ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951. стр. 224-229.
2.
Асланов В.И. Лексика «Қутадғу билик» и азербайджанский язык //Советская тюркология, 1970, № 4,
стр. 46.
3.
Xыдыров М.Н. Отношение туркменского языка к языку «Кутадгу билик» //Советская тюркология,
1970, № 4, стр. 40.
4.
Қараев Ө. О терминах и названиях в поэме «Кутадғу билик» //Советская тюркология, 1981, № 3.
5.
Сиқалев А. Древнетюркские письменные памятники и ноғайды //Советская тюркология, 1970, № 4.
6.
Юсуф Хас Хажиб. «Кутадғу билиг». Пекин, 1984.
7.
Сағындықұлы Б. Таңдамалы туындылар. Алматы, 2009. 504-б.
108
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
О.ЖҰБАЕВА
филология ғылымдарының кандидаты
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Грамматика бөлімінің меңгерушісі
СӨЙЛЕНІМ – ДИСКУРС БІРЛІГІ
В этой статье рассматирвается единство устной разговорной речи и дискурса.
This article deals with unity of oral spoken language and discourse.
Сөйлем мен сөйленім мәселелері туралы зерттеулер мол болғанымен,
онда басы ашылмаған, даулы мәселелер әлі де көптеп саналады. Бұл
мәселелердің күрделілігіне, табиғатының сан қырлы болуына байланысты ол
көптеген зерттеу жұмыстарына арқау болып келеді. Сөйлем мен сөйленімнің
өзіндік ерекшелігін сипаттау үшін, алдымен, әдіснамалық ұстанымдарды
нақтылап алу қажет. Соңғы жылдары сөйлем ұғымын сөйленім ұғымы
ығыстыра бастады. Сөйленімді лингвистикалық ұғым ретінде даралау
қажеттігі сөйленістегі тілдік формалардың қызметін зерттеу мақсатынан
туындап отыр. Сөйлем мен сөйленімнің сәйкестігі, сөйленімнің
коммуникативті бірлік ретіндегі табиғаты туралы лингвистикада көптен бері
сөз болып келеді [1.70]. Ғалымдар сөйленімді түрліше сипаттайды. Талдау
мен теориялық бағыттардың түрлі болуына байланысты зерттеушілер сөйлем
мен
сөйленімнің
айырмашылығын
құрылымдық,
семантикалық,
функционалды тұрғыдан сипаттайды. Құрылымдық бағытты жақтаушылар
сөйленімді сөйленіс түзіліміне жатқызып, оның сөйлемнің дәстүрлі
сызбасымен сәйкес келмейтінін көрсетеді. Мағыналық бағытты қолдаушылар
сөйлем мен сөйленімнің өзіндік ерекшеліктерін сипаттай келіп, сөйлемнің
құрылымдық-семантикалық сызбасы модальді-коммуникативті аспектіде
толыға түсетінін, оның интонация мен актуалды мүшелену арқылы көрініс
табатынын көрсетеді. Функционалды бағытты қолдаушылар сөйленімді
сөйлеммен тең түсетін, тек сөйленісте көрініс табатын, нақты жағдаятқа
байланысты тілдік бірлік ретінде қарастырады. Бірқатар лингвистер
сөйленімді тілдік бірлік ретінде қарастырады. В.А.Звегинцев сөйленімді тіл
бірлігі ретінде сипаттағанмен, сөйленім сөйлем деңгейінен жоғары тілдік
жүйе деңгейін қалыптастыратынын айтады [2.170]. Ғалым бұл деңгейді
сөйлем деңгейінен жоғары қояды, онда тіл мен сөйленіс, ой мен тіл өзара
байланыста болатынын айтып, оны дискурс деп атайды. Ойдың аяқталуы,
жағдаятқа тәуелділігі жағынан сөйлем дискурсқа ұқсайды. В.А.Звегинцевтің
тұжырымдауы бойынша, сөйлем – тілдің сөйленіске ауысуы [2.157].
Г.Г.Почепцовтың тұжырымдауы бойынша, «сөйленім ұғымы өте кең, оған
тұтас сөйлеммен бірге қарым-қатынас сипаттары да (осы сөйлемнің қызметі,
қолданысы да) енеді [3.54]. О.С.Ахманова сөйленімді (коммуникация актін)
«мағыналық тұтастығы бар, тілдік қатынастың белгілі бір жағдаятында
тыңдаушы қабылдай алатын хабарлама бірлігі ретінде түсіндіреді [4.94].
109
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жұбаева О. Сөйленім – дискурс бірлігі
Мұнда сөйленім сөйленіс үдерісінің динамикалы бірлігі ретінде сипатталады.
Ғалым оны «фраза» деп атап, сөйлемге қарама-қарсы қояды. Яғни сөйленімді
мәтіндегі сөйленіс туындысы ретінде сипаттауға болады. Е.В.Сидоров
сөйленімді «тілдік бірліктердің белгілі бір үлгі бойынша жинақталған,
тұтасқан, естілім (акустикалық) және жазылым (графикалық, яғни таза
материалды) тілдік бірліктердің жүйелі бірізділігі ретінде сипаттайды [5.41].
Бірқатар ғалымдар сөйлем мен сөйленімді ажырату үшін динамикалықты
негіз етеді. Сөйлеммен салыстырғанда, сөйленім ойлаудың операторлы түрі
болып табылады, яғни ол сөйлеушінің сөйленіс стратегиясына тәуелді болады
[6.121].
Сөйленім коммуникативті тұрғыдан біршама дербес әрекетті білдіреді.
«Сөйленім» атауы «фраза» терминімен сәйкес келеді. Фраза дегеніміз –
«сөйленістің ең кіші дербес бірлігі, қатынастың актуалды мүшесі». Бір
мәнінде фраза сөйлеммен сәйкес келеді, алайда негізінен ол репликаның
(лебіздің) синонимі болып табылады. Онда интонация қатысады.
Г.В.Колшанский сөйленімнің коммуникативті қызметін сөз ете келіп, бұл
термин тілдік қатынастың грамматикалық тұрғыдан көптүрлі, функционалды
тұрғыдан ауқымды бірлігі ретінде «сөйлемнің» орнына келгенін ескертіп,
коммуникативті лингвистикада оның орнын алмастыруы керектігін айтады.
Себебі сөйлем сөйлеу-ойлау бірлігінің жекелеген түрі – бастауыштық-
баяндауыштық қатынас пен пропозиция түрінде қолданылатынын, ал бұл
сөйленімнің ерекшелігін толық ашып бере алмайтынын айтады. Сөйленім
толыққанды коммуникативті бірлік, онда грамматикалық, прагматикалық
белгілер тұтасқан. Ол кез келген қатынаста салыстырмалы түрде жоғарыдағы
аспектілердің өзара ұқсас болуына ықпал етеді [7.85]. Сөйленімге берілген
мұндай анықтама сөйлем мен сөйленімді синтаксистің әртүрлі бірліктері
ретінде өзара қарсы қоюды тоқтатып, «тіл-сөйленіс» дихотомиясына қатысын
нақтылайды (осы дихотомияны жояды). Ю.С.Степанов «семиологиялық
тұрғыдан алғанда, коммуникацияның шағын бөлігі сөйленім-хабарлама
болатынын айта келіп, ол сөйлермендердің – сөйлеуші мен тыңдаушының,
сөйленістің «синтезатор-адамы» мен «анализатор-адамының» тікелей
қатынасын білдіретінін ескертеді [8.291].
Сөйленімде тілдік материал көрініс табады. Тілдік материалды
интонациялық-мағыналық белгілері бойынша жіктеу нәтижесінде сөйленістің
коммуникативті бірліктерін (сөйленім, фраза) нақтылауға болады. Тілдік
материалды тұрпат белгілеріне қарай жіктеу тілдің синтаксистік бірлігі –
сөйлемді – айқындауға мүмкіндік береді. Синтаксистің бұл екі деңгейін
ажырату үшін «құрылымдық синтаксис», «коммуникативті синтаксис»
терминдері қолданылады. Құрылымдық синтаксисте тіл бірліктерінің
құрылымдық-синтаксистік және құрылымдық-семантикалық ерекшеліктері
сөз болса, коммуникативті синтаксисте сөйленімдердің коммуникативті
110
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жұбаева О. Сөйленім – дискурс бірлігі
ерекшеліктері
сипатталады.
Алайда
коммуникативті
синтаксиске
құрылымдық
синтаксис
элементтері,
құрылымдық
синтаксиске
коммуникативті синтаксис элементтері бар. Сөйлемнің коммуникативті
бірлік ретінде құрылуы үшін тұлғалық байланыстарының болуы керек.
Синтаксистік құрылымдар сөйлем бола ала ма, олардың сөйлем ретіндегі
коммуникативті қызметі қандай деген мәселе өте күрделі, сөз тұлғаларының
құрылымдық-синтаксистік байланыстарында коммуникативтік ерекшеліктер
байқала бермейді. Тіл білімінде тип-сөйлем мен вариант-сөйлемнің
(сөйленім) және сөйленіс бірлігі, дискурс компоненті ретіндегі сөйленімнің
ара-жігі толық ашыла қоймаған. Г.А.Золотова «сөйлемді нақты сөйленіс
бірлігі ретінде тереңірек зерттеп, семантикалық-грамматикалық құрамымен,
сөздердің орын тәртібімен, интонациялық-экспрессивтік сипатымен
байланыста қарастыру қажеттігін» айтады [9.349]. Сөйленімнің жазылым
(графикалық) немесе фонетикалық тұрпаты, дербес лексикалық құрамы,
интонациясы, морфосинтаксистік ұйысуы, стилистикалық реңкі болады. Әр
сөйленім ерекше, дербес болады, ол қайталанбайды. Себебі оны түрлі
адамдар, түрлі жағдаятқа байланысты, түрлі мақсатта, басқа сөйленімдермен
тіркестіріп, түрлі паралингвистикалық құралдармен қатар қолданады. Белгілі
бір деңгейде сөйленімді сөйлеуші мен тыңдаушылардың жекелеген
психологиялық және социолингвистикалық ерекшеліктері бойынша, ортақ
мақсат, жағдаяттар, типтік мәнмәтіндер негізінде жіктеуге болады. Жүйелі-
тілдік және жүйелі-сөйленіс қайшылығы әр сөйленімде өзінше көрініс
табады. Сөйленім қалай құрылса да хабарлауды мақсат етеді. Сөйленім, бір
жағынан, адамның сөйленіс әрекетін білдіретін үдеріс ретінде көрінсе, екінші
жағынан, сөйлеу-ойлау үдерісінің нәтижесі болып табылады. Сөйленімді
негізгі, коммуникативті бірлік ретінде сипаттаған кезде екі белгіге ерекше
мән беріледі:
1) сөйленімді үдеріс ретінде сипаттайтын операциялық белгі;
2) сөйленімді нәтиже ретінде сипаттайтын конфигурациялық белгі.
Сөйленімнің операциялық белгілері вербалды қатынаста сөйлеушінің
сөйленіс қызметінің (сөйленіс актілерінің) түрлерін ескеруге негізделеді.
Сөйленімнің операциялық белгілеріне сөйленіс актілерінің жіктелуі негізінде
анықталатын белгілер де енеді. Сөйленім түрі коммуникативті мақсатқа
байланысты айқындалуы мүмкін, ол коммуникативті үдерістегі қызмет
ретінде де көрінеді. Күнделікті қарым-қатынаста да сөйленім құрылымының
күрделі екені байқалады. Эллипсис тілдік материалды білдіруде
бастауыштың біршама бөлігін жұтып жіберуі мүмкін. Сөйленімнің бәрі
бірдей қалпына келе бермейді. Сөйлеуші қарым-қатынастың түрлі
деңгейлерінде синтаксистік үлгілердің тұтас жүйесін түзеді. Үлгі сөйленімді
дұрыс құруға, дұрыс құрылған сөйленім пен қате сөйленімді ажырата білуге
мүмкіндік береді. Сөйленім үлгісі дегеніміз – сөйленімнің ішкі құрылымы, ол
сөйленіс бірліктерін (сөйленімдерді) қалпына келтіру үшін қолданылатын
111
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жұбаева О. Сөйленім – дискурс бірлігі
жалпыланған үлгі. Үлгінің ішкі құрылымы туралы білім сөйленім құрамына
енетін элементтер туралы түсініктерден құралады. «Сөйленім-үлгі» сәйкестігі
«тіл-сөйленіс» қатынасынан туындайды. Үлгі тілге тән, ал сөйленім сөйленіс
әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Үлгі мен сөйленім корреляциясы тіл
мен сөйленіс сәйкестігіне деген көзқарас өзгерген сайын жаңарып, толығып
отырады. Бірқатар ғалымдар сөйлемді қайта құруға болатынын негізге ала
отырып, оны жүйелі тілдік құбылыс ретінде таниды, ал сөйленімді (фразаны)
қайта құру мүмкін емес. Мәселен, Әлдебіреу Ықаңның шылым тартқанының
осынша сөз қылғаны несі дер-ау! Десе жетпегендігі де. Мұнда үлкен мән бар.
Көңілді қына, көзіңді торта басса, күйінсең, өкінсең қайғыңды ұғар, сөзіңді
тыңдар жан болмаса, қайғыға қарсы тұруға қайратың жетпесе, ішке толған
қапырықты шылым, насыбай, апиын, арақ болмағанда немен сейілтер едің?
(Аймауытов Ж. Шығ, 1-том, 215-б.) деген сөйленім қайта құрылмайды.
Мұндай фраза санада дайын, біртұтас құрылым ретінде түзілмей, сөйленіс
барысында пайда болады. Сол себепті ол – сөйленіс құбылысы. Фраза қайта
құрылмайтындықтан, атауыштық қызметі болмағандықтан, тіл бірлігі бола
алмайды. Фраза – тіл бірлігі емес, ол еркін, коммуникативті қызмет
атқаратын сөздердің (бірліктердің) дербес комбинациясы болып табылады.
Сөйленімнің бір уақытта тіл жүйесіне де, мәтін жүйесіне де қатысты
болуы сөйленімнің ішкі, қайшылықты сипатын көрсетеді. Тіл жүйесі мен
коммуникация жүйесі сөйленімге өзіндік нақтылық үстейді: тіл арқылы
сөйленім сөйлем ретінде танылса, коммуникация жүйесі арқылы
коммуникация талаптарын жүзеге асыратын құрал ретінде көрінеді.
Жекелеген сөйленімде жүйелі-тілдік және жүйелі-сөйленістік аспектілердің
диалектикалық бірлігі жүзеге асады. Жүйелі-тілдік және жүйелі-сөйленістік
(дискурстық) қатынас сөйленімде қарама-қарсы қойылғанмен, олар өзара
тығыз байланысты болады, бірінсіз бірі болуы мүмкін емес. Сөйленімде
дискурстық жүйелі-тілдікке үстемдік етеді, себебі қолданыстағы тілдік
бірліктердің семантикалық белгілері сөйленімде сөйленіс, коммуникацияға
тәуелді белгілерге айналады. Тілдік жүйе бірлігінде керісінше сипат алады:
семантика
мен
грамматикадағы
дискурстықлік
солғындап,
орын
алмастырады, дискурстықлік тілдік бірліктердің семантикасы мен
грамматикасында жекелеген мүмкіндіктер жиынтығы ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар сөйленімде дискурстық сипат басым болғанмен, жүйелі-
тілдік сипат басым болады. Сөйленімді (тип-сөйленімді) осылайша
диалектикалық тұрғыдан қарастыру керек. Сөйленістегі кез келген тілдік
құрал «дайын күйінде», жалпыланған түрде, дайын стандарт түрінде, керек
болған жағдайда тиісті мөлшерде пайдалана қоятындай болып сақталып
тұрады. Сөйленім құрылымы бастапқы мазмұндық элементтерге қатысты
операторлар мен векторлар жүйесі болып табылады. Қандай да бір
сөйленімді тудырған кезде сөйлеуші жай ғана осы тілдің жүйесін ғана
көрсетіп қоймайды, сонымен қатар коммуникативті талаптарға сүйене
112
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жұбаева О. Сөйленім – дискурс бірлігі
отырып, сөйленім үшін қажетті тілдік бірліктер мен құралдарды таңдайды.
Олар сөйленімде динамикалы түрде жүйе құрайды.
Сөйленім ерекшелігі ретінде танылып келген сөйлемнің бірқатар
элементтері сөйленіс лингвистикасы мен семантикалық синтаксистің
дамуына байланысты сөйлем құрылымының аспектілері ретінде қарастырыла
бастады. Ғалымдар сөйлем мен сөйленімді өзара қарсы қоймай, сөйлем
ішінен құрылымдық-семантикалық схема (модель) мен сөйленім сияқты
бөліктерін айыра бастады [10.90]. Сөйлем мен сөйленім түрлі аспектілерде
(статикалық және динамикалы), түрлі жағынан қарастырылатын бір нысан
ретінде сипатталды [10.30]. Сөйленімнің негізгі ерекшелігі – ол сөйленіске
қатысушыларға бағытталады (сөйлеуші позициясы мен тыңдаушының
біліміне бағытталып, қандай да бір әсер алуын көздейді). Сөйленімге
жағдаяттық сипат тән, сөйлеуші белгілі бір жағдаятқа байланысты
дейктикалық элементтерді, осы жағдаятта ғана түсінікті болатын
окказиноналды
қолданыстарды
пайдаланады.
Жағдаяттың
барлық
элементтері адекватты түрде таңбалана бермейді, сол себепті сөйленімде
компрессия немесе басы артық қолданыстар пайда болады. Сөйленім белгілі
бір сөйленіс шарттарына байланысты, нақты жағдаятты білдіру үшін
құрылады. Алайда стереотиптілікті сақтауға да тырысады, ұқсас
жағдаяттарда ұқсас сөйленімдер (сөйленіс үлгілері, клишелер) қолданылып,
тіл жүйесіне өтіп отырады.
Сөйленім құруға негіз болатын нақты коммуникативті жағдай немесе
мәнмәтін сөйленіс элементі ретінде қарастырылады, сол себепті сөйленімнің
бұл жақтары синтаксис шеңберінен шығарылып, стилистика мен риторика
аясында сөз болады. Алайда олардың жүзеге асу тәсілдері мен құралдары
белгілі бір стандартқа құрылатындықтан, оларды синтаксис шеңберінде де
қарастыруға болады. Синтаксисте сөйлемнің грамматикалық үлгілері немесе
лексика-семантикалық ерекшеліктері ғана емес, олардың түрлі варианттары
мен модальді, эмоционалды модификациялары, конситуация мен сөйлеуші
діттеміне байланысты (актуалды мүшеленуге байланысты) туындайтын
заттық ақпарат модификациясы да сөз болып, зерттеу нысаны бола алады.
Бұл аспектілер сөйлем құрауға қатысқан кезде қандай да бір стандартқа
негізделіп, біршама тұрақты сипат алады. Сол себепті оларды жүйелі
құбылыс ретінде қарастыруға болады. Сөйленім әдетте сөйлеммен тең
түсетін функционалды бірлік ретінде сипатталады, алайда олардың өзіндік
ерекшеліктері бар. Сөйленімді талдаудағы мақсат – синтаксистік
ұйымдасудың жалпыланған сызбасын анықтау емес, оның жағдаятпен
байланысын, қандай құралдар арқылы беріліп тұрғанын, сипатын көрсету.
Мұнда бір тілдік түзілім түрлі қырынан қарастырылады, яғни олардың жүйелі
қасиеттері мен қызмет ерекшеліктері айқындалады. Сөйлем тілдік бірлік
ретінде коммуникация барысында формалды және семантикалық өзгерістерге
түседі. Нақты сөйлемде тілдің де, сөйленістің де элементтері болады.
113
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жұбаева О. Сөйленім – дискурс бірлігі
Лингвистикалық тұрғыдан алғанда, ақпарат тілдік қатынас актіне тікелей
қатысы бар, міндетті элемент ретінде сипатталады. Ақпарат сөйлеушінің не
жазушының тыңдаушысына не оқырманына беретін мәліметі болып
табылады. Ақпарат жағдаяттық-актуалданған семантикада ғана жүзеге асады,
сол себепті ол тіл фактісі емес, сөйленіс фактісі немесе «сөйленіс
синтагмасының» фактісі болып табылады. Сөйленім коммуникативті бірлік
ретінде сөйленісте қолданылады. Сөйленім қайталанбайды, әрқайсысы
ерекше болады, олардың бірнеше нұсқасы болады. Сөйленім – белгілі бір
мақсатта, нақты жағдаятта қолданылған сөйлем-сөйленім. Сөйленім
жағдаятқа (мәнмәтінге) тәуелді. Ол жағдаят тұрғысынан сөйленіске
байланысты болады. Сөйленімнің жалпыланған типтік формасы сөйлем-
сөйленім болып табылады.
Сөйленімді зерттеуде белгілі бір коммуникативті мағынаға негіз болған
көптеген экстралингвистикалық факторларды анықтау қажет. Сөйленім
«қатынас шарттарына», коммуниканттардың өзара қарым-қатынасына,
олардың әлеуметтік және субъективті бағалауыштық белгілеріне, жеке
психологиялық сәттерге тәуелді болады. Сөйленімдерде тыңдаушының іс-
әрекетіне, көңіл күйіне әсер етпек болған сөйлеушінің діттеміне байланысты
прагматикалық мән көрінеді. Сөйленіс құбылыстары шексіз болады. Ол
белгілі бір заңдылықтар бойынша реттеліп отырады. Кейде мәтіндік
(дискурстық) аспект жеке аспект ретінде сөз болады, онда сөйленім дискурс
бөлігі ретінде барлық дискурспен теңестіріледі. Мәтіндік компонент
туындайтын хабарды алдыңғы мәтінмен байланыстырып қана қоймай,
сонымен қатар мәтінді тыңдаушыға бейімдейді. Мәселен, А.Байтұрсынұлы
оқулықтарын негізінен мектеп оқушыларына арнап жазғандықтан, соған
сәйкес берілген ұғымдардың да мектеп оқушысына бейімдеп, түсінікті болу
жағын ескерді. «Термин жасау – Ахмет Байтұрсынұлы көтерген жүктің бірі»
деген мақаласында Р.Сыздық А.Байтұрсынұлының термин жасауда қазақ
тілінің сөздік қорына иек артқанын айта келіп, оның бірнеше объективті
себептерін көрсетеді. Атап айтқанда:
а) А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер – техника саласының терминдері
емес, білім-ғылым саласына қатысты атаулар болғандықтан, ұғымға ерекше
мән берілгендігін, ал ұғым атаулары әр тілдің өз сөздерінен жасалатындығын
немесе калька жолымен басқа тілдерден аударылатынын;
ә) термин үшін қазақ тілінің өз сөздік қорын пайдалану қазаққа
әлдеқайда түсініктірек болатынын ескергенін;
б) еңбектер ғылым салалары дүниеге келмеген, олардан бейхабар қазақ
жұртшылығына, оның ішінде шәкірт балаларға арналғандықтан, оларға жеңіл
де түсінікті болу жағын көздегенін нақты мысалдармен дәлелдейді [11.250-
262].
Сөйленім шегі тілден тыс және тілдік ортамен, яғни басқа сөйленімдермен
байланыста болады. Сырттай актуалданған сөйленім іштей сөйлеу нәтижесінде
114
А.Я с а у и у н и в е р с и т е т і н і њ х а б а р ш ы с ы, №2-3, 2010
Жұбаева О. Сөйленім – дискурс бірлігі
туындап, сөйленім жағдаятына, аудиторияға (адресаттарға) байланысты болады.
Жағдаят пен аудитория іштей сөйлеуді сыртқа шыққанда, актуалданып, белгілі бір
тұрпатқа ие болуға итермелейді, ол тілде көрініс таба бермейтін мәнмәтіндермен
өрнектеліп, іс-әрекет, коммуникацияға қатысушы басқа адамдардың қимылымен,
жауабымен толығып отырады. Қарым-қатынас – белгілі бір нәрсе туралы
коммуниканттар санасында бейнеленетін ментальды түзілімді реттеу үдерісі
болып табылады. Ол белгілі бір зат туралы коммуниканттардың ойында түсінік
қалыптастыруды мақсат етеді. Сөйлеу барысында сөйлеуші екінші коммуникант
санасында ұқсас ой туындатады. Сөйленіс мақсаты реципиенттің ойына қандай
да бір өзгеріс енгізу. Коммуникация барысында тілдік материалды талдауда
тілдік қолданыстар ұғынықты болатын, үнемі қолданыста болатын мәнмәтін
ретінде концептуалды жүйені ескеру қажет. Тілдік қолданысты түсіну дегеніміз
– нақты концептуалды жүйеде түсіну болып табылады. Жекелеген концептуалды
жүйелердің сәйкес келмеуі субъектілердің тәжірибесі түрліше екенін білдіреді:
күнделікті, ғылыми, этикалық, эстетикалық сипаттар басқа да факторлар сияқты,
сөйлермендердің қажеттілігін анықтайды.
Қорыта айтқанда, сөйленім қаншалық тиянақты болса да, сөйленіс
қатынасының бөлшегі болып табылады. Тілдік қатынас сөйленіс жағдаятынан
тыс түсінікті бола алмайды. Тіл-сөйленістің бірліктері сөйленім болып табылады.
Осы бірліктің формаларын зерттеу үшін оны сөйлесім ағымынан оқшауламау керек.
Тұтастай алғанда, сөйленім сөйленіс әрекетінде ғана іске асады. Тілдің қолданысын
толық сипаттау үшін сөйлем /сөйленімнің тұрпаттық-грамматикалық,
семантикалық, жүйелі-функционалды ерекшеліктерін ескеру жеткіліксіз, ол
үшін нақты қолданыстағы сөйленімдердің ерекшеліктерін, белгілі бір вербалды
немесе бейвербалды мәнмәтінде, белгілі бір қатынас жағдаятында қолданылу
сипатын ескеруіміз қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бахтин М.М. Высказывание как единица речевого общения //Эстетика словесного творчества. - М.:
Искусство, 1979.
2.
Звегинцев В.А. Предложение и его отношение к языку и речи. - М.: Наука, 1976. - 307 с.
3.
Почепцов Г.Г. (мл.). Семантическая организация предложения в аспекте пресуппозиций. Дис. ...
канд. филол. наук. Киев, 1975.-175 с.
4.
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. -М.: Советская энциклопедия, 1966.-606 с.
5.
Сидоров Е.В. Аспекты организации высказывания в коммуникативном освещении //Текст и
Коммуникация. – М. -1991.
6.
Чахоян Л.П. О признаках высказывания. Значение и смысл речевых образований /И.П.Сусов. -
Калинин: КГУ, 1979.
7.
Колшанский Г.В. Коммуникативная функция и структура языка.-М.: Наука, 1980.- 175 с.
8.
Степанов Ю.С. Имена. Предикаты. Предложения: Семиологическая грамматика. – М.: Наука,
1981, -360 с.
9.
Золотова Г.А. Очерк функционального синтаксиса русского языка. – М.: Наука, 1973, - 357 с.
10.
Гак В.Г. Высказывание //Лингвистический энциклопедический словарь /В.Н.Ярцева. - М.:
Советская энциклопедия, 1990.
11.
Сыздық Р. Термин жасау – А.Байтұрсынұлы көтерген жүктің бірі // Ұлттық рухтың ұлы тіні. –
Алматы: Ғылым‚ 1999.
115
Достарыңызбен бөлісу: |