Ғылыми жұмыс Тақырыбы: Жер құрамындағы қара шірікті арттыруда биогумсты қолдану


Топырақ құрамындағы қара шірікті арттыруда



бет2/3
Дата03.05.2023
өлшемі107,4 Kb.
#89337
түріҚұрамы
1   2   3
Топырақ құрамындағы қара шірікті арттыруда
биогумсты қолдану
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Биогумус
Биогумус - органикалық тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы қалдықтарының жауын құрттары және басқа да микроағзалармен (саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицедтер, жәндіктер, буынаяқтылар) өңделінген өнім.
Вермикомпостану кезінде арам шөптердің дәнектері жауын құртының ағзасынан өтіп, тамырлануға бейімдігінен айырылады. Сонымен қатар, биогумуста көңге қарағанда ішек таяқшасы және басқа да патогендіктік ағзалар азырақ кездеседі.
Биогумус топырақтың құнарлылығын, құрылымын және физикалық қасиеттерін жақсартады. Биогумус қолданылғаннан кейін топырақты бірнеше жылдар бойы қатарынан қолдануға болады.
Биогумсты өндіруде «Колифорния жауын құрттарын» қолдану
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Калифорния шылаушыны
Калифорниялық қызыл құрты (лат. Eisenia foetida) – сақина тәрізді құртының Lumbricidae тұқымдасына жататын шылаушын. Латыншадан аударғанда "foetida" деген сөз "сасық" деген мағынаны білдіреді. Thomas J. Barrett 1959 жылы Калифорния штатының Университетінде түрлі жауын құрттарын будандастыру нәтижесінде алған.
Биологиялық сипаттамасы
Калифорниялық қызыл құрттың ұзындығы 10 см, диаметрі 3-5 мм, дене салмағы шамамен 1г тартады.
Өмір сүру ұзақтығы – 16 жыл.
Кәдімгі жауын құртына қарағанда 150 есе тез көбейеді. 21 күнде жаңа ұрпақ пайда болады. 90-120 күнде ересек күйге өтеді. Екі шұбалшаңның ұрпағы жылына 1,5 мыңға дейін жетеді.
Калифорнилық қызыл құрттардың пайдаланылуы
Калифорниялық қызыл құрт – үй жануары сияқты зияны жоқ жәндік. Оны өсірудің еш қиындығы жоқ, мұнымен арнайы жәшіктерді немесе ені 1-2 метр болатын, бүйір қабырғалары мен түбі бар науаларды қолданып, бау-бақша учаскесінде айналысуға болады. Тамақты көп талғамайды. Екі шаршы метрден жылына бір тонна биогумусқа дейін алуға болады. Жәшікті дайындағанда астына дринаж қызметін атқаратын құм салады. Сосын 1-2 см топырақ, сосын 3-5 см тамақ қалдықтары, олан сoң қайтадан 1,2 см топырақ салады. Арасына жұмыртқа қабығының ұнтағын салу керек. Себебі, құрттар қышқылдық ортаны ұнатпайды. Қыста жылы жерде ұстап күн жылынған кезде бауға немесе бақшаға жіберуге болады. Өсімдік қалдықтарының барлығымен қоректеніп, оны қара шіріндіге айналдырады. Шұбалшынның өнімі - биогумус кез келген егін мен бау-бақшаны жайқалтып жібереді, диқан өнімді еселеп алады. Әсіресе жылыжай егіндері мен гүлге беру өте пайдалы. Мұндай тыңайтқыш берілген жер төрт жылға дейін өзінің жоғары құнарлылығын сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет