Реферат тақырыбы : Талдау жасайтын тапсырмалар Орындаған: Мырзан. Ж тексерген: Сыздыков. С



бет1/5
Дата17.03.2023
өлшемі30,25 Kb.
#75105
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò òà?ûðûáû Òàëäàó æàñàéòûí òàïñûðìàëàð Îðûíäà?àí Ìûðçàí


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Талдау жасайтын тапсырмалар
Орындаған: Мырзан.Ж


Тексерген: Сыздыков.С
Алматы 2021
Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу туралы аңыздарға талдау
Жиренше шешен мен Қарашаш өмірде болған адамдар. Оларды әз Жәнібек ханның тұсында, соның арғы-бергі уақыттарында,XV-XVI ғасырларда өмір сүрген деп білеміз. Өйткені Жиренше мен Қарашаш туралы аңыздарда көбінесе Жәнібек хан бірге айтылады. Олар туралы ел арасында көптеген аңыздар бар. Жиренше бойынан мынандай қасиеттерді байқаймыз: біріншіден әрқашан әділдікті, шындықты айтады, екіншіден кісімен ақылдасуды ұмытпайды, үшіншіден сөзді тауып айтады, төртіншіден хандарға жағымпазданбайды, өзін тең дәрежеде ұстайды, олардың теріс әрекеттерін ашық айтады.Қарашаш сұлу қашанда ақылдылығымен Жиреншеге тірек болады, ақылына ақыл қосып отырады.Яғни бұл кісілер аңыз әңгімелер кейіпкерлері.


Алтын сақа ертегісіне талдау
 Алтын сақа ертегісінің қысқаша мазмұнына тоқталсақ, мұнда жалмауыз кемпір «балаңды берсең ғана босатам» деп қылқындырып өлтіретін болғандықтан, әкесі амалсыздан «кешегі қонған жерде қалды деп іздеп келгенде ұстап аларсың» деп баласының алтын сақасын тастап кетеді. Бала атының арқасында алтын сақаны алып қашып, ұсталар болғанда төбеттері келіп жалмауызды талап өлтіреді. Сөйтіп алтын сақасын да қолына түсіріп, жалмауызды өлтіріп, елін де жаудан құтқарады.
Бұл жерде, әрине, жауыздық, жау образы болып тұрған жалмауыз кемпір сонау алғашқы қауымдық қоғам кезеңіндегі матриархат дәуірінің мықтысы еді.
Содан да жауыздық образын, елге келген жау, пәле бейнесін кейін патриархат кезеңінде ақсақалдар ертегі айтқанда жалмауыз кемпір түрінде көрсететін еді. Сол себепті де, ертегідегі жалмауыз кемпір елге шапқан жау бейнесі, ал ақсақал ел, ел ағалары, халық ұғымын көрсетеді.
Осыған байланысты, елді жау шауып, ел ағаларын мәжбүрлеп, алтын сақаны, алтын сауытты Сақаны, сақа тайпасын елден айырып алып кеткен жоқ па екен деген бір ой келеді. Осы ертегі сол оқиғаны беріп тұрған жоқ па? Неге баланың алтын кездігін, не алтын зерлі тақиясын, немесе алтын сапты қамшысын тастап кетпейді? Неге тек алтын сақасын тастап кетеді? Оның себебі, тек сақа ғана көптің (көп асықтың) ішіндегі басшысы, жақсысы, тектісі, ірісі, мықтысы, озығы. Жәй емес, алтын сақа болғандықтан, тіпті қимас жақсысы. Ал, мұндағы қамшы, кездік, тақия қимас бағалы нәрселер болса да, басқадан озық, жетекші, көсем ретінде өзге сондай нәрселермен салыстырылмайды және сақадай сай, тәжірибелі, дайындығы мол, ірі, мықты деген ұғымды не образды да білдірмейді.
Ал, мұндағы бала өсіп келе жатқан жеткіншек, болашақ жауынгер, батыр, елін қорғар жігіт, ер қанаты – тұлпарына мініп, жауын жеңіп, елін жаудан, бодандықтағы туысқан сақаны тұтқыннан құтқарып елге қосар ма екен деген арман, алдағы заманға деген бір үміт емес пе екен, ал ертегі болса сол сақаны жоқтаудан қалған бір ескі сөз бе деп те ойлаймын.



Асан қайғы туралы аңыздарға талдау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет