Қазіргі ғылым пəнаралық деңгейде дамиды. Көп пəндер педагогикалық жəне институционалдық негізбен қалыптасқан, мысалы, оқытушы ұжымы, бағалау жəне оған корпорациялар себеп болған. Қазіргі тірі жəне жемісті зерттеулер пəнаралық - генетикада, география мен əлеуметтану жəне психологияда. Мысалы, əлеуметтануда экономикалық əлеуметтану, əлеуметтік психология, саяси əлеуметтану, этносоциология, əлеуметтік антропология т.б. қалыптасқан. Сөйтіп, зерттеулер мəселе емес, пəндік айырмашылық арқылы жасалады.
Ғылым дамуының ХХ ғасырға дейінгі сипаттамасында елеулі айырмашылықтар бар. Бұрын ғылымда ғылыми білім үздіксіз өсіп жиналады, жаңа ғылыми жаңалықтар ұдайы жинақтала отырып, табиғатты танып-білудің түрлі бағыттарына аса күшті əсер етуі тиіс деп қарайтын. Ал, қазір ғылымның даму логикасы басқаша екені анықталды. Ғылым жаңа фактілер мен идеялардың үздіксіз жинақталуы нəтижесінде ғана күн сайын дамымайды, табиғат жайлы бұған дейінгі көзқарастар мен түсініктерді түбірінен өзгертетін аса ірі теориялық жаңалықтар ашылуына байланысты дамиды екен.
Ғылым əрбір тарихи дəуірде қол жеткен ғылыми жетістіктерді мұқият жинақтап, адамзаттың мəдени қорына қосып отырады, оларды жаңадан ашылған жаңалықтар тұрғысынан талдап, түсіндіруге тырысады. Мұнсыз ғылымда ғылыми сабақтастық пен ғылыми прогресс болмас еді.
Ғылыми және ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттарын келесілер болып табылады.
1) Iргелi зерттеулер
Ғылыми-техникалық дамудың негізiнде адамзат мәдениетiнiң аса маңызды элементтерi болып табылатын iргелi зерттеулер мен білім жатыр. Олар адамның дүниетанымын, оның адамгершiлігі мен руханиятын едәуiр дәрежеде қалыптастырады.
Iргелi ғылымдардың негiзгі бағыттарын айқындау әлемдiк ғылымның даму тенденцияларына сәйкес республиканың стратегиялық басымдықтарына ғылыми әлеуетті шоғырландыру және жаңа бiлiмдер алу мүмкiндiгi мен елде қойылған мiндеттердi шешуге қабiлеттi ғалымдардың бар-жоғын ескере отырып, елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын фактор ретiнде жаңа технологиялардың ғылыми негiздерiн әзiрлеу қажеттiгi мақсатында жүргізiлуi тиiс.
Iргелi зерттеулердiң негiзгi бағыттарын болжау тұрақты мониторингтi, неғұрлым келешегi бар қарқынды бағыттарды айқындауды, оларлы қаржыландырудың қосымша көздерiн iздестiрудi, таңдап алынған басымдықтарға түзету енгiзудi талап етедi;
2) Қолданбалы зерттеулер
Қазақстанның экономикалық дамуының табысты болуы едәуiр дәрежеде елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтармен тығыз байланыстағы қолданбалы зерттеулердiң басым бағыттарына қолда бар резервтер мен күш-жiгердi шоғырландыруға тәуелдi. Басым бағыттар:
- экономикалық реформалардың негiздерiн әзiрлеу жөнiндегi ғылыми зерттеулерге;
- ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстiң дамуына ықпал ететiн, өзiн-өзi тез ақтайтын әзiрлемелердi жасауға және енгiзуге, экспорттық өнiмдi арттыруға;
ауыл шаруашылығы малдарының, өсiмдiктер сорттарының жоғары өнiмдi тұқымдарын жеделдетiп жасаудың, халықты жоғары сапалы тағам өнiмдерiмен қамтамасыз етудiң әдiстерiн әзiрлеуге;
- энергетиканы дамыту, көмiрсутегi шикiзатын барлау, өндiру, қайта өңдеу және тасымалдау проблемаларын шешуге;
- халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталуға тиiс.
Жаңа материалдар, химиялық өнiмдер, дәрiлiк препараттарын жасау, табиғатты ұтымды пайдалану, ізгiлiк бағдарындағы жұмыстар бойынша жаңа технологиялар әзiрлеу және игеру тәрiздi мiндеттердi шешу жөнiндегi бағыттар басым күйiнде қала бередi.
Республикада салалық және салааралық ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын айқындау болашақ дамудың алдын ала жасалған сценарийi негiзiнде жүргiзiлуге тиiс, онда саланың жай-күйi талданады және нақты ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi немесе стратегиялық және тактикалық мақсаттар белгiленедi. Мақсаттарды маңызына қарай саралау жұмыстың алғашқы кезеңiнiң аяқталуы болып табылады, өйткенi, осы кезеңде салаларды басқарудың жоғары органы ретiнде салалық министрлiктер мен ведомстволар иелiк ететiн (немесе иелене алатын) нақты ресурстар есепке алына бастайды. Негiзінен, салалық саясат белгiлi бiр жетiстiктерге ие салаларды дамытуға бағытталуға тиiс. Алайда, ғылым мен техника дамуының электроника, ақпараттық және коммуникациялық технология, жаңа материалдар, биотехнология, энергетика, ғарыштық технология тәрiздi түйiндi бағыттарында зерттеулер мен әзiрлемелер мiндеттi түрде жүргiзiлуге тиiс.
Басым салаларды дамыту бағдарламаларын ғылыми қамтамасыз ету үшiн iшiнара мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын, саланың дамуына қарай, осы зерттеулердi қаржыландыру бiртiндеп шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаты есебiнен қаржыландыруға көшiрiлетiн республикалық мақсатты ғылыми-техникалық, салалық және салааралық ғылыми-техникалық бағдарламалар қалыптастырылады.
2) Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми – танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Педагогика саласындағы зерттеулер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті – деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам – жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми – практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына – зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар – кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде – зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал – жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама – қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат – қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі – нысан. Зерттеу дені (предмет) – нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа – қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза – бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келед
Достарыңызбен бөлісу: |