Ғылыми жоба дайындаудың әдіс-тәсілдері және тиімді жолдары XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына»



бет2/3
Дата04.09.2022
өлшемі22,08 Kb.
#38441
1   2   3
Байланысты:
Ғылыми жоба дайындаудың әдіс

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ
Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУ
ТАҚЫРЫП - мәселелердің өзіне тән сипатын көрсетеді, сонымен қатар тақырыпта қысқа формада құрылған, айқын бір мағыналы, дәл, жарнамалық мәселелерді шешу әдістері болады.
Тақырыпты таңдау ережесі:
1) Ғылымның осы саласындағы фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және жеке, бұрын мәлім болмаған жақтарын жариялайтын;
2) Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі экспери-менттерді , өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;
3) Әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық - заңды негіздемесі бар компьютерлік модельдер мен жобалар;
4) Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар (уытты, радиоактивті, канцерогендік және мутагендік әрекеттегі зерттелмеген биологиялық активті құрамалар, адамдар мен жануарларға патогенді немесе оған тең заттар, микроағзалар, вирустар, алкоголь, темекі т.б) және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар жарысқа қатысуға жіберілмейді;
5) Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.
ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1. Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары - соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек.
ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ
1. Жобаны қорғау жобаның орындалуын тексеретін ерекше формалардың бірі болып табылады. Жобаны қорғауда тыңдаушы өз кәсіби мәселелерін шешудің жан-жақты негіздемесін ұсынуы қажет. Жоба топ алдында, тыңдаушылардың қатысуымен қорғалады.
2. Жоба қорғаушы шағын жобаны 7-10 минут аралығында қорғайды. Қойылған сұрақтарға жауап бергенде барлығы 20 минуттан аспау керек.
3. Жоба сараланған түрде бағаланады.
4. Жобаға саралау жасалып және қорғалып болған соң нәтижелердің сапалық және сандық талдауы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет