Ғылыми жоба Жоба жетекшісі: Айыпхан Мерей Үлес қосқандар: Сатыбалды Ұлжан



бет2/8
Дата10.04.2023
өлшемі302,42 Kb.
#81121
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ғылыми жоба123

3)Қорытынды
Кіріспе:Ұлы Отан соғысы!Соғыс- барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулыны күйрететін жойқын күш.Осындай жойқын күшке біртұтас кеңес халқы алғашкы сәттен, күннен бастап қарсы тұра білді. 1941 жылы шілденің 3 күні Сталиннің радио арқылы сөйлеген сезінен кейін «Ұлы Отан соғысы!» деген ұғым пайда болды.Осыдан кейін бұл сөз тіркесі әлем елдерінің сөздік қорына қосылып Ұлы Отанды қорғауға әзірлене бастады. Бейбіт қатар өмір сүру шартын бұзып,опасыздықпен Кеңес Одағына төтеннен соғыс бастаған неміс-фашистеріне кеңес халқы жұмған жұдырықтай болып қарсы тұрды.Кеңес Одағына кіретін он бес республиканың ішінен Қазакстаннын Ұлы Жеңіске қосқан үлесі ұшан-теңіз.Сталиннің сөзі: «Қазакстан – біздің Отанымыздың қоймасына айналды!» деп, бағалауында улкен шындық мән жатыр.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Бұқаралық ақпарат құралдары (Айыпхан Мерей)
Бұқаралық ақпарат құралдары заман талабының қиын болғанына қарамастан, халыққа әрқашан тың ақпаратты жеткізіп отыруға тырысқан. Осындай қиын-қыстау кез ретінде бес жылға жуық уақытқа созылған Ұлы Отан соғысы жылдарын айтуға болады. Осы жылдары соғысқа дейін жарық көріп тұрған «Лениншіл жас», «Коммунист», «Пионер», «Әдебиет және искусство» сынды газет- журналдар 1941 жылдан бастап шығарылуын тоқтатты. Себебі, қаржы мен күш әуелі әскери газеттерге қарай бағытталып, әдеби, салалық, облыстық басылымдардың саны едәуір қысқарды. Жабылған газеттер мен журналдардың міндетін «Социалистік Қазақстан» мен «Казакстанская правда» газеттері атқаруға тиісті болды.Газеттерде тек тылдағы жазушылардың публицистикалық мақалалары ғана жарияланған жоқ. Сонымен қоса, Бауыржан Момышұлы, Баубек Бұлқышев, М. Ғабдуллин секілді майдандағы басқа да қазақ жауынгерлердің рухқа толы хаттары басылып отырды.Баспасөз арқылы қарапайым халық жауынгерлердің соғыс қимылдарын және ерлік көрсетіп жүрген ерлермен таныс болып отырды. Ғабит Мүсіреповтің «Батырлар ұрпағы» атты мақаласының 1942 жылғы 17 қарашадағы «Социалистік Қазақстан» газетінде жариялануы бұл сөзіме дәлел бола алады. Мақала Мәскеу түбінде ерлікпен қаза тапқан 28 батырға арналған. Тайсалмай жауға қарсы тұрып жанын берген 28 жас Қазақстан ұлдары атақты Панфилов дивизиясында болғанын, олардың әдейі іріктеліп шыққан топ емес екенін, батырлық бойларына дарыған, қанындағы қасиет екенін айтады. Автор сөзін «оларға ел риза, тарих риза» деп аяқтайды.Басылымдар 1942 жылдан бастап тікелей майданнан жарық көріп тұрды. Ең алғашқы қазақ тіліндегі майдандық газет Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның «Отан үшін» газеті. Одан бөлек «Майдан ақиқаты», «Сталин туы», «Қызыл армия» деп аталатын газеттерде жарық көрді.
Қорыта айтқанда, соғыс жағдайына қарамастан баспасөз қызметін тоқтатқан жоқ. Қиын болса да өз міндетін толыққанды атқарып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет