Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық: Қазақ. XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: Түркістан аймағы болатын. Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырланды. Қазақ хандығының құрылуына, қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды. Жәнібек, Керей хандармен бірігіп көшкен ру-тайпалар алғашқы кезде «өзбек-қазақтар» деп аталды.

«Қазақ» атауының шығуы, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Зерттеушілер бұл жөніндегі болжам пікірлердің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады:
«Қазақ» атауының шығуы, қай кезде, қалай пайда болғаны жайында сан алуан пікірлер айтылып келеді. Зерттеушілер бұл жөніндегі болжам пікірлердің бастыларын мынадай үш түрге бөлуге болады:
«Қазақ» деген атау 15 ғ. Жәнібек пен Керей бастаған көшпенді тайпалар Әбілхайырдың үстемдігіне қарсы шығып, Шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісуға, Шу өзені бойына қоныс аударған. Алғаш рет осы тайпалар «қазақ» деп аталған. Мұның мағынасы: «өз ұлысынан бөлініп шыққан қашақтар» деген сөз еді.
Ежелгі Жұнғо жылнамаларындағы «үйсін», «усын», «асу» деген ұлыс аттары «қазақ» атауының дыбыстық баламасы дейді.
«Қазақ» атауы «Таң патшалығы тарихында» (7-8) «каса», «хаса» түрінде жазылған.
Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді. Ақынжанов:«қазақ» атауы «қас» (хас) — нағыз және «сақ»— көне замандағы сақтар атауынан құралған және «хас-сақ»— нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді. Абдрахманов: «қаз» + «оқ» - деп көрсетеді. Ш.Уәлиханов «қазақ» сөзі әскери термин ретінде қолданылып «ержүрек, батыл» дегенді білдіреді.
В.В.Радлов «қазақ» деген атауды «тәуелсіз», «еркін», «ерікті» адам деп мағыналаған.