Алма шайы. Тазаланбаған 3-5 алманы бірнеше бөліктерге кесіп, 1 литр суға салады, 15 минут қайнатып, күніне 3 рет тамақтанар алдында 1 стақан мөлшерінде ішеді.
Алма тұнбасы. Алманың кептірілген қабығынан дайындайды. Ол үшін 1 ас қасық шикі алманы алып, 1 стақан қайнаған суға салып, шай сияқты тұндырып қояды, дайын тұнбаны күніне 5-6 рет жарты стақаннан ішіп емделеді.
Алма ботқасы. Үккіштен өткізілген алмаға 1:1 қатынасында сұйық май қосады, сөйтіп, жақпамай (мазь) әзірлейді. Жақпамаймен терісі сыдырылған жерлерді де, ерін, қол, көкірек ұшының жарылған тұстарын да емдейді.
Алма жапырағының тұнбасы. Таза, ұсақталған жапырақтарды ыстық суға 1:4 қатынасында салып, сулы моншада 15 минут қыздырады. Дайын болған соң суытады, сүзеді, тұнбаны күніне 4-5 рет 2-3 ас қасық мөлшерінде тамақтың алдында ішеді.
Алма сусыны. Алманы жуады, өзегінен тазартады, үккішпен үгеді, шырынын алып, оған құмшекер себеді. Қайнатып, көзі тар сүзгіштен өткізеді, сосын аз ғана суытады. Ыдыстың түбіне жиналған тұнбасын шайқалтпай, ептеп құйып алады. Осы әдіспен мүк жидегінен шырын дайындап, оны алма шырынымен араластырады, құмшекер, қайнаған су, ванилин қосады, салқындатады.
Қажетті заттар: 500 г алмаға 200 г мүк жидегі, 100 г құмшекер, 1 стақан су, бір шымшым ванилин.
Алма джемі. Оны дайындау үшін алманың Антоновка, Папировка, Анис сорттары жақсы. Алманы жуады, бөлшектеп турайды, өзегінен тазартады (қарайып кетпесін), оны сірке суымен аздап қышқылдандырылған немесе тұзды су құйылған ыдысқа салады. Сосын оны алма қайнатылатын ыдысқа аударып салып, су құяды (1 кг алмаға 2-2 стақан су) да қайнатады. Қайнатқанда үнемі араластырып отырады, алманы қайнату уақыты 10-15 минуттан аспауға тиісті. Егерде суы аз болса, тағы да 1 стақан су құюға болады. Алманы оттан түсіреді, оған құмшекер немесе қант сиропын қосады, қайтадан отқа қояды, араластыра отырып тағы да 30 минут қайнатады.
Қажетті заттар: 1 кг тазартылған алма, 1,2 кг құмшекер мен 2,5 стақан су.
Достарыңызбен бөлісу: |