Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата13.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#82396
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
-..--..--..--..--.

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №4 (96) 2021
220
2 сурет. «Ғарға» түсетін тесік пен жолдың жарма көрінісі. 1,2,3, - қыш төселген баспалдақ жол
Сондай-ақ, 1972-1973 жылдары қосымша ғимараттардың тұрғызылуына байланысты қазба 
жұмыстары жүргізілмеген «Қылуеттің» солтүстік-батыс бөлігіне де археологиялық қазба жұмыстары 
жүргізілген. Дегенмен, ғимараттың бұл бөлігі XVIII-XX ғасырларда салынған қосымша қызметтік 
бөлік болғандықтан, мамандардың шешімімен тарихи немесе архитектуралық құндылыққа ие емес 
деп тұжырымдалған. 
1999 жылы «Қазқайтажаңғырту» мекемесінің Түркістан филиалы ғимараттың солтүстік – батыс 
бөлігіне қазба жұмыстарын жүргізеді. Бірақ, бұл жылы тек ХІХ-ХХ ғасырларға тән қабаты ғана 
ашылады. 
2000 жылы археологиялық зерттеу жұмыстары қайта жалғасады. Осы зерттеу барысында 
А.Л. Шмидт макеті бойынша ғимараттың солтүстік-батыс бөлігі ХІХ ғасырда қайта соғылғанын
анықталады.
1996 жылы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде «Ғар» құрылысының ХІІ ғасырға тән 
екендігі, 1972-1973 жылдары жүргізілген Т.Н. Сенигованың археологиялық зерттеулері бойынша 
XIV-XV ғғ. салынған деп қалыптасқан пікірдің асығыс тұжырым екендігі, «Қылует» жерасты 
мешітінің бірінші кезең деп саналған бөлігі шындығында кейінгі құрылысқа жататындығы 
дәлелденді.
Қорытынды. «Қылует» жерасты мешітін археолог ғалымдар түрлі деңгейде зерттегенін көреміз. 
Аталған зерттеулер мен жазба есептерді саралай келе төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Т.Н. Сенигова мен Е. Смағұловтардың әр жылдары жүргізген археологиялық зерттеулерінде 
«Қылует» жерасты мешітінің салыну мерзімі XV-XVIII ғасыр деп көрсетуі XІІІ-XIV ғасырларда 
қам кесектен соғылған көне мешіттің үстіне қайта соғылған мешіт екені анықталды. Алғашқы 
«Қылует» жерасты мешіті тек екі бөлмеден тұратын ғимарат болған. Олар: «Ғар» үстіне «зікір» 
салуға арналған дөңгелек бөлме және шаршы формалы михрабы бар мешіт. Уақыт өте келе, «Үлкен 
Қылует» жерасты мешіті қазіргі көлеміне дейін біртіндеп жалғанып кеңейтілген. 
XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырларда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуына байланысты 
бұрынғы қам кесектен салынған «Қылует» бұзылып, орнына күйдірлген қыштан қайта тұрғызылған. 
Ал, «Ғар» мен шаруашылыққа арналған солтүтік-батыс бөлігіне тиіспеген. Қам кірпіштен салынған 
осы бөлікке бірнеше мәрте жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, еден деңгейі едәуір өзгеріске 
ұшыраған.
XVI ғасырдың екінші жартысында Бұқар ханы ІІ Абдулла Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 
порталы мен шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізгені және монша мен медресе салдырғаны белгілі. 
Осы сапарында «Қылует» жерасты мешітінің қам кесектен соғылған солтүстік-батыс қабырғасының 
жүдеу хәлін (құлап жатуы да мүмкін) көре тұрып жөндеу жұмыстарын жүргізбеуі және жергілікті 
ірі дін өкілдерінің пікірімен санаспауы мүмкін емес. Сондықтан, «Қылует» жерасты мешітінің 
солтүстік шаруашылық бөлігі күйдірілген қышпен XVI ғасырдың соңғы ширегінде қаланған деп 
тұжырымдаймыз.
Қорыта келе, «Қылует» жерасты мешіті алғашқы нұсқада жер астында салынып, кейінгі бірнеше 
мәрте салыну мен жөндеу жұмыстары әсерінен биіктеп жартылай жерасты мешітіне айналған.


Отан тарихы №4 (96) 2021
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
221
«Қылует» жерасты мешіті түркі халықтары арасында сопылықтың кеңінен және табыспен 
таралуына жағдай жасаған негізгі орталық ретінде, оның кеңінен таралуына өзіндік ықпалы бар 
бірегей діни құрылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет