Ғылыми жобаның мақсаты: Төрт түліктің қ


Азандағы мал үні – атамыздың гимні



бет2/9
Дата27.02.2023
өлшемі1,6 Mb.
#70099
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
төрт-түлік (1)

Азандағы мал үні – атамыздың гимні... 
 Қадыр Мырза–Әли



«Ат-ердің қанаты»
Жылқының шығу тарихы
Төрт түлік малдың ішінде қай халықтың болса да құрмет тұтатындарының бірі- жылқы малы. «Ат-ердің қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясын біз көре алмаймыз.Тарихи деректер бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымыздан 3 – 4мың жыл бұрын қолға үйреткен. Негізгі отаны Шығыс Еуропаның далалы аймағы, Орталық Азия және Қазақстан алқабы деп есептеледі.
Әйгілі ғалым Ахмет Тоқтабайдың «Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Қазақ жылқысының тарихы» кітабында «Орталық Азия, соның ішінде қазақ даласы – жылқы отаны» - деген түпкілікті тұжырым жасалған. Бұған дәлел ретінде, жүздеген мың жылқы сүйектері табылған энеолитдәуіріндегі – «Ботай қонысы» аталады. Ботайлықтар – жылқыны алғаш қолға үйреткендер. Мұны қазір бүкіл әлем ғалымдарымойындап отыр.2009 жылы бүкіл әлемге SCIENCE ғылыми журналында жылқының дүниежүзі бойынша тұңғыш рет Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілгені,ертедегі малшы - жылқышыларының б.з.д. ІY мыңжылдықта қымыз дайындағаны әлем жұртшылығына жария етілді.
Жылқының арғы тегі жылқы пішіндес жануарлардан дами келе – тарпаңға, Пржевальск жылқысына, құлан, зебраға жеткен көрінеді. Тарпаңдардың бойлары жылқылардан аласалау, денесі тығыршықтай томпақ, түстері құла және көк болып келеді.
ХХ ғасырдың басында тарпаң жабайы жылқылар түрлері мүлдем жойылып кетті.

Тарпаң


Жылқының түрлері
Дүние жүзінде жылқының 250 дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Жылқы - жүк жылқысы, мініс жылқысы, жазық дала жылқысы,тау жылқысы, солтүстік дала жылқысы болып ажыратылады.
Қазақ халқы жылқыны 3 топқа бөлген:

  1. Күшті, еті тығыз аттар. Оларды ауыр жұмыстарға,жүк тартуға, көшіп –қонғанда пайдаланған. Бұл аттарды Қазанат депатаған.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет