«Ғылыми жоба» Тақырып: Су-тіршілік көзі



Дата09.10.2022
өлшемі29,37 Kb.
#42010
Байланысты:
Ғылыми жоба СУ1


« Ғылыми жоба »

Тақырып: Су-тіршілік көзі

o Тақырыптың өзектілігі: қазіргі кезде адамдар


қоршаған ортаны, табиғатты қорғауы төмен
деңгейде, оны пайдаланады бірақ қорғамайды
соның салдарынан су ластанып, әртүрлі
жұқпалы аурулар пайда болады
o Жобаның мақсаты: судың адам өмірі үшін
маңызы мен қажеттілігі, пайдасы туралы
түсінік қалыптастырып, суды үнемдеуді,
қорғауды үйрету
o Жобаны ұсыну формасы: зерттеушілік жоба
o Жобаның нысаны: экологиялық жағдай

Жоспар


1.Су туралы түсінік…………………………………………..
2.Судың маңызы………………………………………………
3.Судың қолданылуы…………………………………………
4.Табиғаттағы су айналымы……………………...................
5.Судың жетіспеушілігі………………………………………
6.Қорытынды…………………………………………………


  • Су – тіршілік көзі. Барлық тірі ағзалардың 75%-ы судан тұратыны бәрімізге мәлім.

Жер шарында жыл сайын 400мың км³ шамасында су буға айналып, жоғары көтеріледі екен. Қазақстандағы су ресурстарының негізі-өзен сулары болып есептеледі, орташа жылдық мөлшері-100км³, 43%-ы Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттеріне келеді. Республикамызда таза ауыз сумен қамтамасыз ету мардымсыз. Жоспарланған жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді. Көптеген ауылдық су өткізгіштерінде су залалсыздандырылмайды. Қазіргі кезде елімізде барлық ірі өзендер-Іле, Сырдария, Жайық, Ертіс, Шу, Талас ластанған. Теңізбен мұхиттар мұнаймен ластануда. Бұл қоршаған ортаға өте қауіпті. Судағы балықтар қырылып қалу қаупі жылдан жылға өсіп келеді.

  • Ауыл шаруашылығында қолданылатын минералды тыңайтқвштардың артық мөлшері топырақтан шайылып, өзен, көлдерге теңізге түсуде. Бұл судағы оттекті азайтады.

  • Адам күніне қанша литр су жұмсайды және оны үнемдеу, таза ұстауға бола ма деген мәселеге тоқталсам. Мысалы, тісті екі мезгіл тазалау кезінде 4 литрден 8 литр су кетеді екен, тамақ әзірлеуге 3 мезгілде бас - аяғы 10 литр су кетеді екен. Суға түссең орта есеппен 10 - 15 литр су жұмсайсың. Сонда күніне 33 л – 38 л - дей су кетеді екен.



  • Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80 – 95% судан тұрады. Жануарлар мен адам денсінде де су көп . Адам ағзасының бүкіл салмағының жартысынан көбі судың үлесіне тиеді.Ол қанның , ас қорытатын сөлдің ,сілекейдің құрамына кіреді. Салмағы 70кг адамның денесінде 50кг су болады. Оның мөлшері 17кг кемісе адам өледі.




  • Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

  • Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.

  • Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.

  • Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 гр ғана құрғақ зат қалады, яғни 98 проценті судан құралады.

  • Адам салмағының 65 проценті су десек, соның 10 – 20 процентінен айрылса тіршілік тоқтайды.

  • Адамның тамағына және ішуіне тәлігіне 2 – 3 литр су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.

  • 1 кг қартоп өсіруге 300 литр, 1кг бидай 1200 литр су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, әсіресе күрішке, одан да көп су қажет.

  • 1 тонна шойын қорытуға – 130 тонна, ал 1 тонна алюминий алуға 1000 тонна су қажет болады.

  • Адам денесіндегі бүкіл майынан, белоктарының едәуір бөлігінен айырылса тірі қалуы мүмкін, бірақ организмдегі судың қоры үнемі толықтырылып отыру керек: сусыз бірнеше күн ғана жан сақтауға болады.

  • Су әр алуан заттарды ерітеді, содан да ол тамақ өнімдерін сіңіру үшін керек.

  • Су болып тұрғанда организімде өмірлік маңызы бар көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады. Су тіпті, қатты сүйектің ішінде өзінің міндетін атқарады. Оны дененің әрбір клеткасынан табуға болады.




  • Қазіргі уақытта Жер шарында жыл өткен сайын ауыз судың қадірі біліне түсуде. Дүние жүзінің көптеген елінде су сатушылар үйреншікті көрініс болып саналады. Дамушы елдердің кейбіреулерінде от басының табысының 10 проценті су сатып алуға кетеді. Грек елінің кейбір өңірлерінде су алыстағы таудан тасылып әкелінетіндіктен шараптан қымбат бағаланады.Су цистернамен әкелінетін ауылдар өз елімізде де кездеседі.

  • Гонконг, Сингапур суды көрші елден сатып алады. Австралиялықтар Альпі мұздықтарының суын Германияға апарып 2 литрлік қағаз құтыларға құйып сатады.Европаның бірсыпыра шикізаттары бәрінен де гөрі су мың есе артық тұтынады.Бұлардың бәрінен кейін жалпы Жер шарында тұщшы су қорының шектеулі екені анық көрінеді. Сондықтан «Судың да сұрауы бар» деген халық даналығы біздің еліміз үшін өте – мөте маңызды екенін әр уақыт есте ұстаған абзал.



  • Ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Инженерлер суды тазартудың алуан түрлі әдісін ойлап тапты.Елімізде ластанған сулар мен өнеркәсіп қалдықтарын өзен – көлдерге төгуге тиым салынған.




  • Тағы да аса назар аударатын мәселе: Су үйлер мен көшелерді таза ұстау, мал суару, егін егу, метал қорыту, қағаз және басқа заттар өңдеу үшін қажет. Пайдалану мөлшерінің осыншама тез өсуіне байланысты адам баласы қазірдің өзінде судан тапшылық көріп отыр. Жер бетінің үштен екісін су алып жатқанда «Бұл қалай ?» деген сұрақ туады.

  • Судың тағы бір кереметтігі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.

  • Жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді.Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.



  • Табиғаттағы судың айналымы:

Өзен(теңіз)

Судың булануы

Бұлт

Жаңбыр

Жылға

Өзен(теңіз)
Судың жетіспеуінің екі түрлі себебі бар.

  • Біріншіден, жердегі әрбір 100 литр су қорының 98 литрі теңіз суының, 2 литрі ғана тұщы судың үлесіне тиеді. Ол 2 литрге де түгелдей қол жете бермейді, көпшілігі суық аймақтар мен тау басындағы мұздықтар түрінде қатып жатады. Соңында адам 100 литр судың тек бір жарым стақанын ғана пайдалана алады.

  • Екіншіден, адам табиғаттан суды таза күйінде алады да, ластанған күйінде қайтарады. Өзен көлдерге фабрикадан, зауыттардан және тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Сондықтан көптеген өзендер мен көлдердің балығы және басқа жәндіктері қырылып қалады. Ондай су ішуге келмейді. Тіпті оған шомылудың өзі өмірге қауіп келтіреді. Міне сондықтан адамдар су қоймаларын таза сақталуын қадағалауы керек.



  • Жақын болашақта адамзаттың басты дағдарыстарының бірі - су тапшылығы екендігі көрсетілген.

  • Судың жетіспеушілігін анықтайтын себептер табиғи және антропикалық болып табылады, яғни адамдар тудырады. Алғашқылардың қатарында жердегі судың біркелкі емес таралуы және кейбір аймақтарда буланудың жоғары жылдамдығы бар.

  • Адамдардың әсерінен температураның жоғарылауына және жауын-шашынның өзгеруіне әкелетін жаһандық жылыну сияқты құбылыстар пайда болады.

Сонымен қатар, адамдар саны өскен сайын суды көбірек қажет етеді, ал бар суды ластайды. Екінші жағынан, судың жетіспеушілігі кейбір жағдайларда ресурстардың болмауымен емес, оның қол жетімділігімен байланысты.


  • Адам - ​​қоршаған ортаға ең үлкен әсер ететін түрлер, ал су тапшылығы жағдайында оның әсері тікелей болады. Су айналымына әсер ететін және өз тұтынуына жетіспеушілік тудыратын экологиялық теңгерімсіздіктердің себебі - адамзат.

Қорытынды



Елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнаулы Заң қабылданған.Ол Заңы бойынша барлық сарқынды су өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.
Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естен шығармауымыз керек.Суды қорғауға сіздер және біздер болып барлығымыз атсалысуымыз керек.

Қазіргі уақытта ең маңыздысы бізге табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, суды ластамау қажет. Бұл қазіргі уақытта өте өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Суды ластамау, қоршаған ортаны таза ұстау біздің міндетіміз!

Жоба орындаушы: Қасым Ұлмира Анарбайқызы


ФМЕН Б(о) 22к

Жоба жетекшісі: Нусупова Айгерім Жасұланқызы


«Введение в педагогическую деятельность» преподаватель
МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ(СКУ)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет