Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде республикалық газеттер, көркем шығармалар, ХХғ 20-30ж қазақ әдебиетінің ағартушылардың зерттеулері мен жазған ғалымдардың еңбектері алынды.
4. Зерттеудің жаңашылдығы
- «Батырлар жырындағы діни наным-сенімдердің бүгінгі таңда көрініс табуының» мағыналық ерекшеліктерін танытуы;
- Батырлар жырындағы діни наным-сенімдердің кәзіргі кездегі қолданысының зерттелуі;
- бүгінгі таңда жан-жақты жетілген, білімді, қоғамның белсенді азаматын қалыптастыруда, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегі діни сенім дердіңмаңыздылығы. 5. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Ұсынылып отырған жұмыстың нәтижесін мектепте тіл білімінің лексика саласын оқығанда, әдебиетке, этнографияны білуге, журналистика саласына, сөз өнеріне қызығушылығы бар талапкер жастарға пайдалануға болады. Оқушылардың реферат жұмыстары мен ғылыми жоба жазу барысына көмекші құрал бола алады.
6. Зерттеу әдістері.
Зерттеу жұмысында мәліметтерді
жинақтау, саралау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
7. Зерттеудің құрылымы.
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлім, қорытындыдан және пайдаланылған дереккөздер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Батырлар жырындағы діни наным-сенімдерге жалпы шолу Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.Осы ұлттық тұлға биігіне кімдер көтеріле алған? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты болған? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жеткен?
Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
Батырлардың діни-нанымдары «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп қандай да бір үлкен істің батасыз бастамайтын халқымыз сияқты, батырларымыз да батырлық жолына түсерде, алғашқы жорықтарына аттанарда әулие ақсақалдардан, атақты батырлардан, не әке-шешелерінен бата алып шықса, ал жорықта, айқаста, жол жүргенде сыйынатын. Қолдайтын пірлері, әулиелері болған. Қазақ батырлары сыйнатын пірлердің ішінде көне заманнан келе жатқандары да, ислам діннен енгендері де бар. Олардың кейбіреулері мифтік қаһармандар болса да, ал енді біреулері аты аңызға айналған тарихи тұлғалар. Солардың ішінде ең бірінші аталатыны Иран, Тұран батырларының пірі – атақты мифологиялық батырлар – Рүстем мен Дастан болса, ал екіншісі – Баба Түкті Шашты Әзиз. «Утемиш-хаджи Чингиз-наме» кітабында ол (Баба Туклас) Өзбек хан кезінде қазақтың ру-тайпаларын ислам дініне енгізген төрт әулиенің бірі болса, ал қазақ-ноғай батырлық жырларында Баба Түкті Шашты Әзиз әулие болып, мешіт ұстаған тақуа адам ретінде айтылады. Баба Түкті Шашты Әзиз – Ә. Диваевтің еңбектерінде он екі баулы өзбектің Мұнран руының пірі делінсе, Р. Мұстафинаның зерттеулерінде ол Қазақстанның оңтүстігінде ислам дінін енгізуге ат салысқан әскербасы ретінде көрсетілді. Көшпелі халықтардың батырлары пір тұтып, сыйынатын исламға дейінгі көне рухтардың бірі – Ғайып ерен, қырық шілтен. Көне наным бойынша Ғайып ерен, қырық шілтен көзге көрінбейтін, шілтен деп аталатын қырық нөкері бар адамдарға көмектесіп жүретін рух. Ислам дінінің енуімен бірге қазақтар мұсылман әулиелеріне де сыйына бастады. Қазақ батырлары сыйынған сондай әулиелердің бірі ислам үшін соғыстарда көп ерлік көрсеткен, мұсылманның атақты батыры, төртінші Халиф болған – Ғали (Әлі, Хазрет Әлі). Жорықта, жолда жүретіндіктен батырлар Қыдыр (Қызыр) атаны да пір тұтатын. Қызыр баба Шығыста ислам дініне де әулие саналып, кейін мұсылман әулиелерінің қатарына енген. Қазақтардың көнеден келе жатқан діни түсініктері бойынша әр батырдың айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайларда көмктесетін аруақтары болған. Аруақ – адамның ата-бабаларының қасиеті, киелі рухтары, ал кие – аруақтың қасиеті, басқаларға тигізетін кесапаты, зияны немесе жақсылығы. Батырлардың киесі жайшылықта көзге көрінбейді. Ол тек айқаста, соғыста ғана көрініп, жауды жеңуге көмектеседі. Батырдың киесі болуы оның күштілігінің белгісі. Оған ата-бабаларының аруағы – жолбарыс болып қонған Бәйтік ұлы Тоғаныс батыр туралы аңызды мысалға келтіруге болады. Бұл аңызда Тоғаныс ел қамымен Қоқан бегінің алдына барғанда, бек оның сөздеріне қарсы ештеңе айта алмай, батырдың шаруасын бітіріп шығарып салған екен. Бұған таң қалған бектің нөкерлері «Сізге не болды, Бегім? Жалғыз қазақтың айтқанын берейін деп келісті дейсіңдер ме? Сарайға өзінен бұрын екі жолбарысы кіріп келіп, екі иығыма акяқтарын салып тұрды ғой.» – деген екен. Осындай аңыздарды қазақ ауыз әдебиетінен көптеп кездестіруге болады. Қазақ халқының аруақтары, оның киесі туралы діни нанымдарының түптамыры өте көне замандарда жатыр. Алғашқы рулық қауымдарды әр рутайпалар өздерін белгілі бір аңнан, құстан жаралғанбыз деп түсініп, өзінің тегі саналатын хайуанатқа табынған. Алғашқы қауым заманындағы адамдардың бұл көне діни нанымын, «тотемизм» деп, ал ру-тайпалардың тегі саналған Хайуанаттарды «тотем» деп атайды. Көне түріктердің өздерін көк бөрінің ұрпағымыз деуі және т.б. мысалдар осы көне төтемдік нанымның дәлелі.