Реферат Тақырыбы: Әліхан Бөкейханов-қоғам қайраткері. Орындаған: 22-гд-1 Спивак А. Д. Тексерген оқытушы: Жақсылықова Б. С



бет1/3
Дата05.05.2023
өлшемі88,48 Kb.
#90407
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Дима реферат



ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Геоғылымдар мектеб факультеті
Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Әліхан Бөкейханов-қоғам қайраткері.


Орындаған: 22-ГД-1 Спивак А. Д.


Тексерген оқытушы:Жақсылықова Б.С.

Өскемен, 2022


Жоспар
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Әліхан Бөкейханов-қоғам қайраткері.
2.1.1. Әліхан Бөкейхановтың туған жері.
2.1.2. Әліхан Бөкейхановтың оқуы
2.1.3. Ғылыми енбектері
2.2. Алаш партиясы.
2.2.1. Негізгі қалаушы.
2.2.2. Алаш орданың мақсаттары.
3. Қорытынды


Кіріспе
Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 5-наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей — Батыр — Мырзатай — Нұрмұхамед — Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады.Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Оқуын бітіріп, Омбыға оарлғанда Ә.Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің капиталистік қоғамның қанау тетіктерін ашып берген экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады.Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
2.1.1. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі. Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады.
2.1.2.Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылддың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан.
1886 жылы ол Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданды.
Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.
Аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітіріп, Әлихан Бөкейханов 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралады. Келісімен Омбы қаласындағы орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып қызмет істейді. Осы жылдары социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасының құрамына кірген.
Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам, саяси қайраткер ретінде де, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі.
Әлихан Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімінің қызметіне қызу араласады. Алғашқы күндерінен-ақ белсенділігімен танылған Әлихан 1896 жылы қоғамның Батыс-Сібір бөлімінің толық мүшелігіне қабылданады да, ал 1901 жылы бөлімнің басқару комитетіне мүше болып сайланады. Сонымен қатар, ол жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің Семейлік бөлімшесін ашуға және қызметіне тығыз араласып, «Запискилерде» ғылыми мақалаларын жиі жариялап отырды. Ол Абай Құнанбаевпе
н қатар Семейдің статистика комитетіне де мүше болды.
Ә. Бөкейханов жағрафия қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттеген. Тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары – «Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы» атты монографиялары. Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты көп томдық альманахтың «Киргизский край» деген XVII томына еніп, Санкт-Петербордан жарық көрді. Шығармада Қазақ өлкесінің сонау тас, қола дәуірінен бергі тарихы, мекендеген халықтары, олардың мәдени, саяси-әлеуметтік жетістіктері кең көрініс тапқан. Сондай-ақ, Дала өлкесінің соңғы ғасырлардағы өмір-тарихын сипаттайды, патша өкіметінің жүргізіп отырған отаршылдық саясатын да батыл суреттеген. «Киргизы» атты еңбегі алғаш рет «Формы национального движения в современных государствах» атты жинақпен 1910 жылы Санкт-Петербордан басылып шығады. Сонымен қатар, әр жылдары жағрафия қоғамы Батыс-Сібір бөліміне қараған Семейлік бөлімшесінің басылымдарында «Из переписки киргизских ханов, султанов и прочее, прочее», «Из переписки хана Средней Киргизской орды Букея и его потомков» және «Из бумаг султана Большой Киргизской орды Сюка Аблайханова» атты ғылыми мақалалары жарияланған. Әлихан Бөкейхановтың көп мақалалары лақап аттпен берілген. Көптеген жұмыстарына «Қыр баласы», «Сын степей», «V», «Киргиз-Степняк», «К.Степняк», «Туземец», «Арысұлы», «А.Б.», «Қ.Б.», «Ғ.Б.» деп қол қойып отырған. Райымжан Әзіханұлы Бөкейхан мен экономист Мұханбетқали Жақсалиевтің айтуына қарағанда, Әлихан Кеңес дәуіріндегі баспа беттерінде «Қалмақбай» және «Н.Ш» деген атпен де еңбектерін жариялаған. Әлиханның қай жылдан бастап «Бөкейханов» фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. Омбының техникалық училіщесін «техник» мамандығымен бітірді деген 1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: «Сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы» атына толтырылған.
Кезінде Әлихан Бөкейханов Орыстың жағрафия қоғамының Батыс-Сібір бөлімі мүшесі ретінде, қоғамның ғылыми мәжіліс-жиналыстарында қазақтың мәдениеті, тұрмыс-салты, өнері жайында баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрған. Сонымен қатар ол орыстың Г.Н.Потанин сынды ғалымдарына халқының ән-күйін, ою-өрнегін, тұрмыстық құрал-саймандарын жинасып, Том қаласында қазақтың өлкетану музейін ашуға қол ұшын берген.
2.1.3. Алаш қайраткерлері ақталып, олардың әдеби, ғылыми мұралары халық игілігіне айналған ширек ғасырдан астам мерзімде алаштану бағытында көптеген зерттеу еңбектері жазылды. Бұл іс әлі жалғасып жатыр. Тілшілер қауымы да қазақ тіл ғылымының бастауында тұрған Ахаңның, сондай-ақ, тілге қатысты еңбектер жазған Алаш арыстарының мұрасына арналған диссертациялық зерттеулер жүргізіп, ғылыми монографиялар мен мақалалар жарияладық. Қазақ тіл білімін, әдеби тілді дамытуға қосқан үлесі, ғылыми жаңалықтары анықталды. Алайда, бұл оқығандарымыздың арасында Әлихан есімі атала бермейді. Осы кезеңде тарихи тұлғаның мұрасы тарихшылар тұрғысынан көбірек зерделеніпті. Оның ұлттық баспасөзді дамыту жолындағы қажырлы еңбегі мен аудармашылық қыры да жекелеген әдебиетші, журналист мамандар тарапынан сөз болған. Ғалымның соңында қалған мұрасының басым бөлігі осы салаларға қатысты болғандықтан, солай болуы да орынды сияқты. Дегенмен, оның өмір жолын, қоғамдық-саяси қызметі мен соңына қалдырған мұрасын мұқият зерттесек, қайраткердің қазақ тілінің дамуына да көп еңбек сіңіргеніне көз жеткізуге болады.
Ә.Бөкейхан да өзінің баспасөз беттерінде жариялаған мақалаларында, ғылыми еңбектері мен аудармаларында Алаш қайраткері жасаған жаңа атаулар мен терминдерді қолданып, олардың әдеби тілге сіңуіне қызмет еткен. Әлекеңнің ХХ ғасыр басында халық арасындағы зор беделі мен қолынан қаламы түспей өндіріп жазғанын ескерсек, оның сол кезеңде жасалған талай сөздің қолданысқа еніп, сөздік құрамымызды байытуға септігі тигеніне еш күмән жоқ.
Ә.Бөкейхан ұдайы жаңадан жасалған терминдерге қатысты өз көзқарасын, ұсыныс-пікірлерін білдіріп отырған. Қыр баласы «кітап сыны» деген айдармен қазақша шыққан кітаптардың көпшілігіне сын-пікірлер жазды. Олардың тіліне, мазмұнына, аударылу сапасына ерекше көңіл бөлді.
Өткен ғасыр басында-ақ Қошке Кемеңгерұлы: «Әлиханның қазақ еліне сіңірген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды», деп жазыпты. Біздің бұл мәселеге ден қоюымызға да Қ.Кемеңгерұлының осы пікірі басты себеп болды. Неге? Өйткені, Қ.Кемеңгерұлы – «Қазақша-орысша тілмаш» (Мәскеу, 1925) тәрізді ғасыр басында жарық көрген едәуір көлемді сөздіктің редакторы болған, «Грамматика казахского языка» (1927) сынды еуропалықтарға арналған оқу құралының және «Жауро¬палықтарға арналған оқу құралы» (1-кітабы. Ташкент, 1928; 2-кітабы. Қызылорда, 1929) кітаптарының авторы, тіл мәселесіне арналған «Қотыр сөздер», «Жат тілді оқыту әдісі», «Мектеп қай тілде болу керек?» «Қазақша ай аттары», «Дұрыс па? Бұрыс па?» және басқа да бірқатар мақалалар жазған, тілдің жайын жақсы білген алаш оқымыстысы. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан, есімі Ахаңнан кейін аталуға тиіс делініп жүрген Алаш білімпазы. Ахаңнан бастап тіл мәселесін зерттеген замандастарының еңбектерімен жақсы таныс, өзі де солардың қатарында болған білімпаз мұндай пікірді жайдан-жай айта салмасы анық. Сондықтан сол кезеңде өмір сүріп, Алаш мүддесі үшін Әлихан Бөкейханмен қатар еңбек еткен білікті ғалымның пікіріне ерекше мән беру қай жағынан алып қарасақ та негізсіз емес. Ендеше: «Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан қазақтың әдеби тілінің тууына қалай себеп болды?» деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
2.2.1. Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.

«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.



Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсеі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді. XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұхара мен Түркістанға бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді.
Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылады. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.
Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.
Тарихымыздың ХХ ғасыр басындағы кезеңін Алаш көсемі Әлихансыз елестету мүмкін емес. Өйткені, ол осы кезеңдегі қазақтың тарих көшінің бағыт-бағдарын белгілеп, ел мен жер, тіл мен діл тағдыры, дін мен дәстүр тұтастығын сақтау үшін жұрт жұмысының жауапкершілігін мойнына жүктеп, басын бәйгеге тіккен тарихи тұлға. Иә, бұл кезеңде елге адал қызмет еткен ұлт зиялыларының әрқайсысының тарихымыздағы өзіндік орны, ұлтымыздың оянуына, өркендеуіне сіңірген зор еңбегі бар. Ол айдан анық. Алайда, солардың арасында қайсар мінез, табанды қайраткерлік болмысымен, саяси күрескерлік рухының биіктігімен және жан-жақты білімділігімен, бүтін бір елдің тағдыры мен оның алдыңғы қатарлы зиялы қауымын қалыптастыру, азаттық үшін бірігіп күресу жолында көшбасшылық қасиетімен ерекшеленіп, дараланып тұрған ең көрнекті тұлға – Әлихан. Мемлекет тізгінін ұстаған, ұлт көшін бастаған көшбасшылар мен көсемдердің сол қоғамға, сол халықтың өмір-тағдырына ілгерінді-кейінді ықпалы да зор болатынына адамзат тарихынан мыңдаған мысал табылады. Әлихан қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы көшбасшысы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ірі саясаткер. Ал тіл – кез келген мемлекеттің ішкі бірлігі мен сыртқы қарым-қатынасында, ұлттың тұтастығы мен мәдени дамуында негізгі рөл атқаратын басты құрал және баға жетпес рухани қазына. Қазаққа адал қызмет етуді өмірінің мәні санаған, өзі айтпақшы «Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздеген» Әлихандай ірі қайраткер, сұңғыла саясаткер мұны жақсы білген. Сондықтан да, ол Алаш қозғалысының көсемі, Алашорда үкіметінің төрағасы ретінде де, мектепті, училище мен институтты тәмамдап, толық әрі жүйелі білім алған өз заманының ең алдыңғы қатарлы, озық ойлы ұлт зиялысы ретінде де тілдің рөлін терең сезінген. Тіл қадірін, қазақ тілінің қасиетін білмейтін адам «Анық түрік затты халық тілі – біздің қазақ тілі» деген сөзді айта ма? Академик Кеңес Нұрпейісұлы атап көрсеткендей, Әлихан Бөкейхан халқымыздың саяси көсемі. Бір халықтың саяси көсемінің елдің ішкі саясатының ең өзекті мәселесі тілге, тіл саясатына мән бермеуі, оны назардан тыс қалдыруы мүмкін емес еді. Дәлірек айтқанда, ол өзінің саяси жолының алғашқы қадамынан бастап қазақ тілінің ісқағаз жүргізу, сот пен тергеу, білім беру тілі болуын күн тәртібіне қойған, ресми органдардан талап еткен саясаткер.
Алаш ардақтысының өмір жолымен, соңында қалдырған мұрасымен танысқан кез келген көзіқарақты жан оның ұлттың тұрмыс-салты мен мәдениетін, тілі мен әдебиетін жақсы білген, бұл рухани құндылықтардың қадір-қасиетін, халық өмірінде алатын орнын терең пайымдай алған өресі биік, зияткер мемлекет қайраткері екеніне көз жеткізеді.
Егер ол баулыған азаттық жолындағы азаптың бәріне шыдаған үркердей ғана Алаш арыстарының қатарында ұлт ұстазы Ахаңнан бастап, тікелей қазақ тілін зерттеуге арналған еңбектер мен қазақ тіліндегі пән оқулықтарын жазған Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонанұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омарұлы, Н.Төреқұлұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, Б.Байтоғаев, М.Мырзаұлы, Б.Малдыбайұлы, С.Қожанұлы, Ж.Күдеріұлы, К.Жәлелұлы сияқты зиялыларымыз кіретінін ескерсек, Әлиханның ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуына қаншалықты зор ықпал жасағанын пайымдауға болады.
Ол өзінің төңірегіне топтасқан бүкіл алаш оқығандарын қазақша газет шығаруға, көркем шығармалар мен қазақша пән оқулықтарын жазып, қазақ баласын ана тілінде оқытуға жұмылдырды. Бұл оның ұлт көсемі ретінде жазба әдеби тілдің қалыптасуына жасаған үлкен ықпалы, басты тарихи қызметі. Қ.Кемеңгерұлының «…әдеби тіл тууына себеп болды» деген пікірінің ең басты әрі жалпы сипаты да осы болар деп пайымдаймыз.
Алаш қайраткерінің жазба әдеби тілдің дамуына қосқан үлесі мұнымен ғана шектелмейді. Ол Алаш зиялыларын бұл іске жұмылдырып, ұйымдастырып, жөн сілтеп, жалпы басшылық жасап қана қойған жоқ. Өзі де солардың бел ортасында жүріп, қолынан қаламын тастамай өнімді еңбек етті. Қазіргі ғылым тілі, көркем әдебиет тілі, баспасөз тілі, ресми ісқағаздар тілі бір күнде қалыптаса салған жоқ. Тіліміздің функционалдық стильдік тармақтарының жіктелуіне қазақ тілінде газет шығарып, оқулықтар мен оқу құралдарын, көркем шығармалар мен ғылыми, ғылыми-көпшілік ең¬бектер жазған ХХ ғасыр басындағы оқығандардың, көрнекті ағартушы-ғалымдардың қосқан үлесі орасан зор. Әлихан, Ахаңдар бастаған қазақ оқығандары, ағартушы-білімпаздар тобы ұлттық баспасөзді дамыту мен оның тілін қалыптастыруға да бар білімі мен тәжірибесін, көп күш-жігерін жұмсады. Әсіресе, «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын» деп, М.Әуезов оның қазақ өміріндегі рөлін атап көрсеткен жалпыұлттық тұңғыш газеттің ұлт тарихында алатын орны айрықша болды. Сондай-ақ, ұлттың ой-санасын оятқан бұл басылым қазақтың баспасөз тілінің, бүгінгі ұлттық жазба әдеби тілінің де қалыптасуына негіз қалады.
Әдеби тіліміздің даму, қалыптасу тарихы тілтанушы ғалымдар тарапынан едәуір жақсы зерттелді. Қазақ әдеби тілінің ұлттық дәуірге дейінгі және ұлт ретінде қалыптасқан кезеңіндегі әдеби тілін жан-жақты зерделеген «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінде академик Р.Сыздық: «…Қазақтың ұлттық әдеби тілі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптасты деген тұжырымға келеміз» деген тоқтам жасайды. Ал тіл дамуының осы кезеңдерін арнайы зерт¬теген белгілі тілші-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Бабаш Әбілқасымов «Қазақтың жазба әдеби тілінің қалыптасу кезеңі» атты мақаласында өткен ғасыр басындағы жазба әдеби тілдің қалыптасуындағы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін ерекше атай отырып, былай деп жазады: «Ол өзінің қазақ тілінің заңдылықтарын баяндап берген іргелі еңбектерімен қатар қазақ қоғамын дүр сілкіндірген алғашқы ұлттық баспасөзіміз «Қазақ» газетін (1913-1918) шығарып, жаңа жазба әдеби тіліміздің нағыз үлгісін жасап берді. Сөй¬тіп, қазақ тілшілерінің дұрыс көрсетіп жүргеніндей, ұлы ағартушылардан бас¬талған жаңа жазба әдеби тіл үлгісі қазіргі кезеңде жан-жақты дамып, өзінің кемеліне келіп отыр».
Ғалым осы мақаласында Ахаң «Қазақ» газетін шығару арқылы жаңа жазба әдеби тілдің үлгісін жасады және қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін ХХ ғасыр басында еңбек еткен ағартушылар қалады деген ғылыми тұжырымға келеді.
Ахметтанушы, алаш мұрасын зерт¬теуші тілші-ғалымдардың қай-қайсысы да қазақ тіл ғылымының атасы саналатын ғұлама-ғалым Ахаңның ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуына да өлшеусіз үлес қосқанын атап көр¬сетеді. Ғалымның соңына қалдырған құнын жоймайтын ғылыми мұрасы соған дәлел. Ал енді «Қазақ» газеті жазба әдеби тілдің үлгісін жасады» деген тұжырым тұрғысынан қарағанда, қазақ тіліндегі газет шығару мәселесін күн тәртібіне қоюдан бастап, қазақ өміріне үлкен серпін берген бұл тұңғыш ұлттық баспасөздің алғашқы санынан соңғы 265-ші санына дейін аянбай атсалысқандардың бірі ғана емес бірегейі алаш көсемі Әлихан Бөкейхан екенін де ұмытуға болмайды.
Көрнекті тарихшы ғалым, академик Кеңес Нұрпейісов: «…Ұлттық баспасөз органдары қатарында «Қазақ» газетінің алатын орны ерекше. Өйткені, ол басқа басылымдармен салыстырғанда ұзақ мерзім (1913-1918 жылдар) шығып, 265 саны жарық көрді. «Қазақты» дүниеге келтірген және оның тұрақты авторларының қатарында Алаш қозғалысының халық таныған жетекшілері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов сияқты қайраткерлер болды. Осы азаматтар мен олардың сенімді серіктері «Қазақ» газетін жалпыұлттық басылым дәрежесіне көтерді», – десе, белгілі тарихшы, алаштанушы ғалым, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі М.Қойгелдиев: «1909 жылы Петербордан Абайдың тұңғыш кітабын шығарған Бөкейханов болатын және «Қазақ» газетін шығару идеясы да Әлекеңдікі. Әрине, Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі орасан зор», – дейді. Алаш мұрасын терең зерделеген белгілі тарихшы ғалымдар Әлиханның газетті шығару идеясының және оның тұрақты авторы болғандығын анық жазады.
Сонымен қатар, осы зерттеуші Ә.Бөкейханның «Қазақ» газетіне өз авторлығымен жазған мақалалары да саны жағынан мол екенін айтады. Бұл сөзінің дәлелі ретінде әлихантанушы төмендегідей деректерді келтіреді: «Қазақтың» алғашқы 5 санында Әлекеңнің кемінде 6 мақала аудармасы жарияланды емес пе? Ол ол ма, газеттің әрбір санында Әлиханның Қыр баласы, Қ.Б., Ғ.Бөкейханов, Ғ.Б. [яғни Ғали хан Бөкейхан], Ғали хан, Түрік баласы, Арысұлы деген бүркеншік есімдермен кем дегенде 2 көбіне 3-4 мақаласы жарық көріп тұрды. …Жалпы, «Қазақтың» 6 жылда шыққан 265 санында бір Әлекеңнің 300-ге тарта мақаласы, әдеби сыны, фольклорлық зерттеуі, көркем аудармасы, ашық хаттары, пікір-таластары, үндеулері және т.б. туындылары жарияланды. «Қазақта» одан көп жарияланған қазақты таба алмайсыз…».
Қайраткер мұрасын арнайы зерттеп жүрген С.Аққұлұлы Әлиханды да «Қазақ» газетінен бөліп қарауға болмайды, Ахаң сынды оның да газетті шығаруға еңбегі ерекше сіңді деп санайды. Журналист-ғалым Қ.Сақ «Қазақ» газетінің шығарушылары туралы шындық», тарихшы Жандос Құмғанбаев мен Ермек Балташұлының «Әлихан Бөкейханов және «Қазақ» газеті» мақалаларында да алаш көсемі Ә.Бөкейхан ұлтымыздың тұңғыш жалпыұлттық газетін шығаруда, ұйымдастыруда айрықша рөл атқарды дейді.Ендеше, қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің үлгісін жасаған «Қазақты» шығару идеясының да, ондағы жарияланымдардың да белсенді авторы Әлихан Бөкейхан сол жазба әдеби тілдің дамуына да үлкен үлес қосты деген қорытынды жасауға негіз жеткілікті.
Алаш ардақтысының соңында қалған мұраларының елеулі бөлігі – аудармалары. Аудармашылық – оның шығармашылық қызметінің маңызды қыры. Әлихан Бөкейхан көркем аудармамен, ғылыми, ғылыми-танымдық, саяси әдебиеттер мен түрлі пән оқулықтарын, оқу-ағартуға арналған құралдарды аударумен де айналысты. Олардың арасында қысқа-қысқа мысалдар мен әңгімелер де, көлемді повестер мен романдар да бар.

ХХ ғасырдың бас кезіндегі саясаткерлердің бірі, тарихшы, журналист, жазушы және драматург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы бұл очеркін 1922 жылы аяқтап, 1924 жылы Мәскеудегі СССР халықтарының орталық баспасынан шығарды. Совет өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы 15 жылын осы Мәскеуде өткізіп, Кремльдің жіті бақылауында болған еді. Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевиктер Қазақ автономиясының жұмысын тоқтатып, басшыларын қуғынға салады. Ә.Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен өлім жазасына кеседі. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармагы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.


2.2.2. Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.
Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.
Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына – Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.
Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейхан өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.
Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейханның төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.
23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет – Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.
Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.
Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.
1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.
Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.
Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі – аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.
Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.
Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет