Жабаев Жамбыл: Екі томдық шығармалар жинағы. Т1. Революцияға дейінгі
шығармалары / Құраст. Садырбаев С., Сейдеханов К.- Алматы: Жазушы, 1982.-336 б.
Қазақ халқының ұлы ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жамбыл Жабаев
шығармаларының екі томдық толық жинағы 1939, 1946, 1996 жылдары баспалардан
жарыққа шыққан нұсқаларының негізінде құрастырылды. Қазақстан және Қырғызстан
Ұлттық кітапханаларынан жаңадан табылған Жамбылдың лирикалық, философиялық,
сатиралық өлеңдері мен айтыстары және тарихи-эпикалық дастандары енгізілді.
Сүйінбайға.
Сүйеке, сүйенішім, өнерпазым,
Әйгілі ақылгөйі желді сөздің.
Әкежан, сен де тіле, бата берсін,
Балаңа өлең қонып, атақ ерсін!
Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке!
Жапаның лы ақын боп,
Жақсы істепті дер, әке!
Домбыра алып сөйлейін,
Күнде жасап мереке.
Мерекелі болған соң,
Елде болар береке.
«Ұрлық түбі - қорлық» деп,
Болармыз құр келеке.
Жамбыл.