқұлов  жабдықталар  арнайы 

дәрігерлік  пойыздың  басшылығына  Аштықпен  күресетін 

Орталық  Комиссияның  өкілетті  өкілі  С.  Асфендиаровтың 

тағайындалатынын  және  оның  қолына  темір  жолдар 

бойында  кезекшілікте  жүрген  кез  келген  паровозды 

пайдалану құқығы берілетінін мәлімдейді

182

.  


Т.Рысқұловтың 

ұсынысы 


бойынша, 

уақытша 


Революциялық-әскери  кеңес  Темір  жолдар  басқармасына 

аталған  вагондарды  бөлдіртті.  Арнайы  дәрігерлік 

пойыздың,  біріншіден,  Ташкент  –  Қоқан  –  Әндіжан  – 

Наманған бағытында және екіншіден, Ташкент – Түркістан 

–  Перовск  –  Қазалы  –  Черняев  бағыттарында  қозғалу 

кестесі  даярланды.  Бұл  пойыздарға  темір  жол  бойындағы 

бекеттерге  шоғырланып  қалған  аштарды  жинап,  алғашқы 

дәрігерлік  көмек  көрсетуден  соң  таяу  маңдағы  қоғамдық 

тамақтандыру орындарына жеткізу міндеті жүктелді. 

Өкінішке  орай,  бұл  істе  де  Темір  жолдар  басқармасы 

қызметкерлерінің  асқынған  шовинизмі  мен  қойыртпақ 

бюрократизміне  қарсы  күресуге  тура  келді.  Өйткені 

олар, барынша парасатты да қайырымды іске, яғни аштар 

мен  ауруларды  жинап,  емдеуге  бөлінген  вагондарды 

пайдаланғаны үшін ақша төлеуді талап етіп отырып алады

183


Мұншалықты  дәрежедегі  қатыгездікке  жаны  ауырған 

Т.Рысқұлов  Темір  жолдар  басқармасы  қызметкерлерін 

келістіре  сынап  және  ықпал  етуді  өтініп,  уақытша 



58

Революциялық-әскери кеңеске тағы да ашынып хат жазады. 

«Темір жолдар басқармасы, – дейді Т. Рысқұлов хатында, – 

аталған вагондарды тек ақша алып жабдықтауды бұйырды. 

Ақша  алу  істің  мағынасыз  күрделенуі  болып  табылады,  

өйткені  халық  кассасынан  алынған,  адамдарды  аштықтан 

құтқару  сияқты  қасиетті  іске  бөлінген  ақшаны  қайтадан 

сол  кассаға  жіберу  қажет  болды»

184

.  Т.Рысқұловтың 



талабы  қанағаттандырылып,  арнайы  дәрігерлік  пойыз 

С.Асфендиаровтың басшылығымен өз міндетін абыроймен 

орындап шықты. 

1919  жылы  2  қаңтарда  өлкелік  Азық-түлік 

директориясының  мәжілісінде  жасаған  баяндамасында 

Т.Рысқұлов аштыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың 

тиімділігін  арттыру  үшін  Орталық  Комиссияның 

құзырына  кеңірек  құқықтар  берілуін  талап  етеді.  Азық-

түлік  директориясының  жүргізіп  отырған  саясаты  батыл 

айыпталынды. Мәжіліс қабылдаған қаулыда Т. Рысқұловтың 

талаптары толығымен ескерілді:

а) Өлкелік Азық-түлік директориясы, – делінген қаулыда, 

– Аштықпен күресетін Орталық Комиссияға қажетті азық-

түліктің мүмкін болған мөлшерін бөлуге міндеттенеді;

б) Өлкелік Азық-түлік директориясы Аштықпен күресетін 

Орталық Комиссия қорына астыққа айырбастап алуы үшін 

мүмкін болған тауар мөлшерін бөлуге міндеттенеді; 

в)  Орталық  Комиссияға  төтенше  қиын  жағдай  кезінде 

өлкелік  Азық-түлік  директориясынан  азық-түліктердің 

4  пұттық  (тіркелген  аш  адам  басына)  бөлінуін  талап  ету 

құқығы беріледі;

г) Өлкелік Азық-түлік директориясы Орталық Комиссия 

даярлаған  азық-түліктерді  қоғамдық  тамақтандыру 

орындарына жеткізіп алу үшін көлік жағынан көмектесуге 

міндеттенеді;

е)  Орталық  Комиссияға  азық-түлік  қорын  өз  бетінше 

даярлау құқығы беріледі;


 59

ж)  Орталық  Комиссияның  саудагерлерге,  байларға, 

ауқатты адамдарға азық-түлік салығын салуына Азық-түлік 

директориясы кедергі келтірмейді

185



Республиканы  жайлаған  сұрапыл  ашаршылыққа 



немқұрайлы  қарап  отырған  өлкелік,  Азық-түлік 

директориясының  саясатын  үздіксіз  әшкерелеп  отырған 

Т.Рысқұлов  1919  жылы  31  қаңтарда  Азық-түлік  халық 

комиссарының  атына  арнайы  хат  жазып,  Азық-түлік 

директориясының  аярлығын  бетіне  басу  үшін  оның  азық-

түлік қоймаларының орналасқан жері мен олардағы азық-

түлік  қорының  жалпы  мөлшерін  анықтауға  көмек  беруін 

өтінді


186

. Бірақ қанағаттанарлық мәлімет алынбады. Азық-

түлік  халық  комиссариаты  Азық-түлік  директориясының 

құпиясын әшкерелеуге құлықсыздық танытады. 

Республиканың  комиссариаттары  мен  жергілікті 

кеңес  органдарының  ашаршылықпен  күрес  ісіне 

немқұрайлылықпен  қарауының  белең  алғаны  соншалық, 

ендігі  жерде  бұл  құбылысқа  Түркістан  Республикасының 

Уақытша Революциялық-әскери кеңесінің назар аудармауы 

аштықпен күресетін Орталық Комиссия алдында ыңғайсыз 

бола бастады. Сондықтан да, 1919 жылы 3 ақпанда Уақытша 

Революциялық-әскери  кеңес  республиканың  барлық 

облыстық,  уездік,  қалалық  және  аудандық  кеңестеріне 

арнап өзінің № 17 бұйрығын

187

 жариялауға мәжбүр болды. 



Бұйрықта  жергілікті  кеңестердің  республиканы  жайлаған 

сұрапыл аштықпен күрес ісіне немқұрайлы қарап отырғаны 

ескертіліп, бұл бағыттағы жұмыстардың табысты жүргізілуі 

үшін  төмендегі  шаралардың  мүлтіксіз  орындалуы  талап 

етілді:

1.  Аштықпен  күрес  ісінің  барлық  дәрежедегі  кеңестер 



үшін кезек күттірмейтін іс ретінде танылуы;

2. Азық-түлік қорының ұлттар арасында теңдей бөлінуі;

3.Азық-түлік  бөлімдерінің  қызметі  ай  сайын 


60

тағайындалатын  тексеру  комиссияларының  құрамымен 

қадағаланып,  қорытындысының  Орталық  Комиссияға 

үздіксіз мәлімделініп отырылуы;

4.  Іске  кесір  келтіріп,  қызмет  бабында  қылмысты 

болғандардың жауапкершілікке тартылуы;

5.  Жоғарыда  аталған  талаптардың  орындалу 

жауапкершілігінің 

кеңес 

төрағаларына 



тікелей 

жүктелетіндігі ескертілді.

Бірақ, өкінішке орай, үлкен үміт пен зор сенім артылған 

бұл бұйрықтың да іс жүзіне нақты асырыла қалатыны күмән 

тудырады.  Өйткені,  Түрікаткомның  тапсырылуы  жөнінен 

аталған бұйрықтан бірде кемдігі болмаған 1918 жылғы 28 

қарашадағы № 91-ші

188


 және 30 желтоқсандағы № 116-шы

189


 

арнайы бұйрықтарынан нәтиже шыға қоймағаны барлығына 

да  мәлім  болатын.  Ал,  Т.  Рысқұловқа  қалыптасқан  саяси 

ахуалда  сәл  ғана  босаңдық  таныту  құрып  бітумен  тең 

болатыны айқындалды да, ол еңсені басар, жігерді жасытар 

психологиялық  жағдайда  жүріп,  өз  маңына  жергілікті 

халықтың сауатты жастарын топтастыру арқылы аштыққа 

қарсы күресті бұрынғыдан да жандандыра түсті. 

Қарапайым еңбекшілер бұқарасы қатты ашығып жатқан 

кезде, тұрғындардың ауқатты бөліктері оны сезіне қоймады 

және  басқалармен  бірге  азық-түлік  бөлімдерінен  көмек 

алып  отырды.  Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссия 

қолындағы құнсызданған қағаз ақшаға олар артық астығын 

сатудан бас тартты. Сондықтан да, Т. Рысқұлов 1919 жылы 

қаңтар айында өткен Түрікатком мәжілісінде тұрғындардың 

ауқатты бөліктеріндегі артық астықты оларға 10 пайыздық 

салық  салу  жолымен  тартып  алу  шарасын  қолдануды 

талап  етеді

190

.  Т.  Рысқұлов  бұл  талабын  1919  жылы  12 



ақпанда  өткен  Уақытша  Революциялық-әскери  кеңесі  мен 

Түрікаткомның  біріккен  мәжілісінде  тағы  да  қайталайды. 

Ашаршылыққа  ұшыраған  халықтың  пайдасына  ауқатты 

адамдардан  заттай  салық  алу  туралы  арнайы  бұйрықтың 



 61

жариялануы тиіс екенін атап көрсетті

191

. Бірақ бұл әділетті 



талапты Уақытша Революциялық-әскери кеңестің төрағасы 

А.А. Казаков қабылдатпай тастады. 

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жеңіске ұшырағаннан 

кейін  аяусыз  жазалаудан  ығысып  Қытайға  ауған 

босқындардың туған жеріне оралуына Т. Рысқұлов басқарған 

Аштықпен күресетін Орталық Комиссия зор көмек көрсетті. 

Босқындар – ашыққан, ауруға шалдыққан, барлық малы мен 

күн көріс көзінен айырылған жүздеген мың адамдар тобы 

болатын.  Олар  үшін  арнайы  ауруханалар  мен  асханалар 

ашылды, дәрігерлік көмек көрсетілді. Еңбекке жарамдылары 

жұмысқа  орналастырылып,  шаруашылықтарын  қалпына 

келтіру үшін материалдық көмек көрсетілді

192



Т. Рысқұловтың талап етуімен 1919 жылы қаңтарда Жер 



шаруашылығы  халық  комиссариаты  Аштықпен  күресетін 

Орталық  Комиссияға  аштарды  жұмысқа  орналастыру 

туралы  өз  ұсынысын  білдірді.  Голодностепь,  Ташкент, 

Перовск,  Әулиеата  және  Черняев  уездеріндегі  ескі 

суландыру жүйелерін жөндеуден өткізу және жаңадан салу 

жұмыстарына жұмысшы күші аса қажет болатын. Аталған 

уездерде  ақпан  айынан  бастап  3  ай  көлемінде  жұмысқа 

күнбе-күн 137 520 адамды тарту көзделді. Оларға осы уақыт 

аралығында  тамақтануға  78  187  пұт  ұн,  6  951  пұт  күріш, 

13  913  пұт  ет  және  1  849  пұт  мейіз  бөлінді.  Атқарылар 

жұмыстың көлемі 15 812 000 сом мөлшерінде белгіленді

193


Халық  шаруашылығы  Орталық  Кеңесінің  1919  жылы 

7ақпанда өткен мәжілісінде Т. Рысқұлов ашыққандар үшін 

кәсіптік  шеберханалар  ашудың  барысы  жайлы  баяндама 

жасады. Мәжіліс кәсіптік шеберханалар ашуды жандандыру 

үшін  қажетті  мамандар  мен  кеңесшілер  даярлау  міндетін 

Халық шаруашылығы Орталық Кеңесіне жүктеді

194


Орталық Комиссияның ерекше көңіл бөлген мәселесінің 

бірі – көктемгі егістікке даярлық барысы болды. 1919 жылы 


62

18 ақпанда өткен Жер шаруашылығы халық комиссариаты 

жанындағы коллегияның мәжілісінде Т. Рысқұлов көктемгі 

егіс  туралы  хабарлама  жасады.  Бұл  уақытта  қоғамдық 

тамақтандыру  орындарында  нақты  тіркелген  аштардың 

саны республика бойынша 970 970 адам деп есептелінді. 

Т.  Рысқұловтың  жасаған  есебіне  сәйкес  осы  адамдар 

үшін  1919  жылғы  көктемгі  егіс  науқаны  кезінде  арнайы 

өңделіп,  егілетін  егістік  алқабы:  Сырдария  облысы 

бойынша  25  000  десятина,  оның  ішінде  Ташкент  уезінде 

12 000 десятина, Черняев және Түркістан уездерінде 6 000 

десятина,  Қазалы  уезінде  2  000  десятина  және  Әулиеата 

уезінде  5  000  десятина,  Самарқанд  облысы  бойынша  22 

000 десятина, Ферғана облысы бойынша 26 000 десятина, 

Жетісу  облысы  бойынша  22  000  десятина,  ал  Закаспий 

облысын  есептемей,  жалпы  алғанда  республиканың 

барлық облыстары мен уездеріне 100 000 десятинаға дейін 

мөлшерленді. Аталған көлемдегі егістік алқабын өңдеу үшін 

көп көлемде ауыл шаруашылығы еңбек құралдары мен күш-

көлік қажет болатын. Т. Рысқұлов 1 наурыз – 1 қазан мерзімі 

аралығында  атқарылар  ауыл  шаруашылығы  жұмыстарына 

жұмсалар қаржы мөлшері 303 580 000 сом болатынын атап 

көрсетеді

195


. Аштыққа ұшырағандар үшін бөлінетін 100 000 

десятина  егіс  алқабына:  100  мың  пұт  бидай,  80  мың  пұт 

тары, 40 мың пұт жүгері және 190 мың пұт басқа да дәнді 

дақылдар түрі егілетінін баяндады

196

.

  Коллегия  мүшелері  Т.Рысқұловтың  арнайы  есебін



197

 

талқылай келе, өңделіп, егілетін 100 000 десятина егістік үшін 



небәрі 37 млн. сом қаржы бөлу туралы қаулы қабылдады. Ал, 

100 000 десятина егістік көлемі Т. Рысқұловтың ең кем шама 

ретінде  ғана  алған  көрсеткіші  болатын.  «Миллиондаған 

аштар  үшін  2  млн.  десятина  егістік  жер  өңделіп,  себілуі 

қажет болғанымен де, – дейді Т. Рысқұлов, – бірақ дәл қазір 

мұншалықты көлемдегі істі ұйымдастыруға уақыт тапшы,  

сондықтан да ағымдағы жылы республиканың 4 облысында 


 63

не  бәрі  100  000  десятина  егістік  көлемін  өңдеп,  егумен 

ғана  шектелу  жоспарлануда»

198


.  Коллегия  мүшелерінің 

пайымдауымен  1  десятина  егістік  үшін  жұмсалар  шығын 

3  700  сомға,  ал  1  пұт  астықтың  өзіндік  құны  67  сомға 

теңгерілді. 100 мың десятина егіс алқабынан алынар астық 

5,5 млн. пұт болған жағдайда, әр аш адамға шаққанда 6 пұт 

астық  алынады  делінді

199

.  Аштыққа  ұшырағандардың  жан 



басына келер 6 пұт астық, егер ол мүмкін болып, жоспарға 

сәйкес жинап алынған жағдайдың өзінде де мәселені тіпті 

де  шеше  қоймайтын,  бұл  көрсеткіш  келер  жылдың  қысы 

тағы да аштарды құтқару жолындағы арпалыс күреспен өтуі 

қаупінен хабар беретін. 

Келешекте  қайталануы  мүмкін  қасіретті  болдырмау 

мақсатында    Т.Рысқұлов  аштар  үшін  ұйымдастырылып 

жатқан  мемлекеттік  астық  егістігі  жұмыстарына  бөлінер 

қаржыны көбейту үшін бұдан әрі де қажырлы күрес жүргізе 

берді. Ол бұл талабын Түрікатком, Уақытша Революциялық-

әскери  кеңес,  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  және  Халық 

шаруашылығы  Орталық  Кеңесі  мәжілістерінде  бірнеше 

дүркін қайталап қояды. Ал, 1919 жылы 11 наурызда Халық 

Комиссарлар  Кеңесі  Т.Рысқұловтың  талабына  тоқтап, 

бөлінер қаржының мөлшерін 110 млн. сомға дейін өсіреді

200


Сол жылы наурыз айында өткен Халық шаруашылығы 

Орталық Кеңесінің пленумы Т. Рысқұловтың «Ашаршылыққа 

ұшырағандардың  көмегімен  мемлекеттік  астық  егістігін 

ұйымдастыру  туралы»  баяндамасын  талқылай  келе, 

мемлекеттік  астық  егістігі  жұмыстарын  ұйымдастырушы 

үш ұйымға: 

а)  жарамды,  суармалы  егіс  алқабын  анықтап, 

техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті Жер 

шаруашылығы халық комиссариатына; 

б)  тұқыммен  қамтамасыз  етуге  міндетті  Азық-түлік 

директориясына; 



64

в)  егістік  аудандарын  белгілеп,  жұмыссыз  аштардың 

арасынан  жұмыс  қолын  іріктеуге  міндетті  Аштықпен 

күресетін  Орталық  Комиссияға  жүктелетіндігі  туралы 

қаулы қабылданды

201


Аштықпен 

күресетін 

Орталық 


Комиссияның 

табандылығымен  республиканың  жоғарғы  басқару 

ұйымдарына  қабылдатқан  осындай  шешімдерге  қарамай, 

кейбір  жергілікті  өкімет  орындары  мұндай  маңызды  іске 

жауапсыздық,  немкеттілік  танытқан.  Мысалы,  Әндіжан 

уездік  кеңесінің  жер  шаруашылығы  бөлімі  аштыққа 

ұшырағандар  үшін  бөлінуі  тиісті  6  000  десятина  егіс 

алқабын беруден бас тартады. Т. Рысқұлов республиканың 

Жер шаруашылығы халық комиссариатына хат жазып, уездік 

комитеттің бұл ісі бірлескен қаулыға қайшы келетінін және 

одан бөлінуі тиісті егіс алқабын анықтап, қажетті мөлшерде 

еңбек құралдары мен тұқым босатуын талап ету қажеттігін 

ескертеді

202


.  Ал,  сол  жылы  20  наурызда  Т.  Рысқұловтың 

атына  жолдаған  жеделхатында  уездік  атқару  комитетінің 

төрағасы И.И. Гержод Перовскіде ашыққандар үшін егілуі 

тиіс  3  000  десятина  егіс  алқабының  себілмегендігі  үшін 

жауап бермейтінін ашық мәлімдеген

203


Қолдан ұйымдастырылған осындай жасанды кедергілерді 

жеңе  отырып,  Орталық  Комиссия  жоспарланған  істі 

табандылықпен атқара берді. Т. Рысқұлов көктемгі егістік 

жұмыстарына  үлкен  көңіл  бөлді,  өйткені  республикаға 

сырт аймақтардан жеткізілер астыққа толықтай сенім артып 

отыруға  болмайтын.  Мысалы,  Азық-түлік  директориясы 

әзірлеген  жоспарға  қосымша  ретінде  даярланған  Азық-

түлік халық комиссариатының түсіндірмесінде 1919 жылы 

республикада  себілер  астық  егісінің  көлемі  1  568  мың 

десятина болатыны, ал жиналар астық өнімінің мөлшері 35 

млн. пұтқа жететіні атап көрсетілген

204



Бұл  көрсеткіш  республикасының  халқына  қажетті, 



жан  басына  шаққанда  19-22  пұттан,  барлығы  96  млн.  пұт 

 65

болатын  астықтың  тек  40  пайызына  жетпейтін  бөлігінің 

ғана  орын  толтыра  алатын,  ал  қалған  қажетті  астықтың 

басым бөлігі, яғни 61 млн. пұт астық тағы да республикаға 

басқа аймақтардан жеткізілуге тиіс еді

205


.

1919 жылы наурыз айында өткен Түркістан кеңестерінің 

төтенше  VII  съезінде  Т.  Рысқұлов  Аштықпен  күресетін 

Орталық Комиссияның 5 айлық қызметінің қорытындылары 

туралы  бірнеше  баяндама

206


  жасайды.  Комиссия  қорына 

бөлінген 42 млн. сом қаржының жұмсалуына есеп берді. 

Қаржы аштыққа ұшыраған тұрғындардың санына қарай 

жергілікті, уездік комиссиялар арасында барынша әділетті 

бөлінген болатын. Мысалы, Ташкент қалалық комиссиясына 

– 700 000 сом бөлінсе, Ташкент уездік – 1 600 000, Әулиеата 

уездік – 3 420 000, Перовск уездік – 200 697, Қазалы уездік 

–  1  100  000,  Бетбақдала  уездік  –  500  000,  Қоқан  уездік  – 

1 500 000, Ош уездік – 1 100 000, Әндіжан уездік – 1 314 

694,  50,  Самарқант  уездік  –  900  000,  Нарын  уездік  –  300 

000,  Пржевальск  уездік  –  1  005  400,  Ұратөбе  аудандық  – 

150  000  және  Ферғана  облыстық  комиссиясына  –  200  000 

сом  бөлінді

207


.  Ал,  7  104  400  сом  азық-түлік  даярлайтын 

бөлімдерге  қарызға  берілді

208

.  Аталған  қаржыға  қосымша 



ретінде  1919  жылдың  20  ақпаны  –  7  наурыз  аралығында 

Черняев  уездік  –  300  000,  Қазалы  уездік  –  1  300  000, 

Самарқант уездік – 500 000, Жаңа Бұхара уездік – 200 000, 

Керкі уездік – 200 000, қарыз ретінде – 2 230 000 сом берілді. 

Съездің  14  наурызда  болған  мәжілісінде  жасаған 

«Аштықпен  күрес  және  азық-түлік  мәселесі»  деген 

баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің мұсылман 

халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына 

патша  өкіметінің  отаршылдық  саясаты  мен  әсіресе, 

революциядан  соң  кеңес  өкіметінің  шовинистік  саясаты 

басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді

209


. Кеңес 

өкіметінің  азық-түлік  саясатын  іске  асырушы  Азық-түлік 

директориясының қатыгез саясатын айыптай келіп: «Азық-


66

түлік  директориясының  мұндай  саясатынан  қатты  зардап 

шеккен  мұсылман  еңбекшілері  болды.  Олар  өздерінің 

азық-түлік бөлімдерінен ешқандай көмек алмады»

210

, – деп 


атап  көрсетті.  Сондықтан  да,  Азық-түлік  директориясы 

мен  Азық-түлік  халық  комиссариатының  атқаруға  тиісті 

міндетін  Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссияның  өз 

мойнына алуына тура келді.

  Т.  Рысқұловтың  баяндамасы  делегаттар  арасында 

өткір  саяси  пікірталас  тудырды.  Баяндама  «мұсылман 

еңбекшілерінің  үні»

211


,  ретінде  бағаланды.  «Біздің  орыс 

жолдастарымыздың, – дейді делегат Ю. Алиев, – көмектеспек 

түгілі,  тіпті  тыңдағылары  да  келмейді,  ал  біздің  бірдеңе 

айтпақ болған кез келген  әрекетіміз ұлтшылдықтың көрінісі 

ретінде бағаланады. «Бостандық» – кім үшін?, «Революция» 

– кім үшін? Кеңес үкіметінің тірегі болар, қырылып жатқан 

мұсылман еңбекшілерінің қайраткерлері ешқандай кедергіге 

қарамай тұрақты және талмай еңбектенуге міндетті. Басқаша 

болуы мүмкін емес, онсыз енді бір жылдан соң барлығымыз 

қырылып  бітеміз.  Оған  кім  жауап  береді?  Әрине,  біздің 

зиялылар!  Біз  осы  уақытқа  дейін  өзіміздің  қырғынымыз 

туралы  жолдас  Кобозевке  құлақ  қағыс  қылмадық,  ал 

орыстар болса болмашы қиындығын айтып жамырап шыға 

келеді»


212

Т.Рысқұловтың  ұсынысымен  делегаттар  Түрікатком 



атына жауап беруін талап етіп мынадай сауалдар қояды:

– Аштықпен күресетін Орталық Комиссияға көрсетілген, 

алыпсатарлықтың жандануына ықпал етіп, Орталық өкімет 

қаулысының бұзылуына жеткізген көмек не себепті заттай 

емес, ақшалай берілді?

-  орыс  кулактарынан  алынатын  астық  салығының 

жоспарын Түрікатком қандай негізге сүйеніп қабылдатпай 

тастады?


-  Орталық  өкімет  қаулысында  қыр  халықтарының 

аштыққа қарсы күресу ұйымы ретінде белгіленген кедейлер 



 67

комитеттері неліктен елді мекендердің еш бірінде әлі күнге 

құрылмаған?             

-  Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссия  неліктен 

Азық-түлік  директориясының  ұйымы  болып  табылмайды, 

ал  Азық-түлік  директориясының  өзі  қыр  халықтарымен 

не  себептен  байланыспай  отыр  және  оның  құрамында 

жергілікті мұсылман еңбекшілері өкілдерінің болмауының 

сыры неде?

-  Азық-түлік  директориясының  күні  бүгінге  дейін 

жүргізіп отырған шаралары екі топты, мұсылман және орыс 

еңбекшілерін өзара қырқысқа  салудың үздік әдісі болғаны 

Түрікатком  мен  Уақытша  Револдюциялық-әскери  кеңеске 

белгілі  ме?  Бұл  сауалдар  Азық-түлік  директориясын 

толығымен  Революциялық  трибуналдың  сотына  беруге 

негіз болып табылады

213



Съездің  келесі  мәжілісінде  жасаған  баяндамасында  Т. 



Рысқұлов  Азық-түлік  директориясының  жүргізіп  отырған 

саясатын  тағы  да  әшкерелейді.  Үлкен  мүмкіндіктер  мен 

күшке  ие  болып  отырған  Азық-түлік  директориясы,  дейді 

Т. Рысқұлов, ашаршылыққа ұшыраған халыққа көмектесуге 

міндетті  болатын.  Бірақ  бұл  ұйымның  әрекетсіздігі 

Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның қызметіне қол 

байлау болды. Орталық Комиссияның жергілікті жерлерде 

қолға  алған  шаралары  экономикалық  комиссариаттар  мен 

жергілікті кеңестерден қолдау таба алмағандықтан, аштыққа 

қарсы  мүмкін  болған  көптеген  шаралар  іске  аспай  қалды. 

Былайша  қарағанда,  бізде  Азық-түлік  комиссариаты  мен 

Азық-түлік директориясы сияқты арнайы ұйымдар жұмыс 

атқарып  отырған  жағдайда  Аштықпен  күресетін  Орталық 

Комиссия құрудың қажеті жоқ сияқты көрінеді. Бұл міндетті 

Азық-түлік  директориясына  неге  тапсырмасқа?  Аштарға 

көмектесуді ол неге бұрынырақ ойына алмаған? 

Одан  әрі  Т.Рысқұлов  Азық-түлік  директориясының 

аштықпен  күресуді  ойына  алмауының  себептерін  талдап 

көрсетеді: 


68

– алғашқы, әрі негізгі себеп, республикадағы азық-түлік 

саясатының жалаң теорияға құрылғандығы;

– екінші себеп, бұл саясатты практикада іске асырушы 

азық-түлік 

ұйымдарының 

құрылымында 

өрескел 


қателіктердің жіберілуі; 

–  үшінші,  бір  келелі  себептің  мәні  азық-түлік 

ұйымдарының  шовинистік  пиғылдан  арыла  алмауында 

жатыр. 


Осындай  себептердің  қорытындысында,  Түркістан 

Республикасының  азық-түлік  ұйымдарының  мақсаты 

орыстар  мекендеген  қалалардың  халқы  мен  армияны 

асыраудан  аспады,  ал  республиканың  ашаршылыққа 

ұшырап,  қырылып  жатқан  жергілікті  халықтары  осы 

мақсатты  орындау  үшін  материалдық  қанау  объектісі 

ретінде танылған болатын. 

Т. Рысқұлов басқарған Орталық Комиссияның жанкешті 

күресіне  жеткілікті  қолдау  көрсетіліп,  аштықпен  күрес  ісі 

республиканың  барлық  экономикалық  ұйымдастырудың 

қатысуымен жүргізілгенде жазықсыз отап болған жүздеген 

мың адамның өмірін арашалап қалуға толық мүмкіндіктер 

бар еді. Тарихи құжаттар солай дейді. Мысалы, өлкелік Азық-

түлік  директориясының  1919  жылы  10  сәуірде  таратқан 

бұйрығында:  «(Директориядан)  азық-түлік  алып  отырған 

көптеген  ұйымдар,  әдетте  өздеріне  бөлінген  азық-түлікті 

директория  қоймаларынан  ұзақ  уақыт  тасымалдамай  жатып 

алады, ал егер таси қалған күнде де барлығын бірден емес, 

аз  мөлшермен  үзіп-жарып  тасиды.  Істің  мұндай  жағдайы, 

өзіне қарамайтын, ордер бойынша басқа мекемелерге тиесілі 

азық-түлікпен  директория  қоймаларының  лық  толуына 

жеткізді, ал директорияның өзіне халықтан жаңадан жинап 

жатқан  азық-түлікті  қайда  қояры  белгісіз»

214


,  екендігін 

атап көрсеткен. Құжат азық-түлікке республиканың басты 

азық-түлік  ұйымы  –  өлкелік  Азық-түлік  директориясы 

қоймаларының лық толып кеткенін, әрі бұл ағыл-тегіл азық-

түліктің ашыққан халыққа жеткізілмей отырғанын баяндап 


 69

тұр.  Ал,  делегаттардың  Азық-түлік  директориясына 

қолданар  жаза  туралы  сауалына  Уақытша  Революциялық-

әскери кеңестің төрағасы, осы съезде Түрікатком төрағасы 

болып  сайланған  А.А.Казаков  былай  деп  жауап  берген: 

«өмірге  коммунизм  негіздері  енгізіліп  жатқан  уақытта 

қайдағы бір ұлттық мәселенің шешілуі мүмкін емес»

215


Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссияның  белсенді 

қызметінің  арқасында  Түркістан  Республикасында  1200-

дан  аса  қоғамдық  тамақтандыру  орындары  мен  асханалар 

ашылып,  оларда  1918  жылы  күзде  3  млн.  адам  (қайыра 

тамақтандыруды  есептегенде),  ал  1919  жылдың  5  айы 

ішінде 32 млн. адам тамақтандырылды

216


. Төніп тұрған ажал 

тырнағынан «статистикалық деректердің мәліметінше тура 

1 000 000-ға дейін адам құтқарылды»

217


, – дейді Т. Рысқұлов. 

Төтенше  VII  съезд  басқа  жұмысқа,  яғни  Түрікатком 

төрағасының  орынбасары  болып  сайлануына  байланысты 

Т.  Рысқұловты  Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссия 

төрағасы міндетінен босатты. Т.Рысқұловтың басшылығымен 

Түркістан Республикасында құрылған Аштықпен күресетін 

Орталық  Комиссия  1918  жылдың  қараша  –  1919  жылдың 

наурыз  аралығында  мынандай  бағыттарда  келелі  істер 

атқарды:

-  республика  көлемінде  аштыққа  ұшырағандарға 

қоғамдық  тамақтандыру  орындарын  ашу  арқылы  жедел 

көмек  көрсетілді;  қоғамдық  тамақтандыру  орындарында 

қатаң тәртіп орнатылды;

-  ауруларды  емдейтін  арнайы  дәрігерлік  бөлімшелер 

ашылып,  жұқпалы  ауруларды  алдын  алу  шаралары  іске 

асырылды;

- балалар мен жетімдер үйі ашылды;

-  аштыққа  ұшыраған  халықтың  экономикалық 

мүмкіндіктері  зерттелініп,  еңбекке  жарамдылары  үшін 

кең  көлемде  жергілікті,  ұсақ  тауарлы  өндіріс  орындары 

ұйымдастырылды;


70

- аштыққа ұшыраған отырықшы халық арасында түрліше 

еңбек  коммуналары  ұйымдастырылып,  оларға  егістік 

жер  үшін  мемлекеттік  қордан  көп  мөлшерде  жер  үлесі 

бөлініп  берілді,  коммуналар  ауыл  шаруашылығы  еңбек 

құралдарымен, тұқыммен қамтамасыз етілді;

-  көшпелі  малшы  қауымдарына  мал  шаруашылығын 

қалпына келтіру үшін мүмкіндіктер жасалынды;

-  еңбекке  жарамды  ашыққан  адамдар  ішінен  түрліше 

қоғамдық  жұмыстар  үшін  іріктелініп  арнайы  құрылыс 

бөлімдері  ұйымдастырылды,  бұлардың  табысы  басқа 

ашыққандар  мен  балаларды  қосымша  тамақтандыруға 

жұмсалды және т.б.

Осылайша,  Аштықпен  күресетін  Орталық  Комиссия 

өзіне  жүктелген  аса  ауыр  міндетті  абыроймен  атқарып 

шықты.  Орталық  Комиссияның  қызметін  ұйымдастыруда, 

оның басшысы – Т. Рысқұловтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 

Оның бұл еңбегі барынша парасатты, қайырымды және баға 

жетпес маңызы бар тарихи еңбек болды. 

1917-1920 жылдары алынған статистикалық деректердің 

мәліметтеріне  ғылыми  салыстырмалы  талдау  жасау 

барысында тарихшы В.А. Семенюта: «Түркістан халқының 

саны  1  000  000-нан  астам  адамға  азайған»

218


,  -  деген 

қорытынды жасайды. Кеңес елінде 1919 жылы жарияланған 

деректерге сүйеніп, М. Шоқай Түркістанда 1 114 000 адам 

аштан қырылған деп жазды

219

. Ал, төтенше комиссар П.А. 



Кобозев аштық кезінде Түркістан халқының 25 пайызы

220


яғни шамамен 1 900 000 адамның қырылғанын мәлімдеген. 

Егер  Т.Рысқұлов  басқарған  Аштықпен  күресетін  Орталық 

Комиссия  жанын  салып  күреспегенде  қасірет  ауқымының 

бұдан  да  бірнеше  есе  асып  түсу  қаупінің  өзі,  ол  күрестің 

дер  кезінде  және  табанды  жүргізілген  күрес  болғандығын 

тарихи тұрғыдан тағы да дәлелдей түседі.


 71



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет