Ғылыми жұмыс бағыты: Жаратылыстану-математика Секциясы: Информатика Тақырыбы: Компьютерлік вирустар


Күршім ауданы, Қаратоғай орта мектебінің



бет4/4
Дата28.11.2022
өлшемі0,54 Mb.
#53342
1   2   3   4
Күршім ауданы, Қаратоғай орта мектебінің
6 – сынып оқушысы Сағидолда Айгерімнің
«Компьютерлік вирустар» атты ғылыми зерттеу жобасына
ПІКІР
6 сынып оқушысы Сағидолда Айгерімнің «Компьютерлік вирустар» тақырыбында жазылған ғылыми жобасы компьютерлік вирустардың пайда болу себептері және одан сақтану жолдарын негізге ала отырып жасалған. Ғылыми жоба бірнеше тараулардан тұрады. Бұл жұмыста алға қойылған мақсат – қазіргі заманда ақпараттық технологиялар мен ақпараттық коммуникациялық технологиялар дамып бара жатқан заманда компьютерлерді вирустардан қорғау жолдарын ұсыну. Қазіргі таңда қоғамды ақпараттандыру үрдісі күннен – күнге қарқынды дамып келеді. Осыған орай ақпаратты өңдеу, оны тасымалдау, пайдалану үрдісі кең қанат жаю үстінде. Бұл үрдіске параллель бағытта компьютерлік вирустарда даму үстінде.Оқушының дайындаған ғылыми жобасы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама бере отырып, вирустар туралы нақты түсіріктер берген. Вирус бағдарламаларға енген кезде орындалатын әрекеттер туралы жалпы мәлімет берілген. Вирус түскен кезде қандай құбылыстарды байқауға болатындығы талданған.
Екінші бөлімде компьютерге вирус қандай жағдайда енеді және одан қалай сақтану керектігі туралы қарапайым пайдаланушыға жай тілмен түсінікті түрде берген. Компьютерге енген вирустардан сақтану шаралары талданып көрсетілген. Сақатандыру шаралары берілген. Қазіргі таңда кездесетін вирустарға жалпы сипаттама бере отырып, олардың компьютерге тигізетін зияны туралы нақты түсініктер берген.
Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары, олардың түрлері туралы түсінік берілген. Қазіргі таңда кең тараған вирустар және оларды емдеуге арналған арнайы бағдарламалар жеткілікті. Сол бағдарламаларды пайдалана отырып вирустардың зиянды ірекеттерінен сақтануға болатындығы туралы мәліметтермен қатар интернет желісінен алынған ақпараттық кеңістіктегі ең көп тараған вирустар туралы мәлімет берілген. 
Қаратоғай орта мектебінің информатика
пәні мұғалімі Қалалбекова Аида

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет