Ғылыми жобаның мақсаты



бет1/8
Дата25.11.2023
өлшемі1,48 Mb.
#125758
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ғылыми жоба Аллаберген Айғаным (2)


Ғылыми жобаның мақсаты:
Қоршаған ортаның тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау, негізінде оқып-зерттеу.
Ғылыми жобаның міндеттері:
1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығы, сақталу мерзімі туралы білу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар жинастыру
4) Ауылдың тұрмыстық қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау
5) Ауылдың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну

Жұмыстың өзектілігі:


Заманауи тұрмыстық қалдықтардың жағдайларын және кәдеге жарату әдістерін анықтап тексеру.
Зерттеу әдісі:
Зерттеуде салыстыру, сәйкестендіру, талдау, тұжырымдау, нақты материалдарды қорытындылау арқылы жасалды. Жұмыс екі бөлімнен тұрады.

Қорытынды нәтижесі:


-Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
-Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
-Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.

Кіріспе
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді.


Мен Аллаберген Айғаным Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №30 Көктөбе орта мектебінің 3 «ә» сынып оқушысы. Зерттейтін ғылыми жобамның тақырыбы: «Қоқысты тиімді пайдалану». Бұл тақырыпты таңдаған себебім, ауылымызды қоқыстардан тазарту әрі сол қоқыстарды тиімді пайдалану.Сол қоқыстар арқылы эко қалташалар немесе тиімді пайдалану жолындағы түрлі сәндік-қолданбалы бұйымдар жасап шығару ойымда бар.
Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.



I тарау
Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану. Ластайтын заттар өндірістен автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады.
Өңделген қалдықты 2-ші рет қолданар алдында оны сорттау керек. Қоқысты сорттайтын техника жоқ , ал адамдар баяу жұмыс істейді және денсаулыққа зиян. Сол үшін қоқысты лақтырған кездің өзінде сорттау керек. Яғни әр адам қағазға , пластмассаға, тағам қалдықтарына бөлек қоқыс жәшіктерін арнау керек. Мысалы өзіміздің ауылдарымызды алсақ ауылдың шетіндегі күресіндер үлкен аумақты алып жатыр Күресінде жатқан улы заттар жер асты ішуге арналған суға сіңіп , далалы жерде желмен ұшып қоршаған ортаға зиян келтіреді. Кейбір пайдалы жақтары құрылыс қоқыстары мен шұңқыр және т.б. жерлерді тегістейді . Қоқысты өртеу –бұл оңай іс емес . Барлық қоқыс бірден жанбайды. Қоқыстың толық жанбауы көп мөлшерде қауіпті органикалық қосылыстардың бөлінуіне алып келеді . Сондықтан әр адам жеке бас тазалығынан бастап туған табиғат тазалығын сақтау керек .


Пайдаланылған пластикалық ыдыстарды отқа жағуға болмайды. Иісі улы. Амалдың жоғынан қоқысқа тасталынады. «Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледі» демекші, тонналап өндірілетін біржолғы ыдыстардың бәрі бірдей қоқысқа тасталса, қала немесе өзге елді мекен қоқыс аралына айналуы ғажап емес.
Полистиролдан жасалатын ыдыстар негізінен ақ түсті. Салқын тағамдарға арналған. Ыстық су, шай, кофе құйғанда «стирол» бөлініп шығады. Стирол – суда нашар, спирт пен эфирде жақсы еритін түссіз улы газ. Полистиролдан жасалған ыдысты микротолқынды пешке салуға болмайды. Улы заттар бөледі. Зиянды.
Полистирол ыдыс салқын тағамға арналса, полипропилен, керісінше, ыстық тағамдарға арналған +150 градуста өз қалпын сақтайды. Мұндай ыдысқа алкогольді немесе спиртті ішімдіктерді құю өте қауіпті. Майлы тағамды да бұл ыдысқа салуға болмайды. Соңы жақсылыққа апармайды.

Целлофан мен полиэтиленді ыдыстардың жалпы тіршілікке зиянын білдік. Олай болса, пайдасынан зияны көп біржолғы ыдыстардан құтылудың қандай жолы бар? Шешілмейтін түйін жоқ. Әрине, бар. Үкімет басындағылар, бюджеттен ақша бөліп, Қазақстанның әр бұрышына пластикалық ыдыстарды қайта өңдейтін зауыттар салса, біржолғы ыдыстармен күрес қарқынды жүріп кетер еді. Орта есеппен 50-100 теңге аралығында баға қойса, оларды жинайтындардың қарасы сөзсіз көбейеді. Әсіресе, балалар құтыларды жинап, алған ақшасын өз еңбегі болғандықтан, үнемдеп ұстауға машықтанар еді. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Балалар компьютер алдында да күндіз-түні отырмай, еңбек етеді. Ең бастысы – табиғат аясы тазарады. Ал олардың орнына матадан жасалғанын тұтынсақ ше? Немесе біржолғы ыдыстарды қатты қағаздан-ақ жасауға болады. Қағаз ыдыстарды пайдаланғаннан кейін, отқа жағамыз ба, басқа бір қажетке жаратамыз ба, қалауымыз біледі. Сондай-ақ, қағаз ыдыс температурасын ұзағырақ сақтайды. Қызу өткізгіштік қабілеті де төмен. Ыдысты ұстағанда қол күймейді. Микротолқынды пеште қыздырғанда улы заттар бөлмейді. Технология жетістігінің арқасында қағазға желім жапсырылмайды. Қысқасы, пластикалық ыдыстармен салыстырғанда қағаз ыдыстар сапалы, зиянсыз әрі ыңғайлы.


Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет