ІІ Негізгі бөлім: Батырлар жырындағы діни наным-сенімдердің бүгінгі таңда көрініс табуы. Батырлар жырында діни наным-сенімдердің қолданысы ерекше берілген. Бұл жырда «құбыла», «мұсылман», «дін», «әулие», «намаздыгер», «қабір», «мола», «намазшам», «құптан», «намаз» секілді діни сөздер көптеп кездеседі. Сонымен қатар «Құдайдан бала тілеу», «Әулие-әнбиелерді аралау» және «құрбандық шалу» секілді діни наным-сенімдер батырлар жырында ерекше көрініс тапқан. Бүгінгі таңда бес уақыт намазын оқып, құбылаға бас ұрып, өзінің Алланың алдындағы парызын өтейтін адамдар да бар. Және де бала сүйе алмаған адамдар қазірде құдайдан бала тілеп, әулие-әмбиелерді аралап, өз қалауларына жете алғандар да бар. Яғни, сонау тарихи кезеңдердегі діни наным-сенімдердің бүгінге дейін көрініс табуы – бұл қазақ елінің дінін ұмытпауы. Енді келесі кезекте батырлар жырында көрініс тапқан діни наным-сенімдерге жеке-жеке тоқтала кетсем:
НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ
Намаз уақыттары батырлар жырында ерекше көрініс тапқан. Намаз уақыттары белгілі бір қасиетті уақытты білдіріп тұратын болған. Мысалы, батырлар жырының көбінде «намаздыгер», «намазшам», «құптан», «бамдат», «бесін» деген намаз уақыттары көрсетіледі. Мәселен, оған «Алпамыс батыр» жырындағы мына тармақтар дәлел:
Намазшам еді – күн батты,
Құтпанның болды уақыты
Намазын оқып, шам жағып,
Бұрынғы қылды әдетті.
Алайда, кейін біз КСРО мемлекетінің құрамында болғандықтан 70 жыл бойы дінді дерлік ұстана қойған жоқпыз. Ол заманда Аллаға сенетін діндар, діншіл адамдарды қудалап, жазаға тартатын болған. Сол уақыттарда қазақ халқы дінінен айырыла жаздаған. Ал Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, өз дінімізді қайта жаңғыртып, сақтап қалдық. Бүгінгі таңда Аллаға шүкір, бес уақыт намазын оқып, өзінің Алла алдындағы парыздарын өтейтін адамдар саны көбеюде. Қасиетті Жұма күні Жұма намазына барып, құлшылық жасай білетін адамдардың да саны артуда. Дегенмен, дінді өз деңгейінде әлі де ұстана қойған жоқпыз. «Дін – ел тарихы, ел дәстүрі» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік» ,-деген еді. Дегенмен, дін мен саясат мүлдем кереғар ұғымдар емес. Қоғамда үстемдік құрған саясат дінді есепке алмай, керісінше, солақай ниетпен сыңаржақтық танытар болса, онда дінсіздік індеті елді іштей ірітіп, рухани азғындауға апарып соғары анық. Өйткені, дінсіз адам болғанымен, дінсіз қоғам болмайды. Ал дінді бойымызға сіңіру үшін Алла алдындағы парыздарды өтеуіміз қажет. Келесі кезекте бес уақыт намаз уақыттарын сипаттап, айтып өтсем: