I зерттеу Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауылымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі, ауыл халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Көкбастау ауылдық округі 3178 адамнан құралған. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса сонда 1 адам 1 айда 42 кг, жылына 1 адам 504 кг қоқыс шығарады екен. Егер ауылдың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.
Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады .
ІІ зерттеу Көктөбе ауылында қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер жоқ. Осыған орай мен ауыл тұрғындарынан сараптама сұрақтарына жауап алған болатынмын.
Әлеуметтік сараптама сұрақтары: 1. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?
2. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?
3. Сізді Көктөбе ауылының экологиясы қызықтыра ма?
4. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?
Сараптаманың нәтижелері: Ауыл тұрғындарының 2 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.
95 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.
Ауыл тұрғындарын 45% қызықтырмайды.
Көктөбе ауылының 35 % білмейді.
ІІ тарау Біз наурыз айында Бейсен ата көшесіндегі үй есіктеріне хабарландыру іліп, аула тұрғындарын кездесуге шақырдық. Олардың аула тазалығы туралы пікірлерін, ұсыныстарын білгіміз келді. Бұл жиынға бірінші жолы бар болғаны 4 адам, ал қайтадан шақырғанымызда 10 адам ғана келді. Мұның өзі жекеленген аула тұрғындарының бізге берген сұхбаттарының шындығын растады. Келесі кезекте тұрғындардың өзі тұратын ауланың тазалығына қалай қарайтынын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Оның нәтижесі төмендегідей болды.