3. ЗЕРТТЕУЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫН ҚҰРУ Зерттеу жұмысының жоспарын құру бұл тақырып бойынша жұмыс жасауға және зерттеудің басында қойылған тапсырмаларды шешуге жол көрсетеді.
4. ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫН ЖҮРГІЗУ Кезеңдер: 3. Зерттеу күнделігін жүргізу. Зерттеу күнделігі оқушылардың тақырыпты таңдаған күнінен басталады, әдебиеттермен жұмыс жасайды және жобаны рәсімдеу мен қажетті құжаттарды дайындау кезінде аяқталады. Зерттеу күнделігіне автордың барлық істеген жұмыстары көрсетілу керек.
Күнделіктің бет парағы былай толтырылады: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ
Зерттеу тақырыбы_______________________________
Оқушының Т. А.________________________________
Мектеп, сынып _________________________________
Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә.А _____________________
Сондай-ақ бет парақта мектеп мөрі мен мүдірдің қолы болу керек. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады және ол төмендегідей болады:
Ғылыми жетекші күнделіктің мазмұнымен танысу керек және оның әр бетіне қолын қою керек.
4. Алынған мәліметтерді өңдеу, ғылыми зерттеулер мен ұсынымдар қорытындыларын рәсімдеу.
5. ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ Ол бірқатар талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:
5.1. Ғылыми жобада: - бет парақ;
- мазмұны;
- кіріспе;
-теориялық бөлімі;
- зерттеу бөлімі;
- қорытынды;
-пайдаланған әдебиеттер тізімі;
-қосымша (егер қажет болса) болу керек.
Жалпы алғанда, оқушының ғылыми жобасы ұқыпты орындалу керек және әдемі рәсімделу керек.
5.2. Ғылыми жобаға келесі құжаттамалар қоса тіркеледі: - аннотация- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;
- ғылыми жетекшінің жұмыс туралы пікірі, оның қолымен расталады;
- оқушының жұмысына тиісті пән бойынша жоғары оқу орны маманының рецензиясы, оның қолымен және оқу орнының мөрімен (облыстық турда расталады).
- зерттеу күнделігі.
5.3. Бет парақты рәсімдеу. (үлгіден қараңыз).