Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі:
1.
Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
3. Оқушылардың
қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
4.Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. Тақырып
жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.
8.Практикалық тапсырмаларды шешуде жаңалық еңгізетін аппараттар, модельдер мен аспаптардың конструкциясын ұсынатын, мектептегі эксперименттерді, өндірістік үрдістердің ұтымды пайдалануын жетілдіруге қатысатын;
9. Әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуге бағытталатын экономикалық- заңды негіздемесі бар компьютерлік
модельдер мен жобалар;
10. Жарысқа кәмілеттік жасқа толмағандарға рұқсат берілмейтін аппаратуралар, сондай-ақ адам денсаулығы мен жануарларға зиянды заттары бар және жануарларға қатыгездік көрсететін эксперименттер пайдаланылған жұмыстар
жарысқа қатысуға жіберілмейді;
11. Ғылыми жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жобаларды жарысқа қатыстыруға жол берілмейді.
Зерттеуші оқушының әрекетініңкезеңдері
*Зерттеу
мақсатын анықтау;
*қажетті мәліметтерді жинау;
*басты
бағытты айқындау;
*Зерттеу объектісінің үлгісін жасау;
*зерттеу әдiстемесiн жасау;
*зерттеу
жұмыстарын өткiзу;
*алған нәтижелерді сипаттап түсiндiру;
*алған бiлiмдердi қолдану туралы ұсыныс жасау;
*өз зерттеуiнiң нәтижелерiн жұрт алдында қорғау.
Мектепоқушыларынзерттеу
жұмыстарынабейімдеу