Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылу алғышарты және қазақ хандығының құрылуы


Керей мен Жәнібектің сыртқы саясаты



бет7/8
Дата22.11.2023
өлшемі5,59 Mb.
#125115
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

Керей мен Жәнібектің сыртқы саясаты

  • Керей мен Жәнібек хандар
  • Жетісуда Қазақ хандығының шаңырағын көтеру жөніндегі шешімді тек Жошы тұқымы Жәнібек пен Керей сұлтандардың қазақ қоғамының ішкі өмірін реттеп отырған ру-тайпа ақсүйектерінің келісімінсіз қабылдауы, тіпті де мүмкін еместін. Жаңа мемлекеттік жүйе құру аса күрделі екендігі түсінікті. Жәнібек пен Керейдің "Алаш мыңын" бастап Жетісуға бет алуы, бұл, әрине, тарихи үдерістің сыртқы көрінісі ғана болатын.
  • Бүгінгі және келешек ұрпақ үшін өткен заманымыздың қай кезеңіндегі тарихымыз болмасын қымбат, сұрапыл-сағаттарда ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да ардақты. Бұрыңғы-соңғы тарихта орны ерекше тұлғалар да болған. Олар – Қазақ Ордасының негізін салған тұңғыш хандарымыз–Керей мен Жәнібек. Екеуі де дана, екеуі де ер. Алаштың асып туған дара ұлдары.

Керей мен Жәнібектің сыртқы саясаты

  • Жәнібек хан мен Керей ханның одақтық қатынас орнатқан тұңғыш мемлекеті Моғолстан болды. Бұл достық одақ 1468 ж. Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісі Әбілхайыр ханның Жетісуға, ойраттардың (қалмақтардың) Моғолстанға шабуыл жасауына байланысты құрылып, 16 ғасырдың 30 жылдарына дейін созылды. 1468 ж. Әбілхайыр хан өлген соң Шығыс Дешті Қыпшақты билеу үшін Өзбек ханның мұрагерлерімен күрескен қазақ хандары Шайбани әулетімен билікке таласып жүрген Жошы әулетінен шыққан Ахмет ханмен, Махмұт ханмен, Ибақ ханмен және т.б. одақтасты.[
  • Қазақ хандары сыртқы саясатта, ең алдымен, Шығыс Дешті Қыпшақ мемлекеттерінің ежелгі экономикалық және саяси орталығы болған Сырдария бойындағы Сығанақ, Сауран, Отырар, Ясы (Түркістан) және басқа қалалардағы өз билігін нығайтуға күш салды. Ал олардың Дешті Қыпшақтағы негізгі бәсекелесі Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани хан да қазақ даласындағы халықтарды билеу және одан кейін Орта Азиядағы Темір әулетінің қол астындағы жерлерді жаулап алу үшін Оңтүстік Қазақстанның осы қалаларына арқа сүймек болды.
  • Дешті Қыпшақтағы және Түркістан қалалары үшін ұзаққа созылған күрес 15 ғасырдың ақырында Сырдария бойындағы бірқатар қалалардың қазақ хандарының қол астына көшуімен және Шайбани әулетінің Орта Азияға ығысуымен аяқталды. Шайбани әулетімен уақытша бітім жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет